Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ

ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gif


НАДИРБЕКОВ Төлебек,

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

Абай атындағы гимназия мектебі

География пәні мұғалімі



Жетісу Алатауының туристік-рекреациялық рсурстарының туризмді дамытудағы маңызы


Жетісу Алатауы - Қазақстан жеріндегі ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауының басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екіге бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өңірінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохора жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. Солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқан таудың негізгі жотамен қилысқан жерінде Жетісу Алатауының ең биік шыңы Бесбақан (4464 м) орналасқан [1]. Туристік іс-әрекеттердің үрдіс алуы Жетісу Алатауы аймағының рекреациялық тұрғыдан игерілу деңгейін анықтауда, қызықтырушылық дәрежесін сипаттауда ең алдымен бұл аймақтың климаты мен су ресурстарының молдылығымен сипатталынады. Биік тау басында және беткейлерде көп жылдық қар мен мұздықтар жатуы бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағуына ең негізгі себеп болып отыр. Ірі өзендері: Қаратал, Лепсі, Тентек, Басқан т.б. Жалпы Жетісу Алатауы аймағында қыс мезгілдерінің онша қатаң болмауы туризмнің көптеген қысқы түрлерін дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Су нысандарын рекреациялық мақсатта пайдалануға қажет жерлердің негізгі көрсеткіші деп есептеуге болады. Су ресурстарын рекреациялық пайдалану дегенді түсіну үшін төмендегі анықтамаларға тоқталған жөн. Адамдардың барлық іс-әрекеттерінің әртүрлі рекреациялық мақсатта су обьектілерінің маңында оған тікелей қатысты жағдайда асырылатын іс-әрекеттер жүйесі.

Қазақстан Республикасының демалыс пен туризм индустриясын дамытуға қолайлы болашағы зор аудандарының бірі Жетісу Алатауы болып саналады. Еліміздің халықаралық маңызы бар сыртқы сауда жолы өтетін оңтүстік-шығыс бөлігі мен Алматы облысының геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайының маңызының артуына орай аймақты рекреациялық тұрғыдан игеру қажеттігіне қызығушылық соңғы жылдары күннен-күнге арта бастады. Көршілес орналасқан Қытай халық республикасы мәдени, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды күшейіп, достық қарым-қатынастың жақсаруы шекара аралық, халықаралық туризмді дамытуға қосымша мүмкіндік тудырды. Жетісу Алатауының аумағы А.И.Шренк, Г.С.Карелин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Сапожников, А.И.Безсонов, С.Е.Дмитриев, М.М.Содичев, И.В.Мушкетов, И.Н.Пальгов, П.А.Черкасов, В.М.Чупахин, М.Тынышбаев, Ш.Ш.Уәлиханов сияқты оқымысты саяхатшыларды қызықтырды. Жетісу Алатауының спорттық тұрғыдан алғанда альпинистер мен тау туристеріне танымал асулардың қатарына 1 кестеде көрсетілген асулары жатады.

1 кесте

Жетісу Алатауының танымал асулары [2].


Асулардың аты

Абсолют биіктігі,

м есебімен

Күрделік

Дәрежесі

Қыран

Петров

Альтаир

Макаревич

М А И

Алтынсарин

3850

3650

3860

3850

3680

3680

3


Жетісу Алатауында туризмді дамытуға мүмкіндік беретін маңызды тарихи деректер Ш.Уәлихановтың еңбектерінде бар. 1856-1858 жылдар аралығында Ыстықкөлге, Қашқарияға жасаған сапарының қолжазбаларында аймақтың тауалды жазықтары мен аласа таулы бөліктеріндегі сақ қорғандары, қыпшақ үлгісіндегі құлыптастары, ортағасырлық ежелгі Қойлық, Екіоғыз қалалары мен петроглифтері жөнінде қызықты деректер келтірді. Шоқан еңбектерінде баса назар аударылған тарихи-архелогиялық ескерткіштерінің барлығында Ә.Марғұлан атындағы археология институты зерттеулер жүргізген. Олар қазір маңызды туристік-рекреациялық нысанға айналған. Жетісу Алатауының минералды ыстық бұлақтарын зерттеп емдік-сауықтыру мақсатта пайдалануға 1930 жылы бальнеолог, инженер-химик Э.Э.Картенестің, гидролог ғалым, профессор Н.Н.Словяновтың профессор С.И.Замятин мен Е.В.Пастухов, Б.А.Атшабаров, Ш.Сабденов, С.А.Поплавский, И.А.Циом, Л.С.Зюмин, О.Н.Алексеева, С.Попова басқада ғалымдары зор үлес қосты. Кеңес Одағының құрамына кірген республикалардың арасындағы байланыстардың үзілуіне байланысты 1990 жылдары Қазақстан экономикасында болған тоқыраулар нәтижесінде нашар қаржыландырудың салдарынан курорттық-шипажайлық шаруашылықтың көптеген рекреациялық нысандары құлдырап сын көтермейтіндей жағдайға жетті [3].

Жетісу Алатауның жер бедерінің туризм мен рекреацияны дамытудағы ролі. Тау жүйесі субендік және ендік бағытқа созылған солтүстік-орталық және оңтүстік-орталық жоталар тізбегінен тұрады. Олардың аралықтарын Қоңырөлең, Қапал, Сарыбөктер, Сапақ-Айпара сияқты үш деңгейлі ірі тектоникалық ойыстар бөліп жатыр. Оңтүстік орталық жотаның бір бөлігі Қытай Халық республикасының аумағына ұласады. Көксу мен Боратола өзендерінің суайрығы болып табылатын Қоңыроба таулы алқабында солтүстік және оңтүстік орталық жоталар тізбегі бір-бірімен түйілісіп бір тұтас тау жүйесін түзеді. Солтүстігінде 44°- 46°30' с.е., 76°24'- 82°30' ш.б. аралығында орналасқан Жетісу Алатауының аумағы Миланның, Лион мен Женеваның ендіктеріне сай келеді. Қазіргі кезде аласа таулы белдеу спорттық-сауықтыру туризмі, курорттық-шипажайлық және саяжайлық рекреация толық дәрежеде дамыған жақсы игерілген аумақтар болып табылады. Болашақта дельтапланеризм, ат туризмі, тау велосипеді сияқты туризмнің жаңа салалары дамуы мүмкін [4].

Текелі, Талдықорған, Үштөбе сияқты ірі өндіріс орталықтары шоғырланған Қаратал, Көксу өзендерінің алабында бұқаралық сипаттағы жазғы демалыс орындарын салу көзделуде. Олардың алғашқыларының бірі болып Талдықорған аквобағы іске қосылды. Қазіргі кезде Талдықорған қаласындағы Қайнар акционерлік қоғамы, Қазақтелеком сияқты ірі кәсіпорындар мен жоғарғы оқу орындарының Кеңес Одағы кезеңінде салынған сауықтыру орындары жұмыс істеп тұр. Аласа таулы белдеудің шегіндегі жарықшақты минералды ыстық бұлақтардың көзінде салынған Қапал-Арасан, Қуарасан, Жаркент-Арасан сияқты бальнеологиялық маңызы бар нысандарда емдік-шипажайлық рекреация дамыған. Қатутау, Ақтау тауларындағы әктасты, доломитті, гипсті, коалинді шөгінділерде тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат ескерткіштері мен ежелгі жабын мұздықтардың абляция аймағындағы циркті көлдер мен мореналы төбелер, ескі өзен арналарының іздері оқу-танымдық, спорттық-сауықтыру, курорттық-шипажайлық рекреацияны дамытуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған табиғат ескерткіштерінің халықаралық маңызы бар көлік жолдарына жақын орналасқанымен судың тапшылығы, климатының қолайсыздығы Жетісу Алатауының аласа таулы бөлігінде туристік инфрақұрылымды қалыптастырып, туризмді қарқынды дамытуға кедергі келтіруде.

Жетісу Алатауының климатының туризм мен рекреацияны дамытудағы алатын орны. Қазіргі кезеңде таулы аудандарда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің қарқынды дамуына байланысты бұқаралық сипаттағы демалыс пен туризмді дамытуда климаттық факторлардың рөлі біршама артты. Ландшафтның құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері, ішкі сулар, топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, гидроминералдық және тарихи-мәдени ескерткіштермен қатар Жетісу Алатауының рекреациялық қуатын, климатын қалыптастырады. Жетісу Алатауының климат ресурстары көптен бері емдік-сауықтыру мақсатында қолданылады. Қапал, Жаркент аңғарлары Көксу, Тентек өзендерінің бойында климаты негізгі емдік фактор болып табылатын курорттық-шипажайлық сауықтыру орындарының торлары қалыптасқан. Ауа райының адам ағзасына толық әсер ететіндіктен климатты бағалау кезінде кешенді климаттық әдіс қолданылады. Жетісу Алатауының таулы аудандарында демалуға қолайлы мерзімі шілде, тамыз бен қыркүйектің басы болып . Туризм мен демалыстың жазғы түрлерін ұйымдастыруға қолайлы ауа райының типтерін бір-бірімен салыстыра отырып, жасалған талдаулардың деректері тұтастай алғанда қысқы және жазғы рекреацияға орташа биік таулы белдеудің біршама қолайлы екенін көрсетті [5]. Онда жаздың екінші жартысында температураның физиологиялық (2 кесте) шегінен жоғары ауа райы: қапырық ыстық кезеңдер мен метеотропты ауалаулар өздерін қолайсыз сезінетін ауа райының жылдам құбылуы байқалмайды.










2 кесте

Жетісу Алатауының ауа райын климаттық-физиологиялық тұрғыдан топтастыру [6].


Айлар


Аласа таулы белдеу

Н=<1600

Орташа биік таулы белдеу

Н=<3200

Биік таулы белдеу

Н=<4000

Орташа айлық температура,

0 С есебімен


Желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек есебімен


Ауа-райының типтері



Орташа айлық температура,

0 С есебімен


Желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек есебімен


Ауа-райының типтері



Орташа айлық температура

0 С есебімен


Желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек есебімен


Ауа-райының типтері



1

-7,1

1,2

Ә С

-13,2

2,3

Қ С

-20,1

2,4

С

2

-5,5

1,8

Ә С

-11,3

2,2

Қ С

-18,8

1,7

С

3

-1,5

2,0

Ә С

-7,6

1,8

Ә С

-14,7

1,3

Қ С

4

4,0

2,7

Ж

-3,2

2,4

Ә С

-10,0

1,0

Ә С

5

9,5

2,7

Ш Ж

1,5

1,9

Ж

-5,2

0,8

Ә С

6

13,5

2,6

Ш Ж

5,3

2,1

Ш Ж

-1,3

1,1

Ә С

7

14,7

2,8

Қ

12,0

2,7

Ш Ж

2,7

1,2

Ж

8

13,9

2,5

Қ

4,6

2,5

Ж

2,7

1,1

Ж

9

7,4

2,5

Ш Ж

0,2

2,4

Ә С

-2,0

1,2

Ә С

10

1,4

2,3

Ж

-4,6

2,2

Ә С

-6,7

1,1

Ә С

11

-3,0

1,8

Ә С

-9,4

1,5

Ә С

-11,3

1,3

Ә С

12

-6,5

1,6

Ә С

-12,9

1,4

Ә С

-15,0

1,5

Қ С


Шартты белгілері: Қ - қолайлы (комфортты); Ш - шамалы жылы;

Ж - жылымық; С - суық; Ә С - Әлсіз суық; Қ С - қалыпты суықтабылады.


Жетісу Алатауының аласа таулы бөліктерінде ежелден халық жиі қоныстанғанын айғақтайтын тарихи-археологиялық ескерткіштерге бай. Жетiсу Алатауының бөктерiндегi бiзге жеткен мәдени мұраларды сырттан келетiн туристерге таныстыру барысында өзiнiң тартымдылығымен, бiрегейлiгiмен ерекшеленетiн тарихи-археологиялық ескерткiштердi заман талабына сай қалпына келтiрiп, оларды туристiк нарыққа ұсынудың маңызы зор. Ол үшiн облыс әкiмдiгiнiң кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризм бөлiмiмен Жетiсу телекомпаниясы туристердi тарту мақсатында елiмiздiң өткен тарихында ерекше орын алатын «Орбұлақ», «Үйгентас», «Қойлық қаласы» сияқты қасиеттi орындарда арнайы фестивальдар өткiзiп, жарнамалар шығарып, В.Рубруктiң, Шоқанның жүрiп өткен жолдарымен туристік танымдық жорықтар ұйымдастыру қажет. Жетісу Алатауында мінәжаттық туризмді дамытуға ең қолайлы сақ қорғандарының қатарына археолог ғалымдар жақсы зерттеген Алтынемел ұлттық табиғат бағының аумағындағы Бесшатыр, Көксу ауданындағы Лабасы тауының етегiндегi «Бестөбе», Ақсу ауданындағы Еңбек, Тарас ауылдарының аралғындағы «Үштөбе», қорғандарын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған қорғандардың iшiндегi ең жақсы зерттелгенi «Бесшатыр» патша қорғандарының кешенi. Олар солтүстiктен оңтүстiкке екі, шығыстан батысқа бір шақырым аумақты қамтып шашырай орналасқан. Жетісу Алатауының туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін біршама тартымды тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері мен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар аласа таулы алқаптарда тауаралық ойыстарда сонымен қатар ірі өзен аңғарларында көрікті нысандар орналасқан. Олардың қтарына мына аталған нысандарды қосуға толыққанды негіз бар, «Ақтау», «Әнші құм», «Тамшы бұлақ», «Қызылтас», «Бұрқан бұлақ», сияқты табиғат ескерткіштері мен «Бесшатыр», «Тайғақ», «Талапты», «Үйгентас», «Орбұлақ» сынды тарихи-археологиялық ескерткіштерді жатқызуға болады. Жоғарыда көрсетілген деректер Жетісу Алатауында туризм мен демалысты ұйымдастыру мақсатында пайдалануды көздейтін табиғи және әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарының құрамы, ауқымы мен үйлесімділігі, сонымен қатар оларды игеруі жеңілдететін немесе қиындататын табиғи және экономикалық факторлары жағынан әркелкі екенін көрсетті. Жетісу Алатауының әрбір қонысының қазіргі кезде және болашақта демалыс мақсатында тұтынатын қызметін айқындауға мүмкіндік беретін рекреациялық ресурстарын жан-жақты бағалауды көздейтін кешенді зерттеулер жүргізу қажет.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер қатарына жатқызуы бұл еліміз үшін қуанарлық жағдай болып табылады. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленеді. [7]. Орындалған зерттеу жұмысының нәтижесінде Жетісу Алатауының аумағын рекреациялық тұрғыдан бағалай отырып, туристік-рекреациялық іс-әрекеттердің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік беретін табиғат факторлар мен әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары анықталды.


















Пайдаланылған әдебиеттер тізі:


  1. Гвоздецкий Н.А., Николеав В.А. Казакстан. Очерки природы. – Москва, 1971.

  2. Попов В.И., Гасанова Н.П., Буланин С.Ф., Абулхатаева Л.Ю. Природные предпосылки развития туристско-рекреационной деятельности в горных районах Северного Тянь-Шаня // Актуальные вопросы теории и практики туризма. - Алматы, 1998.

  3. Тоқпанов Е.А. Жетісу Алатауының туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау. // Диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008.

  4. Пимакина Н.В. Снежные ресурсы гор и перспективы развития зимнего туризма в Казахстанском Тянь-Шане // Проблемы развития туризма и возрождение исторической значимости Шелкового пути. - Шымкент, 1998.

  5. Попов В.И. Рекреационная оценка горных территорий. - Алматы, Эверо, 2000. - 98-106 б.

  6. Данилова Н.А. Климат и отдых в нашей стране. - Москва, 1980.

  7. Назарбаев Н.Ә. Дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. - 2010.




6


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров155
Номер материала ДВ-418868
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх