Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жеміс-жидектер пайдасы тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Жеміс-жидектер пайдасы тәрбие сағаты

библиотека
материалов



Тәрбие сағатының тақырыбы:Жеміс-жидектер пайдасы

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оқушылардың күз байлықтары:

астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын

түсіндіру және табиғатты сүйюге тәрбиелеу.


Тәрбие сағаттың көрнекіліктері:

Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.


1. Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.


Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

Отанның берекелі қамбасына- деп ақын ағамызМұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық. Ендеше 1«б» сынып оқушылары өнер көрсетеді. Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық. (Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келед)і.

Бәрі « Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын, Көңіліміз жайнасын,әнге толсын

Ән «Күз келгенде»

Әннен соң,қолдарындағы жемістерін дастарханға қояды.


1-оқушы:

Қосып білім нұрға-нұр,

Біздер бүгін жарқынбыз.

Басы оқу жылының,

Берекелі Алтын күз.

2-оқушы:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3-оқушы:

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.Өйткені:

Егінді ел жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ән: «Ақ бидай»

Мұғалім:Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)

Жүзім:

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды .

Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Қияр:

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей бер ұял ма.

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр ма?

Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Асқабақ:

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәмі,

Таптырмайтын дәрі.

Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Қарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Мұғалім:Алтын күз сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?

Алтын күз:-Әрине,(Жапырақтарын көрсетеді) Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.

1-Жапырақ тапсырмасы

( Жұмбақтар)

1)Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)

2)Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)

Мұғалім:Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?

Алтын күз:Олар айтысқа шығады.

1 К ө р і н і с

Бағбан:(Тырма мен жер жыртып жүреді)

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшаның ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді. Ертелі кеш кетпені,

Иығынан кетпейді..(Кетеді)


Бағбан:(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау,Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)


Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!Шуағын шашып,нұр төгіп тұр. Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер. (Әрқайсысын жұлқылап оятады)

Жуа:Не болды? Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)

Би

2-жапырақ тапсырмасы

«Көкөністердің адамға пайдасы».

(Балалар ортаға шығып орындайды.)

1-бала.

Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

2- бала.

Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .

3-бала.

Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.

4-бала.

Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.


5-бала.

Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

7-бала.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бенжемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.

Ойын

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с). Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)



3-жапырақ тапсырмасы

( Пайдалы кеңестер)

1-бала.

Көкөністер неғұрлым ірі туралса,соғұрлым қоректік заттары жақсы сақталады.

2-бала.

Жас картопты асқанда суды алдымен қайнатып алады.

3-бала.

Сәбіз,картоп,пиязды аршығанда,қол сарғайып кетеді.Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүрту екрек.

4-бала.

Қабығымен асқан картопты тез аршу үшін 1-2 минут салқын суға салып алған дұрыс.

5-бала.

Қызылша,сәбіз,картопты бір ыдыста қайнатылса, олардың түсі де,түрі де бұзылады.

6-бала.

Қауын немесе қарбыз жегеннен кейін суық су ішпеңіз.

7-бала.

Кепкен жемістерді, алма мен алмұртты -40 минут,өрікті -20минут,мейізді-5 минут қайнату керек.


Мұғалім:Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.


Алтын күз:

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман –есен болыңдар.

Себеттегі суреттерге жазылған салат рецептілерін таратады.


Мұғалім Күзге рахмет айтып,қонақтарға пайдалы кеңестер үлестіреді.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-470788

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"