Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Жыл оқушысы 2015" байқауының сценарийі

"Жыл оқушысы 2015" байқауының сценарийі

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жыл оқушысы- 2015»

Мақсаты: оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. 
Сайыстың міндеті: 
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, суреттер.

Сайыстың кезеңдері:

  1. «Өзін- өзі таныстыру»

  2. «Білімді мыңды жығар»

  3. «Мен Қазақстанның жарқын болашағымын»

  4. Жанкүйерлер сайысы

  5. «Өнерлі өрге жүзер»

Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті оқушылар, ұстаздар және ата аналар! Бүгінгі мектепішілік «Жыл оқушысы 2015» сайысына қош келіпсіздер! Бұл сайыста мектебіміздің ең үздік, ең озат оқушылары өз бақтарын сынамақ.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

(музыка ойнап тұрады)

  1. Еренғайып Ерназар

  2. Шакенова Алина

  3. Бекболат Ахниет

  4. Амангелді Бахтияр

  5. Авсалем Ислам

  6. Аубакиров Наурызбай

  7. Вставаев Диас

  8. Кожина Жайнар

  9. Амангелді Назарбай

  10. Есболат Наргиз

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын

Әділқазы, аққазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем, 
Жүйрік озар сайыстарда неше бір, 
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл. 

демекші, енді қазылар алқасымен таныстырып өтейік.


Мектеп директоры - Ергалиева Маркабия Кагобатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Нурсеркина Роза Оразбековна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Таңатқан Жұлдыз Шегенбайқызы

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы - Курмангалиева Жибек Tаласбаевна

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы - Жуматаева Зура Бекбулатовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдрахманова Галиябану Тилегеновна

Және ата- аналар комитетінің мүшелері:




 Сайысымызды ашу құрметі мектебіміздің директоры Ергалиева Маркабия Кагобатовнаға беріледі.

Жүргізуші: Сайыскерлерге нөмірленген жетондар таңдап алады. Сол жетон санына байланысты өз өнерлерін ортаға салады.

Ой сананы арттыру, 
Бүгінгі күн талабы. 
Біле білсен бұл дәуір 
Дарындылар заманы,

- дей отырып, біліктілік, тапқырлық, ақыл-парасат, өнер, ұшқыр ой сайысында күш сынасуға келген сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыруына кезек берейік. Әр сайыскерге ең жоғары 10 ұпай беріледі.

(сайыскерлер өздерін таныстырады, презентация, өлең жолдарымен)

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.

Келесі кезекті «Білімді мыңды жығар» сайысына береміз. Бұл сайыста оқушылар өздері тақырып пен ұяшығын таңдайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе ғана сол ұяшықтағы ұпайды иелене алады. Сұраққа жауап бере алмасы қарсылартар дегенен кейін ғана бірінші қол көтерген сайыскер жауап бере алады. Ұпай соған беріледі. Бұл сайыстан кейін ең төмен ұпай алған 3 сайыскермен қош айтысамыз. Сайыскерлер сұрақтарды нөмір ретімен таңдайды.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

-дей отырып, ең аз ұпай жинаған сайыскерлерді атап шықса дейміз.
Жүргізуші: Ал, сіздерге балалар 
Ақыл ойды саралар. 
Жауапты сәт туды енді 
Жеңіп шығар даралар,-деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде әрбір сайыскер «Мен Қазақстанның жарқын болашағымын » тақырыбында өз шешендік өнерлерін көрсетеді. Ең жоғары ұпай 10.

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына,

дей келе сайыскерлерге келесі «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінін ережесімен таныстырып, өтейін. Бұл кезеңде өздерің алдын ала дайындаған өнерлеріңді ортаға саласыңдар. 1 сайыскер бірнеше өнер көрсете алады. Бірінше кезекте ән айтса, келесі де мәнерлеп оқуға, билеуге болады. Әділ қазылар әр өнерге 10 ұпайдан береді.

Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

деп, жанкүйерлер сайысын бастаймыз. Сайыскерлердің жанкүйерлері өз өнерлерін көрсете алады. Бірақ қай сайыскерді қолдауға келгенін айтуы керек, содан соң ғана оның ұпайы сол сайыскерге қосылады. Бұл кезеңде де ең жоғары ұпай 10 ұпай.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін әділ қазыларға береміз.(сайыстың қорытындысы, мараппаттау.)

Жүргізуші: Түсті бүгін бұл жарысқа балқұрақ 
Жақсы оқу, терең білім – шамшырақ 
Бәріңізге шаттық, шабыт тілейміз 
Бүгінгіден ертең болсын жақсырақ.

- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. 



Қосымша сұрақтар:

  1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12 тордан құстар ұша алмайды)

  2. Етістіктің сұрақтарын ата. (Не істеді? Қайтті?)

  3. Жұмбақты шеш: Елқорғайтын ерліке

Әуенімен шақырған.

Батылдыққа, елдікке

Әуенімен шақырған.(дабыл)


  1. Мақалды толықтыр және оны үш тілде айт.

Отан елдің...., Ел ердің .... (анасы- mother- мама)

  1. Мақалды толықтыр және оны үш тілде айт.

Отан – оттан да.... (ыстық, горячий, hot)

  1. Сіз доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді? (көкке)

  2. Қазақстан Республикасының Әнұранының авторларын ата.

  3. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)

  4. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

  5. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-287315
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>