Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жыл басына таласқан хайуанаттар

Жыл басына таласқан хайуанаттар

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жыл басына таласқан хайуанаттар


Бұрынғы ерте заманда орман ішінде хайуанаттар жыл басы болуға талсыпты.
Сонда жылқы айтыпты:
Мен алысты жақын қыламын. Адам күшімді көреді, сүтімді ішеді. Қылыма шейін арқан жіп еседі . Адамға меннен басқа пайдалы адам жоқ.Жыл басы мен боламын

Түйе:
- Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы шөп асайтын тамағың үшін құл боласың. Мен сен көтере алмайтын ауырды мен көтеремін. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса жусан ,не кездессе сонымен қоректеріп, табыса су ішіп, табылмаса шөлдеп те жолға жүре беремін. Жыл басы болуға мен ылайықтымын.
Сиыр:
-Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт , май жасайды,етімді жейді. Жыл басы мен боламын.
Қой:
-Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып киіз басады.Жабағымнан киім тігеді,жүнімнен арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт,май алады. Жыл басы мен боламын.
Ит:
-Мен болмасам көбіңді не ұрылар ұрлап, не қасқар жеп құртар еді. Мен сендердің бақташыларыңмын. Дұшпан көрсе үріп, абалап, иеме хабар беремін. Жыл басы болу маған ылайық.
Тауық:
-Мен болмасам адамдар жұмысына ерте бармай ұйықтап қалар еді.Мен таңертең ерте тұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса жатар мезгіл болды деп тағы хабарлаймын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап жиналған көпке былай дейді
Бұл таластан ештеңе өнбейді.Жылды қарап тұрайық та кім бұрын күнді көрсе сол жыл бас
ы болсын.

Тышқанның сөзін бардық хайуанаттар құптайды
Хор.Жылды қарап тұрайық
Ойын-сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп ұғайық
Хайуанаттар бір-бірден ортаға шығып өздерін мақтай бастайды
Түйе. Түйе,түйе,түйемін
Жануармын киелі
Кім таласар бойыма
Жыл асына иемін
Жан-жағыма қараймын
Ай мен күнді санаймын
Мен өзімді даланың
Кербезіне балаймын
Жылқы:

Алысқа шауып барамын
Адамның бабаын табамын
Пайдасы мол жылқымын
Жыл басы мен боламын
Әсем десе әсеммін
Сылаң қағып өсемін
Кең далада көсіліп
Самал желмен есемін
Сиыр.

Мө-мө деп мөңіредім
Мошылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым
Дайын тұр тұрағым
Сүтіммен, етіммен
Адамға ұнадым
Қой:

Бә-бә-бә мен қоймын
Көк шөпке тойдым 
Жыл басы болуға 
Кетіп тұр ойым
Ит:

Абалап үремін
Үй қорып жүремін
Адамның көмекші
Досының бірі едім
Ит болған соң үремін
Сергек өмір сүремін
Жеті қазынаның бірімін
Адамды қорып жүремін.
Тауық:

Қо-қо-қо –қо- қоқ 
Күн әлі неге жоқ
Жұмыртқамды жегейсің
Барша бала тоқ
Құрт-құмырысқа жемтігім
Жоқ ешбір кемтігім
Бәріңде бос мақтанып
Шаршамаңдар ентігіп

Ұлу:

Ұлу деген мықтымын
Жарқын-жарқын шықты үнім 
Ойым озар өзімнен
Ақыл ой бар сөзімде
Барыс:

Ыр-ырр мен барыспын, барыспын
Бәріңе таныспын, таныспын
Айналама мықтымын, мықтымын
Сенімсізбен алыстым,алыстым
Күннің шығуын күте-күте хайуанаттар шаршап ұйықтай бастайды.Сол кезде тышқан түйенің өркешіне шығып күнді бірінші болып көреді.
Тышқан:

Алақай,алақай күн шықты
Алақай, алақай күн шықты
Алақай,алақай
Күн көрдім алақай
Қулығыммен ,ақылмен
Бәрін жеңдім алақай
Осылай түйе бойына сеніп жыл басы болудан құр қалыпты










Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДВ-526080
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх