Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.

: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.

Скачать материал

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

·       Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.

·       Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.

·       Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

 Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

 Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.

Сабақтың барысы:

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

          Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.

         II. Үй тапсырмасын тексеру.

         Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

– «Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.

– Әлихан Бөкейханов туралы айт.

– «Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?

– А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?

– «Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?

         Бұдан әрі   оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.

         Соңында  Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

         Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.      Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

         Сабақ жоспары:

         1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.

         2.  Қазақстан индустрияландыру жылдарында,

         3.  Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен  оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.

         Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:

û  Өнеркәсіптегі хал.

û  Ауыл шаруашылығы.

û  Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:

û  Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.

û  Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.

û  Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:

û  Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

û  Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.

û  Күштеп ұжымдастыру.

û  Ұжымдастыру зардабы.

а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.

·        Ұжымдастыру саясатына қарсылық.

         Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.

         Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және   әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.

Оқулықпен жұмыс

          Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған  оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.

         Топқа берілетін тапсырмалар.

         I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.

         Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.

         Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.

         II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.

 

Индустрияландыру

Ұжымдастыру

Уақыты

 

 

Пайдасы

 

 

Зардабы

 

 

Тарихи маңызы

 

 

         Толтырылған кестені  тексеріп шығамын.

         Осыдан кейін   үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.

 1.  Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.

2.  Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б.

Қорытынды кезең:

         Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін   өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.

Бағалау:               Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §48. 1920-1930 жж білім мен  мәдениеттің дамуы.

Сабақтыңмақсаты:

·       Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.

·       Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

·       Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.

 Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).

Сабақтың барысы:

I.                Ұйымдастыру кезеңі.

II.             Үй тапсырмасын тексеру.

          Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

1.  Индустрияландыру дегеніміз не?

2.  Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?

3.  Индустрияландырудың маңызы қандай болды?

4.  Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.

5.  Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?

6.  Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.

7.  Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?

8.  Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.

   Бұдан әрі   оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.

III. Жаңа сабақ.

         Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң,   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

         Сабақты түсіндіру үшін  төмендегідей жоспар құрамын.

1. Сауатсыздықты жою.

2. Халық ағарту ісі.

3. Ғылым мен мәдениет.

4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.

         Алдымен   қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.

         Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.

         Екінші бөлім бойынша да   қыскаша түсінік беріп өтемін.

         Ағарту - білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.

         Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.

Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.

         Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.

& Ғылыми-зерттеу істері.

& Ғалымдар.

& Әдебиеттің дамуы.

& Сталиндік қуғындау.

  Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.

         «Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.

         Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.

          Қорытынды кезең:

         Жалпы қорытынды кезеңінде    сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.

 1.  «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?

2.  Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.

3.  1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.

    Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.

         Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:  48-параграфты оқу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ": § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 1791
    • DOCX 63 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хуаныш Нургуль Хуаныш. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хуаныш Нургуль Хуаныш
    Хуаныш Нургуль Хуаныш
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7711
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 539 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов