Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы (8 сынып)

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы (8 сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_1155afe1.gifhello_html_m604d30bd.gifhello_html_11afe4b4.gifhello_html_11afe4b4.gifhello_html_73234d71.gifУльянов орта жалпы білім беретін мектебі


Бекітемін: Келісемін: Қаралды:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі

_____ Ж.Ш.Нурмухамбетова _____ И.В.Апанасенко ______ Н.А.Розорвина



Ашық сабақ

Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы (тұлға жəне саясаткер),

Кенесары хандығы












Тарих пәнінің мұғалімі: Ахметов.А.Қ









2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы (тұлға жəне саясаткер),

Кенесары хандығы

Сабақтың мақсаты: Туған жердің тарихын, соның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.

  • Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.

  • Оқушыларды бабалары сияқты өз елін қорғауға, Отанын құрметтеуге үйрету.


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Қолданылатын әдістер: Тірек-сызба, кесте, баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Батырлардың суреттері, ҚР картасы, Буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасып,түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


Көтерілістің алғышарттары


Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

Көтерілістің мақсаты:

1. Россияның отарлау саясатына шек қою.

2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.

3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.

4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.



Көтерілістің қозғаушы күштері:

Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған.

Олардың мақсаты:

1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.

2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.

Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.

Көтерілістің барысы:

1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.

1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.

Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.

2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.

3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

Кенесарының қөйған екінші талаптары:

Әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату.

1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.


Патша әкімшілігінің қойған талаптары:

1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.

2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.

3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.

Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).

Кенесарының хандық билігі

1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.

Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.

2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.

3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.

4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.

5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.

Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.

Кенесарының ақырғы жорығы

Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.

5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.

6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.





















ІІІ. Сабақты бекіту сұрақтары:


Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей


  1. Кенесары қашан хан болып сайланды?

Жауабы: 1841 жыл.

  1. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті?

Жауабы: Шекті, табыл, төртқара, байұлына

  1. Отаршылдық қанауға қарсы, қазақтардың күресін кім басқарды?

Жауабы: Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған.

  1. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды?

Жауабы: 1837-1847 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды.

5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата.

Жауабы: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.



II деңгей. “Даталар сөйлейді”

  1. 1897 жылы –

Жауабы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды

  1. 1838 жылы –

Жауабы: Кенесары отрядтары Ақмола бекінісін тұтқиылдан шабұлдады.

  1. 1835, 1842 жылдары –

Жауабы: Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабұлды бастады.

  1. 1843 жылы тамыз айы –

Жауабы: 17 тамыз күні полковник Бизановтың қарұлы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмай, “Ор” бекінісіне қайтып оралды.

  1. 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні –

Жауабы: Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті.











1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Көтерілістің тарихы маңызы



Көтеріліс қамтылған аймақ



Көтерілістің басты қозғаушы күші



Көтерілістің мақсаты



Көтерілістің басталу себептері



































ІV.Қорытынды. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.


V.Бағалау.


VI.Үйге тапсырма беру. «Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау. (Сөзжұмбақ құрастыру).






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров365
Номер материала ДВ-135650
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх