Мотивациялық
Қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайырлы таң балалар, бүгін күн қандай
керемет,
-Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі
көңіл күй сыйлайық.
Біз қандаймыз ,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Қуанамыз, шаттанамыз
Күлімдеген күндейміз,.
- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні
өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің
Тақырыбы: «Әжемнің құрты»
1.
Орталық, әженің үйі.
Әже:-Менің құлыншақтарым, ботақандарым маған қонаққа келіп
қалыпты ғой, Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің келгендеріңе мен
қуаныштымын.
-Қандай жақсы болды келгендерің, сендер маған үй шаруасына, үй
жануарларына көмектесіңдерші.
-Қане , келе ғойыңдар, мына бөстектерге отыра қалыңдар, біраз
демалып , әңгімелесейік.
Әже: - Мен бүгін құрт дайындап отыр едім.
-Сендер білесіңдерме, құртты неден, қалай дайындайтынын,
Ендеше балалар мен құртты қалай жасау тәсілін айта кетейін.
-Балалар , айтыңдаршы біз сүтті қайдан аламыз?. Сүтті бізге не
береді?
Сүттен балалар бірнеше тағамдар жасауға болады екен. Сүттен біз
май, қаймақ, сүзбе, құрт жасаймыз.
( суреттермен көрсету.)
Құрт жасау үшін,үлкен қазанға от тұтатып, түбіне май жағып,
сүтті құйып қайнатамын.
Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін былғауышпен
араластырып отырамын.
Әбден қоюланған құртты қапқа құйып ілгішке асып қоямын, сонда
оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп қолмен
сықпалап құрт жасаймын.
-Балалар, менің сендерге беретін тапсырмаларым бар. Сендер қазір
менімен бірге қораға барып,үй жануарларымен танысайық.
1. Тапсырма
Мынау қандай жануар? Дауысын естіп ажырату. (Атау)
......,.....,.....,....,
Енді балалар ойын ойнайық «Үй жануарларының төлдерін тап»
2 тапсырма.
-Балалар , сендер нелерді көріп тұрсыңдар?
(Төлдері жіпте қысқыш арқылы ілініп тұрады. Балалар суретті
алып, анасына баласын қосады)
Тамаша!
Ал, балалар енді ортаға шығып демалып алайық.
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі.
2-орталық: «Мүсіндеу»
Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделіктен ерекше. Өйткені сендер
менің үйіме қонаққа келдіңдер. Енді сендер маған құрт жасап бересіңдерме?
-Ендеше балалар, оң қолдарыңа тұзды қамырды алып,,сол
қолдарыңмен тұзды қамырды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен
домалатыңдар.
-Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Балалардың өздері жасаған құрттарын барлығына көрсетіп, олардың
жұмысын мақтайды.
-Енді балалар дайын болған құрттарды қамысқа тізіп, күнге
кептіруге қоямыз.
Балалар біз бүгін не жасадық?
Көңіл-күйлерін қандай?
Балалар сендерге әженің ауылына қонаққа келген ұнады ма?
Әже: Балалар мен де сендерге ризамын, сендердің көмектерінің
арқасында құртта дайын болды. Енді құртты кептіруге қоямыз.
Қонақтармен қоштасады.
|
Шеңбер бойына тұрып, шумақтарды қайталап,қимыл арқылы жасайды.
-Сәлеметсізбе, әже!
-ия
Балалар таңырқап мұқият тыңдайды.
Бұл сиыр, қой , жылқы, түйе
Сиырға-бұзау,
Жылқыға –құлын,
Түйеге-бота,
Қоға-қозыны жанына қояды.
Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Үзілген тұзды қамырды , алдымен жүмырлап, одан кейін ырғақты
домалату әдісіменқұртты әдемілеп, құртқа ұқсатуға тырысып сомдайды.
Мүсіндеген құрттарын табақтарға салып кептіруге қояды.
Барлығы бірге қарайды, көңіл-күйлері көтеріледі.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.