Инфоурок Школьному психологу Конспекты«Жеткіншек жастағы аддиктивті мінез-құлқына байланысты психологиялық кеңес беру»

«Жеткіншек жастағы аддиктивті мінез-құлқына байланысты психологиялық кеңес беру»

Скачать материал

                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы

 

 

 

 

«Оқытушы-оқушы қарым-қатынас үдерісінде әлеуметтік-коммуникативтік психологиялық кеңес беру»

Біліктілік арттыру курсының бағдарламасы бойынша

 

 

РЕФЕРАТ

«Жеткіншек жастағы аддиктивті мінез-құлқына байланысты                                           туындаған мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру»

 

 

Курс тыңдаушысы

Мазанова С.Р.

Лебяжі ауданы

С.Сатыбалдин атындағы ОМ

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2014 ж.

 

 

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.      Аддективті мінез-құлықтың теориялық негізі

2.      Жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері

3.      Жеткіншек жастағы балалардың аддективтік мінез-құлқына

психологиялық кеңес

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұлтаралық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты қоғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатса да, «қиын бала» мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей келеді.

Баланың жеке қасиеттерінің, психологиялық дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік бірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптердегі негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Мысалы, бұл тұрғыдан әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның өмірінде рөл атқарады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түсін, пішінін түйсінеалу қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегісінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіру – бұл талдауға жатпайтын мәселе.

Әр адам – адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымең өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз – өзіндік мінез-құлқымызбен, бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.

Орыстын ойшыл ғалымы Д.И.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртінде, өзі шашақан ұрпағының өсіп өнуінде», - деген екен. Сонымен қоса халықта «Әуелі тұқым, содан соң күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан тұлғаның өсіп дамуының сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын да – ұстаз.

Сонымен қатар, отбасы тәрбиесінің де маңызы зор. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайрымдылық тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Отбасы  - жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым. Интровертивті типтегі бала оқушылардың тұйық, жанасымы кем балалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады. Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды-еріктік сфералары жетілмегендектен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.

Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының дамуынан көрінеді.  Балаға мұғалімнің, ата-аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастырымен өзара қарым-қатынастырының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соғуда.

Зерттеудің негізгі идеясы: Аддиктивті мінез-құлқы бойынша мәселелрді анықтап, оның шешу жолдарын көрсету.

Зерттеудің мақсаты: Жеткіншектердің девиантты мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, оны теориялық  тұрғыдан практикамен ұштастыру

Зерттеудің міндеттері:

 - Аддиктивті мінез-құлық пен оның пайда болу себептерін айқындау

 - Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшіліктерінің  көрсету

 - Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерін анықтап, оны түзету мен алдын-алуға ұсыныстар беру.

        Зерттеу объектісі: Жеткіншектердің аддиктивті мінез-құлық ерекшіліктері.

        Зерттеу пәні: Жеткіншектердің аддиктивті  мінез-құлқын ерекшіліктерінің кеңеіс беру  процесі.

 Аддективті мінез-құлық. «Аддективті мінез» термин ағылшын тілінен аударғанда жаман әдет. Короленко Ц.П. бойынша аддиктивті мінез-құлқы ол жеткіншектің өзінің психикалық жағдайын кейбір зиянды заттарды пайдалану немесе басқа да бір нәрсеге үнемі зейін қою арқылы қазіргі уақытта болып жатқан жағдайлардан  қиял әлеміне  ену.

 Аутодеструктивті мінез-құлыққа араласу ерекшелігі аддикция түрі мен тәуелділік дәрежесіне байланысты болады.

 Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты тұлғаға әсер етудің ғаламдық әлеуметтік стратегияларын 3 топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты; екіншіден, қауіпті азайту саясаты – прагматикалық әдіс; үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты.

Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері. Жеткіншек жастағы балалардың қылмысты істерге душар болуының басты себептерінің бірі – материалдық ахуалының төмендегі, әлеуметтік жай-күйін нашарлығы. Бойындағы қабілеттері мен қызығуы енді ғана көрініс беріп, байқала бастаған кезде оны қанаттандыруға қаражатының жетпейтін қатты түйсінген олар осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында заңсыз істере барып, қылмыстық жолға түседі. Осының кесерінен ұрлық, қарақшылық, қорқыту, кейде өлтіру секілді жаман істерге барады.

Мұндай істерге барудағы негізі мақсат – ақшалы болу, құрбыларынан қалыспай соңғы үлгімен киіну, ерлігін көрсету, өш алу т.б. Көп жағдайда жеткіншек балалар қылмысқа спирт ішімдігін ішкен соң, не бәңгі заттарын қабылдаған соң баратыны анықталған.

       Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орын оның “өтпелі”, “бетбұрыс ”, “қиын”, кезең деген атауларында бейнеленген . Бұл атауларда осы жастарда болатын , өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған . Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене , ақыл-ой , адамгершілік , әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өіне тән ерекшелігі болып табылады .Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымды , организмнің сана-сезімнің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастық, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің ,мүдделердің ,іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.Жеткіншек кезеңінің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді . Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы саналады.Бұлай бағалау ,біріншіден ,осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты : бұл өзгеоістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін ,мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретін сипатта болады ; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін , көбінесе күтпеген жерден болады да , даму процесі секірмелі ,қауырт сипат алады . Екіншіден , болып жатқан өзгерістер екінің бірінде , бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтікқиыншылықтардың болуымен қабаттасады,ал екінші жағынан ,оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады : онда тіл алмаудың қарсылық пен наразылық -тың түрлі формалары  шығады(қиқарлық , дөрекілік , қарсылық, тұйықтық) .

          Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін , тіпті ,темекі шегетін ,арақ  ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.

             Қоғамда қалыптасқан  мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау   қабылданған  тәрбиесі  “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.

        Жеткіншектік жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды . Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады:

 - ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу

 - мектептегі қиындық пен сәтсіздік

 - тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .

 Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.

 Демек , жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы , жан - жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің , аномалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады.

            Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды , олар физиологиялық ауытқулардан емес , отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.

           “Қиын бала”дегеніміз кім?Осы сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды ,жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз ,өйткені баланың “қиын” аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.    

           “Қиын бала” қатарына қосылуына не себеп ? Қазіргі таңдағы ғалымдардың ойы бойынша негізгі себеп мыналар:

- көңіл аударғанға күрес. Тіл алмаушылық – бұл дегеніміз өзіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.Көңіл аударған эмоциялық көңіл-күйдің жақсаруына қажет.

- өз көзқарасы, билік үшін  күрес. Жеткіншек ескертулерге, ережелерге өз қарсылығын білдіріп, барлығына қарсы шығады. Өз  шешімдері, көзқарастарының болуына деген мүмкіндік – бұл деген өзінің өмірлік тәжірибесінің жинауына мүмкіндік. Қате тәжірибе болса да .

 - Ақысын алуға деген ұмтылыс. Жеткіншек кек сақтайды :

 * Оны іні, қарындастары мен ағаларымен басына тұрып салыстырғаны үшін

 * Отбасы мүшелерінің алдында басынғаны үшін

 * Ата-анасының ажырасуы немесе отбасында жаңа адамның пайда болдуы.

            -   Оның мектептегі,оқуындағы,мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынасындағы жетістігіне  сенбеу,өзін-өзі бағалауының төмендігі.

            Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңдегілер деп атайды.  Бұл жас кезеңі “өтпелі кезең”, “қиын жас”, “проблемалы” т.б. көптеген белгілерге бай.  Оның барлығы осы жас кезеңнің жүретін   психофизиологиялық процестермен байланысты .  Бұл жас аралығында  бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші бір сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша  олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

            Жеткіншек жас кезеңіндк баланың бойында  бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық  көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі  аяқталмаған кез болғандықтан,  көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиыншылықтарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін,  қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп өз орнын іздейді.

            Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орнын аладыда, мұндай көзқкарас баланың қырысықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың  арасында текетірестік орны алуы мүмкін.

            Жеткіншектердің дене мүшелерінің  дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойындары тез ұзарады да, кеудесінің өсуі,  бұлшық еттерінің ұзаруы кешеулдейді.  Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы  салдарынан жеткіндекте  “өзін жарым-жан сезіну”  деп аталатын  комплек пайда болады.  Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.

            Жеткіншек  жас кезеңдерге балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гормондарының тітіркенуіне әсерленгіш.  Сондықтан жеткіншектер көп мәселердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

             Жеткіншек жас кезеңдегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетүін акцентуация  деп атайды.  Акцентуацияның  байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типлогиясын жасаған.  Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.

            Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, және басқада жетекшінің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барыша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе,  балалар жас қиындығын оңайрақ көтереді.

            Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

n  барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен  құтылғысы келуі;

n  Үйге берілген тапсырмаларды  жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті  етіп айтуға тырысуы;

n  Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл  мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз  мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай  сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай  орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

  1. Балалардың оқудан басқа айналысатын  шаруасының болмауы.
  2. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
  3. Өзімен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.
  4. күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі
  5. Акцентуацияның көрініс беруі.
  6. агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек  жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы  ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты  проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға  көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар  осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

Сондықтан тек мәселені анықтап , талдап қана қоймай жеткіншектерді түзетуге ұсыныстарды беруді жөн көрдік. “Қиын” бала тәрбиесінде мына жәйттерды ерекше  есте   ұстаған жөн .

- “Қиын” жасөспірімнің жақсы қасиеттерін анықтап арттыру, мадақтау. Белсенділігін, талпыныс, ынтасын қолдау.

-   Спорт,өнер,техника ,қоғамдық жұмыстарға қызықтыру,қатыстыру.

-   Мұғалім педагог этиканы сақтай отырып “ қиын ” жеткіншекті қадағалау , ар-намысына тимеу.

-   Орынсыз жазаламау керек

                                 Әлеуметтік-психологиялық тренинг  ерекшеліктері.  Кең мағынада ӘПТ топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық тәжірибені білдіреді. Бұл білім берудің, қарым-қатынас, әрекет, тұлғалық даму мен түзету саласындағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын қолдану.                                                                 Жұмыстың мақсаттарын әр алуан, бірақ бағыттары мен мазмұны бойынша әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсаттарды бөлуге болады:                                                             а) топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;                                                                                                                                                               ә) субьектілік көңіл күйді жақсарту және психикалық саулықты беріктендіру;                                         б) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас үшін тұлғааралық өзара әсердің тетіктері мен тиімді тәсілдерін зерттеу;                                                                                    в) ішкі және сыртқы мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзін өзі жете түсінуі мен өзін өзі бағалауын дамыту;                                                                                                                                                    г) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асыруға, тіршілік әрекетіне, бақыт пен табысты сенуге көмектесу.

Тренинг – бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады:

-          әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру;

-          өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту;

-          өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Мен – концепциясын қалыптастыру.

Балалармен өткізілген әлеуметтік-психологиялық тренинг тобының міндеті – өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу.

Топтық тренингтің артықшылықтары:

-          шектеуге қарсы әрекет етеді, тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға және өз қиындықтарымен жалғыз қалуға жол бермейді, басқалардың мәселелерін анықтайды.

-          топ қоғамды кішкентай түрде бейнелейді, әріптестердің қысымы секілді жасырын факторладрды анықтайды, шынайы өмірдегі өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін үлгілейді.

-          өзіне ұқсастардан, шынайы, баға жетпес байланыс алуға мүмкіндік, өз бейнеңді сенің қайғы-мұныңды өте жақсы түсінетін басқа адамдардың көзінен көру, өйткені олар да сондай мәселелерді басынан өткеріп жатыр;

Топтағы өзара әрекеттестік әркімнің психологиялық мәселелерін анықтауға көмектесетін жағдай туғызады.

Психологтың міндетті-қысымға бақылаудан шығуына және топтағы жемісті қарым-қатынасты бұзуға мүмкіндік бермеу, топ өзін-өзі ашу, өзін-өзі талдау және өзін-өзі түсіну үдерістерін жеңілдетеді.

             Оқу жасындағы балалардың негізгі айналысатын істері – оқу, еңбек ету қызметі мен қызыққан ісімен айналысу, сондықтан “қиын” оқушыларды мектепке қайтару, оқуға қызығушылығын арттыру - аса қүрделі және педагогтің беделін де арттыратын іс. Себебі “қиын” балалардың   90%  сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан, оларды сыныптан тыс іс - шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте - бірте тарту педагогтардың қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде табысты болу оларды басқа да істерге жетелейді .

             Ол үшін педагогтар адамның өзін - өзі дамытушылық қасиеті мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін есепке алуы керек.

             Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады . Оның сондай белсенділігі мен энергиясына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімін ұлғайтады .

             “Қиын” оқушыларға әртүрлі жағдаяттар арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру,  ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып, оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу -  әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі.

             Педагог  қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.

             Баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден, ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің  отбасым ”, “Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)”, “Мен бос уақытымды қалай өткіземін? ” деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең, жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек .

Қорытынды                                                                                                                                      Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі “қиын” жасөспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша , “қиын ” бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.

Осы мәселенің алдын алу мақсатында әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқындағы қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-анлармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.

М.Жумабаевтың «Педагогика» ғылыми еңбегінде: «Жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - деп түйін жасайды.

Осы орайда, Ж.Аймауытовтың «Тәрбие атты» еңбегінде тәлім-тәрбиелік ғылыми пікіріне тоқталғым келеді. Ж.Аймауытов: «Адам мінезінің, ақыл-қайратының түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен», - дейді. Ендеше, ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты екен. Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару – әр ұстаздың міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Төлеубекова.Р  Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика : әдістемелік құрал. – Алматы : РБК , 1994 . - 140 бет.

2. Р.Қыпшақбаева .Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. // Бала тәрбиесі  №4, 2005,35-бет.

3. Б.Жолмаханов. “Қиын”оқушыны тәрбиелеу // Бала тәрбиесі № 5 , 2005, 40-бет.

4. Оразбаева Е “Қиын” оқушылармен  педагогикалық қарым-қатынастағы белсенді спорттың рөлі // Бастауыш мектеп 2006 № 11 , 18-20 бет.

5. Қазбеков Ж . “ Қиын ” бала тәрбиесі   // Валеология  2007 № 3 ,18 

6. Сангибалаева А. «Компьютерная зависимость как фактор аддиктивного поведения подростка» // Мектептегі психология 2011 № 2(32)

7. Сакеева Г. «Жеткіншек жастағы қиын балалардың мінез-құлқын анықтау жолдары» // Мектептегі психология 2014 №04(70)

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұлтаралық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты қоғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатса да, «қиын бала» мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей келеді.

Баланың жеке қасиеттерінің, психологиялық дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік бірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптердегі негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Зерттеудің негізгі идеясы: Аддиктивті мінез-құлқы бойынша мәселелрді анықтап, оның шешу жолдарын көрсету.

Зерттеудің мақсаты: Жеткіншектердің девиантты мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, оны теориялық  тұрғыдан практикамен ұштастыру

Зерттеудің міндеттері:

 - Аддиктивті мінез-құлық пен оның пайда болу себептерін айқындау

 - Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшіліктерінің  көрсету

 - Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерін анықтап, оны түзету мен алдын-алуға ұсыныстар беру.

        Зерттеу объектісі: Жеткіншектердің аддиктивті мінез-құлық ерекшіліктері.

        Зерттеу пәні: Жеткіншектердің аддиктивті  мінез-құлқын ерекшіліктерінің кеңеіс беру  процесі.

Аддективті мінез-құлық. «Аддективті мінез» термин ағылшын тілінен аударғанда жаман әдет. Короленко Ц.П. бойынша аддиктивті мінез-құлқы ол жеткіншектің өзінің психикалық жағдайын кейбір зиянды заттарды пайдалану немесе басқа да бір нәрсеге үнемі зейін қою арқылы қазіргі уақытта болып жатқан жағдайлардан  қиял әлеміне  ену.

 Аутодеструктивті мінез-құлыққа араласу ерекшелігі аддикция түрі мен тәуелділік дәрежесіне байланысты болады.

 Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты тұлғаға әсер етудің ғаламдық әлеуметтік стратегияларын 3 топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты; екіншіден, қауіпті азайту саясаты – прагматикалық әдіс; үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты.

Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері. Жеткіншек жастағы балалардың қылмысты істерге душар болуының басты себептерінің бірі – материалдық ахуалының төмендегі, әлеуметтік жай-күйін нашарлығы. Бойындағы қабілеттері мен қызығуы енді ғана көрініс беріп, байқала бастаған кезде оны қанаттандыруға қаражатының жетпейтін қатты түйсінген олар осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында заңсыз істере барып, қылмыстық жолға түседі. Осының кесерінен ұрлық, қарақшылық, қорқыту, кейде өлтіру секілді жаман істерге барады.

Мұндай істерге барудағы негізі мақсат – ақшалы болу, құрбыларынан қалыспай соңғы үлгімен киіну, ерлігін көрсету, өш алу т.б. Көп жағдайда жеткіншек балалар қылмысқа спирт ішімдігін ішкен соң, не бәңгі заттарын қабылдаған соң баратыны анықталған.

             Қоғамда қалыптасқан  мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау   қабылданған  тәрбиесі  “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.

Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.

Қорытынды                                                                                                                                      Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі “қиын” жасөспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша , “қиын ” бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.

Осы мәселенің алдын алу мақсатында әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқындағы қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-анлармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.

М.Жумабаевтың «Педагогика» ғылыми еңбегінде: «Жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - деп түйін жасайды.

Осы орайда, Ж.Аймауытовтың «Тәрбие атты» еңбегінде тәлім-тәрбиелік ғылыми пікіріне тоқталғым келеді. Ж.Аймауытов: «Адам мінезінің, ақыл-қайратының түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен», - дейді. Ендеше, ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты екен. Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару – әр ұстаздың міндеті.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жеткіншек жастағы аддиктивті мінез-құлқына байланысты психологиялық кеңес беру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 7584
    • DOCX 41.4 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мазанова София Рахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мазанова София Рахановна
    Мазанова София Рахановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 46311
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности психологического консультирования при нарушениях пищевого поведения

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе