Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Жергілікті жерді картасыз бағдарлау /10 сынып/
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Жергілікті жерді картасыз бағдарлау /10 сынып/

библиотека
материалов

Солтүстік Қазастан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің АӘД пәнінің оқытушысы –ұйымдастырушысы Аленов Б.К.

11 сынып

2 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери дəстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері.

Білімділік:Қазіргі кездегі Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен тәжірибесі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
Тәрбиелілік: Қазіргі заманғы армияның талабына сай заңды білетін бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың іс қимылдарының икемділігін арттыру ойлау қасиетін ширақтау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.


Сабақтың барысы:
а)–Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
1. Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?
2. Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі??
ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

3.Әскери доктринаның бағыттары қандай?

4. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

5. Әскери доктринаның басты мақсаты не?


б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы.
Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..
ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.
Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.
ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.
Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.
Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.
Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.
Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.
Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.
2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?
3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?




Краткое описание документа:

СҚО  Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебі Алғашқы  әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :Аленов Бауржан Каиржанович

Сыныбы-10

Сабақтың тақырыбы: Арнайы және қосымша құралдармен жергілікті жерде бағдарлану

1.     Сабақтың мақсаты:Қосымша құралдармен жер беберін пайдаланып, оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарлану тәсілдерін үйрету.

   Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: Елдімекен маңы,табиғат аясы.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат,жер бедері,орманқ,құмырсқа илеуі,құстар  ұясы.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Бөлімше командирі оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

-           Бақылау қалай жүргізіледі?

-           Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?

-           Түнде және дүрбіні қолдану жағдайларында бақылау жүргізу ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.

-           Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?

-           Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?

-           Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептелінеді?

-           Заттың бұрыштық шамасын қалай анықтауға болады?

-           Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдері туралы айтыңдар.

     б) Негізгі бөлім – 25 минут.  

     Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

     Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.

Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.

Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.

Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.

Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.

Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.

Бағдарлану туралы түсінік.

Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы  бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.

Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.

Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.

Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.

Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.

Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.

Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.

Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.

Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады.

Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.

Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.

Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.

Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.

Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.

Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).

     в) Қорытынды бөлім – 10минут.

   Сұрақтар мен тапсырмалар:

-           Әскери топография нені зерделейді?

-           Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?

-           Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?

-           Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?

-           Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

 

 

                 Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы      оқытушысы:   Аленов Б.К.  

              

 

 

Автор
Дата добавления 03.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1870
Номер материала 360699
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх