Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жетісу дүлділдері Молықбай қобызшы мен Ілияс ақынды байланыстырған өмір өткелдері жайлы сөз болады. архивте презентация

Жетісу дүлділдері Молықбай қобызшы мен Ілияс ақынды байланыстырған өмір өткелдері жайлы сөз болады. архивте презентация



  • Другое

Название документа Жет_су д?лд_лдер_ Молы?бай ?обызшы мен _лияс а?ынды байланыстыр?ан ?м_р ?ткелдер_.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Жетісу дүлділдері Молықбай қобызшы мен Ілияс ақынды байланыстырған өмір өткелдері


Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады.

Ілиястың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.

Әдеби орта ұғымын мейілінше кең тұрғыда алу да бар. Ол өлшемге салсақ, ақынға әсер еткен рухани қайнар көздерге ұласатын алғышарттарды, рухани қайнар көздерді есепке аламыз.

Осылайша, әдеби ортаның құлашын кеңейтіп, ақын сусындаған әдеби дереккөздерге қатыстылығын ескерсек, Ілиястың өскен ортамен бөлінбес бірлікте екенін аңғару қиын емес.. Шартты түрде осындай кең ауқымды қамтитын Ілиястың әдеби ортасын біз ғылыми жұмыста нақтылап, ақынның айналасы, яғни Ілияспен тікелей қарым-қатынаста болған қазақтың қобызшысы Молықбаймен байланысын шектеп, шеңберлеп қарастыруды мақсат еттік. Әуезовтің сөзімен айтқанда «бергілер және дәл айналасы» зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылмақ.

Өзі алған нәрі дегенде, қобызшы Молықбайдың орны айрықша. Атап айтқанда, Ілияс пен Молықбайды, соның ішінде Ілиястың ақындық өсу жолын Молықпайдың ықпалынан бөліп қарауға болмайды.

Тақырыптың өзектілігі. Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес деген пікірді басшылыққа алсақ, Ілиястың әдеби ортасы тақырыбы – Ілиястану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Ілияс тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып Ілиястануға тың міндеттер артқанына да аз уақыт болған жоқ.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – ақын айналасының ілиястану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдебиет, қоғам өкілдерінің, соның ішінде Молықбайдың рөлін көрсете отырып, ол екеуін байланыстырған сәттер мен оқиғаларға тоқталу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:

            - Ілиястың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралап, Молықбай қобызшымен арасындағы қарым – қатынас пен әдебиетке қосқан үлесін ашу;

«Ілиястың кіндік әкесі», «Ілиястың Молықбаймен қарым - қатынасы», «Молықпайдың ықпалы», «Ақынның маңына топтасқан өнер иелері» деген сияқты өзара бауырлас ұғымдардарға түсінік беру;

- Ілиястың кіндік әкесі Молықбайдың өмірі мен шығармашылық жолын зерттеу нысанына алып, ақын айналасындағы өнердің өзіндік сыр-сипатын ашу;

            Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ілиястың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері алғаш рет жаңаша пайымдаулар тұрғысынан зерттеу нысанына алынды.

            - Ілиясқа әсер еткен әдеби ортаның, соның ішінде Молықбайдың ықпалы айқындалды.,Ілияс пен Молықбай арасындағы рухани жақындық көздері айқындалды;

            - Ілиястың әдеби ортасын құрайтын Молықбайдың өмірі мен   шығармашылық мұрасы зерттеу нысанына алынып, олардың адами және рухани қарым – қатынастары ашылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесі бойынша мынандай тұжырымдар ұсынылды:

- Ілиястың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағынада және ақынның тікелей Молықбаймен қарым-қатынаста болған айналасымен шектеп нақты мағынада алуға болады;

- Ақынға ықпал еткен Молықбайдың рухани мұралары. Ақынды туғаннан қолына алып, тілеуін тілеген Молықпай өнер жолына белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болды;

- Ілияс айналасы тек ақындармен шектелмей, халық арасынан шыққан түрлі өнердің иелері – күйші, ертегіші мен қобызшы, балуан мен құсбегі сияқты ынталы жастар бас қосқан өнер ортасына айналды.

Зерттеу нысаны. Ілиястың әдеби ортасын айқындауда ақынның Молықпай қобызшымен қарым – қатынасы, қобызшының ықпалы.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста ілиястануда аса көңіл бөлінбей келген бір саласы – Ілиястың әдеби айналасына бүгінгі күн талабына сай, жаңаша көзқарастар тұрғысынан баға берілді. Ілиястың шын мәнінде қолдаушысы да, қорғаушысы да Молықпай екенін таныту өлшемі ұсынылды.

Зерттеудің нәтижелері ілиястану курстарында, саяхат сабақтарында, арнайы кештер мен семинарларда қолдануға болады.

Зерттеудің әдісі. Зерттеуде жүйелі-кешенді,өмірдерек,тарихи-салыстырмалы, тарихи-функционалдық әдіс түрлері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Ілиястың кіндік әкесі


Молықбайды Ілиястың терең білуінің сыры бар. Молықбайдың ата тегі қобызшы болған екен. Әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібай атақты күйшілер еді. Ал Ілиястың әкесі Жансүгір, атасы Берсүгір, бабасы Өтеш ақын адамдар болған. Ілияс туғанда Құмдағы Қайнар баба ауылына Молықбай барады. Жансүгірдің әйелі екінші ұлына босанады. Меккеден қажы атанып келген Берсүгір қария:

Балам! Атыңды Молықбай деп қойған екен. Елге молшылық әкелсін деп ниет білдірген ғой. Әкең Байсақ пен атаң Бұғыбайды танимын. Ақын Сара қарындасың. Текті әулеттің түлегісің. Ұлы бабаң – ер Тоқтанбет. Елің Сақай. Біз де тегін емеспіз. Смағұл қажының өзі неге тұрады. Жаңа өмірге келген немеремнің есімін өзің қой! – депті.

Көкшіл көзді, өңі нұрлы, ер мінезді Молықбай сөзге келмей жас нәрестеге Ілияс пайғамбардың есімін беріпті.

Бұл әңгімені жазушы ағамыз Серік Жанабіл Ілиястың туған інісі Қызырбек Жансүгіров атайдың өз аузынан өз аузынан хазып алған екен. Серік ағаның айтуы бойынша, бұл әңгімеге Ілиястың ағасы Бимағзұмның баласы Кәппай куә болыпты. Ферману жеңгей шай құйып беріп отырды. Үйде Қосан, Айт, Нығымет, Қалиасқар, Бөрібек, Сейітжан, Байғоржын, Жұматай есімді ауыл адамдары болған екен.

Бұл аты аталған кісілердің барлығының да Молықбай мен Ілияс атамызға тікелей қатысы бар жандар. Бірі аталас туыс болса, енді бірі ауылдас, сол ауылдың ықпалды адамдары болған.

Молықбай атамыздың көзін көрген кісілердің сөзі бойынша, Молықбай-келбетті, сүйегі сұлу, бойлы, бітімі тік, сақалды, қысқа мұртты, беті сары-шұбар сепкілді, өңі сары, екі көзінің ақшылы бар, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан, қалқы құлақ, өзің мұқият таза ұстаған, кірпияз жан болған. Басына зер тақия мен бөрік, жас кезінде бөркіне үкі таққан, үстіне желбегей шәйіден шапан, аяғына саптама етік киген екен.

Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Қызырілияс» деп есімін қойып, кіндік әкесі саналған, қобызшы Байсақұлы Молықбай, Жетісудің жорғасы маймаңдаған бақайшағы, заманының ықылым өнерпазы, бармағынан бал тамған қобызшы, күйші, ақын, өлеңші, бақсы-балгер, құмалақшы, сал-сері Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған. Абзал халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанады.

Бақ қонып, қасиет дарыған Байсақ «Желді қарағай» деген асуда өсіп тұрған қос қарағайдың жоғарылау тұрғаны жел соққанында үн шығаратынын тыңдап біліп, қобыз жасатуға сол қарағайды әкесі Бұғыбайға кестіртіп алады. Қобызды туысы Бектөлеге шаптырып жасатады. Қобызды күміспен күптеп, алтынмен аптаған, аталас туысы, зергер шебері Естібай Мырзағұлұлы. Қобыздың ішегі мен шанағына әмісе жүйрік аттың қылын қолданып отырған. Байсақ қобызын арғын елінде ат бәйгесіне қосып, кие кісілері арқылы аламанда бірінші келтіріпті. Соған байланысты ел-жұрты Байсақты «Дәупірім» деп атапты.

«Оңтүстік Қазақсатан» газетіне шыққан, «Азамат ақын» атаулы естелігінде Орал Мекембаева: «Молықбай қартты біздің Үлгілі ауылының бар баласы жақсы білген. Оның қара қобызы сәл желдің лебінен дем алғандай өз-өзінен сыңсып тұратын. Менің ойымша, сол қобыздың жаны бар секілді. Тіпті ауылдағы адамдар «Ұлы Отан соғысы жылдары осы қара қобыз халықпен бірге қайғырып, неше бір мұңды сазды тартты»,-деп жазады.

Қобыздың мойынының морт сынғаны мен жаңқа орнының тесігі қалған. Байсақ кіре беріс босағадағы босанған әйелдің жолдасы көмілген, бет топырағы бос жатқан, шұңқырға аяғын тығып алып, оқыс құлап, тобығы мен жіліңшегін сындырады. Сонда Байсақтың үйінің төрінде ілулі тұрған қара қобыз өздігінен жерге құлап, мойынынан морт сынып, бір жағындағы жаңқасы орнынан тайып шығып, орны үлкен тесік болып қалады. Осы салдардан киелі үлкен қара қобызды ел-жұрт «жарық қара қобыз» деп атапты.

Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан, 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенше, Молықбайдың келіні, Адасқанапаның үйінде сақталып келген екен. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған тылсым оқиға. Қобызды кие, қасиет сақтады десе болады. Молықбайдың әкесі Байсақтан кейін қара қобыз сегіз жыл иесіз үй төрінде ілулі тұрып қалады. Бір күні Молықбайды, Садақтыда тары орып, баулап жүргенінде, әкесінің бір қаршыға бастаған жүз кісілік пір киесі көзіне көрініп, кие қысып, ие буып тастаған жерінен көпшілік ес-түссіз күйінде оны үйіне жеткізеді. «Ақсарбас» атап сойылып, Молықбайға әкесінің қасиеті қонып, үлкен нағашысы Қылышты (Қосымбайдың) бақсының дәріпі дарып, қобызды ойнап, бақсы-балгер, емші болып, жадынан өлең шығарып, қобыз сарынана қосып ән, жыр айтып, үш ішекті, төрт бұрышты домбырада күй шертіп, халық қолдауымен сал-серілік ғұмыр кешеді. «Бозінген» әлқиссасында І.Жансүгіров:

«Жар қабақ, сида, арсақай, сар шұбар шал,

Көзінің жаңылмасам ақшылы бар.

Шайыдан шапан киіп, үкі тағып,

Бұлғақтап, болған десед сері де сал» - деп жазады.

Дәмелі Имашқызы мен Қалпендеұлы Орысбайдың қалдырған деректері бойынша, Молықбайдың түр сипаты: «Келбетті, ұзын бойлы, сүйегі сұлу, бітімі тік, сақалды, мұртты, бетінің сары шұбар секпілі бар, өңі сары, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан», - делінеді. Бұл Ілияс Жансүгірұлының «Күй» поэмасындағы «жар қабақ, сида,арсақай, сар шұбар шал» деген қобызшы Молықбайдың суреттемесімен дәл келеді. «Молықбай қысы-жазы басынан елтіріден тігілген бөрік пен зер тақиясын тастамай, үстіне жазда желбегей шайы шапан, қыста елтірі тон, аяғына саптама етік киіп, өзін өте мұқият таза ұстаған, кірпияз жан еді» - деп деректейді Елубай мен Досбайдың Жанатбектері.

Ілиястың Молықбаймен қарым - қатынасы

1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп барып, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазып, «Жаңа мәдениет» журналына 1929 жылы бастырып шығарады. Ілиястың «Күй» поэмасын Сұлтанбек Қожанов: «Өте жоғары деңгейлі шығарма»,-деп бағалайды. «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Ақ көбік-көк» күйлері туралы Молықбай атаның өз аузынан әңгімесін естіген Мұхтар Әуезов 1927 жылы очерктер жазады.

Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласында: «Жетісудің Талдықорған уезінде Ақсу болысындағы домбырашылардың (Нұрсапа, Егеубай, Молықбай, т.б) тартатын күйлері мыналар: «Мәдіген шора», «Барақ», «Жошы хан», «Бес төре», «Ақмеди», «Әуре-сарсаң сандал көк», «Түрікпен», «Әрине-ау», «Түйек қалды», «Борлы қыз», «Қос келіншек», «Қарқара-ау», «Қос мерген», «Терісқақпай», «Қорқыт», «Шыңғысбай қоңыры», «Саркідір»,-деп атап жазады. Молықбайдың бұдан басқа ел есінде сақталып қалған күйлері: «Құлақ күй», «Тоғыз толғау», «Жез киік», «Жарбол», «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Он сан мен Орманбеттің айырылғаны», «Қазан», «Қорамжан», «Бозінген», «Ер Әлінің дүлдүлі», «Ерден», «Ықылас», «Қара жорға», «Сылқылдақ», деп аталады.

Молықбайдың суырып салма ақындығы мен өлеңдері терең ойлы, философиялық мағынаға өте бай, қанықты болып келеді. Мысалы:

«Жанды нәрсе өледі,

Қыл ырыздық қанағат,

Қайта бәрі өнеді.

Жаңа нәрсе тозады,

Адал болған азамат,

Қай күнде де озады.

Босқа жүрме алқынып,

Еңбек ет адал талпынып.

Байқайсыңдар ма халқым,

Жақсы өмір тұр шақырып».

Ілияс Жансүгіров 1920 жылы асыл жары, елі тасыбай, Берентайқызы Аманшаға үйленеді. Тойға қобызшы Молықбай келіп, өлең-күймен думан жасап, отау құрған екі жасқа ақ батасын береді. Молықбай: «Айналайын Ілиястай! Қызын алдың Берентай. Қосағыңмен тату бол, берер сыйым міне тай!» - деп, тойына бір тайды тарту етіпті.

Молықбай бақсылық ем-домды кім көрінгенге жасамапты. Өзінің ішкі сезімімен сезіп, ем-домы қонатынына көзі жетсе ғана адамды емдеуге келіскен екен. Ақы сұрамаған, елдің бергенін ризық тұтып жүрген. Тұйғын ақын Қуат Терібаевтің «Күнсағила» деген поэмасы бар. Сол Күнсағиланы талма ауыруынан, жаз айында жайлауда, Молықбай жазыпты. Қаниса деген әйел бір аяғынан ақсап, баса алмай таяққа сүйеніп келсе, Молықбай аяғының шыққан жерінен оқыс теуіп шыққанын салып, ол әйел үйіне сау қайтыпты. Елі емелелі, 1910 жылы туған, Мұсанов Қанабек ақсақалдың анасы Қалипан, ағайы Шәкербай екеуін үлкен «құлғана мерез» дертіне шалдыққанын 1917 жылы жазыпты.

Молықбай – цирк ойындарын көрсеткенде, жиналған ел оның денесіне жарақат түспес үшін, «дақ салма» деп адақтап тұратын болған, сол салдардан Молықбайдың елге көрсеткен ойындары «Дақ салма» деп аталады.

Ақын Сараның Жиенқұлдан қайтып азат болудың амалын таппай, талай тарыққаны өлеңдерінде келтіріледі. Ақын Сара түс көріп, түсін аталас туысы Байсаққа жорытады. Сараға Байсақ:-«Бостандық аласың! Мұңыңды өз еліңе айт! Содан соң сыңарыңды дұрыс тап!»-деп жориды. Жоруы дәл келген. Түсіне кірген Ақын Сараның «Аққу» өлеңі осылай шығады.

Елі бөрте Бисеке мырза: «Молықбайдың тартқан қобызының сарынына тоймадым. Өмірден өтерімде сол сарынды бір естіп өлсем, арманым болмас еді?»-депті. Бисеке сақай, тастемір Арнай болыстың ауылына келгенде аяқ асты ауырып, емдеуге Молықбайды Арнай алдыртады. Бисеке Молықбайдың қобыз сарының естіп жатып көз жұмыпты.

Қапал мен Лепсі уезінің ояздары Молықбайдың өнерін жоғары бағалап, Шұбарағаш-Ойжайлауда үш жылда бір өтетін съезге өнерін көрсетуге Молықбайды арнайы алдыртып отырыпты. Халық «тоқсан күй қобызында Молықбайдың» деп өнерін пір тұтады. Ақынжан молда мен Сүлей қажының деректерінде: «Қобызшы Молықбай құран сүрелері мен аяттарын қобыз сарынына дауысын қосып, өлең қылып айтқан», - делінеді.

Молықбайдың әкесі Байсақтың қобызына 77 жылдан кейін Қанат Дотаұлы Қазақбаевтың қолымен Астана қаласында реставрация жасалып, Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының сахнасында 16 мамыр күні, Астаналық «Тілеп» қыл қобызшылар квартетінің жеткшісі Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев Молықбайдың қобызымен екі күй орындады. ҚазҰМА профессоры, қобызшы Раушан Мұсақожаева: «Молықбай – қобызшы Қорқыттың артына қалған өлмес мұрасын жалғастырушысы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Молықбай ол Паганини сияқты дүлдүл, дарын иесі», - деп 2007 жылы, 15 мамырда Талдықорған қаласында өткен қобызшы Молықбайдың 150 жылдығына арналған танымдық конференциядағы баяндамасында бағалады.

Молықбай – кеңес өкіметі белсенділерінің астамшыл істерінің қуғын-сүргінінің құрбаны болған. Молықбай Құрақбайдың келіні елі ноғас Имашқызы Дәмелінің төркіні мінгізген тор атқа ықыласы ауыл, Құрақбайдан қалап сұрап алады. Молықбайдың аталас інісі Нөкербек, партячейка қызметінде жүріп, тор жорға атты Моқаңнан сұрап алып, кеңес өкіметі жасаған талай тойдағы жорға жарысына қосады. Ат басқа аттарға дес бермей, бас жүлдені әперіп отырады. Газет беттеріне тор жорға атқа кеңес белсенділерінің көңілі артып, әсіресе қызылдар белсендісі Күнтуов Құндақбайдың талабы ызғарлы болды. Қалау тілектері орындалмаған кеңес белсенділері Молықбайдың ісін дік, кек көріп, 1928 жылы екі жүз пұт бидай астық «продналог» деп салым салады. Молықбай бар мал мен қаражатын жиыстырып, салымды өтейді. 1929 жылы қызыл белсенділері Молықбайға үш жүз пұт бидай астық салымын тағы салады. Оны өтеуге мұршасы жетпеген Молықбайды белсенділер «халық жауы» деген желеумен қобызы мен өзін қамауға алып, тор атын, күміс ерін, үй мүлкін «тәрік» деп тәркілейді. «Халықтың Молықбайын ұстадыңдар, қарау ниет, жүзі қаралар» деп, қайнар Торыбай Молықбаймен бірге Алматыға айдалып, Көкесек түрмесіндегі абақтыға екеуі қамалады. Түрмеде Молықбаймен уақытша ұсталған ақын Кенен Әзірбаевтің да жолдары ұштасыпты.

Молықбайдың түрмеде қобызбен орындаған күйлеріне, өнеріне тәнті болған түрме бастығы мен колонна басшысы Молықбайды үш күнге астыртын өз үйлеріне босатып апарып, қобыз сарынына дауысын қосып тартқан күйлерін үн таспаға, одан пластинкаға жазып алады. Колонна басшысы Молықбайға түрмеден бостандыққа шығуға көмектесіп, «Молықбайды келіп, алып кетіңдер» деген үй ішіне телеграмма хабар жібертеді.

Молықбайдың әйелі мен баласы өгіз арбамен бір ай мерзім шамасындай жол жүріп, Алматы маңындағы Көкесік түрмесіне жеткенше, Молықбай іш ауруынан 1930 жылы, көкек айының 30-да, 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Амалы құрыған әйелі мен баласы киелі қара жарық қобызды алып, кері елге оралады.

Қобызшы Молықбай туралы «Күй» поэмасында Ілияс Жансүгірұлы: «Әлемнің әуеніне бермес ем-ау, қазақтың мұны тартқан күйші шалын» - десе, жазушы Серік Жанәбіл: «Қорқыт исі түркі еліне ортақ болса, Молықбай қазақтың қобызшысы», - деп ардақ қылады.
























Ілияс Жансүгіровтың "Күй" поэмасы


 Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күй" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

 

  Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы

Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -

 

  деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз:                                                            

Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан

Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.

 

   Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып  қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.














Ақынның маңына топтасқан өнер иелері


Ілиястың  «Дала”,   «Күй”,  «Күйші”,  «Құлагер”,  «Көбік  шашқан”,  «Исатай”,  «Байкал”  поэмаларын  «Колхоз  тойы”, «Истай-Махамбет”  пьесаларын, кейбір  әңгімелері  менфельетондарын  оқығанда  халқымыздың  әні  мен  күйін  көп  білгеніне  қайран  қаласың. Осының  себебін  іздегенде  1922 жылдың  күзінде  ақынмен  сапарлас  болған  марқұм  Ғали  Ормановтың  «Жұлдыз” жураналының  1965  жалғы  бесінші  номерінде  Ілияс  туралы  жазған  естелігіндегі  мына  жолдар  еріксіз  ойға  оралады.

«Ілиястың  сарқылмас  өлең-жырларымен  бірге, – дейді  автор — әсем  әні  шебер  қалжыңдары болды. Желдіқара  Арқарлы  адырлары  мен Іле  құмындағы  елдерге  қонып, Алматы  аяғындағы Жәлік  ауылдарына   түнесек  те  Ілияс  не  түрлі  қиса-дастандар  мен  қызықты  әңгімелерге  жұртты  қарық  қылды  да  отырды. Ілиястың  білгенін  сол  кезде  тіпті, өзі  тұрғы, оқыған  адамдардың  біле  қоюы  неғайбыл”.

Мұның  да  себебі  бар-ды. Ілияс  жастайынан  халқымыздың  өмірін, күнделікті  тұрмысын, салтын  жетік  білді. Оның   өнерін  үйреніп   өмірінің  рухани  азығына  ақындық  шабытының   қайнар  көзіне  айналдырды.  Ақындық  таланты  мен  музыкалық  қабілетін  шебер  ұштастырып, творчестволық  биікке  көтерді.

Сәби  күнінен  Әсеттің   «Хисмет”,  «Ырғақты”,  «Үлкен  Ардақ”,  «Еркем-ай”,  «Інжу-маржан”,  «Қаракөз”,  «Шама”,  «Қайшақбай”  «Әсет”   әндерін  үйреніп  оларды домбыраға  қосты. Қос  тиектің  екпінді үнінен – батырлық  қуатты, қоңыр  сазынан – кен  даланың  тынысын, нәзіктігінен — әсемдікті, зарынан – халықтың  мұңын,  ойнақылығынан  көптің  қуанышты  көңіл-күйін  сезді.  Ең  бастысы  ән  мен  күйді  халқымыз  басынан  өткізген  рулық  бектік  капиталистік, советтік  кезеңдерімен, яғни  еліміздің  тарихи  тағдырымен  ұштастыра  байланыстыра  қарап, оның  астарындағы  шындықты  саралай  ашты, ақындық  шабытпен  тамаша  жырлады. Сөйтіп  музыканы – поэзияға  айналдырды, үнді  өлең  жолына  түсірді.

Ақынның  музыкалық  қабілетін  тәрбиелеуге  оны  тиянақты  зерттеп,  құдіріті  мен  мән-мағнасын  түсінуге  таптық  сипатын  ашуға А.В.Затаевич  елеулі  ықпал  жасады.  Себебі, Александр  Викторович  арнаулы  экспедицияға  шыққанда  оны  қазақ  халқы  құшақ  жайып, қуана  қарсы  алды.  Елімен  таныстырды, жерін  аралатты. Өздері  білетін  әншілер  мен  күйшілердің, салдардың  атақты  бақсылардың  аты-жөнін  үнемі  хабарлап  отырды. Жолбасшылық  жасап,  халқымыздың  жоралғысы  ретінде  өнеріміздің  озық  үлгісі — әні  мен  күйімізді  нотаға  жаздырды.

Осы  жерде  қазақ  музыкасының  тарихын  зерттеуші  өнер  ғылымының  кандидаты  Алма Темірбекованың  «Жұлдыз”  журналының  1965  жылғы  он  екінші  кітабында  жарияланған  «Жетісу  әндері”  мақаласындағы : «Затаевич  Қазақ  ССР  Ғылым   академиясының  қолжазба  қорында  жатқан, баспадан  шықпаған  төрт  жүзге  жуық  қазақ  әндері  ноталарының  ішінде  жүз  шамалы  Жетісу  әндері  бар. Солардың  ішінде  қазақтың  белгілі  ақыны  Ілияс  Жансүгіров  айтып  жаздырған  әндері тамаша ” – деген  пікірін  ескерген  орынды.

Ғалымның   пікірінше  олардың  арасында  әндердің  лирикалық  айтыс,  жоқтау,  жарапазан, күлкі-сықақ  түрлері  бар. Әсіресе, ……..  батырдың  Сібірге  айдалып  бара  жатқанда  шығарған  «Ел  қайда   туған  жер  қайда?”  әнін   әлеуметтік  мәні  зор  маңызы   үлкен  тарихи  мұра.  Ал  Ілия  Жансүгіров  туралы   А.В. Затаевич  өзі  «500  ән  мен  күй”  деген  кітабында   былай  деп  жазады: «Ілияс  Жансүгіров — өзінің   туған  жері  Жетісудың  әндері  мен  күйлерін  шебер   орындаушы, қазақтың  музыкалық  творчествосын  жоғары  бағалайтын  және  білетін  жас  ақын  және  журналист”.

Композитор  орынды  айтады. Ілияс  Москвада  оқып  жүргенде  Александр  Викторовичпен  жиі  кешдесіп  оған елдегі  жаңалықты,  жаңадан  табылған  орындаушының  аты-жөнін, адресін  үзбей  хабарлап  тұрады.  Өзі  де   бірнеше  әнді  орындап  нотаға  түсіртеді. 1925  жылы  А.В.Затаевич  «Қырғыз  халқының  1000  әні” деген  көлемді  еңбегі  кітап  болып  жарияланғанда, «Еңбекші қазақ”  газетінің  1927  жылғы  18  июльдегі  номеріне  «Қазақ   күйлері  жиналсын”  деген  тақырыппен  көлемді  мақала  жазады. Онда  ғалымның  еңбегі  арқылы   жоғалып  бара  жатқан  ел  әндерін,  күйлерін  қолға  түсіріп  отырғанымызға  қуанышын  білдіре  келіп:

«Елде  не  көп,  әдебиет  көп, күй  көп. Бірақ  біз  ел   әдебиетінің, ел  өнерінің  бәрін  де  жинап, жеткізе  алмай  отырмыз. Ел  өнері  бізде  ақтарусыз  жатқан   қазына

Ел  өнерінің  бір  түрі ән-күйді  жинауға  жаңадан  аяқ  салдық. Оның  алғашқы  адымы – Затаевичтің  еңбегі. Оның  қолында  жаңа  ғана  басылған  1000  әннен  басқа  бірнеше  жүздеген  ән  жинаулы.  Күй  жинағы  тағы  бар. Затаевичтің   қолына  түскен  ән-күй  еліміздің  бай    қазынасы.

В.Затаевичтің  еңбегімен  барлық  кеңес  қолтығындағы   жұрттар   тіпті,  шет  жұрттар, дүние  жүзі  қазақпен, қазақтың  өнері — ән –күйімен   танысып  отыр.

Затаевичтің  жинаған  әндерін,  күйлерін  өңдеп   мелодия, гармония  ырғағымен  өнерлі  музыканың  үлгілі  өнердің   жүйесіне  түсіріп отыр. Ол  қазақ  күйлерін, әндерін  квартет  домбырсына  салғанда  үлгіленген  өңделген  қазақы  күйді  тыңдайсың”  деп  қуана  жазды. Осымен  қатар  газеттің  оқушыларын  игі  істі  қолдауға,  жалғастыруға  шақырды.

Қамқоршы  азамат  бұл  пікірді  жәй  ғана   айта  салған  жоқ. Игі  іске  өзінің  лайықты  үлесін  қосты. «Нотаға  алынған  Күн-шығыс  күйлері”  деген  белгілі  мақаласынан  кейін  «Еңбекші   қазақ”  газетіне «Ән, әншілер  жайында” Тоғжанұлымен  бірігіп  «Қазақтың  ән-күйі  туралы”,«Қазақтың  театр  өнері”, «Театр  мамандарын  дайындау”, «Театрдың  ойнауы”  жайында  көлемді-көлемді  мақалалар  жазды  Соңынан  бәрін  қосып, 1933  жылы  жеке  кітап   ретінде  таралады.

«Қазақтың  театр  өнері  туралы” деп  атаған   осы  еңбектің  төртінші  тарауын  түгелдей  қащақ  әндері  мен   күйлерінің  шығуында  оларды  тудырған  объективті  жағдайға   арнады. Олардың  мазмұны  дәуір   заман  талабына  сай  өзгеріп  отыратынын  елдің  мұңы  мен  зарын  білдіретінін білгірлікпен, сыршылдықпен  сипаттап  берді. Оларды  театр   өнеріне  пайдаланудың  мүмкіндіктері  мен  жолдарын  атап  көрсетті. Жасынан  ел  әдебиетінің  тамаша  үлгілерін  оқумен  бірге  халық  арасынан  шыққан  Әсеттің, Ақанның,  Естайдың, Жаяу  Мұсаның, Балуан  Шолақтың  сазды,  салмақты  назды, нәзік  әндерін   сүйе  тыңдап, сүйсіне  айтып   жүрді. Атақты  салдардың  асқақ  әндерін  нақышына  келтіріп,  орындаушыдан  эстетикалық  ләззат   алды. Кейде   өзі  де  үкілі  домбырасына  қосылып  қоңырлата  ән  салды.

Осы   жайында  Ілияспен  дәмдес  тұздас  пікірлес  болған  қарт  әнші  Бісміллә   Балабеков  «Лениншіл  жас”  газетінің   1971  жылғы  29 январьдағы   номерінде  жарияланған  естелігінде   Ілияс  Жансүгіров   «Құлагер”  «Сұршақыз”  әндерін   айттыруды  концерт  күні  Жұматтан    тілек  етіп  кеткен. Өзі  осы  әндерді  үйінде қоңыр  даусымен  орындап  отыратын.

Ілияс  Жаяу  Мұсаның  «Сапар”  әнінің  тарихын  да  біледі  екен.  Әнді  орындатып  отырды  да  «Ойпыр-ай, мынау  естімеген  қайыру  екен, адамды  жылатады  ғой”  деп  бір  қойды.  Ал  «Зәурешті”  орындағанымда  «Шіркін, әні  қандай, сөзі  асыл, зарлы, үнді. Бірақ, орындауы  келіспей  жүр” деп  Ілияс  домбыраны  ала  салып  өзі  орындай  жөнелді”  дейді.

Ақынның  жан  сезімін  Абай  сазы  жаулап  алғаны  көпшілікке  аян. Ұлы  шайырдың   филисофиялық  өлеңдерін  оқи,  жинай,  зерттей  жүріп  әндерін  орындаудан  да  жалыққан  емес.

Осы  жерде  ақынның  ел  әдебиетінің  тамаша   үлгілерімен  қатар   музыкасының  тарихына   да  көңіл  бөлгендігін  айтқанды.  Ол  А.В. Затаевичтің  еңбектерімен   қатар, халықтың  тұрмысына  байланысты  «Тойбастардың”,  «Жар-жардың”,  «Сыңсудың”,  «Беташардың”,  «Естіртудің”  шығу тарихын,  күнделікті  өмірдегі  алатын  орнын  жақсы  білген. Халық  әндері   «Елім-айдың”  «Дүние-айдың”,  «Қоштасудың”, «Гүлдер-айдың”,  «Туған  жердің”, «Айнамкөздің”,  «Ғалияның ,”  «Сұржекей”  мен  «Маң-маңгердің  шығу  тарихын  жеке  тексерген.















Ілияс Жансүгіров туралы мағлұмат деректер

(Баласы Саят Жансүгіровтың сөзі «ӘКЕ БЕЙНЕСІ »)


– Өзіңіз қай жылы, қай жерде дүниеге келдіңіз? Және есіңізде қалған әкеңіздің бейнесі қандай?

Мен осы Алматының өзінде 1930 жылы 21 ақпанда туғанмын. Әкем – Ілияс Жансүгіров, шешем – Фатима Төребаева. Әкем осы Талдықорғанның Ақсу өңірінің тумасы. Шешем – Жаңақорғаннан. Екеуі 1928 жылы Қызылорда ел астанасы болып тұрған кезде сол жерде табысқан.

Әкем ол кезде Мәскеудегі оқуын бітіріп келіп қызмет істеп жүрген кезі. Шешем екі сіңілісі мен бір інісі төртеуі Ташкент жақтағы 1916 жылғы бір соғыста ата-аналарынан айрылып, жетім қалады. Сөйтіп, сол Ташкенттегі патша өкіметі ашқан интернатта өседі, білім алады.

http://gdb.rferl.org/613CB162-6C3E-49A3-B42E-F765AEAF9737_w270_s.jpg

Ақын Ілияс Жансүгіров әйелі Фатима Төребаева және ұлы Саятпен. Жеке мұрағаттағы сурет.

Шешем әдемі дауысы бар әнші болатын. Сөйтіп, әкем екеуі танысып, қосылады. Сосын астана Алматыға ауысқанда осында көшіп келеді. Ол кезде әкем өте беделді, атақ-даңқы шығып тұрған кез. Тағдыр солай болған шығар, менің екі жасымда әкем мен шешем ажырасты. Менен кейін Сайра деген қарындасым болды. Бірақ, ол шетінеп кетті.

Ажырасқаннан кейін шешем мені алып, төркіні – Түркістан жаққа кетіп қалды. 1934 жылы Ілияс пен Затаевич қазақтың ән-күйін жинап жүрген кезде әкем шешемді шақыртып, Алматыдағы филармонияға орналастырды. Шешем филармонияда 1936 жылға дейін әнші болды. Сол уақытта әкем маған келіп тұратын. Біздің үй орталық базардың жанында жатақханада болатын. Сонда әкем келіп, мені еркелетіп, ойнатып кететін.

Менің әкем халықтың адамы ғой. Сол кездегі мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Және әкеме деген жылылық әлі күнге жүрегімнен кетпейді.
Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі әкеңе ұқсайсың деп айтатын. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Жұмыста да өңшең орыстардың арасында болдым. Алайда, тілімді сақтадым. Қазір әкем туралы мақала жазып тұрамын.

Әкемнің өз кіндігінен тараған ұрпақтарына келетін болсақ, үшінші әйелі Фатима Төребаевадан мен және кішкентай кезінде шетінеп кеткен Сайра есімді қарындасым екеуміз. Ал, төртінші әйелі Фатима Ғабитовадан Үміт, Ильфа есімді екі қыз, Болат есімді бір ұлы бар. Ильфа мен Болат бұл күнде бақилық болды. Өзіме келсем, Жамал, Ризеда есімді екі қызым бар. Жамал Мәскеуде, Ризеда Хорватияда тұрады.

«ХАЛЫҚ ЖАУЫНЫҢ» ОТБАСЫ

- 1937-1938 жылдары тағдырларыңыз қалай болды? 

Осы жерде айта кететін бір жайт бар. Менің шешем филармонияда жүрген кезде Ибади Тәукелов деген кісіге күйеуге шыққан. Ол кісі Алашорданың мүшесі болатын. Ол сол жылдары қудалау көрді. 1937-1938 жылдарға дейін оқыған, алашшыл азаматтардың барлығын жұмыс істетпей, артына аңду қойып, қудалады ғой.

http://gdb.rferl.org/3720E47E-3698-450F-A76F-921B069870EB_w270_s.jpg

Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары азап шеккен Қарлагтың тікенек қоршауы. www.karlag.kz сайтындағы сурет.


Әкемнің достары Мағжан да, Мұхтар да сол кезде қатты қудалауға ұшырады. Сол тұста шешемді жұмыстан шығарып жіберіп, қайта жұмысқа орналасу мүмкін болмады. Сөйтіп, біз Семей жақтағы бір туысымызды паналап сонда тұрдық. Алматыға 1937 жылдың жазында келдік. Біраз уақыттан кейін жаппай тұтқындау басталды да кетті. Әкем де, Ибади де ұсталып кетті.

Бір-бірінің үстінен жазды ма, жоқ әлде тергеушілер қинап жаздырды ма, әйтеуір бас көтерер азаматтардың бәрі ұсталып жатты. 

Содан қиын күндер басталды. Шешем «Социалистік Қазақстанда» корректор болып жұмыс істеп жүрген кезде құрт ауруынан 1943 жылы қайтыс болды. Сөйтіп, мен тұл жетім қалдым. Шешемді қазіргі Райымбек даңғылы бойындағы мұсылман зиратына жерледік. Бірақ, қазір сол зираттардың үстінен асфальт төсеп, автотұрақ жасап қойыпты.

Мен шешемнің әпкесі Айша Сиқымбаеваның қолында болдым. Оның да күйеуі ұсталып кеткен еді. Әкем туралы халықтан ол кезде естімейтін едім. Бірақ келіп-кетіп тұратын әкемнің таныстары, туыстар маған «әкең туралы ешқашан жаман ойлама. Ол халық жауы емес. Адал адам» деп айтып отыратын.

– Жаңылмасам, әкеңіздің екінші әйелінің аты да Фатима болған деседі? 

Әкемнің төрт әйелі болған. Бірінші әйелі Жәмила өзінің жерлесі, өзімен жасты екен. Жас кезінде әкем сауықшыл болыпты. Өзі де өнерлі адам. Дос-жаран көп. Ал, әйелге не керек? Тыныштық керек. Сөйтіп, тағдыр шығар, екеуінің дәм-тұзы жараспай ажырасып тынады.

Одан кейін тағы бір өзінің жерлесі Аманша деген кісімен қосылады. Білетіндердің айтуынша, Аманша деген өзі сұлу, мінезі сондай тамаша адам болған екен. Ол кез әкемнің Киринституттың (Киргизский институт) бастығы болып жұмыс істеген тұсы. Содан ол кісі өзі сұранып, Мәскеуге оқуға аттанады. Кезекті бір оқу демалысы кезінде ауылға кетіп бара жатып, Алматыдағы жолдастарына келеді.

http://gdb.rferl.org/71B5A1D1-C52F-4537-A395-6409D1E517D5_w270_s.jpg

Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіров.

Сол жерде достары оған Аманшаның дүние салғанын естіртеді. Сонда осы оқиғаны көзімен көрген әкемнің Есболатов деген досының әйелі «Сыр сандық» деп аталатын естелік кітапта Ілиястың әйелін жоқтап, еңіреп жылағанын жазып, «бүйтіп жарын жоқтап жылаған ерді соған дейін де, одан кейін де көрмедім» деп еске алады. Аманшаны ерекше жақсы көрген ғой.

Әкемнің Аманшаға арнаған «Жарыммен қоштасқанда» және «Жарымның моласында» деген екі өлеңін Есболатовтың әйелі келтіреді.

Әкеміз Аманшадан кейін менің шешеме үйленеді. Ажырасқаннан кейін өзінің досы Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитоваға қосылады. Фатима Жәнібек, Азат және Фарида есімді үш баласымен әкеме тиеді. Екеуі қосылғаннан кейін сол үйден ұсталып кете барады.

Бұны да айту керек шығар, 1940 жылы Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовтен көтерген перзентті – Мұрат Әуезовті дүниеге әкеледі. Бәрі бірін-бірі білген. Мұхтар әкеммен дос болған. Бұған біз не айта аламыз? Ешнәрсе айта алмаймыз. Айтуға қақымыз да жоқ.

«МҰЗҚАЛА» ЖӘНЕ АШТЫҚ

Әкеңіздің қалай ұсталып және қалай атылып кеткені жайлы білесіз бе?

Әкем ол уақытта Жазушылар одағын басқарған. Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады екен. Сол жақтан ұстап әкеткен. Қаладағы үйін тінтіп, құжаттарын, шығармаларын алып кеткен. Кейбір шығармаларының қайда екені әлі күнге белгісіз.

Әкемнің шығармаларын, басқа да заттарын арбаға тиеп әкетіп бара жатқанда Сапарғали Бегалин көріп қалып, жүгіріп барып, төбелескен бе, тартып алған ба, әйтеуір әкемнің бір кітабын алып кетеді. Ол әкемнің «Құлагер» поэмасы екен. Сөйтіп, «Құлагерді» сақтап, әкем ақталған кезде Фатима Ғабитоваға әкеліп табыстайды.

1938 жылы 26 ақпанда әкемді, Бейімбет Майлинді және тағы басқа көптеген азаматтарды түнде атқан да, Алматының түбіндегі мына Жаңалыққа апарып, құлағалы тұрған үйлердің іргесіне тастап, үйдің қабырғаларын үстерінен құлатып кете берген. Бірақ туыстарына «олардың бәрі айдалып кетті, олармен қатынасуға болмайды» деп айтып, бәрімізді алдап келді.

http://gdb.rferl.org/3D49CF07-7CC6-47AE-8EDC-6B72EF4220EF_w270_s.jpg

Ақын Ілияс Жансүгіровтің шығармалар жинағы.

Қай жаққа айдалғанын тағы айтпайды. Сонымен, бір айдан кейін «Сіздің күйеуіңіз жүрек ауруынан Сібірдегі лагерлердің бірінде қайтыс болды» делінген хат келді дейді Фатима Ғабитова. Сенер-сенбесімізді білмедік әлгі хатқа.

Әкеңіздің сақталмаған қанша шығармасы бар деп ойлайсыз?

Оншақты болады. Соның бірі «Мұзқала» деген шығармасы. Бұл шығарма Голощекиннің қазақ жерінде «Кіші қазан төңкерісін» жасаймын деп, халықты аштыққа ұшыратқан саясатын әшкерелейтін шығарма. Бір жазушы, атын ұмытып отырмын, сол кісі «Мұзқаланы» тауып, бастырып, ол туралы мақала жазған. Алайда, осы күнге дейін мен мұрағаттан іздеп таба алмай келемін.

«Құлагер» поэмасының орысша атын «Триздна» деп қойған екен. «Ас» қой. Бұл «ас» – Ілиястың өзіне берген асы ма, қазақ халқына берген асы ма? Ол кезде мұндай шығармалар үшін аямайтын. Бұрын бізге: «мұның бәрін жасап отырған Сталиннің өзі емес, оның маңындағылар» дейтін. Қазір белгілі болды ғой бәрі.

http://gdb.rferl.org/BDF59F9A-D9D1-4ED0-BAC5-798A62ACFACF_w270_s.jpg

1938 жылы 26 ақпанда әскери соттың үкімімен нақақтан атылған Ілияс Жансүгіровтің ССРО Жоғарғы соты Әскери алқасының шешімімен 1957 жылы 4 сәуірде ақталғандығы туралы анықтама.







Қазіргі кезде Ілияс Жансүгіровтің атында Алматы мен Астанада көше, Алматы облысына қарасты Ілияс Жансүгіров атында қалашық бар. Ақынның мұражайы Талдықорған қаласында орналасқан.




Молықпайдың ықпалы

Молықбай жайлы мағлұмат деректер (Жазушы Серік Жанабіловтің әңгімесінен)

Молықбай Байсақұлы 1857 жылы қазіргі Алматы облысының Ақсу ауданында қобызшы Байсақ Бұғыбайұлының отбасында өмірге келген. Үлкен атасы Жетібай да қобызшы болыпты. Ұлы бабасы – ер Тоқпанбет. Сүйегі Түркістанда жерленген. Қазақ тарихында белгілі адам. Ақын Сара Тастанбекқызы осы Молықбаймен туысқан.

Қызылорда қаласынан шығатын “Жаңа әдебиет” журналында Ілияс Жансүгіровтің “Күй” поэмасы жарық көреді. Онда Ілияс ақын: “Қазақта қобызшының қалғаны сол”, деп ашық айтады. Ілияс біледі. Ол кезде қазақтың атақты қобызшысы Ықылас Дүкенұлы өмірден өткен кез еді. Кеңес заманына жеткен қобызшы Молықбай Байсақұлы болатын.

Жалғыз қобызшы, Қорқыт күйлерін елге жеткізуші, ірі талант иесі Молықбайдың жазықсыз түрмеге қамалып өлгені Ілиясқа өте ауыр тиіпті. Ілияс ұлттық тұрғыда ойлайтын адам ғой. “Күйші”, “Құлагер” поэмаларымен бірге “Исатай – Махамбет” пьесасын, Құрманғазы туралы “Көбік шашқан” дастанын, Молықбай туралы “Күй” поэмасын жазды.

Қажыған көңіл қамын, жүрек жанын

Қозғаған қобыздағы қоңыр сарын.

Әлемнің әуеніне бермес ем-ау,

Қазақтың мұңын тартқан күйші шалын, – деп Ілияс жүрегімен жырлайды.

Қазақтың мұңын тартқан күйші шалын”, – деген сөздің астарында қазақ ұлты жатыр. Ілияс Молықбайдың күйлерін өте жоғары бағалады.

Мағжан Жұмабаев қобызшы Қойлыбай бақсы туралы поэма жазды. Сәкен Сейфуллин “Ықылас қобызшы” деген әңгімені өмірге әкелді.

Ілияс Молықбайдың қайдан шыққанын, өмірде болғанын елге айтып кетеді. “Матайда, Кенже, Тұңғат, Сақайдағы!” – деп айтуы Молықбайдың төл құжатының белгісі. Қобызшыда тууы туралы куәлік болмаған.

Қобызшының тұсында Ақсу өңірінде атақты Толғанбай ақын өмір сүрді. Қобызшы осылармен араласты. Әсет Найманбаевтың өзі Молықбайдың қобызындағы күйлерді тыңдаған. Жетісу жерінде атақты Сүйінбай, Бақтыбай ақындармен бірге Молықбай қобызшы қатар айтылады.

2007 жылы 16 мамыр күні Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Молықбай Байсақұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. ҚазҰМА профессоры Раушан Қожабекқызы Мұсақожаева:

Қорқыт күйлері әлі тірі. Қойлыбай, Молықбай, Ықылас сияқты қобызшылар оның күйлерін халыққа жеткізе білді. Молықбай – қобызшы Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасының жалғастырушысы. Біз Молықбайды өз көзімен көріп, оның күйлерін тыңдап, “Күй” поэмасын жазған Ілияс ағамызға алғысымызды айтамыз. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы осы Молықбай Байсақұлы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Өнер өшпейді. Молықбай ол Паганини сияқты дүлдүл дарын иесі. Паганиниге ескерткіш орнатылған. Елі оны құрметтейді.

Ал қобызшыға ескерткіш орнатылмаған. Бұл өкінішті. Иә… Өкінішті! – деді. Раушанның бұл сөзі елге ой салды.

Жанғали Жүзбаев, Әбдіманап Жұмабекұлы, Жемісбек Дәулетбекұлы ойлы пікірлерін айтты. Сейдахмет Мұхаметшин, Егеубек Далбағаев қобызшыға ескерткіш орнатуды жөн деп қолдау білдірді. Молықбайдың киелі қара қобызын қайта өңдеп, қалпына келтірген өнер шебері Қанат Қазақбаевқа ел алғысын айтты.

Мен 1970 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқып, атақты қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтан дәріс алдым. Молықбай күйлерін елге оралтуымыз керек. “Жезкиік”, “Бозінген”, “Аққу”, “Құдіреттің құсы”, “Желмая”, “Ақсақ құлан” күйлерін қобызға түсіріп елге таратқан осы Молықбай қобызшы! – деді Ә.Жұмабекұлы.

Молықбайдың туысқаны Орысбай ақсақал 1968 жылы үйінде отырып бір әңгіме айтты:

Ілияс Ташкенттен келген соң осы ауылдағы Белтоғанда мұғалім болды. Бірінші әйелі Аманшаға үйленді. Жансүгір той жасады. “Шиліөзектің” бойында ат бәйгесі өтті. Жансүгір тойға Молықбайды шақырды. Басына бөрік киген, бойы ортадан жоғары, өткір жанарлы, жүзі нұрлы адам екен. Әр адамға тесіле қарап отырды. Ел: “Молықбай келді!” деп шуылдап жатты. Ойын баласы едім, – деді…

Ілияс әйелі Аманша баладан қайтыс болғаннан кейін 1925 жылы музыка зерттеушісі, өзінің досы Затаеевичті Ақсуға ертіп келіп, Молықбаймен кездестіреді. Бірнеше күйлерін жазып алыпты.

Ілияс соңғы рет Мұхтар Әуезовті ертіп Сарқандағы Аман жайлауында киіз үйде отырған Молықбайға барып жолығады. Қастарында Талдықорған қаласы басшысының бірі Шамай Шінәсілов болыпты.

Төрт күндей қобызшының үйінде қонып, оның күйлерін тыңдайды. Ілияс “Күй” поэмасын сол жерде жазса керек. Көп кешікпей Желдіқарағайға бет алыпты. Ілияс өзінің “Жетісу суреттері” циклын атпен ел аралап жүріп жазған деген сөз бар.

Молықбай Жетісудың жер аттарын өте терең білген адам. Мәскеуде, Қызылордада жүрген Ілияс Жетісудың жері мен өзен, бұлақтарын осы Молықбайдан сұрап алған тәрізді.

Молықбайды кеңес заманының саясаты онша қызықтырмапты. 1927 жылы Ақсу ауданында Сарметен деген кісінің баласы Баймолданың қызы Мәрияны Шоқпар руындағы Мырзақұлдың ұлы Қожа алыпты. Осы тойда Молықбайдың жүйрік Кер аты бас бәйгеге ие болыпты. Жүйрік ат Ақсу өңірінің Құлагері екен. Осы атты аудан басшыларының бірі сұрап қолқа салады. Ақыры ұрлатады. Молықбай қасына аталас туысқаны Нөкербекті ертіп, әлгі басшыға барады.

Сен бақсысың! – деп әлгі қобызшыға тіл тидіреді. Мазақ жасайды. Қарт күйші қатты күйінеді. Қолындағы тобылғы сапты қамшысымен әлгі басшының басынан салып-салып жібереді.

Бет-аузы қан-жоса болған әлгі айғайлап далаға шығады. Бар даусымен: “Көзім!” деп шыңғырады. “Молықбай партияға қол көтерді!” деп оншақты адам куәге шығады. Сот болады. “Бақсы” деген айып тағады. Молықбайды Алматы қаласындағы түрмеге әкетеді. Молықбай жүрер алдында ағайын-туғанымен қоштасады.

Мен енді оралмаймын. Түсіме бабам Кенже батыр кірді. Атының артына мінгізіп алып кетті. Алдым қара түнек түн болды. Мен енді күн көзін көрмеймін. Мекенім түрме. Алматының ауылы қашық. Артымнан іздеп әуре болмаңдар. Үкіметтің құрығы ұзын. Мойныма ноқта түсті. Оны шеше алмаймын! – депті.

Інісі Нөкербекке қарап:

Құмдағы Қайнар еліндегі Жансүгірге сәлем айт. Баласы Ілиясқа бір ауыз сөз айтсын. Менің ұсталғанымды білсін! – депті. Бұл қобызшының соңғы сөзі екен. Милициялар оны арбаға отырғызғанда кеудесін жоғары ұстап, оларға ащы мысқылмен ұзақ қарапты! – деген еді қарт журналист Тәңірберген Қалилаханов.

Молықбайдың әйелі Ырсай мен ұлы Тілеубек арада айлар өткен соң түрмеде өлген қобызшының басына киген бөркі мен қыстық тонын елге алып келіпті. Сүйегі түрмеде қалыпты. Оның қайда жерленгенін ешкім білмеді.

1938 жылы Ілияс та Алматы түрмесінде атылды. Сүйегі қайда, ол жағы жұмбақ.

Ақсу ауданындағы Қызылтаң ауылында осы ауылдың дана қарттары Мейрамбай, Орысбай, Жанатбек ақсақалдардың Молықбай туралы айтқандарын естіп өстім. Бұл кісілердің қобызшының туысқандары екенін кейін білдім. Ол кезде ойын баласы едік. Бірде совхоздағы №1 ферманың меңгерушісі Бөрібек ағай таяғына сүйеніп тұр екен. Кеңсенің күншуағында әңгіме айтып отырған Мейрамбай мен Жанатбек қарияларға көзі түсті. Барып сәлемдесті.

Сіздерге бір сұрағым бар. Екеуіңіз де Молықбай қобызшыны өз көздеріңізбен көрдіңіздер ғой? – деді Бөрібек аға.

Дауысы қатты шығатын. Екпіндеп сөйлейтін. Ержүрек, батыр мінезді адам еді

Байсақ пен Жансақ бірге туысады. Молықбай Байсақтың баласы болса, менің әкем Байдархан Жансақтың ұлы. Мен Молықбайға іні боламын, – деді Мейрамбай ақсақал.

Күзде бір мәшине шөпті тегін түсіртіп бергіземін! – деді Бөрібек ағай риза болып.

Маған ше? – деп Жанатбек қария көзін күннен көлегейлеп, көкшіл көзімен Бөрібекке қарады.

Молықбай туралы не білесіз?

Білемін. Ол “Бозінген”, “Көк көбік”, “Құдіреттің құсының күйі”, “Аққу” деген күйлерді тартатын. Ол кезде жасым он алты, он жетіге келген кезім ғой. Қобызды күміспен күптеп, алтынмен аптаған өзінің туысқаны Естібай ұста. Мырзағұлдың баласы. Байсақ атамыздың зираты Егінсу ауылының тұсындағы Жанаш деген жерде. Маңайы қалың қамыс. Шағын терең көл бар. Ел ол жерді “Байсақ көлі” деп атайды. Молықбайдың өзі Алматының абақтысында қайтыс болды. Қайда жерленгенін ешкім білмейді. Кеңес заманының қызметкерін сабады деп басына бәле тілеп алды. Молықбайды “бай”, “бақсы” деп айыптады. Жүйрік Кер атын аудан уәкілі тартып алды. Уәкілді босқа сабады! – деп Жанатбек қария басын шайқады.

Сізге де шөп беріледі! – деді Бөрібек аға.

Жанатбек қария қатты қуанып қалды да:

Партиямен ойнауға болмайды. Заң қатал ғой! – деді.

Менің естуімше Молықбай көкем Әсет ақынның әндерін көп айтады екен. Әсет Маман байдың балаларымен араласып тұрыпты. Қарағаштағы ауылда көп болыпты. Қобызшыны да Маман балалары құрметтеген ғой. Көкем түрмеде жатқанда артынан бірінші рет әйелі Ырсай мен баласы Тілеубек барыпты. Қобызшы қатты жүдеп кеткен екен. Ауылдан апарған тамақтарды жанындағыларға беріпті де:

Ел-жұрттан алыс кетіп ақырында,

Аяғын шалыс басқан мен бір пенде,

Ән-күйдің қыз-қызының отын үрлеп,

Кез болдым кері аққан қатты селге, – деп, осы сөзді қайталап айта беріпті. Баласына айтыпты:

Сен Ілиясқа жолық. Мені сол ақтап алады, – депті.

Әке, өзіңіздің өлең бе? – депті Тілеубек.

Әсеттікі ғой! – деп қобызшы көзіне жас алыпты, – деді Мейрамбай ақсақал.

Молықбай ел арасында өте беделді адам болған. Қапал мен Лепсі уезінің ояздары Шұбарағаш пен Ойжайлауда үш жылда бір рет дала съезін өткізеді екен. Сол жерге ояздың арнайы шақыруымен Молықбай барып, қобыз тартып, елдің алғысын алыпты.

Молықбай тартқан қобыздың сарынына тоймадым, – деген екен Бөрте руынан шыққан өте беделді адам Бисеке мырза.

Қобызшы Молықбай қайтыс болған 1930 жылы Отырарда ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов өмірге келген екен.

Молықбайдың қобызын 80-жылдары Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың ректоры, белгілі мемлекет әрі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Үлгілі ауылына барып, қобызшының келіні Адасқан апайға жолығып, батасын алып, Талдықорғандағы музейге өткізеді.

Иесіз қалған қара қобыздың рухы қолдаған Мырзатай ағамыз мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді.

Қобызшы туып-өскен Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентіне Молықбайға ескерткіш орнатылса деген ой мазалайды. Облыс әкімі, өнер жанашыры Серік Үмбетов осы шаруаны жеріне жеткізеді деп сенеміз.

Молықбайдың тұяғы Тілеубек 1942 жылы қайтыс болады. Одан қалған Қанабек пен Қанатбек жастай шетінеп кетеді. Қызы Қантай Қапалдың жанындағы Қоңыр ауылында беріректе ғұмыр кешіп, өмірден өтеді. Бүгінгі таңда Молықбайдың артында жалғыз қара қобыздан басқа еш нәрсе қалмады…

Қорытынды


Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас кезінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Оны ұялатуға себепші болған ақынның ортасы. Анасынан ерте қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің тәрбиесінде өседі. Жансүгір хат танитын, шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, жақсы білетін, әңгімеші, домбырашы болған. Атасы Берсүгірдің күйші болғанын да білдік.

Ал дүние есігін қобыздың үнімен ашқан Ілиястың есімін қобызшы Молықбайдың қойғанын жоғарыда атап кеттім.

Жұмыс барысында қобызшы Молықбай мен Ілияс арасындағы тың байланысты ашып, соңынан «Күй» дастанынынң жазылу ретін атап кеттім.

Жұмыс барысында ақын мен өнерпаз арасына еш шектеу қоймай, оларды көз көрген адамдардың пікірлері мен әңгімелерін арқау еттім.

Ілияс ақын мен Молықбай атамыздың туған жеріндегі ауылдас ақсақалдардың сөздері дерек ретінде алынды.

Талдықорған қаласындағы М.Тынышбаев атындағы тарихи – өлкетану музейіне және Ілияс атамыздың әдеби мұражайына барып, ғылыми қызметкерлерімен сұхбаттастым.

Сонымен қатар, Молықбай атамызыдың туысқаны Қалпендұлы Орысбайдың немересі Қалпендинов Ермекпен кездесіп, әңгңмеге тартып бірталай мағлұматтарды алдым. Молықбай атамызбен Ілияс арасындағы қарым – қатынасты он бөлікке бөліп қарастырдым:

1.Ақын әкесінің құрдасы

2.Кіндік әкесі (Ілиястың есімін қоюшы)

3.Екеуі де Ақсу жерінен

4.Молықбай - Ілияс маңына топтасқан

өнер иелерінің діңгегі

5.Ақылшысы, кеңесшісі

6.Екеі де халық қамқоршысы

7.”Өнер” құдіретін құрмет тұтушылар

8.Суырып – салма ақын

9. Молықбайдың соңғы үміті (тілегі)

10. Рухани ұстазы

Ал осы үлкен қарым – қатынастың нәтижесі «Күй» поэмасы екенін де айта кеткім келеді.

Ілияс лирикасының асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға мирас болып, уақыт сынынан сүрінбей келген, бір ғасырлық шежіренің куәсі болған, титтейінен Ілиястың құлағына сіңісті, жүрегінің төрінен орын алған, жазуға түрткі болған қасиетті қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап, күйшілік өнерді дәріптейді.





 Пайдаланған әдебиеттер

Жансүгіров І. Бес томдық жинағы. Алматы 1987 ж

Жансүгіров І. «Қазақ әдебиетінің бүгінгі күйі,

келешектегі міндеттері» Алматы 1934 ж

Қаратаев М. «Туғат әдебиет туралы ойлар» Алматы 1958 ж

Әбдрахманова Т. «Ақын сыры» Алматы 1965 ж

Тәжібаев Ә. «Өмір және поэзия» Алматы 1960 ж

Иманғазиев М. «Ілияс Жансүгіров» Алматы 2004 ж

Серік Жанәбіл «Алтын жүзік» әңгімелер жинағы Алматы 2000ж

Жемісбек Толымбеков «Қобызшы Молықбай» ғұмырнама, хикаят 2010ж





21



Название документа Жет_су д?лд_лдер_ Молы?бай ?обызшы мен _лияс а?ынды байланыстыр?ан ?м_р ?ткелдер_.pptx

Поделитесь материалом с коллегами:

Молықбай - Паганини сияқты дүлдүл, дарын иесі Ілияс - қазақтың дүлділ ақыны,...
өзектілігі 	 Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын...
Мақсаты: Ақын айналасының Ілиястану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдеб...
Міндеттері - Ілиястың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыда...
Ілиястың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағына...
 Жұмыста ілиястануда аса көңіл бөлінбей келген бір саласы – Ілиястың әдеби а...
Ілиястың кіндік әкесі Ілиястың Молықбаймен қарым – қатынасы Молықбайдың ықпал...
Ілиястың кіндік әкесі Інім,Саған менің азапты жолымды бермесін, Қасиетті қара...
Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласы жар...
М.Тынышбаев атындағы тарихи – өлкетану музейіне саяхат жасап, ғылыми - әдісте...
Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби – танымдық мұражайға барып, С.Т.Төлегенова ха...
Жетісудан шыққан қаламгер Серік Жанабілдің еңбектерімен танысып, Молықбай жән...
Ілияс ақынның ұлы Саят Жансүгіровтың сұхбатын негізге ала отырып, ақынның әлі...
Молықбай атамыздың туысы Қалпендіұлы Орысбайдың немересі Қалпендинов Ермек ағ...
100 жылдық тойына орай «Кіндік төбеде» қойылған ескерткіші 120 жылдық тойына...
Назар қойып тыңдағандарыңызға РАҚМЕТ!
1 из 16

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Молықбай - Паганини сияқты дүлдүл, дарын иесі Ілияс - қазақтың дүлділ ақыны,
Описание слайда:

Молықбай - Паганини сияқты дүлдүл, дарын иесі Ілияс - қазақтың дүлділ ақыны, жыр Құлагері Жетісу дүлділдері Молықбай қобызшы мен Ілияс ақынды байланыстырған өмір өткелдері Ғылыми жұмыстың авторы: Серік Жансая 11 “Ә” сынып оқушысы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы

№ слайда 2 өзектілігі 	 Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын
Описание слайда:

өзектілігі Жеке ақынның әдеби ортасын, тікелей әсер еткен рухани айналасын танып, біліп болмай, сол тұлға туралы толымды пікір айту мүмкін емес. Ілиястың әдеби ортасы тақырыбы – Ілиястану ғылымында зерттелу жағынан кенжелеп жатқан сала. Көп жылғы бодандық құрсауындағы Ілияс тұлғасы енді ғана өз биігінен көрініп, жаңа зерттеулерге бой ұсынып жатыр. Ол үшін Ілиястың Ілияс болып, ақын болып қалыптасуына ықпал болған жандарды танып білу де зерттеуді талап етеді. Солардың ішінде Молықбай қобызшының орны ерекше. Қазіргі таңда Молықбай атамыздың өнердегі орны жеткілікті түрде бағаланып жатқан жоқ. Оған дәлел Молықбай атамызға деген ең болмағанда Жетісу жерінде бір ескерткіштің қойылмағаны. Жұмыс барысында Молықбай қобызшы мен Ілияс ақынның көзін көрген, олар жайлы белгілі оқиғалардың куәсі бола білген тұлғалардың ой – пікірін жинақтап, Жетісудың өнер саласындағы ерен тұлғалар арасындағы негізгі байланыстарды ашуды өзекті мәселе ретінде қарастырдым.

№ слайда 3 Мақсаты: Ақын айналасының Ілиястану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдеб
Описание слайда:

Мақсаты: Ақын айналасының Ілиястану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдебиет, қоғам өкілдерінің, соның ішінде Молықбайдың рөлін көрсете отырып, ол екеуін байланыстырған сәттер мен оқиғаларға тоқталу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды: Өз ұлын, ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді. Ілияс

№ слайда 4 Міндеттері - Ілиястың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыда
Описание слайда:

Міндеттері - Ілиястың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралап, Молықбай қобызшымен арасындағы қарым – қатынас пен әдебиетке қосқан үлесін ашу; «Ілиястың кіндік әкесі», «Ілиястың Молықбаймен қарым - қатынасы», «Молықбайдың ықпалы», «Ақынның маңына топтасқан өнер иелері» деген сияқты өзара бауырлас ұғымдардарға түсінік беру; - Ілиястың кіндік әкесі Молықбайдың өмірі мен шығармашылық жолын зерттеу нысанына алып, ақын айналасындағы өнердің өзіндік сыр-сипатын ашу.

№ слайда 5 Ілиястың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағына
Описание слайда:

Ілиястың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағынада және ақынның тікелей Молықпаймен қарым-қатынаста болған айналасымен шектеп нақты мағынада алуға болады; Ақынға ықпал еткен Молықпайдың рухани мұралары. Ақынды туғаннан қолына алып, тілеуін тілеген Молықпай өнер жолына белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болды; Ілияс айналасы тек ақындармен шектелмей, халық арасынан шыққан түрлі өнердің иелері – күйші, ертегіші мен қобызшы, балуан мен құсбегі сияқты ынталы жастар бас қосқан өнер ортасына айналды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

№ слайда 6  Жұмыста ілиястануда аса көңіл бөлінбей келген бір саласы – Ілиястың әдеби а
Описание слайда:

 Жұмыста ілиястануда аса көңіл бөлінбей келген бір саласы – Ілиястың әдеби айналасына бүгінгі күн талабына сай, жаңаша көзқарастар тұрғысынан баға берілді. Ілиястың шын мәнінде қолдаушысы да, қорғаушысы да Молықпай екенін таныту өлшемі ұсынылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

№ слайда 7 Ілиястың кіндік әкесі Ілиястың Молықбаймен қарым – қатынасы Молықбайдың ықпал
Описание слайда:

Ілиястың кіндік әкесі Ілиястың Молықбаймен қарым – қатынасы Молықбайдың ықпалы Ақынның маңына топтасқан өнер иелері

№ слайда 8 Ілиястың кіндік әкесі Інім,Саған менің азапты жолымды бермесін, Қасиетті қара
Описание слайда:

Ілиястың кіндік әкесі Інім,Саған менің азапты жолымды бермесін, Қасиетті қара қобызымның үнін берсін. Алдың айдын көлдей ашық, даладай кең, талабың таудай биік болсын, Аяз бидей әділ бол. Қабанбайдай батыр бол, Абайдай ақын бол, Қыдыр Ілияс пірің болсын. Сенің атың – Iлияс… Iлияс… Iлияс… Молықбай 1857 – 1930 Руы – Матай, елі – Сақай, арғы бабасы – Ер Тоқпанбет, бабасы Жетібай, атасы – Бұғыбай, әкесі Байсақ

№ слайда 9 Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласы жар
Описание слайда:

Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласы жарық көреді Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Ілияс» деп ат қояды Ілиястың Молықбаймен қарым – қатынасы Ілияс Жансүгіров 1920 жылы асыл жары, елі Тасыбай, Берентайқызы Аманшаға үйленеді. Тойға қобызшы Молықбай келіп, өлең-күймен думан жасап, отау құрған екі жасқа ақ батасын береді 1925 жылы музыка зерттеушісі, өзінің досы Затаеевичті Ақсуға ертіп келіп, Молықбаймен кездестіреді. Бірнеше күйлерін жазып алыпты. 1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп барып, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазды Молықбай Жетісудың жер аттарын өте терең білген адам. Мәскеуде, Қызылордада жүрген Ілияс Жетісудың жері мен өзен, бұлақтарын осы Молықбайдан сұрап алған Қобызшы Молықбай туралы «Күй» поэмасында Ілияс Жансүгірұлы: «Әлемнің әуеніне бермес ем-ау, қазақтың мұны тартқан күйші шалын» - десе, жазушы Серік Жанәбіл: «Қорқыт исі түркі еліне ортақ болса, Молықбай қазақтың қобызшысы», - деп ардақ қылады. Молықбай – Киелі жарық қара қобызы 1930 жылдан, 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілді.

№ слайда 10 М.Тынышбаев атындағы тарихи – өлкетану музейіне саяхат жасап, ғылыми - әдісте
Описание слайда:

М.Тынышбаев атындағы тарихи – өлкетану музейіне саяхат жасап, ғылыми - әдістемелік қызметкері Құрбан Бауыржанмен сұхбаттастым

№ слайда 11 Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби – танымдық мұражайға барып, С.Т.Төлегенова ха
Описание слайда:

Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби – танымдық мұражайға барып, С.Т.Төлегенова ханыммен сұхбаттастым

№ слайда 12 Жетісудан шыққан қаламгер Серік Жанабілдің еңбектерімен танысып, Молықбай жән
Описание слайда:

Жетісудан шыққан қаламгер Серік Жанабілдің еңбектерімен танысып, Молықбай және Ілияс Жансүгірұлы туралы деректі әңгімелерді оқып, көп мағлұмат алдым

№ слайда 13 Ілияс ақынның ұлы Саят Жансүгіровтың сұхбатын негізге ала отырып, ақынның әлі
Описание слайда:

Ілияс ақынның ұлы Саят Жансүгіровтың сұхбатын негізге ала отырып, ақынның әлі де ашыла қоймаған сырларымен таныстым. «Бақытты Жамал» дастаны табылып аударылып жатқанын айтты Қалпендинов Орысбай ақсақалдың жазып алған Ілияс Жансүгіровтың шығарған өлеңі (өлеңде Ақсу өңірінде болған оқиға баяндалады) Қалпендинов Орысбай ақсақалдың жазып алған Молықбайдың өсиет сөздері (Молықбай шалдың шабарманы болған Орысбай ақсақал бұл өсиетті қобызшының өз аузынан жазып алған екен) Қалпендинов Орысбай ақсақалдың Молықбайдың өмір дерегі жайлы жазып, қалдырып кеткен қолжазбасы Қалпендинов Орысбай Молықбай қобызшының шабондоз баласы, соғыс ардагері

№ слайда 14 Молықбай атамыздың туысы Қалпендіұлы Орысбайдың немересі Қалпендинов Ермек ағ
Описание слайда:

Молықбай атамыздың туысы Қалпендіұлы Орысбайдың немересі Қалпендинов Ермек ағамызбен танысып, сұхбаттасып, бірталай деректерді алдым.

№ слайда 15 100 жылдық тойына орай «Кіндік төбеде» қойылған ескерткіші 120 жылдық тойына
Описание слайда:

100 жылдық тойына орай «Кіндік төбеде» қойылған ескерткіші 120 жылдық тойына орай «Кіндік төбедегі» қойылған ескерткіші туған жері 4 ауылдың орнына ұзын жолдың бойына ауыстырылды

№ слайда 16 Назар қойып тыңдағандарыңызға РАҚМЕТ!
Описание слайда:

Назар қойып тыңдағандарыңызға РАҚМЕТ!


Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров539
Номер материала ДВ-253773
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх