Инфоурок Окружающий мир Другие методич. материалы"Жер бедерінің түрлері" 3-сынып

"Жер бедерінің түрлері" 3-сынып

Скачать материал

Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.

Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.

Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.

Жер бедерінін түрлері[өңдеу]

1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады

2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады

3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады

4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды .

5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады .

6) жыра-жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың терендігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.

Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар-бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңкырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрлысының ішінен қойылады . Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады. Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп атайды. Егер горизонтальдар бір—біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алые болса онда беткейдің жатық болғаны. іргелес орнапасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын (һ) қима биіктігі деп атайды. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) кабылданған.

Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе, тау-кен жұмыстарын ашык әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Инженер мамандар жер бедерінің (рельефтің) түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда және де оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білулері кажет. [1]

Дереккөздер[өңдеу]

1.   Жоғарыға көтеріліңіз Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. ISBN 9965-769-09-5

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e1/Ambox_wikify.svg/40px-Ambox_wikify.svg.png

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

 

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/dc/Crystal_Clear_app_kview.png/40px-Crystal_Clear_app_kview.png

Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

·         FIST құралы арқылы сурет іздеуге болады. Іздеуді бастау үшін мына сілтемені нұқыңыз;

·         осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;

·         мақаланың шет тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;

·         өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).

Санат

·         Геодезия

Карта арқылы жол бойымен жүру[өңдеу]

(Движение по дорогам с помощью карты). Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажеттімаршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.

Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру[өңдеу]

(Движение вне дорог с помошью карты). Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарлары көрсетіле отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеу кезінде, жүріп өткен жолды карта бойынша жиі бағдарлап, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек.

Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу[өңдеу]

Physical World Map 2004-04-01.jpeg

(Изучение рельефа местности по карте) — жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы сипаттамасы горизантальдардың пішіні мен жиілігі бойынша үстірт шолумен анықталады. Осы белгілерді пайдалана отырып, бірінші кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар нақтыланады. Бедер сипатымен жалпы таныстықтан соң, жүктелген міндетке сәйкес оны толықтай зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осыгоризонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.

Карта боиынша жергілікті жерде бағдарлану[өңдеу]

(Ориентирование на местности по карте) — жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі. Карта бойынша бағдарлану картаны бағдарлаудан, ондағы нүктені анықтау мен жергілікті жермен картаны беттестіруден тұрады.

Карта масштабы[өңдеу]

(Масштаб карты). Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.

Картаға нүктені түсіру[өңдеу]

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a0/Kazakhstan_map.png/300px-Kazakhstan_map.png

Қазақстан қалаларының картасы

(Нанесение точки на карту) — координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен X нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.

Картада пункттін орналасу орнын жуықтап көрсету[өңдеу]

(Приближенное указание местоположения пункта на карте). Картадағы нүктенің орнын жуықтап көрсету үшін ол орналасқан координаттық тор шаршыны атау жеткілікті. Бірінші абсцисса х шаршының оңтүстік жағы, ордината у оның батыс жағы деп аталады. Жеке парақты картамен жұмыс істегенде абсциссамен ордината әдетте екі санмен көрсетіледі (ондық және бірлік километрлері картаның ішкі жақтауының сыртында үлкен санмен берілген).

Картадағы өзі тұрған жер нүктесі[өңдеу]

(Точка своего стояния на карте) — жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі.

Карталар масштабы[өңдеу]

Topographic map example.png

(Масштаб карты) — картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.

Карталар номенклатурасы[өңдеу]

(Номенклатура карт) — көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

Карталардың жіктелуі[өңдеу]

(Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялықнемесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000; 1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000 орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000 — кіші масштабты топографиялық карталар деп аталады.

Картамен сабақ өткізу[өңдеу]

GEO Globe.jpg

(Занятие на картах) — оперативтік және тактикалық (тактикалық-арнайы) дайындық сабағы топтық жаттығу, оперативтік және тактикалық лездеме шешімі, штабтық дағдыландыру түрінде генералдармен және офицерлермен өткізіледі. Бұл сабақтар кез келген аймақта, ұрыс қимылдар театрының шетеддік бөлімдерінде оқу-жаттығу мәселелерін талдауға жағдай жасайды, функциялық міндеттерін орындауға кажетті дағдыларға машықтандырады.

Картаны бағдарлау[өңдеу]

(Ориентирование карты) — белгілі бір ауданда жұмыс істеу кезінде карта жақтауының солтүстік жағы солтүстікке, ал қалғандары — тиісінше оңтүстікке, шығыс пенбатысқа қаратылып орналастырылуы керек. Карта осылай орналасқан жағдайда тұрған нүктеден қоршаған жергілікті заттарға қарайғы бағыт бақылау картадағы осы бағыттарға сәйкес келеді, ал сол жерде орналасқан барлық заттардың өзара орналасуы мен олардың картадағы шартты белгілері ұқсас болып келеді. Картаны жуық мөлшерде бағдарлау көзбен жүргізілсе, неғұрлым дәл бағдарлау компас немесе визирлі (дәлдеуіш) сызғыштар арқылы жүргізіледі.

Картаны жергілікті жер сызықтары бойынша бағдарлау[өңдеу]

(Ориентирование карты по линиям местности) — түзу сызықты жергілікті заттар (жоддар, орлар, байланыс желілері) бар болған жағдайда қолданылатын бағдарлау. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып сызықтық заттың бейнесінің бағыты картадағы оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ол одан оң және сол жақта орналасқан барлық басқа объектілердің бейнелері картада сол жақта болатындай етіп картаны бұру қажет. Егер тұру нүктесі белгілі болып, сол орыннан көрінетін бағдарлар картада белгіленген болса, онда картаны бағдар бағытына қарай бағдарлайды. Сызғышты тұрған орнының нүктесімен қандай да бір бағдармен сәйкестендіреді. Тандалып алынған бағдар көздеу сызығында тұратындай етіп сызғыштың бойымен бірге картаны бұрады. Көздеу кезінде сызғыштың бағдарға қараған шетін өзінен кері ұстау керек.

Картаны компас бойынша бағдарлау[өңдеу]

(Ориентирование карты по компасу) — Картаны компас бойынша бағдарлау картаны дол бағдарлау үшін қолданылады. Картаны алдымен жуықтап бағдарлайды. Содан соң компасты қартаға, оның лимбісінің нөлдік диаметрі карта жақтауының бүйір жағымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Егер компастың магнит меңзерінің бұрылуы бөлігі аз болса (3 градус), онда ол есепке алынбайды. [2][3]

Дереккөздер[өңдеу]

1.   Жоғарыға көтеріліңіз↑ “Қазақ Энциклопедиясы”

2.   Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

3.   Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e1/Ambox_wikify.svg/40px-Ambox_wikify.svg.png

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

 

Мақала бастамасы

Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жер бедерінің түрлері" 3-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 596 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2016 12196
    • DOCX 196.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тойболдинова Арайлым Асхаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16867
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе