Инфоурок / География / Рабочие программы / Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері

Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері


библиотека
материалов


Тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

  5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  6. Бағалау кезеңі

  7. Үйге тапсырма беру кезеңі


Сабақтың барысы


Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(15 мин)

Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(10 мин)

Жердің Күн жүйесіндегі орны.

1. Жер – Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау.

2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру.

3. Жердің пішіні мен мөлшері Оқушыларды Жер – шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу.

4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х.Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф.Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10)

Интерактивті тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту.

Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

    1. Жер нешінші планета?

    2. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.

    3. Жер қандай дене?

    4. Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер?


Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§ 3-4 оқу, 6 суретті салып келу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн  жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус 

Общая информация

Номер материала: 521391

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG