Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Желтоқсанның мұзда жанған алауы" Мерекелік кеш

"Желтоқсанның мұзда жанған алауы" Мерекелік кеш

Скачать материал

 

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдерді, тарихи шежірелерді, елінің  егемендігі жолында өзін құрбан еткен батырлардың ерлік істерімен таныстыру.

Мадина:

Қазақ десем қаным қызып денемде,

Қайнап кетем ғажап күйге енем де.

Қазақ  десем Абай болып елестеп,

Абай мені шақырады өлеңге.

 

Қазақ  десем айдарымнан жел есіп,

Кетем  ойша  Мұқаңменен кеңесіп.

Қазақ маған Әлиядай айбынды,

Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.

 

Қазақ  десем қаламымнан жыр тамып,

Өткенді еске ап отырамын бұрқанып.

Қазақ  деген  Тәуелсіз ел бүгінгі.

Түп-тамыры жатқан сонау тереңде.

 

Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,

Ақиқатқа айналғандай  шындығы

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,

Атар таңы айқара ашық түндігі.

(Ортаға екі жүргізуші шығады).

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны - оның тағдырмен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл – үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

2-жүргізуші. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.  Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан бір минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.

1-жүргізуші: Бұрқатып өткен бұл халық мұңы,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

 

2-жүргізуші:  Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

 

1-жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

 

2-жүргізуші: 16 – желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

 

1-жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналды,

                       Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.

                        Күтпеген іс ақыры не болды деп,

                        Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

 

2-жүргізуші:  Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

                        Алаңның шеруі емес салтанатты,

                        Қытымыр қыстың басы сол бір айда

                        Желтоқсан жеті әлемді жалт қаратты.

 

Ортада «Шұғыла» бишілер тобы қазақ биімен

 

1-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

 

2-жүргізуші:  Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

 

1-көрініс.

( Сахнаға өлең ырғағымен сахнаға ана шығады. Қолында Қайраттың суреті, қайғыра қарап отырады. Ән ырғағы ақырын ойнап тұрады)

Қайраттың рухы(Сахна сыртынан)

Елбең-елбең жүгірген,

Белек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр! (Қайраттың дауысы естіледі.)

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды мына үн кімдікі екен? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, иә,иә сол дауыс қой мынау, Қайраттың даусы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып, құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Иә, иә, дәл солай! Қалай болып еді өзі?

1-Жүргізуші: Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16-желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Қонаев орнынан түсіріліп, орнына бұған дейін республикаға мүлдем бейтаныс  Г.В.Колбин тағайындалған еді.

Арман:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

 

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

 

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

 

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

 

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн,

Жанына таппай бір шындық,

Ер қайрат қыршын кеткен күн.

 

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан мұң,

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

 

Хор: «Желтоқсан желі» орындайтын 5 сынып оқушылары

 

2-көрініс.

(Сахнаға қолдарында ұрандар жазылған плакаттар көтерген жастар шығады.)

   -Естідіңдер ме? Бұл не масқара...неге халықпен санаспайды  ...қашанғы шыдаймыз, ең болмаса ішімізден бір қазақ азаматы табылмағаны ма... ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа, жатақханаларға, институтқа, ел-жұртқа хабар барды ма екен?...

(Қыз бен жігіт топтан бөлініп шығады, жұртқа қарап сөйлейді.)

Жігіт:  Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

             Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

             Жақсы менен жаманды айырмадың,

             Бірі қан, бірі май боп енді ұртың.

Кешегі Абайдың айтып кеткен аңғалдығынан  әлі де арылмағансың ба, халқым-ау?! Елдігің қайда, бірлігің қайда, ерлігің қайда, ұл-қызың қайда, қазағым?! Қалың ұйқыдан қашан оянасың, басыңды қашан көтеріп, еңсеңді қашан түзейсің , елім-ау?!

Қыз: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген...

Көз алдыңдағы қилы-қилы халіңді неге көрмейсің, жерің тозды, саның азайды,  тілің күрмелді. Мәңгүртке айналған ұрпағыңның болашағына неге алаңдамайсың, аңқаук қазағым?! Ата-бабаңның  жерінде, атамекен  еліңде жүріп өз билігіңнің өз қолыңнан кеткені ме, Елім?!

 

Жігіт: Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ,

            Бағы жана ма, қала ма соры қайнап.

            Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген

            Біз де шықтық алаңға «Елім-айлап».

Ербол Сыпатаев: Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек...

Ләззат Асанова: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

                              Көлеңкеміз, күннен де тимейді нұр.

                              Колбин деген кім екен,қайдан келген,

                              Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

 

(Сахнаның  екінші жағынан солдаттар шығып жастарды қоршайды.)

Әскер: Қане, тоқтатыңдар ереуілді! Қарай көр өздерін, абайшыл, қазақшыл бола қалғандарын! Мына комедияны дереу доғарып тез тараңдар!

Қыз: Ағай, бүкіл халықтың тағдырын ойыншық ету де комедия ма? Жо-жоқ, бұл трагедия.

Әскер: Әй, қаршадайынан қағынған қазақшыл қарындас! Кәне түс алдыға, көзіңе көк шыбын үймелетейік! (Қыздың қолын қайыра бастайды.)

Жігіт: үйретілген иттей арсылдаған ағасымақ, қай атаңнан көріп ең қызға қол жұмсағанды, тарт қанға боялған қолыңды!

Әскер: Ә, солай ма, тарт ендеше сазайыңды! (Солдаттар жастар тобын ұрып, сахнадан шығып кетеді).

 

Наурызбек: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Қазақпын, еңселі елім, егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Қазақпын, қойнауы құт, жері дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

 

Жүргізуші: Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған, Оспановтың әні «Қара бауыр Қасқалдақ» Орындайтын Исаева Рыскул

 

Лаура: Желтоқсан тағылымы.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде  әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның!

 

Арманыңның атын, жігеріңнің отын,

Өшіре алмас асау желі уақыттың,

Егер кім қанша уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

 

Темір қолдар қуатты еді ауқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубәт, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

 

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

 

 

 

3-көрініс. (Сот залынан көрініс.Қайраттың қолын кісендеп екі милиция алып келеді.)

Олжас (Қайрат) :

Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдық  мынау заманға.

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға.

Қорлай да беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын.

Құлыптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын...

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың.

Қатарым жусап қалғанда

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдан көмсеші-ай!

Мен де етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол,  таңдарым,

Көре алмай енді өтермін.

Қош, аман бол, ел-жұртым,

Ағайын-туған, азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат.

 

Әділет (Тергеуші):  (Қайраттың қолындағы хатты жұлып алып)

Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт. Савицкиді өлтірдіңбе?

-Жоқ, өлтіргем жоқ.

-Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.

-Мен өлтірген жоқпын. Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ. (Тергеуші Қайратты ұрып соғады)

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келе жатыр!

Соттың үкімі: Қазақ ССР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылдың 16 маусымындағы үкімімен Қайрат Рысқұлбеков қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесті. Айыпкер, ақтық сөзіңді айт.

   

 Олжас (Қайрат):

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар.

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай  жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар! (Қайратты сахнадан екі миллиционер алып кетеді).

 

1-Жүргізуші: Иә, тарихта «Құйын-86» деген атпенмәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ  қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

2-Жүргізуші: Азаптады қарақшылар қанқұйлы,

                     Қазақ қыздар  қорлық көрді сан қилы.

                     Арпалысып теңдігі үшін халқының

                     Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

 

Дана: Сол бір ерте түскен қыс, тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де үнің танып естіледі. Сен тірі болсаң қазағыңның мәдениетін дамытуға үлес қосар едің-ау.

Раушан: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миыннан жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев  әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан о дүниеге кете барды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын  батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

Жанель: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді, 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, ата-анасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, оқу орнынан жазықсыз шығарғанына шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің І курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-этажынан құлап қайтыс болды.

Шұғыла: Намысының шырағы да Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан.

Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан – зары бозлдағын көмген шешенің,

Сыцзылған қанмен Желтоқсан ұлы шекара

Бүгінгі мен кешенің.

 

Жүргізуші: «Қазақстаным менің» орындайтын Сағындық Ақнұр мен Сарыбекова Мадина.

 

Көрініс. (Музыка әуенімен сахнаға  Қайрат шығады)

Қайраттың ең соңғы сағынышты да қайғылы қоштасу хаты

       «Амансыздар ма, ардақты асыл анашым, бауырларым, қадірлі қарындастарым.Өздеріңізге белгілі мен сорлының жазықсыздан жазықсыз ақыры ату жазасын алғанымды. Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын.  Мен 18-желтоқсанда алаңға бардым. Барғандағы  мақсатым: ол жерде не болып, не қойып жатқанын өз көзіммен көру болды. «Алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып өлтіріп жатыр» дегенді елден естіген соң қолым ды қусырып отыруға еркектік ар-намысым жетпеді. Ел қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін. Кеудемде нағыз лайық намыс баршылық. Сол жерде қолымнан келген бір көмегімді бергенім рас. Ол үшін еш өкінбеймін. Иә, мен сорлы жазықсыздан жазықсыз ату жазасын алдым, өзімнің кінәлі емес екендігімді, адалдығымды, қолымның қан еместігін қанша айтқаныммен, өзімді еш ақтай алмадым. Менің өліміме тек жалақорлар мен тергеуші соттарды кінәлаңдар. Қош болыңдар. Қош бол, жарық дүние. Бар бақытымды о дүниеден табармын.

      Сағынышты сәлеммен балаңыз  Қайрат»

 

1-Жүргізуші: КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке  кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ. 

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21 камерасында Қайрат 21 жасында  «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

 

Альбина:  Желтоқсан алаңы.

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер....

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер....

 

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттіің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

 

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ.

Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ.

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп.

 

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңғасай сені бақыт не сор іздеп табады.

...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы,

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас,

Оны да еске салады.

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

 

1-жүргізуші: Халқым менің саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатар –қатар бұралаң,

Талай зардап қайғы-мұңның  соңынан

Егемендік алғаныңа қуанам.

2-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

1-жүргізуші: Сол бір қаһарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болды

     Т.Мира:1990 жылы 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

Арманға ақыр жеттік ел болдық та егемен,

Ойда жоқта түскен жоқ қой ел төбеден.

Тарихи сол күрестердің тартуы ол,

Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.

 

Жайлау:1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Қарыны ақ түйенің ақтарылды,

Бар қазақ алақайлап атқа мінді.

Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,

Ғарыштан қайтып келе жатқан ұлды.

 

Мира А:1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  сайланды.

Барша қауым бейнеттен арылғандай,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыныш таппай ел кезіп жүр,

Елі үшін Асан қайғы бабасындай.

Ыкбал:1992 жылы 2-наурызда ҚазақстанБіріккенҰлттар ұйымынамүше болып қабылданды.

1992 жылы 8-мамырда Республика ұланы құрылды.

1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

 

Назерке: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

    

     Әсет:1995 жылы 30 тамызда Жаңа Конституция қабылданды.

1995 жылы ақыл ойдың данышпаны қазақ халқының  дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жасқа толуына орай   «Абай жылы» болды.

 

Рыскул:1996 жыл- «Жамбыл жылы» болды. Осы жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

 

Ақнұр:1997 жылы «Ұлттық татулық пен қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды. Бұл жыл ақиқат пен ынтымақты ту еткен жыл бастамалардың ұйытқысы болды.

 

Сағындық:1998 жылы «Халық бірлігімен ұлттық тарих» жылы болды. Осы жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып бекітілді. Ал 10-маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсаукесері болды.

Ақ Ордам, менің Астанам,

Еңсесі биік басқадан,

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам.

 

Нұрәсем:1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

 

Тұрар:2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

 

Зейінбек:2001 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды,

2002 жыл «денсаулық жылы» болып жарияланды.

 

Наурызбек:2003-2005 жылдар аралығы «Ауылды дамыту жылдары» болып жарияланды.

 

Шұғыла:2006 жыл «Ресейдегі Абай жылы, Қазақстандағы пушкин жылы» болып белгіленді. Осы жылы 6 қаңтарда жаңа әнұран бекітілді.

 2007 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы жетістіктері.

 

Азамат:2009жыл қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамасына 10 жыл.

2010 жыл ЕҚЫҰ саммитінің декларациясы.

 

Жарас:2011 жыл – Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Осы жылы Қазақстанда қысқы олимпиада ойындары өтті.

 

Ыкбал:2013 жылы Қазақстан  2017 жылғы өтетін ЕХРО-2017 көрмесін ұтып алды.

 

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік.

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

 

2-жүргізуші: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам.

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

 

1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан.!

 

«Қазақ елі осындай» орындайтын Кабулов Муса

 

2-жүргізуші: Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайды. Тарихымызға таңбадай басылған «Желтоқсан» оқиғасынан Тәуелсіздігіміз бастау алды емес пе?

1-жүргізуші: Бүгінде қазақ халқы өзінің сан ғасырлардан бергі арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды.

2-жүргізуші: Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздігніміздің 23 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Хор: «Елім менің» (Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады).

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз!

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі «Мұзда жанған желтоқсанның алауы» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Желтоқсанның мұзда жанған алауы" Мерекелік кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдерді, тарихи шежірелерді, елінің  егемендігі жолында өзін құрбан еткен батырлардың ерлік істерімен таныстыру.

Мадина:

Қазақ десем қаным қызып денемде,

Қайнап кетем ғажап күйге енем де.

Қазақ  десем Абай болып елестеп,

Абай мені шақырады өлеңге.

 

Қазақ  десем айдарымнан жел есіп,

Кетем  ойша  Мұқаңменен кеңесіп.

Қазақ маған Әлиядай айбынды,

Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.

 

Қазақ  десем қаламымнан жыр тамып,

Өткенді еске ап отырамын бұрқанып.

Қазақ  деген  Тәуелсіз ел бүгінгі.

Түп-тамыры жатқан сонау тереңде.

 

Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,

Ақиқатқа айналғандай  шындығы

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,

Атар таңы айқара ашық түндігі.

(Ортаға екі жүргізуші шығады).

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны - оның тағдырмен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл – үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

2-жүргізуші. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.  Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан бір минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.

1-жүргізуші: Бұрқатып өткен бұл халық мұңы,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

 

2-жүргізуші:  Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

 

1-жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

 

2-жүргізуші: 16 – желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

 

1-жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналды,

                       Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.

                        Күтпеген іс ақыры не болды деп,

                        Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

 

2-жүргізуші:  Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

                        Алаңның шеруі емес салтанатты,

                        Қытымыр қыстың басы сол бір айда

                        Желтоқсан жеті әлемді жалт қаратты.

 

 

Ортада «Шұғыла» бишілер тобы қазақ биімен                        

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2015 1253
    • DOCX 92.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карагулова Марал Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1411
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 375 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 270 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов