Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық

библиотека
материалов

hello_html_mdb58b29.gifhello_html_253ac510.gifhello_html_298e664f.gifhello_html_2a8e2eca.gifhello_html_m1768cb0.gifhello_html_404a62d0.gifСабақтың тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1931-1933 жылдары жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіру.

Тәрбиелілік: ұлт қайраткерлері мен үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан адамдардың іс-әрекеті негізінде оқушыларды ұлттық-патриоттық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық: ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық дамуының кенеттен тоқтауы, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себептерін айқындау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, тест, карточкалар, слайд, тірек-сызба.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Қызығушылықты ояту ( Қазақстан индустрияландыру және ауыл шаруа-

шылығын ұжымдастыру жылдарында, интерактивті тақта бойынша оқу-

танымдық фильм көрсету, сұрақ қою).

Жаңа сабақ.

Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырытты. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. Астық дайындау жөніндегі төтенше шараларға бейімделу республикадағы жағдайды қиындатып жіберді. 1931 жылы тамызда Қазкрайком жергілікті партия және кеңес ұйымдарына қөшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жеделдетіп ұжымдастыру мен оларды отырықшы өмір салтына көшіру жөнінде нұсқау берілді. Мұндай ойластырылмаған тұжырым малшы қазақтардың малды жаппай союы мен көшіп кетуіне себеп болды. Мұның бәрі мал басының апатты түрде қысқаруы мен қазақ шаруалары тіршілігінің нашарлауына себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 1931 жылы – 77508 – і, 1932 жылы – 77674 – і, 1933 жылы – 242208 – і отырықшаландырылды.

Отырықшыландыру барысында қүштеп қуып әкелінген ауылдардан мал өсіруге арналған елді мекендер құрылды. Бұл бір орынға жинастырылған малдың жемшөптің жоқтығынан қырыла бастауына себеп болды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 4,5 млн ғана мал қалды.

1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Аман қалған 1,5 млн-дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан,, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды.

Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары.

Ауыл шаруашылығын күштеп

ұжымдастырудың зардаптары








Аштықтан Ауыл шаруашылығының Шаруалар көтеріліс-

2 млн 100 мың қазақ құлдырауы. Жеке шаруаны тері. Халықтың жаппай

қырылды жою. қоныс аударуы.




Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергілікті жердің ерекшеліктері мен дәстүрлері есепке алынбастан, алдын ала ойластырылған дайындықсыз, әкімшіл – әміршіл шаралармен жүргізілді. Ұжымдастыру жөніндегі іс-шаралар ауылдың дәстүрлі тұрмыс түрін талқандауға бағытталды, тарихи қалыптасқан ұлттық көшпелі өмірдің негіздері жойылды.

Қысқа мерзім ішінде жүргізілген күштеп ұжымдастыру шаруалардың жанталасқан қарсылығын туғызды, ел мен кеңес қоғамының одан арғы дамуына мына тұрғыда елеулі зардаптар әкелді:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейі төмендеп, ЖЭС кезеңімен салыстырғанда тұрмыс жағдайлары нашарлады.

2.Азық – түлік проблемасының ушығуымен 1932-1933 жылдары жаппай аштық орын алды. 3.Ауыл шаруашылығынан қаржыны өнеркәсіпке аудару селоның техникалық жағынан артта қалуын қүшейтті және шаруашылық жүргізудің экстенсивтік формаларынан интенсивтік формаға өтуге мүмкіндік бермеді. 4. Мемлекет азық-түлік өндіруді бақылаусыз билеу мүмкіндігін алып, іс жүзінде азық-түлік салғырты қалпына келтірілді. 5.Шаруа меншік иесі ретінде өмір сүруін тоқтатып, жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысына айналды. 6.Экономикалық ынталандыру экономикадан тыс күштеумен алмастырылып, бұл колхоз мүлкін ұрлау мен талан-таражға салуды көбейтті. Осының бәрі қоғамдағы наразылықты арттыра түсті.

Сабақты қорытындылау.

«Халқымыз әріп танып, сауат ашты,

Ел ішінде колхоз құрып ұжымдасты.

Шаруалардың мал-мүлкі тәркіленіп,

Асырасілтеушілік жүріп жатты.

Ашаршылық, қайыршылық елді жайлап,

Үміті өшіп, шетелге халқым қашты.

Халық басына қара бұлт төндіріп,

Жұт халықты шетінен жұтып жатты.

Қара жер құшағына ала беріп?

Әр жерде төмпешіктер қалып жатты» деген өлең жолдарынан-ақ ауыл шаруашылығын дамытудың сталиндік үлгісі халқымыздың басына жақсы жағынан гөрі орасан зор қасірет әкелгенін сезінуге болады.

Үйге тапсырма. 1931-1933 жылдардағы аштық.

Т Е С Т.


1.Түркиядағы ұлт – азаттық қозғалыс қай жылдары болды?

а) 1916-1925 жж. б) 1914- 191923 жж. в) 1918-1923 жж.


2.Ресей тұтқынында болған түрік солдаттарының саны қанша?

а) 80 мың. б) 60 мың. в) 40 мың.


3.Мұстафа Кемал өмір сүрген жылдар.

а) 1883-1940 жж. б) 1881-1938 жж. в) 1885-1942 жж



4.) Құқық қорғау ұйымдарының жалпытүркиялық конгрестері өтті.

а) 1919 ж. тамыз. б) 1916 ж. сәуір. в) 1918 ж. қараша.


5.Анкара қаласында Ұлы халық жиналысы шақырылып, Түркияның

тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды.

а) 1920 ж. б) 1918 ж. в) 1922 ж.


6.Кеңес – Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қашан

қол қойды?

а) 1923 ж. 14 желтоқсан б) 1921 ж. 16 наурыз в) 1925 ж. 4 қазан


7.Республикалық халықтық партия қашан құрылды?

а) 1920 ж. б) 1925 ж. в) 1923 ж.


8.Түркия Республикасының алғашқы президенті кім?

а) Ф. Нәдір б) М. Кемал в) А. Атаба.


9.Түріктердің жаңа Конституциясы қашан қабылданды?

а) 1924 ж. 20 сәуір. б) 1926 ж. 12 мамыр. в) 1920 ж. 28 қараша.


10.Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды.

а) 1928 ж. б) 1930 ж. в) 1932 ж.


11.Еуропалық киім кию, араб әліпбиінен латын алфавитіне көшу қай

жылы жүргізілді?

а) 1923 ж. б) 1925 ж. в) 1927 ж.


12.Түркия мен Германия арасында достық және өзара жауласпау шартына

қай жылы қол қойды?

а) 1941 ж. 25 маусым. б) 1939 ж. 15 мамыр.

в) 1940 ж. 18 шілде.


Т Е С Т.

1.Ағылшын – Иран шартына қашан қол қойды?

а) 1919 ж. 9 тамыз. б) 1917 ж. 6 шілде в) 1921 ж. 12 сәуір.


2.Гилян Республикасы қашан жарияланды?

а) 1922 ж. 9 мамыр. б) 1918 ж. 7 қазан в) 1920 ж. 5 маусым.


3.Құлдықты жою заңы жарияланған жыл.

а) 1920 ж. б) 1921 ж. в) 1926 ж.


4.Англия мен КСРО «Германияға қарсы соғыста бірігіп әрекет жасау»

туралы шартқа қашан қол қойды?

а) 1941 ж. 12 шілде. б) 1939 ж. 15 маусым. в) 1940 ж. 23 мамыр.


5.Иран Германияға соғыс жарияланған жыл.

а) 1941 ж. 5 қыркүиек б) 1943 ж. 9 қыркүйек. в) 1940 ж. 6 қазан.


6.Нәдір ханды Ауғанстанның патшасы деп жариялаған жыл.

а) 1925 ж. ақпан. б) 1927 ж. сәуір. в) 1929 ж. қазан.


7.Үндістанда ұлт – азаттық қозғалыс қай жылы басталды?

а) 1916 жылы. б) 1918 жылы. в) 1920 жылы.


8.Жұмыс уақыты қанша сағатқа дейін ұзартылды?

а) 14-16 сағ. б) 10-12 сағ. в) 12-14 сағ.


9.Үндістанның Ұлттық Комитетінің шешімімен «Үндістанның тәуелсіздік

күні» қашан жарияланды?

а) 1930 ж. 26 қаңтар. б) 1928 ж. 21 ақпан. в) 1932 ж. 18 желтоқсан.


10.Англия Үндістанды басқару туралы актіні – Британдық Үндістан

конституциясын қай жылы зорлықпен енгізді?

а) 1933 жыл. б) 1935 жыл. в) 1931 жыл.


11.Берлин мен Мәскеу дүниежүзін бөлісу туралы құпия шарт жасасып,

оны Коминтерн өзіне мүше партияларымен бірге қолдаған жыл.

а) 1936 жыл. б) 1939 жыл. в) 1937 жыл.


12.Германия КСРО – ға шабуылды қай жылы жасады?

а) 1941 жылы. б) 1939 жылы. в) 1945 жылы.


13. « Тұз жорығын» бастаған кім?

а) Неру. б) Патель. в) Ганди.

Т Е С Т.

1.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданға аттанған ақындар

мен жазушылар қанша болды?

а) 80 б) 90 в) 100.


2.Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданда қанша концерт қойды?

а) 870. б) 910 в) 790.


3.Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда қанша концерт берілді?

а) 7 мың. б) 10 мың. в) 15 мың.


4.Қазақ композиторлары қанша музыкалық шығармалар жазды?

а) 200. б) 300. в) 500.


5.Қазақтың «Көктем» атты алғашқы балеті қай жылы қойылды?

а) 1940 жылы. б) 1941 жылы. в) 1939 жылы.


6.Соғыс қарсаңында Қызылордада қандай театр ашылды?

а) Комедия театры. б) Корей музыка-драмалық театры.

в) Қуыршақ театры.


7.Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры қай жылы ұйымдастырылды?

а) 1940 жылы. б) 1942 жылы. в) 1944 жылы.


8.Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы қашан ашылды?

а) 1940 жыл. б) 1938 жыл. в) 1936 жыл.


9.Қазақстандық киноматографистердің алғашқы көркем фильмі.

а) «Амангелді». б) «Абай әндері». в) «Екі жауынгер».


10.Алғашқы дыбысты деректі фильм қалай аталады?

а) «Илья Муромец», б) «Жамбыл ата» в) «Амангелді».


11.1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің авторы.

а) С.Мұқанов. б) Ғ.Мүсірепов. в) Ж.Жабаев.


12. «Біржан – Сара» операсының авторы кім?

а) М.Төлебаев. б) М.Әуезов. в) А.Жұбанов.


13.Алматыда Консерватория және Қыздар педагогикалық институты

қай жылы ашылды? а) 1941 ж. б) 1943 ж. в) 1944 ж.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырытты. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. Астық дайындау жөніндегі төтенше шараларға бейімделу республикадағы жағдайды қиындатып жіберді. 1931 жылы тамызда Қазкрайком жергілікті партия және кеңес ұйымдарына қөшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жеделдетіп ұжымдастыру мен оларды отырықшы өмір салтына көшіру жөнінде нұсқау берілді. Мұндай ойластырылмаған тұжырым малшы қазақтардың малды жаппай союы мен көшіп кетуіне себеп болды. Мұның бәрі мал басының апатты түрде қысқаруы мен қазақ шаруалары тіршілігінің нашарлауына себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 1931 жылы – 77508 – і, 1932 жылы – 77674 – і, 1933 жылы – 242208 – і отырықшаландырылды.

Отырықшыландыру барысында қүштеп қуып әкелінген ауылдардан мал өсіруге арналған елді мекендер құрылды. Бұл бір орынға жинастырылған малдың жемшөптің жоқтығынан қырыла бастауына себеп болды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 4,5 млн ғана мал қалды.

1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Аман қалған 1,5 млн-дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан,, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды.


Автор
Дата добавления 20.05.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров2033
Номер материала 289080
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх