Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсындағы "Қоршаған әлем" жобасы

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсындағы "Қоршаған әлем" жобасы

Скачать материал

Жобаны дайындап құрастырған


hello_html_m5b8eb218.jpg

hello_html_66810517.gif


12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелердің туындауы қалыпты жағдай болып табылады.Бұл проблемаларды тек қана педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарының курстары немесе жекелеген республикалық,облыстық, аудандық деңгейдегі семинарларарқылы шешу мүмкіндігі шектеулі екендігі сөзсіз.Сондықтан 12 жылдық білім беру үрдісіне мұғалімдерді әзірлеудің мектеп жағдайындағы тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру нәтижесінде пайда болған «Қоршаған әлем» пәндік жұмыс (жоба) жүйемізді әріптестер назарына ұсынып отырмыз.

Бұл жұмыстар жүйесінің мақсаттары төмендегідей:

  • білім беру үрдісіндегі жаңа мазмұндағы өзгерістерге мұғалімдерді педагогикалық –психологиялық әдістемелік тұрғыда әзірлеу;

  • реформаға байланысты инновациялық ақпараттармен қамтамасыз ету;

Осы мақсаттарға жету үшін жүктелетін міндеттер:

  1. Инновациялық ақпараттар циклін жасақтау және оларды тарату формаларын

нақтылау.

  1. Берілген ақпараттарды өңдеу жұмысына мұғалімдерді тарту арқылы теориялық

білімдерін , практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  1. Жүзеге асырылған іс-әрекеттің барлық түріне рефлексия жасап отыру.


Қоршаған әлем.

«Қоршаған әлем» пәндік стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бірінші деңгейінде жоспарланған білім нәтижесіне бастауыш деңгейдегі « Жаратылыстану» мен «Адам және қоғам» білім беру саласының базалық білім мазмұны негізін де қол жеткізеді. « Қоршаған әлем» пәндік стандартының базалық білім мазмұны бірінші деңгейдегі «Қоршаған әлем» оқу курсы арқылы іске асырылады.

«Қоршаған әлем» оқу пәнінің мақсаты- бірінші деңгей білім алушыларында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білімді, табиғат пен қоғамның өзара тәуелділігі және табиғатты жалпы адамзаттық құндылық ретінде сезіну түсініктерін қалыптастыру.

«Қоршаған әлем» оқу пәнінің міндеті оның оқу пәндері жүйесіндегі рөлімен анықталып, интеграциялық-пропедевтикалық сипатта болады. Оқу нәтижелері одан әрі жаратылыстану мен «Адам және қоғам» циклындағы пәндерді оқуда жүзеге асырылады.

«Қоршаған әлем» пәнін оқыту мынадай міндеттерді көздейді:

  • білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

  • білім алушыларда әлеуметтік ортадағы мінез-құлық нормаларын, технологиялық және табиғи ортадағы өмір қауіпсіздігінің жағымды әлеуметтік нормаларын қалыптастыру;

  • білім алушылардың танымдық үрдістерін дамытуды қамтамасыз ету;

  • білім алушыларға қазіргі қазақстандық қоғамға тән құндылықтар жүйесі мен жалпы қоғамның біртұтастығын жеткізу;

  • оқу пәні арқылы білім алушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи,мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру және патриоттық сезімді тәрбиелеу;

  • білім алушылардың бойында проблеманың шешімін табу құзыреттілігі мен ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру;

«Қоршаған әлем» пәндік стандартының мазмұны қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстары туралы алғашқы түсінік береді. Ол интеграциялық сипатта бола отырып біріктіреді:

  • қоғам мен табиғат құбылыстарын сипаттауға қажетті ұғымдарды;

  • бірінші деңгейде білім алушының жаңа ортаға «мектеп, сынып, қала/ауыл) сәтті енуіне мүмкіндік беретін табиғат, қоғам және адам туралы мағлұматтарды;

  • бірінші деңгейде білім алушының жалпымәдени ақпарат ағымында бағдарлауына мүмкіндік беретінмағлұматтарды;

  • білім алушының бойында бастапқы құзыреттілік үлгілерін қалыптастыруға негізбола алатын табиғат, қоғам және адам туралы мағлұматтарды;

  • бақылау, эксперимент жүргізу және ғылыми-көпшілік мәтіндермен жұмыс жасау алгоритмін жетілдіруге мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді;

  • білім алушылардың бойында бастапқы құзыреттілік үлгілерін қалыптастыруға негіз болатын іс-әрекеттерді;

Оқу пәнінің мазмұны оқу жылдары бойынша бір жағынан модульдік принципке сай құрыла отырып , екінші жағынан концентрлік тұрғыда дамиды. Қоршаған ортаның негізгі белгілері мен қасиеттері туралы таныс білімдер білім алушының нақты өмірлік тәжірибесінің көлеміне сәйкес жаңа мазмұнда беріліп, әлемді біртұтас қабылдауына мүмкіндік береді. Қоршаған әлем компонеттерінің мазмұны төмендегідей модулдер ұсынылады:


hello_html_m29dbe1ee.png

Әрбір модулдің құрылымы «жекеден жалпыға» принципіне бағынады: алдымен білім алушыға әрбір бүтіннің жеке бөлшектерін жан-жақты ашып көрсететін нақты материалдар, сонан соң тақырып мазмұнының тұтастығын айқындайтын жалпы сұрақтар мен түсініктер беріледі. Моделдердің бірізділігі жақынан – алысқа қарай жүру принципіне негізделген. Алғашқы модулінің мазмұны білім алушының әлеуметтік тәжірибесіне сүйенуге бағытталады. Оқытудың негізгі мәні білім алушы тікелей байланысқа түсетін өзіне жаңа ортадағы: сынып, мектеп, мектеп ұжымы, мектепте өзін-өзі ұстау ережесі, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері сияқты құбылыстар мен нысандар болып табылады. «Адам» модулі білім алушыға өзіне енді әлеуметтік нысан емес биологиялық нысан ретінде де қарауына мүмкіндік береді.

hello_html_mbe1d472.gif










hello_html_68160f1c.gif









hello_html_7dae95c7.gif







hello_html_4ad19ead.gifhello_html_133aedc2.gif





















hello_html_70b2e3b9.gif




Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.

Тапсырма №1 hello_html_54aca86b.jpg


Табиғаты қорғау.

Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да қоршаған ортамен, яғни жермен , өзен-көлдермен, ауамен және айналасындағы барлық тірі организмдермен байланысты. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып –білуіміз керек, бұл үшін бізге ғылым көптеп көмектеседі.

Бір кездерде қасқыр,түлкі, кезқұйрық сияқты жыртқыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді. Алайда дәл сол қасқырдың тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға шалдығатын болып шықты. Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерлерде кемірушілердің көбейіп кеткені соншалық –олар миллиондаған сомның астығын індеріне тасып, жеп рәсуа етті. Сөйтіп, пайда табамыз деп зиян шеккен де жағдай болған.

Жыртқыштар мен оларға жем болатын хайуанаттар мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде олардың да,басқалардың да тіршілік етуіне көмектесетін табиғи тепе-теңдік жасалды.

Табиғаттағы осы тепе-теңдікті адамның еш уақытта естен шығармағаны жөн. Мәселен, әр түрлі улы химикаттар жасалады. Егер оны егістік пен бақтарға ұшақпен бүркіп немесе тозаңдандырып шашса, ол жердегі барлық зиянкес насекомдар құриды. Бірақ бұл кезде олардан басқа да пайдалы жәндіктер мен хайуанаттардың қырылуы әбден мүмкін. Өйткені мыңдаған аң мен құс уланған нәрселерді жеу арқылы өздері де уланады ғой.

Егер будақталған түтінен –ауа бүлінсе, былғаныш судан өзендер ластанса, онда одан табиғат қана тақсірет тартып қоймайды, адам да ауырып зардап шегеді. Міне сондықтан да табиғатты қорғау немесе, дәлірек айтқанда, табиғи ортаны қорғау дегеніміз, айналып келгенде адамның өзін қорғау деген сөз.Бұл өзіміздің келешегімізді, бізден кейін де Жер бетінде сақталатын тіршілікті қорғау болып табылады.

Адам баласы Жер шарында жабайы хайуанаттардың толып жатқан түрін құртып жіберді. Осылар, сондай-ақ құрып кету қауіпі төнген басқа да хайуанаттар Халықаралық табиғат қорғау одағының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері жайындағы Қызыл кітабына енгізілген. Олар зор қамқорлыққа алынып, көздің қарашығындай қорғалуда.Сонымен қатар барлық елдерде табиғатты ерекше қорғауға алынған қорықтар ұйымдастырған.

Қорық емес жерде де адам табиғатқа қамқорлық көзбен қарауы керек., азық-түлік пен өнеркәсіп үшін қажетті табиғат байлықтарын, атап айтқанда, топырақ, су, орман-тоғайды, аң мен құс, балық қорларын тиімділікпен пайдалана білуі қажет. Адам тірі табиғат күштерінің бұрынғы қалпына келуіне көмектесуі керек.Ал ол үшін табиғат заңдарын, барлық тірі организм атаулының ерекшеліктерін терең зерттеп-білу қажет.Әрбір адам біздің табиғатпен етене тығыз байланыста екенімізді ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекетіміз үшін әрдайым жауаптымыз.Жер-ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, өздеріңнің және өз ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруіүшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-ананың аялап, көздің қарашығындай қорғауларың қажет.


Моделдік жауап:

Қортынды:

  1. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қорықтар құрылады.

  2. Адам табиғатқа зиян келтірмей өмір сүру керек.

  3. Адам жасыл орманды, көлді, таза ауаны сақтап,жануарларды қорғау үшін ақылды болу керек.

  4. Табиғатқа қамқорлықпен қарау.

  5. Табиғатты қорғау туралы заңның баптарын оқу.

  6. «Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істейді?» деген тақырыпқа пікірталас жүргізу.


Аргументтер:

1.Өз жеріңде Қызыл кітапқа енген жануарларды қамқорлыққа алу.

2.Жердегі тіршілікке адам жауап береді.

Жануарларға зиян келтірушілерге хат жаз.


Қортынды айқындалған 4балл.

Екі аргумет айқындалған 3балл

Ең жоғарғы балл 7балл






Тапсырма №2

  1. Ақпараттық құзыреттілік.

Ақпараттық ізденісті жоспарлау.

Тапсырма.

Өзіңді қоршаған ортаға көз салып бақылаңдар. Төмендегі сұраққа жауап беріңдер:

  • Табиғатпен тілдесу сендерге қалай әсер етеді?

Бұл сұраққа жауап беру үшін не істеу керек.

Ақпаратты бастапқы өңдеу.

Тапсырма.

Оқушының шығармасын оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.Адам туған жерін не үшін сүйетіндігін ойланыңдар.


Менің ауылым.

Менің туған ауылым....Мен үшін оның маңызы қандай десеңші! Мен осы жерде туып-өстім, алаңсыз бақытты балалық шағымды өткіздім.Мен өз атамекенімді бәз қалпында сүйемін.

Біздің ауылда пайдалы қазбалар жоқ, үлкен өнеркәсіп орындары да жоқ, зәулім үйлерде жоқ, оның есесіне көзтартарлық біздің Тобыл өзені бар.Тобыл ғасырлар бойы өмір нәрі,тазалық көзі болып келеді.Түрлі қиындықтар туған кезде ол бізге дем беріп отырады.Жазда бақшамызды суарамыз,ыстықтап кеткенде біз солай қарай жүгіреміз. Қыста суаттанбалақ аулаймыз.

Біздің өзен адамға әрдайым серік болудан жалыққан емес. Біздің өзен жағалауында республикамыздан тыс жерге де танымал адамдар өскен.Орман –ауылымыздың басты байлығы. Халықаралық көрмелерде өз еңбегімен ауылымызды көркейтіп, байытып даңқын шығарған адамдардың есімдері талай рет аталды. Қазір бұл жерде сәулетті мектеп, аурухана, демалыс орындары салынған, сол сияқты керемет саябақ бой көтерді....

«Өзге жердің бәрі жақсы,-

Өз еліңдей қайдан болсын»,-деген екен бабаларымыз. Мен де өскен соң өз Атамекенімнің бай да қуатты болуына бар күш-жігерімді саламын.


*Әңгімеде адамның қандай сезімдері сөз болады?

*Өз атамененің несімен көрікті?

* Атамекенің әсем,қуатты және бай болу үшін не істер едің?


Қосымша ақпараттарды жинастыру.

Өздерің тұратын аймақтағы жан-жануарлар мен құстар туралы мәліметтер жинақтаңдар. Олардың қайсысын «Қызыл кітапқа» енгізу керек деп ойлайсыңдар? Табиғат байлығын қалай сақтауға болады?








Тапсырма №3

«Қалдық пен пайда» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Мәтін авторы тұрмыстық қалдықтармен не істеу керектігі туралы қандай қорытынды жасайды?

  2. Автор қандай аргументтердің көмегімен өз жауабын негіздейді?

Қорытынды:----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Аргументтер:


1.-----------------------------------------------------------------------------------------------------2.-----------------------------------------------------------------------------------------------------


Қалдық пен пайда.

Адамның өмір сүруі іс-әрекетінің қалдықтары оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ал сіз сол қалдықтармен оларды қайта өңдеу туралы не білесіз? Ең алдымен қалдықтар бөлінеді: қатты, сұйық және газ тәрізді болып. Ғылыми тұрғыдан айтқанда, бұл- олардың агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктелуі. Ал шығу тегіне қарай қалдықтар тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып бөлінеді.

Таңқаларлық жайт, адамдар үшін қатты тұрмыстық қалдықтар көп зиян келтіреді екен.

Қалдықпен не жасауға болады? Сіз қалада қалдық жинайтын көліктердің күнделікті қалдықтарды үйлердің қасындағы контейнерде жинап алып, әдетте қаланың сыртында арнайы белгіленген жерде орналасқан қалдық үйіндісіне апарады.Тұрмыстық қалдықтар- әдетте әртүрлі қалдықтардан жинақталған қоспа. Оның құрамында қайта өңдеуге келетін құнды металдар , шыны контейнерлер, сонымен қатар топырақты тыңайтуға асатқажетті макулатура, тамақ қалдықтары болады. Бұдан басқа, тұрмыстық қалдықтардың ішінде адам денсаулығына аса қауіпті заттар да болады.Олар батарейкадағы сынап, сырлардың құрамындағы химикаттар және т.б.Бұлардың барлығы ашық аспан астында жатады!Қоқыс үйінділерінің пайда болуы тек топырақтың емес, сонымен қатар айналадағы жер асты суларының ластануына да алып келеді. Қоқыс үйінділерімен жаңа жерлерді қаншама бүлдіруге болады?

Қоқыс үйінділерін жасағанша, көптеген елдердегі сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттарды салу керек.Мұндай зауыттардың тамақ қалдықтары цехындағы арнайы престердің көмегімен қалдықтарды брикеттерге айналдырып, арзан отын ретінде пайдалануға болады. Қағаз цехы макулатураны сорттап, жинап, қағаз өнеркәсіптеріне жіберіледі.Кейбір қалдықтарды арнайы қондырғыларда өртейді. –бұл жақын жерде орналасқан үйлерді жылту үшін қосымша электронергия мен ыстық бу алуға мүмкіндік береді. Осы өнеркәсіптің барлығы өз иелеріне жақсы пайда әкеледі. Сонымен, пайдалануға жатпайтын қалдықтар арнайы цехтарда престеліп көміледі.

Мұндай зауыт жұмысын қамтамасыз ету үшін, қала тұрғындары қалдықтарды сорттап, әртүрлі контейнерлерге-тамақ қалдықтарына, қағаз, пламтикке және т.б. арналған контейнерлерге салулары қажет. Осылай зауытқа түсетін қалдықтар әр түрлі цехтарға бөлініп, қайта өңделеді. Нәтижесінде қалдықтардан пайда табуға болады.!






Моделдік жауап:


Қортынды: қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы зауыттарда қайта өңдеу керек..

Аргументтер:

  1. Қалдықтардың үйіндісін топырақты / жерді, жер асты суларын ластайды.

  2. Қалдықтарды арнайы зауыттарда қайта өңдеу пайда табуға мүмкіндік береді.


Қорытында айқындалған 3 балл

Екі аргумент айқындалған 4 балл

Бір аргумент айқындалған 2 балл

Ең жоғарғы балл: 7 балл



Тапсырма №4


hello_html_m467e646f.jpgМақтаншақ бұлақ.


Бір күні Торғай, қоңыраулы Сағат, Мысық, Күшік, Арман деген бала және Айна деген бұлақ-бәрі айтысып, таласып қалады.

-Мен шаршамаймын, асыр салып ойнаймын,- деді арман.

- Мен тышқан аулап тыным таппаймын,- деді Мысық.

- Мен сырт-сырт етіп уақытты санаймын да тұрамын,-деді қоңыраулы Сағат.

-Балалардан сұраңдар,-деді Күшік шәу-шәу етіп.-Мен ешқашан ойыннан жалыққан емеспін.

-Ал мен ұша берем, ұша берем,-деді Торғай әрі –бері зу-зу етіп.

Ал Айна деген бұлақ бұлардың ешқайсысына жеңістік бермеді.

-Сендер,-деді ол,- бәрің де мақтаншақсыңдар. Ешқайсысың да маған тең келмейсіңдер. Торғай, әне, шаршап, бұтаққа қонды. Арман түнде ұйықтап қалды. Сағаттың тілдері құлағын бұрамаса , жүрмейді. Мысық пештің түбінде пырылдайды. Күшік үйшігінде демалады. Ал мен күндіз түні бір тыным таппай ағамын да жатамын. Шаршау дегенді білмеймін.

Мысық та, Күшік те, Арман деген бала да бұл сөзден тосылып қалды. Шынында іштеріндегі тыным таппайтын бұлақ екен. Бәрі де одан жеңілді.

Бұлақтың бұл сөзін Қыс естіп қойған еді. «Сен де мақтаншақ екенсің ғой... Көрейін сені!»-деп, ол аспаннан жерге жетіп келді. Қар боратты. Боран соқтырды, аяз тұрғызды. Бұлақ олардың бәрімен де алыса-алыса шаршады. Сөйтіп қатып, ұйықтап қалды. Ұйықтап, демалып келген Арман оның үстіне сырғанақ тепті.




Тапсырма:


Мәтін неліктен «Мақтаншақ бұлақ» деп аталған?


Мәтінде қандай жағымсыз қылықтар әңгімеленген?


Қосымша ақпараттарды жинау.


Жағымсыз қылықтардың адамның өміріне, білім алуына тигізетін кеселі.


Мәтіндегі қорытынды ой қандай?


Өзіңнің көз –қарасың, қортынды сөзің.





Тапсырма №5 hello_html_71362f18.jpg

  1. Көкөністер туралы ертегіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз?

  2. Сен тұратын жерде бақша бар ма?

  3. Бақшаларда қандай көкөністер өсіріледі?

  4. Сен тұратын жерде қандай көкөністер өсірілетінін біл.

  5. Қорытынды.---------------------------------------------------

Аргументтер 1.

2.

3.


Көкөністер туралы ертегі


Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр-ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтің,барлық көкөністерді

кекетіп-мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ -маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шынында да жаңбыр жауған кезде қызынақ: «Көрдіндер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сұлулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққауданды қырыққабат- кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу-ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті»- деп, баршаға айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса- қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз - жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендігін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер өзара сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойласыңдар, осындай мінез-құлықтар адамдар өмірде кездесе ме?



Қызанақ- қызыл түсті жеміс. Ол Еуропаға алғаш рет Перуден жеткізілген. Көкөністің бұл түрі табиғатта қызыл, сары түсті болып келеді.Қызанақтар көкөніс болып саналғанымен жидектерге жатады.


Сәбіз-қызғылт сарғыш түст, тәтті дәмді, бір жылдық бақша өсімдігі. Оны алғашында тек қана дәрі ретінде қолданды, адамдар кейінірек оның дәмін байқағаннан кейін тағамдарға қоса бастады.


Картоп- алқа тұқымдас бақша өсімдігі, көкеніс. Еуропаға Оңтүстік Америкадан келген. Трюфель атты саңырауқұлаққа түрі ұқсағандықтан, оған Италиядан «тартуфель» деген ат берілді.


Пияз- тағам дәмін кіргізетін аса пайдалы бақша дақылы. Египеттіктер оны өте тәтті зат ретінде санап, мереке күндері ғана қолданған. Пияз қалдықтары тіпті египеттік перғауындардың табыттарынан да табылған.Жер жүзінде пияздың 400 –ден астам түрі кездеседі. Қазақстанда жабайы пияздың 108-дей түрі бар.




Тапсырма №7

«Оқтан қорғайтын тұмар» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз?

  1. Мәтінде тұмар деген не, оны қай кезде тағады?

  2. Ертедегі әскерлер не себепті жуа мен сарымсақты пайдаланған ?

Қортынды:

Аргументтер:

1.

2.


Оқтан қорғайтын тұмар


Ертеде әскерлер оқтан қорғану үшін темір сауыт, дулыға киген, қалқан ұстанған.

Бұлардың мықтылығына сенбей, әскерлердің көбі кеуделеріне тұмар таққан.

Тұмардың оқтан, қылыштан сақтайтын күші бар деп есептеген. Тұмар есебінде көбінесе өзіміз білетін жабайы жуаның жуашығын не сарымсақ пайдаланған. Жұмсақ нәзік жапырақтарды қорғап тұрған жуаның қабығы адам жанын да талай қиындықтан қорғауға тиіс деп ойлаған.

Ертегі Римде жуа мен сарымсақты әскерлерінің тамағына қосып берген. Оларды жесе әскерлердің күші артып, ерлігі молаяды деп ойлаған.

Жуа жесен, көңілді болудың орнына жылайсың деп, көпке дейін мерекелерде жуа жеуге тыйым да салынған.

Ертеден-ақ сарымсақ дәрі есебінде қолданылған. Дәрі-дәрмек жайында жазылған кітаптарда сарымсақ көптеген ауруларды емдейтін дәрі есебінде көрсетіледі.


Моделдік жауап :тұмарды адамдар ауырғанда немесе тіл-көзден сақтау үшін адамдар тағады,сарымсақ пен жуаның емдік қасиеті бар.

Аргументтер:

  1. Тұмар тіл-көзден сақтайды,үшбұрыш болып келеді, үй жануарларына бойтұмар ретінде тағылады.

  2. Сарымсақ пен жуаның емдік қасиеті тұмауды таратушы вирусын жойады.


Тапсырма №6

hello_html_5f851eb3.jpg


Көкөністер дауы


Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы!

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер. Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Бұршақ (Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріне!


Тәрбиеші.(Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті.)

Қызылша. Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

Қырыққабат. Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

Қияр. Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

Шалқан. Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз. Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Қызанақ. Піскен кезде қызанақ:

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген ?

Пияз: Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Картоп: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар!

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөнітер: (барлығы)

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа білідер,

Оларды жақсы көріңдер! КӘДІШ- қабачок.

Моделдік жауап.

Қорытынды: адам бойында кездесетін жағымсыз мақтаншақтық, көреалмаушылық қасиеттерден аулақ болуды насихаттайды.

Аргументтер:

  1. Ертегілер белгілі бір кейіпкерлер арасындағы оқиғаға құрылған.

  2. Ертегілерде өсиет сөз, үгіт-насихат айтылады.

  3. Ертегілерде жағымды және жағымсыз мінез құлықтар кездеседі

Ақпаратты бастапқы өңдеу

Тапсырма

Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез-құлықты адамдар өмірде кездесе ме?

Қортынды айқындалған 4 балл

Екі аргумент айқындалған 4 балл

Бір аргумент айқындалған 3 балл\

Ең жоғарғы балл 7 балл


Ақпаратты салыстыру.

Тапсырма.

Құмырсқа мен араның тіршілігін бақыла. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы

туралы не білетініңді жаз.


hello_html_m134d2e62.jpghello_html_2e0e8bef.jpg



hello_html_592858.jpg

Тапсырма.

Кестеге құмырсқа мен араның ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.

Құмырсқа

Ара



Моделдік жауап.

Құмырсқа

Ара.

1.Бунақ денелі –жәндік

2.Құмырсқалар отбасы болып өмір сүреді.

3. Құмырсқалар илеуде, ағаш діңдерінде, жер астында, гүл сабақтарында тіршілік етеді.

4.Көшпелі құмырсқалар да тұрақты баспана болмайды,олар үнемі көшіп жүреді.(тропиктік) (ұрғашы «ханым» құмырсқаны оратаға алып жүреді)

5.Әрбір отбасында аналық құмырсқа, жұмысшы құмырсқа, күзетші-жауынгер құмырсқа болады.

6.Илеудегі барлық жұмысты жұмысшы құмырсқа істейді.

а) илеу жасайды.

ә) азық қорын жинайды.

7.Күзетші жауынгер құмырсқалар оларды қорғайды.

8.Құмырсқа адамның –досы.

Ол орманды «аурудан» сақтайды.

1.Бунақ денелі, жарғақ қанатты-жәндік.

2.Аралар топ-топ болып өмір сүреді.


3.Ұясын ағаш діңіне немесе ыңғайлы жерге салады.


4.Үйретілген аралар адамдардың жасаған үйлері (омарта) тіршілік етеді.



5.Әрбір тобында бір аналық, бірнеше аталық және жұмысшы аралар болады.


6.Жұмысшы аралар бал жинайды, қысқы азық дайындайды.



7. Аралар тобымен өздерінің жауынан қорғанады,

8.Ара адамның –досы.

Араның балын бағалап, ауырғанда пайдаланады



































Қосымша ақпараттарды жинастыру.

Өздерің тұратын аймақтағы жан-жануарлар мен құстар туралы мәліметтер

жинақтаңдар.Олардың қайсысын «Қызыл кітапқа» енгізу керек деп

ойлайсыңдар? Табиғат байлығын қалай сақтауға болады?

Құстар.


hello_html_143f2a62.jpg


Тапсырма :

1. Суретте қандай құстар бейнеленген ?

Осылардың ішінен өз ауылыңда кездесетіндерін ата.

Құстар күзде неліктен жылы жаққа ұшып кетеді ?

2. Сұраққа –жауап.

Өз ауылыңның маңайында қыстап қалған құстарды байқадың ба?

Олар қыста немен қоректенеді екен?

3.Ақпаратты бастапқы өңдеу

Суреттегі қыстап қалатын құстардың арасын сызықпен қос.


  1. Қортынды: 1.Құстардың немен қоректенетінін бақыла. Мысалы: қарлығаштың қоректенуінің басқа құстарға қарағанда ерекшелігін,оның жемін

ауада ұшып жүріп, қағып жейді.

2.Құстар суыққа тоңбайды, олар аш қалудан қорқады.Өйткені күз түсе олардың қоректері азаяды.

Моделдік жауап


Сурет бойынша жұмыс 3 ұпай

Сұрақ-жауап 3 ұпай

3тапсырма 2 ұпай

Аргумент айқындалған 4 ұпа

Ең жоғарғы ұпай: 12 ұпай.

Ақпаратты өңдеу.

hello_html_49a48a60.jpg



Тапсырма.

1.Суреттерді топтап, арасын сызықпен қос.

а) адамдарды - көк сызықпен

ә) жануарларды- қызыл

б) өсімдіктерді – жасыл


Ойлан


1. Тіршіліктегі адам мен жануардың, жануармен өсімдіктердің, адам мен өсімдіктің

арасында қандайбайланыс бар?

2.Күнделікті өмірде кездесетін осы байланысты бақыла.


Аргументтер:

  1. Бұлардың бәрі тірі табиғат

  2. Олар қоректенеді, өседі, тұқым таратады, өледі.

  3. Олардың тіршілігінде ұқсастық бар, айырмашылықтары да көп.


Сұраққа –жауап

Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі туралы не білесің?






Экспорттық тұжырымдама.

Бұл жоба 12 жылдық мектептердің «Қоршаған әлем» оқу пәні сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бағдарламаға сәйкес құрылған. Білім алушыларда негізгі құзыреттіліктердің: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.



Мектеп әкімшілігі


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсындағы "Қоршаған әлем" жобасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 263 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 1894
    • DOCX 666 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абеуова Рсалды Сагатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абеуова Рсалды Сагатовна
    Абеуова Рсалды Сагатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18276
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2675 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 456 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек