Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / " Жігіт сұлтаны" байқау

" Жігіт сұлтаны" байқау


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Шақат орта мектебі.









Мектепішілік сыныптан тыс іс шара.



hello_html_m1ac49572.gif











Дайындаған: Искакова А.А

















Жігіт сұлтаны

Мақсаты:

а) ер балаларды ата бабамыздың салт - дәстүрімен таныстыру;
Ә) балаларды елін, жерін, тілін өз дәстүрін білуге тәрбиелеу;
Б) ұлттық өнерге, ән күйге, биге құмар етіп тәрбиелеу;
В) парасаттылыққа, имандылыққа, мейірімділікке баулу;
Г) денсаулығы зор, сымбатты, елін, жерін қорғайтын білімді де білекті нағыз Қазақстан патриотын тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, плакат
Өткізу орны: акт залы.
Қатысушылар: 7 – 10 «А» сынып оқушылары.


1-Жүргізуші: Армысыздар Құрметті ұстаздар,оқушылар, баршаңызға Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт,береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін! Осы мерекеге орай мектебіміздің дүлдүл жігіттерін анықтау мақсатында өткізілгелі тұрған «Жігіт сұлтаны - 2014» сайысына қош келдіңіздер!



2- жүргізуші.

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.







1-жүргізуші.

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын,күй күмбірлеп,

Қош келдіңіз,халайық,сергісін,бой - дей отырып,ортаға сайысқа қатысушы жігіттерді шақырамыз.


7 сынып оқушысы- ______________________________

7 сынып оқушысы-______________________________

8 сынып оқушысы-______________________________

8 сынып оқушысы______________________________

9 сынып оқушысы______________________________

9 сынып оқушысы______________________________

Сайыскерлер өздерінің реттік номерлерін анықтау үшін табақтағы жасырынған қағаздарды алып анықтайды.


2 - жүргізуші.
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:


Сайыстың шарттары:

1. Таныстыру

2. Сұрақ-жауап

3.Күш- атасын танымас! «Оқушылар серпілу, арқан тарту бойынша сайысады»

4.Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын туралы мәлімет беру,оны көрсету.

5.Өнер (ән, би, күй, мәнерлеп оқу)


1 - жүргізуші.
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйірік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- деп енді осы жігіттердің өнерін бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырайық:


1.

2.

3.


1 - жүргізуші.

Ей, такәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы – деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру».

Сонымен бірінші номерлі жігітті шақырамыз.


Сайыскерлер кезектесіп шығып өздерін таныстырады.



2-Жүргізуші:

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр, біліміңмен көрерменді-

дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімінде сайыскерлер сұраққа жауап береді. Ол үшін алдарыңызға келген табақтағы сұрақтардың бірін алып жауап бересіздер әр сайыскер 3 сұраққа жауап береді.


Музыка:


1.Жүргізуші: «Күш – атасын танымас» дегендей келесі кезекте біздің жігіттеріміз спорт саласы бойынша өз бақтарын сынайды. (серпілу, арқан тарту )

Музыка:

2-Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыстан бәйге алуға,

Сайыскерлер аянбай- үй жұмысын дайындапты.

Сайысымыздың келесі бөлімі бойынша, сайыскерлеріміз үйден дайындап келген ұлттық ойын түрлері туралы түсінік беріп, ойнап көрсетеді.



1-Жүргізуші:

Бұл сынға кіріскен соң бой ұсына,

Сырнайдың үн қосылып дауысына.

Қызықты одан әрі жалғастырып,

Түсейік енді өнердің сайысына.

(Өз өнерлерін көрсету)

Сайыскерлер кезектесіп реттік номері бойынша шығады.


Музыка:


2-Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

«Мақтанышы» деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал, сайыскерге, тек сәттілік тілейікші! – дей отырып, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


Қорытынды: Қазылар алқасына сөз беру,марапаттау.

Номинация бойынша:

1.«Жігіт сұлтаны-2014» - Бас жүлде

2.«Өнерлі жігіт» номинациясы

3.«Тапқыр жігіт» номинациясы

4.«Алып жігіт» номинациясы

5. «Сымбатты жігіт» номинациясы

6. «Епті жігіт» номинациясы

Сұрақтар мен жауаптар

1.Анам мен әкемнің анасы бізге кім болады ? әже, апа

2. Жылқы пірі кім ? Қамбар

3. Рейхстагқа ту тіккен кім ? Қошқарбаев

4. Жүген деген не? Аттың басына кигізетін жабдық.

5. Бес арыста ата. Ш.Құдайбардиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,

М.Жұмабаев, М.Дулатов.

6.Үш бәйтеректі ата С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров

7. Атақты күйшілерді атаңыз. Құрманғазы. Д.Нүрпейісова, Дәулеткерей,

Ықылас. Тәттімбет

8. Үш арсызды атаңыз Ұйқы. Тамақ. Күлкі

9. Жерлес ақын- жазушыларды ата. С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, И,Байзақов

10. Ұлттық музыкалық аспаптарды атаңыз. Домбыра, жетіген , қобыз, сырнай

11. Жеті атаны ата. әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, туажат,жүрежат.

12. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 9

13. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ? Т.Әубәкіров

14.Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім ? Ы.Алтынсарин

15.Елтаңбадағы бес жұлдыз нені білдіреді ? бес континенті елмен

эканомикалық, мәдени қарым-қатнас

16. Үш жүздің басын біріктірген хан. Абылай хан

17. Томаға деген не? Құстың екі көзін жауып тұратын бас киім.

18. Ақан серінің тұлпары. Құлагер

19. Дүниеде не өлмейді ? Жақсының аты, Ғалымның хаты өлмейді

20. Киіз үйдің құрлысын ата. Кереге, уық, шаңырақ, есік

21.Жылқыға арналған жабдықтарды ата. Жүген,ер, тоқым, үзеңгі, қамшы, кісен, қамыт, доға, таға

22.Сықырлауық деген не? Киіз үйдің әшекейленген есігі.



1.Анам мен әкемнің анасы бізге кім болады ?







2. Жылқы пірі кім ?







3. Рейхстаргқа ту тіккен кім ?







4. Жүген деген не?







5. Бес арыста ата.









6.Үш бәйтеректі ата







7. Атақты күйшілерді атаңыз.







8. Үш арсызды атаңыз







9. Жерлес ақын- жазушыларды ата.









10. Ұлттық музыкалық аспаптарды атаңыз.





11. Жеті атаны ата.







12. Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?







13. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ?







14.Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім ?







15.Елтаңбадағы бес жұлдыз нені білдіреді ?







16. Үш жүздің басын біріктірген хан.







17. Томаға деген не?





18. Ақан серінің тұлпары.

19. Дүниеде не өлмейді ?







20. Киіз үйдің құрлысын ата.







21.Жылқыға арналған жабдықтарды ата.







22.Сықырлауық деген не?





















Сайыскерлерді бағалау парағы.



Сайыскердің аты-жөні


Таныс-тыру

Сұрақ-жауап

Күш атасын танымас

Үй тапсыр

масы

Өнер

Қорытын

ды

серпіліс

Арқан тарту













































































Автор
Дата добавления 31.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров400
Номер материала ДВ-111812
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх