Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Жігіт сұлтаны" тәрбие шарасы .2 сынып

"Жігіт сұлтаны" тәрбие шарасы .2 сынып

Скачать материал

Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" 2-сынып 

 

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы сегіз  жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Сайысымыз  ҮІ  кезеңнен  тұрады.

1        кезең  Таныстыру.

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
1. Қуантады білімімен бізді Мансур
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің   Орынбасар
Көрінген күштің басынын

3. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол біздің  Илияс

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Әділет

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
Ол біздің   Аян

6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан біздің Расул

7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген

 Ол  біздің  Әлихан мен  Азат

Ақыл-көркі бойларында жетеді, 
Әлі талай сынақтардан өтеді. 
Мына отырған баршаңызды өзімен 
Тез арада таныстырып өтеді. 

Ортаға  шыққан  ұлдарымызға  жеребе  арқылы  өз  нөмерлерін  ұсынамыз.
Енді  өздерін  таныстырады.

ІІ  кезең: Үй  тапсырмасы:  «Қол  өнері»

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін  соңынан.

Өздеріне  ұнаған  заттарды  жасап, оны  таныстыру.

ІІІ  кезең : «Ой  толғау»  кезеңі.
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын 
ІІ. Сиыр - бұзау 

ІІІ. Қой – қозы
ІҮ. Ешкі – лақ

2. Түйенің сүтін ата.

3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

4. Сәби баланың төсегін ата.

5. Ер жігіттің бес қаруын ата.

6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам

8. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зеңгі баба

9. Аттың ер-тұрмандарына  нелер  жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

10. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

11.Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық, 
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар

12. Жыртқыш құстардың атын ата. 
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

13 . Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

14. Қазақша апта  аттарын  ата.
Дүйсенбі бейсенбі
Сейсенбі Жұма
Сәрсенбі Сенбі

ІҮ  кезең  : «Білекті  бірді  жығар, Білімді  мыңды  жығар»

Мақал-мәтелдер  жаттау. Мақал-мәтелдер  айтып  жарысады.

Ү кезең  : Өнер  көрсету.


Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.

ҮІ  кезең : Спорт  сайысы.

 Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

 Спорт сайысы: 1. Білек  күшін   сынау.

ҮІІ .кезең.  Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды. Ұлдарымыз 

1.«Өнерлі    жігіт»  , 2. «Білімді    жігіт» ,3. «Ақылды  жігіт»  ,

4. «Сымбатты  жігіт», 5. «Дарынды  жігіт», 6. «Жігерлі  жігіт».7.  «Шебер  жігіт»  ,  8.  «Ақындық   өнері  бар   жігіт»  атағымен  марапатталады.

Ендігі  сөз  кезегін мектеп   әкімшіліігі  мен  ата-аналарға  береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.
1.
Нұрым «Сұлу қыз» әнін орындайды.
2. Дияс «Қара жорға» биі
3. Жансұлтан «Жаяу Муса» әні
4. Бегайдар «Сиқырлы сандық» сиқыр көрсету
5. Ерлан «Анашым» әні
6. Мұхаммедамин «Шофёр» биі
7. Нұрман «Ауылым» әні

4 - кезең. Қамшы өру
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
5 - кезең. Күш сынасу
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)
6 - кезең. Сән үлгісі
Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.
Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты:

1) ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді үйретіп ұғындыру;

2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;

3) отбасы дәстүрін сақтауға, ата- аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

-              Ойынды ашу

-              Ойыншыларды таныстыру

-              Ойын тәртібін түсіндіру

-              Мақалшылар сайысы

-              Көрермендермен ойын ( Мақал- мәтелден сайыс)

-              Жұмбақшылар сайысы

-              Көрермендермен ойын ( Жұмбақ шешу)

-              Мақалшы, жұмбақшы сайысы

-              Абайдың қарасөзі

-              Ән шашу

-              Қорытынды

 

Барысы

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысатын ата- аналар, ұландар, бүгін 3- сынып оқушыларының аралығында отбасылық бағытта өтетін « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

1- оқушы: Жанұямыз-сәніміз,

                    Отбасымыз- әніміз.

                    Біз бастадық сайысты,

                     Қош келіпсіз бәріңіз!

2- оқушы: Арым да, ардағым да анам екен,

                          Ана деген- мен үшін атамекен!

                            Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті

                            Жүрегімде жыр болып жатады екен.

3- оқушы: Өзің барда еш қатер де төнбейді

Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.

Асыл- әке,мейіріміңді ойласам, Жыр оралып, шабыт мені тербейді

     Оқушылар: Бұтағы бабасының,

Ұрпағы атасының,

Шуағы әжесінің,

Тұяғы әкесінің,

Тілегі анасының.

Тірегі ағасының

               Түлегі даласының,

              Дарытқан бар асылын

              Мен- қазақ баласымын!

1- жүргізуші: Мақал айтып көрейік, бүгінгі сайыстың 1- айналымында мақал айту сайысы

 ( сайысқа қатысатын ата- аналар шақырылады.)

2- жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.

                                              1- айналым

        ( Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.

           Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.)

      

         Ананың көңілі балада,

         Баланың көңілі далада.

 

        Ананың сүті- бал,

        Баланың тілі- бал.

 

        Ұлдың ұяты әкеге,

        Қыздың ұяты шешеге.

   

       Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да

       Қарызыңды өтей алмайсың

 

       Көп жасаған білмейді,

       Көпті көрген біледі.

 

       Әдепті бала- арлы бала,

       Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

       Қарт кісіні қадірле,

       Өзің де қарт боларсың.

 

       Ата көрген оқ жонар,

       Ана көрген тон пішер

 

       Туған жердің қадірін

       Шетте жүрсең білерсің.

 

      Қына тасқа бітеді,

      Білім басқа бітеді.

 

      Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

      Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 

      Сөздің көркі- мақал,

      Жүздің көркі- сақал.

 

1- жүргізуші: Екі ойыншы қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады. Екі ойыншы өзара сайысады. Бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақал айтады.

( 1- айналым жеңімпазы анықталып, 2- айналымға қатысады.)

Көрермендермен ойын ( айтыс)

Ұлдар мен қыздар болып екі топ құрып мақал айтысады. Жүргізуші бір мақал айтып бастайды, қай топ жалғастырса сол топ айтысуды бастайды.

                    

    Білекті бірді жығар,

                  Білімді мыңды жығар.

 

Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кең.

 

Күш білімде, білім кітапта.

 

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 

                                            2- айналым

2- жүргізуші: Жұмбақ шешу сайысы. Ендеше  ортаға бүгінгі сайыстың 2- айналымына қатысатын жұмбақшыларды шақырайық.

  ( Жұмбақшылармен таныстыру. Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады.)

1- жүргізуші: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырмада жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады. 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады. Жеңімпаз 3- айналымға өтеді.

  

  Жаурағанды күлдірер,

    Өз еркіне жіберсең,

    Дүниені   бүлдірер.   ( От)

 

   Аласа ғана бойы бар,

   Айналдырып киген тоны бар.  (қой)

 

   Асқар тауда

                  Қалың орман,

   Оны кейде

   Шөптей орған.     ( Шаш)

 

                  Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

   Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.     ( Сыпыртқы)

 

                  Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,

   Бұл үйден көреген болып шығасың.    ( Мектеп)

 

Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады.      ( Кітап)

        

Қалпақты шымырды

Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды

Дәйім дайын тұрады.    ( Балға)

 

Көше бойлап аяңдайды,

 Адам тасып аялдайды.    ( Автобус)

 

Әжем уыстап сығып

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмі,

Кім бар жеп көрген?       ( Құрт)

 

1- жүргізуші: 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап кеген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады.

2 айналым жеңімпазы анықталып, 3 айналымға қатысады. ( Көрермендермен ойын)

 

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.      ( Бидай)

        

Күмбір- күмбір күйі бар

Құлағыңа түйіп ал.          ( Домбыра)

 

Маған да, саған да

Жақын туыс- бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне кім атын?              ( Ата, ана, апа, аға, іні)

 

1- жүргізуші: 3- айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.

 

Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылытып,

Үйді- үйге барамын.     (Көмір)

 

Еңбексіз өмір- сөнген көмір.

 

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң- шешен,

Ақылы асқан көсем.          ( Кітап)

 

Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

 

Садақшы мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүзгенде көлдің сәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі.                ( Аққу)

 

Аққуды атуға болмайды,

 Достықты сатуға болмайды.

 

Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі.

Шүпілдей- ақ тұрса да

Көрінеді түбі.                   ( Құдық)

 

Оқу- инемен құдық қазғандай.

 

1- жүргізуші: Соңғы айналымға жеңімпаз шығады. Абайдың қарасөзінен үзінді оқылады. Нешінші қара сөзінен үзінді оқылғанын айту керек.

 

Қорытынды.

               Оң қанатым- әкем,

   Сол қанатым- анашым.

               Қос қанатың болғанда

Табар өмір жарасым.

Қарап тұрып шекені

Шымшылады сан күдік.

Қанатымның екеуі

Сау болса екен мәңгілік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жігіт сұлтаны »
Мақсаттары: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру.
 
Аналар күніне орай 3-сынып ұл балалар арасында сайыс өткізіп,сезімін ояту, дарындылығын дамыту.
 
Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап онан әріқарай жалғастырып тәрбиелеу.
 
Көрнекілігі : Суреттер,шар,гүл,көгершін,қанатты сөздер,төсбелгілер.
 
Тәрбие сағатының барысы
 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 
ІІ.Кіріспе сөз.
 
ІІІ. Сайыстың барысы (Сайыс-байқау)
1. Таныстыру
2. Үй тапсырмасы
3. Ата-аналар сайысы 3 слайд
4. Ой толғау
5. Өнер сайысы
6. Спорт сайысы
ІҮ.Қорытындылау кезеңі.
І.кезең:Ұйымдастыру:Оқушылар мен ата-аналарға амандасу. Орын орындарына отырғызу.
ІІ кезең: Кіріспе.
Құрметті ата-аналар сіздерді 8 наузыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.Бүгін біздің жігіттеріміз өз бақтарын сынауға сайысқа түскелі отыр.Сайыста 6 кезең бойынша сыналатын болады.
 
Сайыс қорытындысында нағыз «Жігіт сұлтаны - 2012»номинациясына лайықты ұлдарымызды және ата-аналарымызға « Шебер отбасы »номинациясын әділқазы алқалары анықтайды.Әділқазылар алқасы:
1 сынып.
2 сынып
Мектеп әкімшілігінен:
.
ІІІ.кезең: Жүру барысы.
1-бастаушы: Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныбының «Жігіт сұлтаны» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!
 
1-жүргізуші: Уа,халайық,халайық.
 
Мұнда назар салайық
 
Ата-жолын жалғайық
 
Ел дәстүрін қолдайық.
 
Ұлдар шықсын ортаға
 
Бүгін сұлтан атанбақ.
 
2-бала Береке де осында,
Мереке де осында.
Болыпжатыр той-думан
Қырандардыңқосында.
Ән: 1. Туған жер (5 слайд)
1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
 
1-сайыскер – __Асқарұлы Дүсіпхан Әлішер
2-сайыскер - __Жарылқасынұлы Бауыржан
3-сайыскер –Ержанұлы Рақымжанов Айдос
4-сайыскер- _________________Кандалинов Диас 6 слайд
5-сайыскер- ___Азаматұлы Ізбасаров Әнуар
6-сайыскер-___Құндызбекұлы Пушанов Ислам
7-сайыскер- ____Әсетұлы Ерасыл
8-сайыскер- Айтқазы Жаннұр
3- бала : Ақыл-көркі бойларында жетеді,
 
Әлі талай сынақтардан өтеді.
 
Мына отырған баршаңызды өзімен
 
Тез арада таныстырып өтеді.
 
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.
1.Таныстыру кезеңі:(7-8-9 слайд)
Ән: 2. Ертегілер
 
4-бала. Жылда-жылдар тарихтың мол беттері,
 
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі,
 
Көңілді шат сезімге баурайды.
 
Халқымыздың өткені мен ертеңі, дей отырып 3-кезең Үй тапсырмасына кезек беріледі..
Мұғалім:Үй тапсырмасына отбасылық буклет берілген екен олай болса қорғап шығайық.
2.Үй тапсырма кезеңі: (10 слайд)
Мұғалім: кезекте әсем әнмен тәтті күй құлақтан кіріп бойды алар
Ән:_3.Саржайлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-жүргізуші: Әдемі әннен кейін ата-аналарымызда құр отырмасын олай болса,ата-аналар кезегі.
3.Ата –аналар сайысы:1.Түрлі түсті қағаздан кол өнерін көрсету.Шеберліліктерін таныту.
Би: Қыздар тобы. (1 слайд)
2.. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып,
мақал құрастыр.
Жақсы ата орман, жақсы бала қорған
5- бала Ей жігіттер!
Сендергеартарміндеткөп.
Көтербиікатасалтынқұрметтеп
Ақтайбілсеңата-баба үмітін
Әрбірсөзі – тәлімі мол бірмектеп.
1-жүргізуші: Келесі
 
4. Ой толғау кезеңі: Ұлдарымыз таңдаған суреттері бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зеңгі баба
2. Аттың ер-тұмандарынанелержатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
.3. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан
4.Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық,
 
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар
5.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
 
ІІ. Сиыр - бұзау
 
ІІІ. Қой – қозы
ІҮ. Ешкі – лақ
6. Жыртқыш құстардың атын ата.
 
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
7. . Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
8. Қазақша аптадарды ата.
Дүйсенбі бейсенбі
Сейсенбі Жұма
Сәрсенбі Сенбі
Мұғалім: Жақсы бірінші тапсырмамыз орындалды енді аналарымыздың жауаптарын тыңдайық.
6 -бала. Асқақтаған ән дайын,
 
Күмбірлеген күй дайын.
 
Ал,қанеки, қырандар
 
Босқа қарап тұрмаңдар
 
9-бала. Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
 
Келді кезек тапқырлықты танытар
 
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
 
Жүлдесенде,қуанаберкүлімде – деп
Келдікезектапқырлықтытанытар.
 
(13 слайд) Әртүрлі сұрақтар
Ән: 4._Айналайын
5. Өнер сайысы: (15,16,17 слайд)
7-бала. : Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай. 18 слайд
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
6. Спорт сайысы: 1. Білеккүшінсынау.
Мұғалім: Шаршағанымызды әуезді әнмен басып алайық.
Ән:_Ана туралы жыр Хор (19 слайд)
(Ұлдар мен қыздар аналарына сыйлықтарын табыстайды.Содан кейін қыздарға сыйлықтарын береді)
10-бала. : Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды.
Домбыра:_Күй
(4 ұл әділқазыларға сыйлық табыстайды.)
(Әділқазылар бағасын шығаруға уақыт беріледі.)
Ата-аналардың баласына деген жақсы тілектері:______________________
Балаларының ата-анасына айтар лебізі._______________Слайд
Әділқазы алқасына сөз кезегі._______________________________
ІҮ.кезең. Қорытынды.
)
Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
 
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жігіт сұлтаны» сайысы
1 - жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.
2 - жүргізуші Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1 - жүргізуші Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.
2 - жүргізуші Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған
бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.
Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.
1 - жүргізуші «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,
сөздерді ойға тоқу керек.
Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру
Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:
1. Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз

4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?

Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.
1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс»
Кір тасын көтеру, қол күрестіру

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жігіт сұлтаны" тәрбие шарасы .2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" 2-сынып

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы сегіз жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 119 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 2593
    • DOCX 47.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карасаева Румия Тулешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карасаева Румия Тулешовна
    Карасаева Румия Тулешовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29536
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе