Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жергілікті жер материалдарын сабақта қолдану.

Жергілікті жер материалдарын сабақта қолдану.

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Қасенова Раушан Толеугазыновна

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ-сі

Шығыс Қазақстан облысы ,Үржар ауданы.


ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР МАТЕРИАЛДАРЫН САБАҚТА ҚОЛДАНУ.

Мақсаты:Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту. Жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Ауылым , ата-мекен туған жерім

Тарқалмас сен демесем көңілім- шерім.

Өзіңде өмір сүрсем арманым жоқ,

Өзіңде төгілсе екен маңдай терім.

Сабақ оқыту ұйымдастырудың негізгі түрі ,демек әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын. Сондықтан сабақ оқытуды жетілдіру , қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді мағыналы да мәнді етіп құрылымын ойластыратын мұғалім.Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, даму үстінде сапалы ізденістерді талабына сай болу міндетін маңызды деп санайды.Сондай-ақ сабақтың мақсаты айқын болуы тиіс. Оқушылардың оқу материалдарын терең , тиянақты ұғынып, меңгеруі үшін , өз елінің соның ішінде тақырыпқа сай келетін жергілікті жер материалдарын қолдану артықттық етпейді.

Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру, оқушылардың қызығушылығын дамытуға қолданатын, санасына сіңіретін жергілікті материалдар аз емес.

Айта кететін болсақ, бастауыш сыныпта дүниетану, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, тіл дамыту,музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерінде кеңінен қолдануға әбден болады .

Мектепте үш біріккен мақсат –оқыту, дамыту, тәрбиелеу-оқу үрдісінде толығымен сақталуы тиіс. Дамыту мен тәрбиелеу сабақты оқыту арқылы жүзеге асырылады.Осы мақсатты жүзеге асыру кезінде , әр пәннің тақырыбына сай келетін, жергілікті жер материалдарын қолдану тақырыбының жалғасы ретінде , «Үржар» деген сөздің қандай мағына беретіні туралы түсінік беріп, Тарбағатайдың киелі топырағы табиғатымен, осы топырақтан ғылым және өкімет қайраткерлері тәрбиеленіп шыққаны туралы мәліметтер беруден бастау алады.

Қолын бұлғап Тарбағатай таулары.

Сағынышты сағым болып көрінер

Туған жердің көркем ,жасыл бау-бағы,

Көңіліне шапақ шашып өрілер.

Жолбарыстың жонындай тарғылданып қарт Тарбағатай ежелден Барқытбел атанған. Ең биік шыңның ұшар басы теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікке дейін бой созған.Біріншіден оның ауасы ,мекендейтін аңдары, иісі аңқыған шөптері ,сайраған құстары,қойнауы қазынаға толы кендері айтылып, мәліметтер берілсе баланың қызығушылығын оятып,жігер беретіні белгілі.

Біздің жердің тап-таза бұлақтары мен өзендері , ну ормандары ,жидек бұталары сан алуан өсімдіктері бар.

Алакөлім бар әлемге танылған

Қойнауынан бар элемент табылған.

Суы шипа ,жанға дауа ауасы,

Табиғаты жасыл желек жамылған.

Әлемге танылған Алакөл-тұзды ағынсыз көл.Ол көлдің суының минералдарға бай болуында. Оның құрамында Менделеев кестесінің элементтері көптеп кездеседі.Құрамы жағынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар, емделушілер, туризммен келгендер көптеп кездеседі.Бұл көлдің байлығы ,балық аулау мен аңшылық кәсібі өте танымал.Алакөлдің арасы 24 шақырым жерде емдік қасиеті бар, суы шипалы Барлық-Арасан санаторий-курорты,демалыс үйлербар. Барлық –Арасан бұлақ шипалы су-емдеуге қолданылатын жер асты су көздері де орналасқан.

Үржардын жұмбаққа толы жерлері де жоқ емес.Өз өлкеміздің мазмұны тереңде жатқан , Тарбағатайдың тамыры екенін танытты. Білгенге ,шығыс-көне түркі мәдениетінің темірқазығы. Алғашқы көшпенділер дәуірінің от жаққан ошағы .Осының айғағы ретінде Үржар ауданындағы қазба жұмыстары жолды кеңейту кезінде бүліну қаупі бар ескерткіштерден бастап, нәтижесінде Лайбұлақ және Жаңатілек ауылдарының орта тұсындағы қорғаннан жас қыздың мүрдесі табылды . Онымен бірге ағаш және керамикалық ыдыс, қой сүйектері мен алтын әшекейлі бас киімнің табылуы болды.Оқушыларға өткеннен сыр шертетіндей тарихты түсіндіру абзал.

Үржар орталығындағы мұражай тарихи өлке тану туындыларымен этнография бөлімі жергілікті қазақ және орыс ұлттарының ежелгі заттарын жинақтаған. Архиология бөлімі зерттеулер кезінде табылған көне тас жәдігерлер ,ғұмыр кешкен бабаларымыздан сыр шертеді. Ұлы отан соғысы жылдарына арналған бөлім және ауданымыздың бүгіні мен болашағына арналған бөлімнен тұрады . Онда өз ауылымыздың жергілікті суретшілердің әр түрлі тақырыпта кескіндеме, портрет , пейзаж жанырының шебері Ильбисинов Смаш және сәндік –қолданбалы өнерімен

танылып «Үржар құрмет азаматы» атағына ие болған Қабидуллдин Талғаттың тағы басқа суреттері тұрады .

Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбаевтың 125 жылдығына ашылған мұражайында 1700-дей экспонат қойылған және Әсеттің тұтынған дүние –мүлкі ақын шығармалары мен өмірі жайлы мағұлыматтар көп.

Елінің, жерініңәсемдігін халыққа жырлап танытқан азаматтар ,Жабайыл Бейсенов бірнеше кітап және көптеген «Ауылым», «Үржар вальсі», Үржарым құтты мекен» т.б.әндердің сөзін жазған болса,композитор Гүлнәр Даукенова «Сағындым сағым жылдар», « Қайран уақыт» , «Шыңдағы шынарым-ай», т.б әндерінің авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі . Ал , Секен Тұрыспековтың «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Аққу сазы» т.б күйлердің және әндердің авторы.



Білім саласында еңбек еткен,жерлесіміз Нұрқасым ҚұсмілияЖырғалыұлының «Үржарайым», «Ұмытпандар мені» атты кітаптарының авторы. Казіргі таңда осы туған жердің топырағында зейнеткерлікке шыққан Оспанов Амантай Заманбекұлының «Өмір шуақтары» атты жыр жинақтарының авторы. Осындай жыр жинақтарының авторы ,ұстаз Абылқасымов Айжарық Құбашұлы.Оның «Сағынған көздің моншақтары», «Жүректе бүгін сызат бар», «Көңіл дария»т. б.жырлары жарық көрген.

Қазіргі таңда патриоттық сананы өз Отанына деген сүйіспеншілігін, көк туды жоғары желбіретіп, спортшы ,әнші , сазгер ,композитор болғысы келіп еліктейтін жастарымыз қанша ма ?

Сол дара жолға бастайтын спорт шеберлері осы күнде Қазақстанды әлемге танытып , көк туын желбіретіп жүрген Қазақстанның спорт шеберлері Даулет Тұрлыханов. Кебиспаев Алмат, Баяхметов Дархан, Кенешов Дияс,Оксана Яцкая тағы басқа өсіп келе жатқан өскелен ұрпақты мақтан етеміз.

Жер байлығы-ел байлығы деп өзіміздің жердің байлығын,шаруашылығын,өнімдерін халық игілігіне жаратып жүрген кәсіпкерлер,наубайхана,ет өндеу комбинаты, мал шаруашылығы,ара шаруашылығын ,егіншілігін іске асырып отырған азаматтар да баршылық.

Аласа ғана жотаның

Жайлаған жазық бауырын.

Атағы биік Отаным,

Алдымен менің ауылым! -деп туған ауылым Үржарды мақтан ететіндей ,әр пәнде жергілікті жер материалдары қолданыс тапса,біздің өлкемізден шыққан,елге танымал болған азаматтарымыз жайлы оқушыларға дерек бере отырып, балалардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.Туған жерге, еліне,табиғатқа деген жауапкершілікке баулу , өз алдарына мақсат қойып, сондай дәрежеге жетуге тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.





















«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сі



Баяндама

Жергілікті жер материалдарын

сабақта қолдану







Дайындаған: Қасенова Р.Т









Үржар

2015-2016 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров92
Номер материала ДБ-023403
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх