Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / "Жемістер мен көкөністер" 6 сынып

"Жемістер мен көкөністер" 6 сынып


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: 
Білімділік: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу.
Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
1. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
2. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, жемістер мен көкөністердің жасалған түрлері, қиылған түрлері, төл дыбыстар, себет.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіремін
Алма қызанақ
Алмұрт пияз
Өрік қияр
Шие сәбіз
Алхоры орамжапырақ
Анар картоп
жүзім
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1 - тапсырма. Сурет бойынша жемістер мен көкөністерді атаймын, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды.
2. Оқушылар сурет бойынша жемістер мен көкөністерді тізбектеп айтып шығады.
2 - тапсырма.
1. Үстелдің үстінде тұрған жемістер мен көкөністерді көрсете отырып атап шығады.
Мынау - алма. Мынау - алмұрт. Мынау - анар. Мынау - сәбіз. Мынау - орамжапырақ. Мынау - қызанақ. Мынау - жүзім. Бұл - жемістер мен көкөністер.
2. Сөздерді оқимын, оқушылар суреттен көрсете отырып қайталайды.
3. Үстелдің үстіндегі жемістерді көрсете отырып атайды, оқушылар қайталайды.
Үлгі: Мынау - алма.
4. Көкөністерді көрсетіп, атайды, оқушылар қайталайды.
Үлгі: Мынау — қызанақ.
Топтық жұмыс.
1. Оқушыларды 2 топқа бөлемін.
2. Тапсырма беремін.
1 - топ. Жемістерді көрсетеді, атайды, себетке салады.
2 - топ. Көкөністерді көрсетеді, атайды, себетке салады.
Дұрыс атап көрсете білген топ жеңімпаз тол атанады.
3 - тапсырма.
1. Көрнекілік бойынша түстерді атаймыз.
қызыл
қара
сары
қоңыр
ақ
жасыл
көк
2. Түстерді атаймын, оқушылар қайталайды.
3. Кітап бойынша жұмыс жүргіземін. Сурет бойынша сөз тіркестерін атаймын, оқушылар кеспе қағаздарынан сол түсті тауып көрсетіп, қайталайды. Дұрыс жауап берген оқушылар белсенді оқушы атанады.
4 - тапсырма.
Оқушылар сурет бойынша сөйлеп үйренеді.
1. Алманың суретін көрсетіп, алма туралы айтамын. Оқушылар тыңдап отырады.
Мынау - алма.
Мынау - қызыл алма.
2. Оқушылар кезекпен айтып шығады.
Сергіту сәті.
1. Мұғалім сергітуді оқиды, оқушылар мұқият тыңдап отырады. Оқушылар ойланып жауап береді.(Екі алмұрт).
2. Сергітуді оқимын, оқушылар қайталап отырады.
3. Сергіту сәтін орындатамын.
Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан
Қанша қалды алмұрттан.
VI. Сабақты бекіту.
1. Көрнекілік бойынша жемістермен мен көкөністерді атау.
2. Кеспе қағаздары арқылы аталған түстерді дұрыс көрсете білу.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Жемістер мен көкөністерді білу. Түстерді ажырата білу. Сергітуді жаттап алу.


Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров94
Номер материала ДВ-476323
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх