Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілі. Күз.
Мақсаты: Оқушыларға күз туралы мағлұмат
бере отырып, өз ойларын еркін айтуға жетелеу және оқушыларға оқулық
материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру.
Түзете-дамыту: Сөйлеу тілін, зейінің,
есте сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялай да,
қорғай білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар,
ағаштың бұтағы,гүлдер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөп-мөлдір, таза көңілмен.
Сабағымызды бастайық.
II. Негізгі бөлім.
Балаларды сабаққа дайындау.
-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- Жылдың төрт мезгілі бар.
- Ендеше, жылдың төрт мезгілін ретімен
атап беріңдерші?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Жеміс-жидек, көкөністер пісетін, құстар
жылы жаққа ұшып кететін мезгіл жылдың қай мезгіліне жатады?
-Күзге.
- Ендеше күзде қандай табиғат құбылыстары
болады?
- Күзде күн қысқарады, күн суытады, жаңбыр
жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Ендеше күз айларын атап беріңдер.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Жаңа сабақ: Жыл мезгілі - Күз.
Видеоролик көрсету “Тасбақа”
Дәптермен жұмыс: 2 сынып Сөздік диктант
(қазақ тіліне тән дыбыстарды есте сақтау) Қыркүйек, қазан, қараша, жаңбыр,
көкөніс.
4
сынып “ Күз туралы” эссе жазу.
Математикалық тапсырмалар: қосу, азайту
және көбейтуді есептеуге дағдыландыру.
Бекмуханбет А Мақашова
Қ Тұяқова Г Мақсотов Е
6+3=9 8+3+4=15 17-1=16 10+1=11
17-1=16 10+1=11 36*9=324 46+54=100
9+7=16 3+9+3=15 20-1=19 13+1=14
20-1=19 13+1=14 70*8=360 18+62=80
5+8=13 8+7+3=18 18-1=17 11+3=14
18-1=17 11+3=14 53*6=318 86+38=124
Бақталиева
А Қазбеков Б
9+11=20 20-10=10
(258+642):3=300
12+6=18 18-6=12
(185+815):5=200
6+7=13 15-6=9
(900+540):9=160
Сергіту сәті: Аспанды бұлт торлайды,
Жаңбыр жауды
себелеп.
Кішкене бұтақ
астында,
Тығыла қалды
көбелек.
Бекіту: Дәптерге жапырақ бастырып, оны
сәйкес түспен бояту.
Қорытынды: Бүгін не туралы айттық?
Сабақ сіздерге
ұнады ма?
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.