Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!» атты ашық тәрбие сағаты

«Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!» атты ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

«Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!» атты ашық тәрбие сағаты  

      

 Сабақтың  мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар, үнтаспа, бейнеклип.

            

Мұғалім:

 - Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де,  ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында.  1986 жыл , 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан  қаралы да, қасіретті күн еді.   

     

І- жүргізуші:     

     1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл  шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.

 

ІІ- жүргізуші:

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.

 

1-      Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

 

2-      Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

 

3-      Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

 

4-      Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

 

5-      Оқушы:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

 

 

І-көрініс.

Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

-          Қыздар, мен газет әкелдім

-          Қане, не жаңалық бар екен?

-          Пленум болыпты.

-          Қонаевты орнынан алды дейді.

-          Онысы несі?

-          Орнына кім болыпты?

-          Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

-          Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

-          Т.б.

Жастар шуласып кетеді.

 

ІІ- жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы саған 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.

-          Пленум шешіміне қарсымыз!

-          Әр ұлтқа өз басшысы!

-          Колбинді әкетсін!

-          Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.

-          Қайрат!

-          Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкеледі.

 

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.

Жазықты емеспін қайталай берем несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.

 

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап арбау тәсілімен

Мойындата алмадым.

 

Қайрат:

Мойындата алмайсың

 

Тергеуші:

Байқа, 87 бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,

Свицкийді өлтірдің алаңда сен.

 

 

 

 

Қайрат:

Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.

 

Тергеуші:

Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз

Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.

 

Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

 

І- жүргізуші:

                                     Мұз жастанып азаттықтың жолында,

                                      Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

                                      Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

                                      Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

                                      Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

 

ІІ- жүргізуші:

 

                                                Күйініштен ауырады жүрегім,

                                               Естігенде желтоқсанның ызғарын.

                                               Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

                                               Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

                                               Егемендік тиді бүгін еншіме,

                                               Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

 

Бейнеклип: Ә.Тінәлі «Желтоқсан желі».

6-      Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

 

7-      Оқушы:

1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.

 

8-      Оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

 

9-      Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайды күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!

 

10-  Оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

 

11-  Оқушы:

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.

 

12-  Оқушы:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,

Н.Назарбаев

 

13-  Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

    Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

    Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

    Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

 

 

 

14-  Оқушы:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі.  Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.

ІІ- жүргізуші:

1991-2007 жылдар аркалығында қандай жетістіктерге жеттіік?

 

15-  Оқушы: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

 

16-  Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.

 

17-  Оқушы: 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

 

18-  Оқушы: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

 

19-  Оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.

 

20-  Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.

 

21-  Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

 

22-  Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

 

23-  Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

 

24-  Оқушы: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі

Түркістанға 1500 жыл толды.

 

25-  Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

 

26-  Оқушы: 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

 

27-  Оқушы: 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

 

28-  Оқушы: 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.

 

29-  Оқушы: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

 

30-  Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

 

31-  Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

«Алға, Қазақстан!» Хормен 3 рет.

Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.

 

 

 

 

І-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

 

ІІ-жүргізуші

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз

«5»тік болсын бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

 

 

  Аяжан:

                                                          Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,

                                                          Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.

                                                          Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,

                                                          Мұндай ұлы монументті салған ел.

                                                          Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,

                                                          Қанаттанып жауға шапқан барыстай.

                                                          Келешекке құс боп қанат қақты Адам,

                                                          Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!

                                                          Тәуелсіздік монументі алдында

                                                  Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Нұрсұлтан:

                                            Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

                                            Көзге жас, кеудеге  өксік тығылмасын.

                                           Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

                                                       Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

 

Нұрдаулет: М.Шаханов «Төрт ана»

                                                     

Назым:

    -Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз  тоймас  асқар шыңды  таулары, айдын  шалқар  көлдері, жайыла  аққан  өзендері, ормандары - осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш  жайып, жайнай  түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.

  «Отан отбасынан  басталады» - деп  халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық  дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

 

Зарина:

                    Отан дейміз от жаққан жерімізді,

                    Отан дейміз өсірген елімізді.

                    Отан дейміз туған жер, атамекен-

                    Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

                    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

                    Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

Мұғалім:

-          Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге   келді. Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

 

 

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

«КЕЛІСЕМІН»                                                                  «БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие                                                         Мектеп директоры

ісі жөніндегі  орынбасары                                         ________ Ш.Оспанова

_________ Е.Сармурзаев                                           «__» ________ 2015 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Сынып жетекшісі:С.Кырбай

3 «Б» сынып

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!» атты ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 549
    • DOCX 52.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қырбай Сандуғаш Шыңғысханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қырбай Сандуғаш Шыңғысханқызы
    Қырбай Сандуғаш Шыңғысханқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4639
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов