1670822
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокВсеобщая историяДругие методич. материалы"Жеті жарғы " 7 сынып

"Жеті жарғы " 7 сынып

библиотека
материалов

Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Жеті жарғы» заңдары. Ұлы билер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1680-1715 жылдардағы Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері: Білімдік: Тәуке ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Тәуке ханның заңдарымен, ұлы билердің өмірі, тұлғасы туралы, кемеңгер қазақ билерінің қоғамдағы, халық тарихындағы елеулі еңбегі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ұғымдарды талдап, салыстырып, қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау, ойлау, қызығушылық, шығармашылық, ізденушілік, жауапкершілік қабілеттерін дамыту және алған білімдерін одан әрі тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне назарларын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге, жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Тәуке ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, мәтінмен, өзіндік, жұптық, топтық, жекелеген, іздендіру жұмыстары, сыни ойлау, дамыта оқыту, қорыту әдістері. Сабақтың көрнекілігі: Тәуке хан, билердің суреттері, буклет, тілек ағашы, түрлі-түсті стикерлер, қызыл түсті жіп, бейне ролик, сәйкестендіру тест, семантикалық карта, тест, бағалау парағы, кесте толтыру плакттары Пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, құқық негіздері Күтілетін нәтиже: - оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады; - алған білімін: жүйелей алады; - оқушының ізденіс нәтижесі анықталады; - өз ойын, пікірін ашық айта алады. Оқу нәтижелері: - оқушыларды өз бетінше ой қорытуы; - оқушылардың өз ойын жеткізе білуге дағдыланады; - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту ІV. Жаңа материалды игерту V. Жаңа материалды түсінгенін тексеру. VІ. Жаңа материалды бекіту VІІ. Қорытындылау VІІІ. Бағалау. ІХ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.Сабаққа дайындықтарын бақылау.

 Сабағымызды бастамас бұрын: бір-бірімізге тілек айтайық. Менің қолымдағы қызыл жіпті бір-бірімізге лақтыру арқылы тілегімізді білдірейік. Сабақтың ұраны: «Бір-бірімізді тыңдаймыз, Қате кетсе түзейміз, Ойымызды толықтырамыз, Белсенді боламыз».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ендеше орындықтарының арқалығына түрлі-түсті стикерлерге сұрақтар жазылып, жасырылады. Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен оқушыларға орындықтарының арқалығындағы сұрақтарға жауап берулеріңді талап етемін. Балалар, егер жауабына қанағаттансақ 3 рет қол шапалақтаймыз.

Жасырылған сұрақтар: 1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.) 2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл) 3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл) 4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы») 5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»). 6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға). 7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан). 8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген? (1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Сәйкестендіру тесті.

1.

2.

3.

4.

Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан

(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).

ІV. Жаңа материалды игерту  Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жеті жарғы» заңдары. Ұлы билер.

Топтастыру әдісі. Балалар, «хан» сөзін топтастырайықшы. Хан қандай болу керек? Ел биледі Батыр Ақсүйек, беделді Хан Дана, ақылды Көреген . Қолбасшы Әскерлердің жоғарғы басшысы болды. Шонжар, сұлтандар сайлады. Қазақ хандығы тұсында елді басқарған Тәуке хан және қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол хандардың бірі – Тәуке хан мен ұлы билердің бірқатарына тоқталып өтеміз.

Жаңа сабақтың жоспары: 1. «Жеті жарғы». 2. Ұлы билер. а) Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.). ә) Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.). б) Әйтеке би (1682-1766 ж.ж.).

Сабақ «Кубизм» әдісі бойынша, жаңа тақырып туралы мен сендерге мәліметтерді таратам, сендер оқып, бір-бірлеріңе сабақты түсіндіресіңдер. Оқып дайындалып алуға 5 минут жеткілікті деп ойлаймын. Кубикті лақтырып, нөмірленгені бойынша жоспардағы тапсырма туралы мәліметті түсіндіресіздер.

3. «Жеті жарғы». Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басына күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Міне, осы Күлтөбенің бассында күнде кеңес болған кезде «Жеті жарғы» заңдары (ережелері) жасалған. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы атанған, үш кемеңгердеп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып, қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз «әділдік» деген ұғымды білдіреді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.

«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды: 1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық-қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.

4. Ұлы билер. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды. Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.). Төле би Әлібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Төле би Әлібекұлы ХVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң, Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесімді шешім айтып отырған. Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады. Әз Тәуке дүниеден өткеннен кейін Қазақ хандығы жекелеген аймақтарға ыдырай бастады. Бұл кезде талай жылғы соғыстардан кейін Түркістан қалаларындағы өнеркәсіп пен сауда мүлдем құлдырап кеткен еді. Төле би халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды. Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Ол орыс Патшасының бодандығына өсуге асықпады. Қазыбек және Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан әрі өмір сүруіне пайдалы сыртқы саясаттың қағидаларын жасады. Төле би 93 жасында қайтыс болып, Ташкентке жерленген.

Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.). Халқымыздың айтулы кемеңгер айтулы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбек – шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғар да білгір көсемдігімен ел намысын қорғады. Қазыбек би Келдібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті, мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізетін сөздері – шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі. Өзінің мәмілегерлік қызметін Қазыбек Келдібекұлы 18 жасында, Қазақ хандығының Жоңғар хандығына, Қалданға жіберген елшілігінің құрамында болған кезінде бастаған. Осы сапарда бірінші рет оның мәмілегер ретіндегі таланты байқалды. Дәл соның арқасында Жоңғарлармен болған келіссөздер өте сәтті өтті және бітіммен аяқталды. Қазыбек би – Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы. Елші ретінде Қаз дауысты Қазыбек би бірнеше рет Жоңғар хандығына барды. 1740 жылдар Малайсарымен және басқаларымен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкеледі. Қазыбек би Қазақ және Жоңғар мемлекеттерінің арасындағы бейбіт келісімді ұзақ уақытқа бекітуге қол жеткізді. Қазыбек би 40 – 60 – жылдары қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарына басшылық жасады. Ол кезде Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өміршең болып тұрды. Қытай өкіметіне де, Ресей өкіметіне де келіссөздерді Абылай мен және оның белсенді бейтарап саясатын ұстанған Қазыбек бидің қатысуымен жүргізуіне тура келді.

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766 ж.ж.). Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі – Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан - ақ әр түрлі дау - дамай, талас – тартыста суырылып шығып, тілмар шешендігімен жұртты таңғалдырған. Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. (1682 - 1766) – Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Жасынан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Оның шешендік қасиеті ерте жастан белгілі бола бастаған. Жеті жасынан бастап аталары Ақшахан мен Жалаңтөс батыр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал, батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген. 21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. Әйтеке би «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, заңдар жинағын құруға қатысқан. Ұзақ жылдар бойы Кіші жүзді биледі. Оның өмірден білген-түйгені мол, өз заманының ақылгөй данасы екенін көрсетеді. Әйтеке би Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Әз Тәуке кезінде Қазақ елінің билік басына келген бұл көсемдер қиын уақытта мемлекетті сақтауға орасан зор қызмет жасады. (Буклеттен суреттері көрсетіліп, таныстырылады).

VІ. Жаңа материалды бекіту Тест 1. Тәуке ханның ел билеген жылдары: а) 1523-1538 жылдар ә) 1582-1598 жылдар б) 1598-1628 жылдар в) 1680-1715 жылдар +

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді? а) сұлтандарға ә) билерге + б) ақсақалдарға в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы а) «Қасқа жол» ә) «Жеті жарғы» + б) «Ескі жол» в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты: а) Қазақ жерін кеңейту ә) Жоңғарлармен келісімге келу б) Хан билігін нығайту + в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта: а) 7 + ә) 5 б) 6 в) 10

VІІ. Қорытындылау Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерің, қандай жаңа ақпарат алғандарымызды, қандай ақпарат білгіміз келетінімізді және сабақтағы әсерлерімізді, көңіл-күйімізді қолымыздағы алма бейнеленген стикерлерді «тілек ағашына» ілеміз.

VІІІ. Бағалау. Жаңа ғасыр талабы Ізденулер заманы Бүгінгідей сабақта Жетістіктер болады. Оқушыларды әр бөлімдегі алған бағаларына қарай қорытындылап бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма Үйден: 1. «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы» тақырыбын оқып түсінік айтуға дайындалу 2. «Егер мен хан болсам?» тақырыбында эссе (әңгіме) жазу. 3. «Тәуке ханның Жеті жарғысына қандай баға берер едің?» деген тақырыпта эссе (әңгіме) жазып келу. 4. Тәуке ханға 5 жолды өлең құрастыру.

Мысалы: 
1. Зат есім: (1) Тәуке 2. Сын есім: (2) батыр, қолбасшы 3. Етістік: (3) биледі, біріктірді, бағындырды 4. Сөйлем: (1) «Жеті жарғы» заңын шығарған 5. Синоним: (1) Хан

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.

Бағалау парағы

Бағалау парағы

Бағалау парағы

Сұрақтың жауабын жаз

1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? 2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. 3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: 4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? 5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? 6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? 7. Есім хандығының астанасы –. 8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

Сұрақтың жауабын жаз

1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? 2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. 3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: 4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? 5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? 6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? 7. Есім хандығының астанасы – 8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

Сәйкестендіру тест.

1.

2.

3.

4.

Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан

(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).

в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар.

Ойлан-тап: Билік еткен жылдарын анықта

Тест 1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7

ә) 5

б) 6

в) 10

Тест

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

3. «Жеті жарғы». Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басына күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Міне, осы Күлтөбенің бассында күнде кеңес болған кезде «Жеті жарғы» заңдары (ережелері) жасалған. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы атанған, үш кемеңгердеп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып, қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз «әділдік» деген ұғымды білдіреді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. «Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

4. Ұлы билер. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды. Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.). Төле би Әлібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Төле би Әлібекұлы ХVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң, Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесімді шешім айтып отырған. Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады. Әз Тәуке дүниеден өткеннен кейін Қазақ хандығы жекелеген аймақтарға ыдырай бастады. Бұл кезде талай жылғы соғыстардан кейін Түркістан қалаларындағы өнеркәсіп пен сауда мүлдем құлдырап кеткен еді. Төле би халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды. Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Ол орыс Патшасының бодандығына өсуге асықпады. Қазыбек және Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан әрі өмір сүруіне пайдалы сыртқы саясаттың қағидаларын жасады. Төле би 93 жасында қайтыс болып, Ташкентке жерленген.

Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.). Халқымыздың айтулы кемеңгер айтулы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбек – шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғар да білгір көсемдігімен ел намысын қорғады. Қазыбек би Келдібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті, мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізетін сөздері – шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі.

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766 ж.ж.). Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі – Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан - ақ әр түрлі дау - дамай, талас – тартыста суырылып шығып, тілмар шешендігімен жұртты таңғалдырған. Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. (1682 - 1766) – Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Жасынан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Оның шешендік қасиеті ерте жастан белгілі бола бастаған. Жеті жасынан бастап аталары Ақшахан мен Жалаңтөс батыр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал, батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген. 21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. Әйтеке би «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, заңдар жинағын құруға қатысқан. Ұзақ жылдар бойы Кіші жүзді биледі. Оның өмірден білген-түйгені мол, өз заманының ақылгөй данасы екенін көрсетеді. Әйтеке би Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Әз Тәуке кезінде Қазақ елінің билік басына келген бұл көсемдер қиын уақытта мемлекетті сақтауға орасан зор қызмет жасады. (Буклеттен суреттері көрсетіліп, таныстырылады).

Курс профессиональной переподготовки
Учитель истории и обществознания
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «История: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Основы духовно-нравственной культуры: история и теория русской культуры»
Курс повышения квалификации «Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта»
Курс повышения квалификации «Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО»
Курс повышения квалификации «Теория и методика преподавания основ философии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «История и теория этики в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку»
Курс повышения квалификации «Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории»
Курс повышения квалификации «Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Философия и история образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.