Инфоурок Другое Видеоуроки«Жігітке жеті өнер де аз»

«Жігітке жеті өнер де аз»

Скачать материал

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Жігітке жеті өнер де аз» (байқау)

Мақсаты:  Жоғары буын оқушыларының арасынан қабілетті, яғни білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан- жақты, сегіз қырлы оқушыларды анықтау. Ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Көрнекіліктер: Сахнаны безендіру, күйтаспа, қанатты сөздер.

Дайындық барысы: Жігіттерімізге қойылатын талаптармен таныстыру.

1-жүргізуші: Кеш жарық , құрметті ардақты да аяулы ұстаздар және ата-аналар мен оқушылар! Бүгін мектебіміздің дүлдүл жігітін анықтау мақсатында өткелі отырған  «Жігітке жеті өнер де аз» байқауына қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:Ал енді сахнаға сұлу да, сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнерлі, жігерлі, сері жігіттерімізді шақырайық.

1-жүргізуші:

Спортпенен білім жағын бір қосқан.

Кем қалмаған талантпенен табысқан,

Алдарыңызда өзі әнші, күрескер

Нұрсұлтанды қарсы алайық шабытпен.

2-жүргізуші:

Білімді, алғыр, ақылды

Танитын алыс жақынды,

Мектептің озат түлегі

Қошеметпен қарсы алайық Олжасты.

1-жүргізуші:

Білімді, өзі алғыр жан-жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбатты

Мектептегі мына біздің серіміз

Шақырайық ортамызға Берікті.

2-жүргізуші:

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,

Осы байқауға қатысамын деп келіпті

Шындық үшін шырылдайды, ой айтып.

Шақырайық ортамызға Медетті.

1-жүргізуші:

Білімменен бүгін міне ән қосты,

Өз өнерін ортаға сап үндесті

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер

Көрейікші шақырып ап Жандосты.

2-жүргізуші:

Біледі ол жақсы менен жаманды,

Өнерімен тамсандырған талайды

Талай қыздың жүрегін ол жаралар,

Ортамызға шақырайық Мәдиді.

1-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр- шешу қиын,

Қазылар алқасы нық сыналар.

2-жүргізуші:

Кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын әділ қазылар бар. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі, дәстүрлі үрдісі, бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директоры.

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі.

3.Намыс ұйымының бірлестік жетекшісі.

4.Ата-аналар ұйымының мүшесі.

5.Оқушылар ұйымының  жетекшісі.

1-жүргізуші:

Байқауға қатысатын жігіттеріміз әдет- ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл- парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетулері керек.

Ендеше бағдарламамен таныс болайық.

1-кезең: Сәлем -сөздің анасы (сәлемдесу, таныстыру)

2-кезең: Білімдіден шыққан сөз.

3-кезең: Поэзия минуты.

4-кезең:Сөз қадірін тапқыр білер.(мақал-мәтел мәнін ашу)

5-кезең: Сұлу би-сымбат мүсін айғағы( биге икемділігін көрсету)

6-кезең: Адамды адам еткен- еңбек. (үйге берілген тапсырма бойынша жігіттердің өз қолдарымен жасаған қол өнері бұйымдарын сарапқа салу)

7-кезең: Спорт- денсаулық кепілі (спорттық ойындар)

8-кезең: Мен өнерлі жігітпін. (өз өнерлерін ортаға салу)

9-кезең: Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау, марапаттау)

Ән: «Алға қазақ жігіттері» орындайтын Махмутов Олжас.

2- жүргізуші:

Армысың, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем- сөздің анасы» деген нақыл.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу- парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер жігіттермен,

Сәті келіп қалғандай танысатын- дей келе,  алғашқы кезеңді бастаймыз.

(жігіттеріміз өздерін ретімен таныстырады)

1-жүргізуші:

«Мектеп-кеме, білім- теңіз»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.Тағыда сол халық «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді.Енді жігіттеріміздің білім деңгейінің қаншалықты екенін пайымдайық.

2-жүргізуші:

2-кезең бойынша «Білімдіден шыққан сөз» (Жігіттеріміз сұрақтарға жауап берулері керек)

Берілетін сұрақтар төмендегідей.

№1. Сайыскерге:

1.Вальс королін ата.

2.Сутегі құрамындағы атом саны қанша.

3.Ат әбзелдерін ата.

4.Қазанға не сыймайды.

№2.Сайыскерге:

1.Поэзия  патшасы.

2.Мұсылмандардың қасиетті кітабы.

3.Қазақ тілі алғаш иемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды.

4.Су түбінде не жоқ?

№3 Сайыскерге:

1.Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар?

2.Биік орналасқан материк.

3.Киіз үйдің жабдықтарын ата.

4.Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?

№4 Сайыскерге:

1.Ислам діні қай ханның тұсында қабылданды?

2.«Шахмат» сөзі қайдан шыққан, қандай мағынаны білдіреді?

3.Ертеде қазақтар сүтті ағаш ыдысқа қалай пісірген?

4.1 тонна мақта ауыр ма? 1тонна темір ауыр ма?

№5. Сайыскерге:

1.Алгебра мен география кітаптарын тұңғыш жазған қазақ зиялылары кімдер?

2.Мадагаскар астанасы.

3.Төрт түлік малдың иесін ата?

4.Жерді қоршап тұрған газ қабаты.

№6 Сайыскерге:

1.Қазақстанның тұңғыш астанасы.

2.Қазақ даласының жарық жұлдызы.

3.Қамшы түрлерін ата?

4.Әлемнің жеті кереметін ата?

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз тамсанған ән өнеріне жігіттеріміздің қаншалықты қабілетті екенін байқайық.Яғни сайысымыздың 3 кезеңі «Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы» (Поэзия минуты)

2-жүргізуші:

Сөздің көркі мақал- дейді халық.Ең мәдениетті, нағыз қазақ сөзін мақалмен сөйлейтіні баршамызға аян.Жігіттеріміздің сөз саптауларын сарапқа салайық.

(жігіттерімізге мақалдың мәнін ашу ұсынылады)

Мақалдар.

№1. Сайыскерге:

Ағашқа қарап тал өсер,

Атаға қарап бала өсер.

№2. Сайыскерге:

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

№3. Сайыскерге:

Жаман атқа жал бітсе.

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Қасына қоңсы қондырмас.

№4. Сайыскерге:

Өтірік сөз жанға қас, өткір пышақ қынға қас.

№5.Сайыскерге:

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

№6.Сайыскерге:

Тіл-сүйексіз.

1-жүргізуші:

Ән мен күйді қатар берген санамызға,

Құштар- ау өнерге үлкен, баламызда.

Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,

Жігіттер, биден құр қол қаламыз ба?!

Қане жігіттер, сайыстың 5 кезеңі «Сұлу би- сымбат мүсін айғағы» кезеңінен де өтелік.

(жеке және  жұптасып билеу)

2-жүргізуші:

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -дейді Абай атамыз .Келесі байқауымыз жігіттердің еңбекқорлығын тамашаласақ.

(жігіттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын  түсіндіре отырып, назарға ұсынады)

1-жүргізуші:

Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат, салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Біздің жігіттеріміз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма? Олардың спортқа деген бейімділігі қандай? Осыны бағаласақ. (Білек күші, қол күрес.)

2-жүргізуші:

Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді жұртым.

Өнерлі болса жігіттер болар сылқым,

Қане жұртым көрелік «нағыз жігіт»

Қағып қандай, тамсанып, десіп шіркін.

Байқауымыздың жеті кезеңінен өткен жігіттердің жеті түрлі қырын байқадық. Енді сайыстың соңғы кезеңі «Мен өнерлі жігітпін» белесінен өтуге жігіттерді шақырамыз.

(Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді)

1-жүргізуші:

Бір жігіт бар –құр жан,

Бір жігіт бар- тірі жан,

Бір жігіт бар- жігіт жан… деп Шал ақын жырлап өткендей,- бүгінгі жігіттеріміздің әділ бағасын беру үшін  сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:

Бақыттарың бастан кетпесін,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүздеріңнен

Өмір бойы кетпесін деп –«Жігітке жеті өнер де аз» байқауын аяқтаймыз.

1-2 жүргізуші:

Сау болыңыздар көргенше.

Қайта айналып келгенше,

Жиі келіп тұрыңыздар

Қоштасайық ендеше.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2015 2444
    • 0 байт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгулова Фатима Абуталиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45802
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе