Инфоурок Классному руководителю КонспектыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=76f6dabb1290e6ba&mb=imgdb_preview_897http://glodealer.com/sites/default/files/styles/lightbox_bigimage/public/sale/2-6/skidki-Kazan-1402983901.jpg?itok=WPLwTRfH

http://sad7elochka.ru/wp-content/uploads/2013/05/0015.jpghttp://www.zemal.com.ua/pictures/poduct_images_wiJD9nTI23.jpghttp://poiskinform.at.ua/39.jpghttp://images.ua.prom.st/103506122_w640_h640_1geqv68scke.jpghttp://900igr.net/datas/pedagogika/Klassnyj-chas-po-pozharnoj-bezopasnosti/0006-006-Test-na-znanie-pozharnoj-bezopasnosti.jpghttp://mukachevo.net/Content/img/news/p_39329_1_gallerybig.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушыларға Ұлы отан соғысындағы жауынгерлердің ерен  ерліктерін паш  ету , сонымен қатар, соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан ардагерлеріміздің жеңіске деген құштарлығын сипаттай отырып, ақын жазушылардың олар туралы жазған өлеңдерімен таныстыру, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін  жас ұрпаққа үлгі ете отырып, оларды патриоттыққа,  отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 


Көрнекілігі:
интерактивті тақта, слайдтар, видеодисклер,  суреттер,  буклеттер, плакаттар,  нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, т. б.


Жоспары:

 

1.Кіріспе :Соғыс туралы видеоролик.
2.
Әдебимонтаж

3. Соғыс ардагерлері туралы:

А). презентация.

В) ардагерлердің ұрпақтарымен сұхбат.(Какимова Б.Ж.,Қарашбай Э., Закиржан Ғ., Қадырова Қ., Абдрахманова А.С.)

4. Соғыс туралы өлеңдер оқып, жеңіс туралы әндер айту және көріністер көрсету.
5. Қорытынды.

 
                           Тәрбие сағатының барысы:

Соғыс туралы видеоролик көрсетіледі  (ҰОС – ның басталуын хабарлау)

Жүргізуші: Ия, осыдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан Соғысы осылай басталған еді. Биыл Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланып жатыр. Бүгінгі бейбіт күн оңайлықпен келмеді.  Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды.  Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн және олардың ерліктерін жырлайтын күн.
Жүргізуші: Бүгінгі «Ерліктерін ұрпақтары жырлайды» атты тәрбие сағатымыз Ұлы Отан соғысына қатысып,  осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымызға арналады. Олар:

Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б.

Бәрі:  Ол кісілерге құрметпен бас иеміз!
 II. Әдеби монтаж:

Жүргізуші: Ұлы Отан Соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды.

1 оқушы: Сонау жылы Жер көкті, Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз, Жаудан елді қорғаған

Қош айтып, оқу - ойынға, Әжесін тастап қария.

Қол бұлғап туған ауылға, Майданға кетті Әлия.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды, Зар жылатты, тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда, Көрген жоқпыз сол қырғын дауылды.
2 оқушы: Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.
3 оқушы:.Болдырмай соғыс сұмдықты,
Қорғайық достар шындықты
Болмасын мәңгі қан төгіс,
Ұраның болсын, ел мықты.
4 оқушы:.Отан үшін отқа төсеп,
Өр кеудесін жап - жас ғұмыр.
Қан майданды қылған төсек,
Майдангерлер бір - бір тұғыр.

III.  Презентация.

Жүргізуші: Осындай майдангерлердің бірі Какимов Жантолы атамыз еді.Тәрбие сағатымызға осы атамыздың ұрпағы Какимова Балғаным Жантолықызын шақырған болатынбыз. Қош келдіңіз! Сізге сөз кезегін береміз!

А).Ұлы Отан соғысының ардагері Какимов Жантолының өмірбаянымен таныстыру

В). Ардагер ұрпағы Б.Ж. Какимовамен сұхбат.

Сұрақтар:

1.Әкеңізбен болған қызықты оқиға айтып берсеңіз?

2.Әкеңіз қандай жақсы қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады деп ойлайсыз?

3.Сіздің әкеңіз Ұлы Отан соғысы туралы үнемі еске ала отырып, бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеген шығар.Солардың ішіндегі қандай ерекше оқиға есіңізде қалды?

Жүргізуші: Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.

1-оқушы:          «Мен соғысқа бармадым»

Мен соғысқа бармадым, мен соғысты көрмедім,
Бірақ көрдім солдаттың үйіне кеп өлгенін.
Құмарлана құша алмай сағынышын жеңгемнің,
Құшағының үйге кеп өз көзіммен көргенмін.
Мен соғысқа бармадым, мен соғыста болмадым,
Жүрді бірақ майданда мен жіберген қолғабым.
Көрдік бірақ құрбы қыз толмай жатып солғанын,
Жібіткенін көргемін әлдекімнің тондарын...
Жанап өтті балалық, бала болып өспедім,
Шаруаның ғұмыры кенедейден кешкенім.
Менен сұра,
Бидайдың егілгенін, өскенін,
Менен сұра
Еңбектің қысқа таңын, кештерін.
Менен сұра соғыстың тастап кеткен зардабын,
Ауыл кайтып көтерді қан майданның салмағын,
Менен сұра жас бала қайтіп әйел алғанын,
Менен сұра жас қыздың қайтіп шалға барғанын...

2.Тыныш жатқан бір елге, бір ел келіп ұрынар,
Қандай ғана әкесінің алынбаған құны бар?!
Қайсы ел соғыс бастаса, ел емес, ол - ұрылар,
Қан майданда басы оның алдыменен жұлынар.
...Шексіз сүйем ұлтымды сүйе тұрып алайда,
Басқа адам баласына көз алартсам, қалай ма?!
Ұлтын сүю бір бөлек, ұлтшыл болу жарай ма?!
Қайтіп айтам Дантеге,
Жетпейсің деп Абайға?!

Жүргізуші: Сөйтіп, мыңдаған адамдар өздерінің әкелерін, ағаларын және перзенттерін қан майданға аттандырып жатты.Солардың бірі, Жамбыл Жабаев атамыз да өз перзентін соғысқа өз қолымен батасын  беріп  аттандырған еді.

IV.Өлеңдер, әндер,көріністер.

       Көрініс:  Жамбыл Жабаевтың ұлын соғысқа шығарып салуы

 2-оқушы:                    «Атандыру»                                                                     
Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Арыдан қарап мен қалам.
Құлағына, құйылып,
Даусым жүрсін жырланған.
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман - есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа, бір қадам!
Ел қадірін біл, балам,
Сынға түскен бұл заман,
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз, деп ұқсын -
Аңғарлы жан “бұл заман.”
Хош, хош балам, хош балам!

Жүргізуші: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды.

(Ерлікпен қаза тапқан ерлер туралы видеоролик көрсетіледі)

3-оқушы:    «Солдат Шинелі»   Әбу Сәрсенбаев. (Ворошиловград, 1943)

Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,

Өрт кешіп талай хутор, селендерде,

Жасқанбай жауған оққа қарсы ұмтылып,

Сен кешкен жүздік дүлей өзендерде.

Тобырсып тобығымнан сорғалап су,

Сіресіп сыртында мұз,

Бұрқырап бу,

Жат жерлікті жапыра ілгері озып,

Кезекті ердің үстіне орнаттық ту.

Кейде жаудың сыртына кеттік өтіп,

Төкседе оқ боранын нөсерлетіп,

Жел қағып желкілдеген етегіңді

Минаның жарқыншағы жатты тесіп.

Жерім жоқ бас сауғалап, жан қорыған,

Кейде "тіл" алып қайттық жау орынан,

Жүзім суық,

Түсіндей сұрғылттанды,

Көзімде түн күзетіп жол торыған.

Көзіне батыл қарап сұм ажалдың,

Сескенбей мен әрқашан алға бардым,

Солдаттық көкрегіме қалқан боп сен,

Жүрегімді қатерден қорғап қалдың.

Жүргенде намыс отын оқпен көсеп,

Болдың сен әрі жастық, әрі төсек,

Көзге ұйқы тығылса қар үстінде

Қалғыдым етегіңді астыға төсеп.

Автоматты төсіме қысып жардай,

Жата кетсем бүрісіп бойым жазбай,

Денемді сен қыздырып сала бердің,

Жардың жібек көрпесін жамылғандай.

Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,

Жүзерміз әлі талай өзендерде,

Жат жерлікті жайратып, азаттықтың

Тігерміз туын талай селендерге.

           1.Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

                                               2.Видеоклип:  «Ана туралы баллада»

                                               3.Ардагерлердің  ұрпақтарына сөз беріледі.

№3 топ оқушылары: Қадырова Қазына, Қарашбай Эльмира және Закиржан Ғалымжан өз ардагер аталары және тылда қызмет еткен ата-әжелері туралы әңгімелейді.

Колледж оқытушысы ардагер ұрпағы  А.С.Абдрахманова өз ардагер әкесі туралы қысқаша мағлұмат бере отырып, өлең оқиды:  «Мен майдангер қызымын.»
Көрмесем де соғыстың алапат сол құйынын,
Жақсы білем мен оның сұрапылын, қиынын.
Өйткені мен сол жылғы аналардың жырымын,
Аман қайтқан сойқаннан майдангердің қызымын.
Майдангердің қызымын куә болған талайға,
Қатысым бар желбіреп тұрған анау жалауда.
Бауырластар зираты - қаруласы әкемнің,
Басымды ием тік тұрып мәңгі өшпейтін алауға.
Әлі тасқа соғылып көрмесе де маңдайым,
Мен білемін соғыстың сұрапылы қандайын.
Әжем марқұм айтатын жарты ауылдың адамы
Жарты шелек талқанмен жібітті деп таңдайын.
Рас, рас, жау шетте қалқан болып ер тұрды,
Бірақ соғыс талайға кесепатын келтірді.
Алғы шепте атылған снаряд пен бомбалар
Алдымен ауылда шал - кемпірді өлтірді.
Өлтірді соғыс ерлерді,

Отқа орады жерлерді.

Әкемнің бауырлары да,

Сол майданда жерленді.

Бақыттымын, әрине!

Қазақстандай кең байтақ Отанымда жүргенге
Тәубә айтам күбірлеп оңаша:
О, Жасаған, кесепат, кесіріңнен сақтағын!

Жүргізуші:  Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -
Жүргізуші: Қариялар азайып бара жатыр, әсіресе, олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.                   

VI. Қорытынды.

Жүргізуші:  Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанда ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін ардагерлерімізге рахмет айтқымыз келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға тиіспіз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз.

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған

Жүргізуші:  Ұмыт болып, ұмыт қалған жоқ ешкім,
                       Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
                       Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
                       Ардагерлер – естелігі соғыстың.

 

Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

Оқ даусы мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнын тегістеген

Күректер музейге койылсын

 Қ-сы

Кел достарым

Ән бастайық

Көтеріп жаңғыртып

Даласын дана

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

Көктесін жас ағаш одан әрі

Өткен күн қайтадан жанбайды

Сұлудың кестелі орамалы

Сүртсін тек тершіген маңдайды

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

Оқ даусы мәңгілік жойылсын

Әлемнің бар сәби балалары

Тұрсын тек ұйқысы қанған соң

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, көңіл қойып тыңдағандарыңызға, рахмет! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2015 3456
    • DOCX 660.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Алмагуль Сагидоллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7361
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 755 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 34 регионов