Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖелтоқсан - желі ызғарлы.

Желтоқсан - желі ызғарлы.

Скачать материал

                                  Желтоқсан жаңғырығы – егемендік!

Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұтуға, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету; оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, плакат, шарлар, слайд, бине фильм.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін ерекше күн. Республикамыздың Тәуелсіз ел болып егемендігін жариялағанына 24 жыл толып отыр. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 ның Желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. 16-желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Түгелбай, Ербол, Ләззат сынды, жүздеген мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

(Слайд «Желтоқсан құрбандары»)

1-жүргізуші: Халықпыз бірлігі зор, бір туысқан,

                        Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.

                        Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,

                        Тәуелсіз, егеменді Қазақстан!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

                        Бізге мұны ешкім аяп бермеді.

                        Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың

                        Тас көшеде тас-талқан боп өлгені,

                        Шалажансар қар астына көмгені.

                        Тәуелсіздік – ата-баба арманы,

                        Қандай елмін бүгін міне, көр мені!

1-оқушы:  Диас

                   Көтерілді жастарымыз алаңға,

                   Көтерілді студент қыз, балаң да.

                   Қан төгілді намыс үшін балаңның,

                   Ерліктері жайылды кең ғаламға.

2-оқушы:  Бибінұр

                   Қаһарманды ұмытпайды халықтар,

                   Өткен күнді тарихымыз анықтар.

                   Ерлігіне тағзым етем қашанда,

                   Тәуелсіздік алып берген алыптар!

Мұғалім: Қанша жыл өтсе де, қанша ғасыр өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға болмақ. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 29 жыл өтті.

3-оқушы: Төре

                   Бақыт құсы әр адамға қонып бір,

                   О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

                   Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,   

                   Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!  

1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға-бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бине баянға назар аударайық.

4-оқушы:  Гүлжамал

                   Әр дәуірдің еркіне сай

                   Нарқы өзгерген алтынның.

                   Айналайын, алтын әнім,

                   Жас өркені халқымның.

                   Желтоқсанда шындық жырын

                   Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

                   Желтоқсанда егеменді,

                   Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар». «нашақорлар» деген кінә тағылады.

2-жүргізуші: Көрініс «Қайраттың тұтқындалуы»

Тергеуші: Кезекші, қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер! (Екі адам қолтығынан сүйеп Қайратты ішке кіргізеді)

-         Сен 17 желтоқсан сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде.

Тергеуші: Жоқ! Сен Сәтбаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды.

Қайрат: Мен оны көргем жоқ, өлтірген жоқпын!

Тергеуші: Өтірік айтасың!

(Ашуланып Қайраттың желке тұсынан ұрады. Қайрат жерге құлап қалады)

-         Кезекші, тұрғызыңдар мынаны!

-         Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойында, әйтпесе жаман болады!

Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын! ʺҚазақ қыздарын жазықсыз ұрып - соғудаʺ дегенді естіп араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын!

                   Атымды адам қойған соң

                   Қайтіп надан болайын?

                   Ортам надан болған соң

                   Қайдан барып оңайын?

Тергеуші: Өй, мына күшік не деп тұр!

Қайрат: Қинамайды абақтыға жапқаны,

                Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

                Маған ауыр солардың да бәрінен

                Өз аулымның иттері үріп қапқаны.

                Күнәдан таза басым бар

                Жиырма бірде жасым бар

                Қасқалдақтай қаным бар

                Бозторғайдай жаным бар,

               Алам десең алыңдар.

               Қайрат деген атым бар,

               Қазақ деген затым бар.

               «Еркек тоқты - құрбандық»,

               Атам десең атыңдар!

Тергеуші: Ақымақ, сен өлтірдің! Әкетіңдер көзін құртыңдар!

(Сүйреп әкетеді)

(Ортаға шырақ жаққан 4 оқушы шығады. Олар сөздерін айтып шырақтарын кезектесіп сөндіреді)

5-оқушы: Дильназ.500 күннен астам өлім жазасының камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайраи енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенет Семейден бір-ақ шықты.

Семей түрмесінде 21-мамырда   21 жасында  21 камерада қаскөйлік әрекеттен қаза тапты.

6-оқушы: 1986 жылы 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақатталған энергетика институтының  ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.

7-оқушы: Сол бір ызғары ерте түскен қыс тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызда әлі жаңғырып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен Ләззат сенің де нәзік үнің естілді. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің.

8-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына масқара сөздер айтып балағаттаған қорлығына шыдай алмай Өскемен педучилищесінің І курс студенті жатақхананың 5-қабатынан құлап өлді.

9-оқушы:

                   Нашақор деп, ұлтшыл деп,

                   Қазаққа күйе жаққан күн.

                   Базары кетіп бір күнде

                   Қайғыға халық батқан күн.

                   Әділдік пен шындықты

                   Өтірік жала жапқан күн.

                   Надан жасаған сұмдықтан

                   Адамдар азап шеккен күн,

                   Қасқалдақ үшін көлінен

                   Шүрегей келіп қонған күн.

                   Қырандар қуып көгінен

                   Қарғалар билік алған күн.

10-оқушы:

                   Шектеліп ана тіліміз,

                   Оқылмай өлең-жырымыз

                   Жабылып жатса мектептер

                   Жадырар қалай күніміз?

                   Тарылып жатса даламыз

                   Қайтіп біз тыныс аламыз?

                   Қақымыз да жоқ айтуға

                   Әділет қайдан табамыз?

11-оқушы:

                   Бұрқ етті қазақ баласы

                   Кеудеге өршіп наласы

                   Алаңға қарай ағылды

                   Таусылып барлық шарасы

                   Жанымыз жомарт қазақпыз

                   Мәңігүрт боп кете жаздаппыз

                   Қосайық басты, бауырлар,

                   Жанайық жансақ маздап біз.

2-жүргізуші: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.

12-оқушы:

                    Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
                    Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
                    Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
                    Туған күнің құтты болсын алыбым!
                    Армандарды жақындатқан тым алыс
                    Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
                    Егемендік ел бақыты ертеңі
                    О, халайық құтты болсын қуаныш.

1-жүргізуші: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

                         Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгірұлы айтқандай, Желтоқсан құрбандарына қазіргі уақытта қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы. Сондықтан тындырылған іс орынды деп бағалаймыз.
2-жүргізуші: Президенттің  жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.

1-жүргізуші: Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.

Мұғалім: «Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды» демекші, халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтар: Мұқтар Шаханов, Хасен Қожаахмет сынды ағаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған тілшілеріміз, ел ағалары, жазушыларымыз, ән жазған сазгерлеріміз, осының бәрі кешегі қанды оқиғаның аманатын бүгінгі ұрпаққа, келер ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.

Алматы төрінен орын алған Тәуелсіздік ескерткіші ел тілегінен туындаған тәу етер орын екені даусыз.

                   

 

                         Тәуелсіз ел атандық, биік даңқың,

                         Бар әлемге әйгілі мәлім атың.

                         Ата-баба қанымен келген бізге,

                         Тәуелсіздік құт болып қонды еліме.

                         Қорғап сені өтетін өле-өлгенше,

                         Мақтанамын әлемге: «Мен азатпын!»

1-жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                        Айта бергім келеді, айта бергім!

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігі биік болсын деген тілектермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан - желі ызғарлы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 525 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 1442
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасанова Кунсулу Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасанова Кунсулу Муратовна
    Хасанова Кунсулу Муратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6885
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1183 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 562 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека