Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Жыл мезгілдері" сабақ жоспары

"Жыл мезгілдері" сабақ жоспары

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы :Біздің елбасымыз

Сабақ мақсаты:

Елбасымыздың өмірі, еңбегі, Қазақстан халқы үшін атқарған қызметі туралы қысқаша мағлұматтар беру . Бірінші желтоқсан Президент күні мерекесінің маңызы. Отанын сүйе білуге ,елін жерін сүюге ,ұлттық патриотизмге тәбиелеу. Елбасының еңбегін түсініп ,құрметтеуге әсер ету.

Көрнекіліктер: суреттер, дидактикалық материалдар, кітаптар, Видео –роликтер, слайдттар.

Сабақ түрі: Саяхат сабағы «Президент патшалығына саяхат»

Сабақ барысы : 1 Ұйымдастыру сәті. Шаттық шеңбері.

Сәлем берем Алтын күн !

Сәлем берем Қазақстан !

Сәлем берем Жер ана!

Сәлем берем Астана !


Сабақ барысы : Балалар Отанымыздың орталығы қай қала?

-Біз қай Республикадк тұрамыз?

-Ел басшымыз кім?

-Бірінші желтоқсан қандай күн ?

-Ендеше бүгін Президент күні мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз « Біздің елбасымыз» деп аталыды . Бүгін президент патшалығына саяхатқа барамыз..

Елбасымыздың өмірімен танысамыз. Атқарған істерімен танысамыз.

Тақпақ айтып ,ойын ойнап ,тапсырмалар орындаймыз. Сабаққа жақсы қатысқан балалар «Бәйтерек» монументіне шығады.


2. Сабақ барысы.

-«Презиндент патшалығына» саяхатқа қандай көлікпен баралық ?

-Поездбен барғымыз келеді.

-Саяхатқа шығу үшін алдымен Президент ата-ң халқы ,елі үшін атқарған үлкен істерімен танысалық. «Ой шақыру». Суретері қойылады .

Елбасы – қазақ ғарышкері туралы суреті ,

Елбасы – ата заң туралы суреті ,

Елбасы – көп ұлтты ел татулығы туралы сурет,

Елбасы – Наз-в кітап-ы туралы сурет,

Елбасы – рәміздер туралы сурет,

Елбасы –төл ұлттық теңге туралы сурет,

Елбасы – Астана туралы сурет,

Елбасы – қазақ мектеп туралы сурет,

Елбасы - тіл тұр заң суреті,

1991ж Президент болып сайланды . Содан бері көптеген істер атқарды.

3. 1тапсырма .

-Поездға отыру үшін Жолбасшы ағаның тапсырмаларын орындауымыз керек.Сендерге дайындаған ойыны бар.

Ойын: «Ұйқасын тап»

Ақ, ақ - бақытты ел қазақ

Теп,теп- біз оқитын мектеп.


Кер, кер – зымыранмен ұшады ғарышкер

На, на – өсе бер Астана

Тан, тан - жаса , жайна Қазақстан.

Зырян—Зубовка станциясынан поезд жүреді.

5 Поездға отырамыз. Хор: гук- пш, гук- пш, гук-пш.

-Балалар поезда бос отырмаймыз, теледидар көреміз, қазіргі поезд ішінде бәрі бар.

Н. Назарбаевтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнен бала кезіндегі өмірін көреміз.

Мұғ; Н. Назарбаев атамыз 1940 жылы туған,оны әжесі бағып,бесікке бөлеп, атын Нұрсұлтан деп қойыпты.

-Фильмде Нұрсұлтан әжесіне не істеуге көмектесті ?

-Тас диірменмен ұн тартты .

-Әкесінен не үйренеді ?

-Жеті атасын жаттап үйренді.

-Ол кім болуды армандады деп ойлайсыңдар? - Ұшқыш болуды армандаған.

5 . Өскемен қаласы аялдамасына тоқтаймыз.

-Ары қарай жүру үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.

Дидактикалық тапсырма «Кім тапқыр». 1. Президент патшалығына қандай машина келеді ?

Шытырман жол

2. Поездың жолын тап.


Поездға отырамыз.

-Поезда Нұрсұлтан атамыздың өмірімен таныса отырайық.

Слайд «Н Назарбаевтың өмірінен ата –анасы, отбасы және Метталлург мамандығымен Теміртау Металлургия комбинатына жұмыс істегені туралы.


5. Семей қаласының аялдамасына тоқтаймыз.Ары қарай жүру үшін тапсырма беріледі.

-Кім президентіміз туралы тақпақтар біледі.


Тоғжан

Елдің қамын ойлайды

Бізге сәлем жолдайды

Президент атамыз

Сол атамның арқасы

Қазақ мектебі ашқаны.

Тамырлан

Нұрсұлтандай елбасын

Үлгі тұтар ұл болам.

Бізге сыйлаған қуаныш

Президентке мың алғыс.

Әлішер

Президент атамыз

Сізден үлгі аламыз

Қабыл болсын әрқашан

Бізге берген батаңыз.



Томирис

Президент атамыз

Сізге бақыт тілейміз.

Аман –есен жүріңіз

Ешқашанда ауырмай

Жүзге жетсін жасыңыз.


Инабат

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді президенттер кезегімен.

«Елбасы –Назарбаев»- егіз ұғым

Жасайды мәңгі бірге өз елімен.


Ерасыл

Елбасымыз жолдайды

Халқы оны қолдайды

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды .


Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Істерін елі қолдайды.


Тәуелсіздікті елге сыйлады

Орындалып арманы

Халқымыз да ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы.


Елбасымыз саған мәңгі Разымыз,

Үлкен –кіші ағайындар бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де әніміз.


Мұғалім: Иә біздің президентіміз өте ақылды, білімді ,көп оқыған ,өнерлі адам екен.

Поездға отырамыз.


Сегіту сәті.

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға ,солға бұрылып Егеменді ел көрдім.


7. Павлодар қаласы аялдамасы.

Ары қарай жүру үшін тапсырма. Ойын «Сиқырлы таяқша» Оқушылар шеңбер бойында тұрады . Сиқырлы таяқ кімнің қолына тиеді сол бала президенттің істеген істері, ол қандай адам екендігі жайлы білетінін айтып, таяқшаны



келесі балаға береді.Ойын солай жалғаса береді.

Поезға отырамыз.

8. – Балалар біз Астана қаласына жеттік.

-Президент патшалығы қай қалада деп ойлайсыңдар ?

  • Астана қаласында.

  • Енді біз Астана қаласын тамашалаймыз.

Слайд « Астана»

Президенттің Ақорда резиденциясы. Ол кісі осында отырып жұмыс істейді .

Нұрсұлтан ата сіздерді қарсы алып тұр .

Сендерге қандай ақыл айтып тұр деп ойлайсыңдар ?

  • Отанды сүюге,

  • Қазақстанның табиғатын қорғауға ,

  • Сапалы білім алуға,

  • Әр ұлт адамдары тату болуға,

  • Үлкенді сыйлауға шақырады.

Президент атаның айтқанын орындап , жақсы оқып, ақылды болыңдар.


9. Ойын « Бәйтерек»

-Мұнда Нұрсұлтан атамыздың қол таңбасы бейнеленген тас бар. Оны « тілек орны» дейді. Оның үстіне қолыңды қойсаң музыка ойнайды.Бүгінгі сендердің сабаққа жақсы қатысқандарың Нұрсұлтан атамызға ұнады. Сендерді Бәйтерек манументіне шығуға шақырады.

Бәйтерекке шығып атамыздың қолы бейнеленген тасты басып, жақсы тілек, армандарыңды ойлаңдар.


10. Мадақтау, Сабақты қорытындылау.

- Бүгін не үйрендіңдер?

-Не ұнады ?

Жылулық шеңбері.

Қолымызды ұстайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-сәләмат болайық !






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров353
Номер материала ДВ-329679
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх