Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / "Жылдамдық. Жылдамдықтың бірліктері". Ашық сабақ.

"Жылдамдық. Жылдамдықтың бірліктері". Ашық сабақ.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы:
§17. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.
§ 18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

 Физика пәнінің мұғалімі

Г.И. Есенова

 Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс  ұғымдарын  айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.    Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.
Тәрбиелілік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс.

Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар:

Электрондық оқулық,презентация, карточкалар, тірек бетшелері, суреттер(жердің күнді айнала қозғалуы, жүрек, коньки тебушілер т.б) кубик, сөзжұмбақ, поездің макеті, сағат  т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Сабақты пысықтау
V. Сабақты қорыту, бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру

 

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3.Сабаққа көңілін аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Еске түсіру стратегиясы.

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?

2. Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалады? (сурет бойынша)

3. Қозғалыс траекториясы деген не?

4. Дененің жүрген жолы деп нені айтады? Жол бірліктеріне не алынады?

5. Орын ауыстыру деп нені атайды?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Интерактивті тақта арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты өздері оқып тыңдап түсінуіне жағдай туғызу.

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар-Алуан түрлі қозғалыстардың арасында дененің кез келген тең уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.

Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

Мысалы, поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей уақыт аралықтарында естіледі. Сондай-ақ терезеден қарағанда километрлік (немесе телеграфтық) бағандар да бірдей уакыт аралықтарында тұсымыздан өтіп, артта қалып жатады. Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен спортшы жүгіру аралығының орта тұсында бірқалыпты козғала алады. Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады.

Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі. Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын кысқарак жол жүреді. Автомобиль мен конькиші де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапкы кезі мен соңында тең уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады. Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.

Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бакылайык. Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның козғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уакыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара кашықтықтары бірдей емес. Демек, Бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес козғалады. Осы козғалыстардың салыстырмалы көрінісі.

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уакыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әр түрлі уакыт жұмсайды. Мысалы, екі аялдаманың немесе екі телеграф бағанының арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уакыт жібереді; жаяу адам 1 минутта 100 метрдей жол жүрсе, жасанды Жер серігі дәл осы уакыт ішінде 500 км аралықты ұшып өтеді, ал радио-дабыл немесе жарық дабылы осындай Уақыт та 18 млн км қашықтыққа жетеді. Бұл жағдайда біз автомобиль жаяу адамға қарағанда, радиодабыл жасанды Жер серігіне қарағанда тезірек қозғалады дейміз. Әр түрлі козғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің козғалысындағы айырмашылық – олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен болады. Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек

 

ІV. Сабақты пысықтау

1 Үйден шыққан оқушы мектепке  дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.

2Автомашина 200 метр жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.

3Велосипедші стадионды айнала 20м/с жылдамдықпен қозғалды. 1 сағат ішінде велосипедші қанша жол жүреді?

 

Қазақтың әдет – ғұрпына байланысты

4Шабандоз жылдамдығы 30 м/с болса, онда ол жылдамдығы

 720 км/сағ қасқырды қуып жете ала ма?

 

Биология пәні бойынша

5Кактус – биіктігі 15 – 20 см  өсімдік. Ол 3 сағат аралығында 1 см – ге өседі. Оның өсу жылдамдығын тап.

 

V. Сабақты қорыту, бағалау
Ой толғаныс стратегиясы

VІ. Үйге тапсырма беру

§17. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.
§ 18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

7 жаттығу (3;4)




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 16.09.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров60
Номер материала ДБ-196714
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх