Жердің геологиялық тарихы. Тау жасалу кезеңдері

Предпросмотр материала:

Сабақ: №6

Сыныптар:   

Күні:

Тақырыбы: Жердің геологиялық тарихы. Тау жасалу кезеңдері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жердің геологиялық тарихы, оның негізгі зерттеу кезеңдері туралы, геологиялық жыл санау, геохронологиялық кесте туралы білім беру. Тау жасалу кезеңдеріне жалпы шолу жасау.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жастарының ерекшелігі неде деген сұрақты қояды. Балалар жауап берген соң, анықтама жазғызады. Сосын геологиялық жыл санау деген түсінікке анықтама беріп, одан кейін геологиялық жыл санауды геохронологиялық кесте арқылы жүргізілетінін айтады. Сосын балаларға кеохронологиялық кестеге қарап, қанша эраларға және дәуірлерге бөлінетінін сұрайды. Басты геологиялық оқиғалар мен тіршіліктің даму кезеңдеріне тоқталады. Сосын тау жасалу кезеңі деген не және қандай қатпарлықтарға бөлінетінін сұрайды. Келесі кезекте қатпарлықтарға қысқаша сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.

Қатпарлықтарға қысқаша сипаттама береді. 

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға екі параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі сұрақтарды қояды.

1. Дүние жүзі тарихы неше эраға бөлінген?

2. Әрбір эра өз ішінен қандай дәуірлерге бөлінеді?

3. Эралар мен дәуірлердің атаулары ненің құрметіне осылай аталған?

4. Қатпарлық дегеніміз не?

5. Жер тарихында қанша қатпарлықтар өтті?

Тапсырмалар.

1. ТМД аумағында силур және перм дәуірлерінде қандай таулар пайда болған? Осы дәуірге тән өсімдіктер мен жануарларды дәптерге жазыңдар.

2. ТМД картасынан Кавказ тауларын, Памирді тауып, геохронологиялық кесте бойынша олардың түзілген уақытын анықтаңдар.

Балалар параграфты оқып шығады. Сұрақтарға жауап береді, және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.  

ІV

Үй жұмысы:

1. §4, 5 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Геохронологиялық кестені сызып, жаттау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


 

 

Краткое описание материала

Жердің геологиялық тарихы. Тау жасалу кезеңдері

  • DOCX

Файл будет скачан в формате:

  • DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Арынтаева Лазат Жумашевна

учитель географии

  • На сайте: 11 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 66669
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 12
  • 66669
    просмотров
  • 12
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Арынтаева Лазат Жумашевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Выберите инструмент

~140

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: