Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» /тәрбие сағаты/

«Желтоқсанда үзілген жауқазындар» /тәрбие сағаты/

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:

І-ші жүргізуші:

Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Армызыздар , құрметті ата - аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазындар » кешіне қош келіпсіздер!
«
Желтоқсанда үзілген жауқазындар » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
ІІ- ші жүргізуші:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
І- ші жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

ІІ- ші жүргізуші: Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.


Мұзда жанған мұз балақ. Алау болып жүрегіміздің түкпірінен орын алған. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қасық қаны қалғанша айқасып, өліспей - беріспейтін боздақтарымыз, аға - апаларымызды қалай ұмытармыз. Барлығымыз да бір сәт азаматтық аңсаған, теңдікті талап еткен қыршын жастарымызды еске алайық.


1-ші оқушы

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.


2-ші оқушы:

«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.



3-ші оқушы:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!



4-ші оқушы

Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін

5-ші оқушы

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!


6-шы оқушы

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

7-ші оқушы

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.





І- ші жүргізуші:
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

ІІ- ші жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.


8-ші оқушы

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

9-шы оқушы
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!





І- ші жүргізуші:
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақыт.
ІІ- ші жүргізуші:
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.


10-шы оқушы
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас әр дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!


11-ші оқушы

Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!



12-ші оқушы

Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

І- ші жүргізуші:

Міней бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
ІІ- ші жүргізуші:

Біз Отанымыздың ұрпақтарымыз. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті боламыз..

Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?-дей келе, Қойшыбай Ұланның орындауында «Көк тудың желбірегені» Әнімен сабағымызды аяқтамақшымыз.














3


Краткое описание документа:

Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:

І-ші жүргізуші:  

Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Армызыздар ,  құрметті ата - аналар,  мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазындар » кешіне қош келіпсіздер!
«Желтоқсанда үзілген жауқазындар » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп жариялаймыз.
ІІ- ші жүргізуші:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
І- ші жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

ІІ- ші жүргізуші:  Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.


Мұзда жанған мұз балақ. Алау болып жүрегіміздің түкпірінен орын алған. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін қасық қаны қалғанша айқасып, өліспей - беріспейтін боздақтарымыз, аға - апаларымызды қалай ұмытармыз. Барлығымыз да бір сәт азаматтық аңсаған, теңдікті талап еткен қыршын жастарымызды еске алайық.



1-ші оқушы

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

2-ші оқушы:

 «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.


3-ші оқушы:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!


4-ші оқушы

 Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін

5-ші оқушы

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

6-шы оқушы

 Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

 7-ші оқушы

 Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.


 

І- ші жүргізуші:
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

ІІ- ші жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.


8-ші оқушы

 Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

9-шы оқушы
 Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!


 

І- ші жүргізуші:
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақыт.
ІІ- ші жүргізуші:
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.


10-шы оқушы
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас әр дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді  Қазақстан!

11-ші оқушы

 Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!


12-ші оқушы

Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

І- ші жүргізуші:

Міней  бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
ІІ- ші жүргізуші:

Біз  Отанымыздың ұрпақтарымыз. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті боламыз..

Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?-дей келе, Қойшыбай Ұланның орындауында «Көк тудың желбірегені» Әнімен сабағымызды аяқтамақшымыз.

Автор
Дата добавления 15.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров639
Номер материала 484970
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх