Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Жемістер мен тұқымдардың таралуы"

"Жемістер мен тұқымдардың таралуы"


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 30.11.2015 ж

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен тұқымдардың таралуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жемістер мен тұқымдардың таралуы туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық:Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңіз?

2.Неліктен құрғақ жеміс деп аталған?

3.Құлпынай жемісін неліктен шырынды жеміске жатқызбаймыз?

3.Үй тапсырмасын пысықтау

4.Жаңа сабақ

Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары


Таралу жолы

Құрылысының ерекшелігі

Өсімдіктер

Жел арқылы

Майда,жеңіл,құрғақ.Сыртында түктері, қанатшалары, өсінділері болады,

морт сынғыш

Жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қараағаш. Қайың, терек, тал, мақта, орхидея, қарағай және т.б.

Су арқылы

Сыртында су жұқпайтын түктері бар.Ішінде су өткізбейтін қалың тоз қабық.Өсінділері ауаға толы болғандықтан, суға батпайды, шығымдылығын жоймайды.

Қамыс, жалбыз, бөденешоп, түкті күреңот, қоға, тұңғиық, қияқ және т.б.

Жануарлар, бунақденелілер,құстар арқылы

Тұқымның сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктер болады.Жемісі ашық реңді, шырынды, тұқымы майлы

Шоңайна, итошаған, кәріқыз, иттікен, шетен, долана, таңқурай, бүлдірген, айдаршөп, шие т.б.

Өздігінен таралу

Жемістері қақырағыш, ширатылғыш

Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, ат талшын, шытырлақ, қызғалдақ.


5.Сабақты бекіту

1.Қандай жемістерді шырынды және құрғақ жемістер деп атайды?

2.Шырынды жемістердің түрлерін атаңдар?

3.Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдіктер?

6.Үйге тапсырма

§ 24 оқу мазмұндау,

7.Оқушыларды бағалау




Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров734
Номер материала ДВ-433762
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх