Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Жеті түрлі білім біл" сайысы (6 сынып)

"Жеті түрлі білім біл"

Скачать материал

Тақырыбы: «Жеті түрлі білім біл» сайысы

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік
: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын элементтер
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар, кестелер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады. Қыздар тобы - «Гүлдер», ұлдар тобы - «Жалын». Сайыс 7 айналымнан тұрады.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.
Білімі
ңді тексеріп,
Ойын
ға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар
өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, к
өп оқыған болса егер,
Б
үгінгі күн жеңімпазы болады

- дей отырып, « Жеті түрлі білім біл» атты сыныптан тыс сайысымызды бастаймыз.


Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

___________________________________

___________________________________

____________________________________

«Жеті түрлі білім біл» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-бөлім Таныстыру

2-бөлім «Ойлан тап»

3-бөлім «Анаграмма»

4-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»

5-бөлім «Кім жылдам?»

6-бөлім «Білімділер патшалығы»

7-бөлім: Қорытынды.


1-бөлім Таныстыру

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, – дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды. (5 ұпай)

2-бөлім «Ойлан тап»

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Ойлан тап» бөліміне де келіп жеттік . Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 10 ұпайдан есептеледі.


1-топ

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

3. Сурет салуға арналған программа (Paint)

4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)

5. Бір байтта қанша бит бар? (8)

6. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

7. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі (интернет)


2-топ

1. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

3. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

4. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

5. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)

6. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)

7.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)



3-бөлім: «Анаграмма»


Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін анаграммаға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік-дей келе келесі ойынымыздың «Анаграмма» бөлімін бастаймыз.
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек. Әр жауапқа 5 ұпайдан береміз.

1-топ сұрақтары:

Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына


2-топ сұрақтары:

Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек 
Зыбоқ - қобыз




4-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»

Ойын толқын жатқанда асып -тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. 10 ұпайдан есептеледі.


  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)

  2. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл. (Күлсең кәріге күл)

  2. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)




5-бөлім «Кім жылдам?»

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі Кім жылдам сайысына көшейік. 10 ұпайдан

есептеледі. Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.

1-топтың сұрағы:
1) 1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма?( тең)

2)Егер «М» бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын( Май - ай)


3)Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында Барлығы қанша үйрек( 3 үйрек)


2-топтың сұрағы:

1)Түнгі сағат 10 - да түн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( мүмкін)

2) «К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.( кекілік - екілік)

3) Тәрелкеде 5 алма,
Қолымда бар 2 алма Қосқан кезде барлығын Болады екен неше алма?
Біреуін берем атама,
Біреуін берем апама
Сонда қанша болады,
Менде қанша қалады?( 5 алма)




6-бөлім «Білімділер патшалығы»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Білімділер патшалығы бөлімін-де әрбір әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.

ҒАЛЫМДАР

  1. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді (1841)

20.. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

30.  Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, 100 жасаған жыршы кім? (Жамбыл Жабаев)


ТАРИХ

10. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (серобян)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. І-жартысы)

30. Әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым не деп аталады

(Математика)


АҚПАРАТ

10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)

20. Ақпараттық процестерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)

30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)


ӘР ТҮРЛІ

10. Логикалық амалдардың қандай түрлерін білесіз? (логикалық көбейту, логикалық қосу, теріске шығару)

20. Компьютердің негізгі құрылғылары (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

30. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары (І-буын, электрондық шамдар;

ІІ-буын, транзисторлар; ІІІ-буын, интегралдық схемалар; ІV-буын, микропроцессор)



Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген– деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.



7-бөлім. Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жеті түрлі білім біл" сайысы (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 1101
    • DOCX 77.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтабаева Гаухар Мирамбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7029
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов