Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік "Желбіресін көк байрақ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік "Желбіресін көк байрақ"

библиотека
материалов

Желбірейді көк байрақ

Зал іші мерекеге сай безендірілген. «Көк ту» марш әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгін 16 желтоқсан егемендігімізді алған Тәуелсіздік күніне арналған «Желбірейді көк байрақ» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Құттықтау сөз

Жүргізуші: -1991жылы 16 желтоқсан адамзат тарихындағы ұмытылмас күн. Сол жылы біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялайды, еліміз егемендігін алды. Біздің еліміздің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Тәуелсіз ел егемендігін алып, болашаққа еркін қадам басып, өркениетті елдің қатарына қосылды. Сол болашақтың тірегі бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміз.

Хор: Қ.Р. Мемлекеттік Әнұран

Қуаныш Ұлдана:

Қазақстан Қымбат Әбілдақызы

Қазақстан - бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе, даламнан барда сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған,

Батырларым демесем, болар күнә.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биіктеткен.

Өзге де, ұлт ұлысқа қоныс болып,

Оларға да, жақсылық үйіп төккен.

Асылбек Кәусар:

Тәуелсіздік тұғыры

Тәуба, Тәуба.

Тәуелсіздік жеткердің,

Тәңірімдей несібемді көп бердің.

Ел басына бақ құсы боп қонғалы,



Ғасырдайын ғұмырымды өткердім.

Бәйтерегім-асқар шыңым, асқағым,

Нұрға бөлеп тұрсың елдің аспанын.

Төрткүл әлем таңдай қақсын тамсанып,

Керегі не одан артық басқаның.

Ән: «Отанның жас өркені» Орындайтын: Азамат, Айғаным

Жүргізуші: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Әнұран, көгілдір Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Айтжан Гүлмариям:

Ту

Туың қандай,

Ту қандай?

Тура аспаннан туғандай!

Ал аспанды

Қазақтың

Көңілімен жуғандай!

Туың қандай,

Ту қандай?

Таң нұрымен жуғандай,

Қыран құсын самғатып,

Күн құшақтап тұрғандай.

Ешпанова Аружан:

Елтаңбасы елімнің!

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.





Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты құс арғымақ,

Екі жағын көмкерген.

Төребек Мардан:

Әнұран

Елім менің барыстай,

Күшті әрі айбатты.

Әнұранды шырқаймын,

Көтеріп көк байрақты.

Жүргізуші: -Қазақстанның егемендік алуы оңайға соққан жоқ. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында көптеген жастарымыз қаза тапты. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсанда не болғанын есімізге түсірейік.

Көрініс:

Залға Қайрат Рысқұлбековты кіргізеді.

Қайрат: -Менің не кінәм бар?

Тергеуші: -Сен халық жауысың.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.



Тергеуші: -Алып кетіңдер!

Тергеуші: -Келесі халық жауларын кіргізіңдер. Ал соңғы сөздеріңді айтыңдар.

1 қыз: -Мен Ләззатпын Тіуелсіздігімізді алу үшін елімді, жерімді қорғауға әзірмін

2 қыз: -Мен Сәбирамын. Мен өз Отанымды қорғау үшін жанымды қиюға әзірмін.

Тергеуші: -Алып кетіңдер!

Жүргізуші: -Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы, егемендігімізді алып берген аға – әпкелеріміздің арқасында біз – Тәуелсіз мемлекет атандық. Отанымыз, туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп, жаңарып, өсуде.

Біз бүгін кіп-кішкентай баламыз,

Күннен күнге толысуда санамыз.

Тілегіміз ашық аспан, бейбіт күн,

Ел қорғауға әзір болып тұрамыз.

Хор: «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: -Ендігі кезекте Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарымызды қарсы алыңыздар.

Данил

Елге деген ып-ыстық сезімімді,

Жетесіне жеткізген – Тәуелсіздік.

Бостандыққа бар бар болған төзімімді,

Қыл көпірден өткізген – Тәуелсіздік.

Аружан «Тәуелсіз елім»

Тәуелсіздік – ұраным,

Құсқа ұқсатсам – құраным.

Біз бақытты баламыз,

Тұғырлы етсек тұрағын.

Тәуелсіздік – бағымыз,

Ең бақытты шағымыз.

Азаттық деп үн қатып,





Бар әлемге танылып,

Қуанамыз әлі біз.

Айша

Қорғаны болам көгімнің,

Көркемі мөлдір көлімнің.

Ел туын ұстап биікке,

Ертеңі болам елімнің.

Ән: «Болашағы елімнің» Орындайтындар: Д.Кәусар, Алдияр, Ұлдана, Ислам

Ерасыл:

Білім-ғылым, өнерге,

Қанат қағар кезіміз.

Ата-салтын ертеңгі,

Жеткізетін өзіміз.

Аят:

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Д.Кәусар:

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған күн.

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік туған күн.

Алдияр «Елім менің»

Күнде асыға күтетін,

Арайлы бақыт таңым бар.

Қорғайтн бізді әлпештеп,



Арайлы ата заңым бар.

Мәртебеміз саналған,

Мемлекеттік тілім бар.

Өз тілінде нәр алған,

Өрісі кең білім бар.

Жүргізуші: Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ән: «Балдырғандар әні» Орындайтындар: Айша, Алдияр, Даниль, Гүлмариям, Сымбат

Саят:

Тәуелсіздік деген сөз,

Бар асылың қарағым.

Азаттықтың жолы ол,

Тағзым етіп қарағын.

Әділет:

Тәуелсіздік тарихың,

Тәуелсіздік тілің ол.

Тәуелсіздік салт-дәстүр,

Тәуелсіздік дінің ол.

Сымбат: «Тәуелсіз ой»

Тәуелсіздік дегенді,

Той көреді көбісі.

Ызғар буып денемді,

Ой бөледі онысы.

Тәуелсіздік мен білсем,





Той – мейрамнан басқалау.

Ел мен жердің байлығын,

Төгіп-шашпау, ластамау.

Тәуесіздік – білгенге,

Ауыр міндет жүктейді.

Тәуелсіз ел бролумен,

Барлық жұмыс бітпейді.

Ақыл-ойың, ар, санаң,

Ұлт намысы шарлаған.

Тәуелсіз ел!- деп айта алсаң,

Сыйлық берем, мен саған.

Хор: «Атамекен»

Жүргізуші: -Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады – дей отырып, осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын деген тілекпен, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

















Автор
Дата добавления 09.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров159
Номер материала ДБ-073107
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх