Инфоурок Школьному психологу Статьи12 жылдық білім берудің ерекшіліктері

12 жылдық білім берудің ерекшіліктері

Скачать материал

12 жылдық білім берудің  ерекшіліктері

 

 

Ақтөбе қаласы  №51 гимназия психологы 

 

Сақтағанова Фариза Сержанқызы

 

 

Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті халық байлығын құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады.

 Жалпы орта білім алу білімін одан әрі жалғастыру, мамандық алу және өмірде табыстарға жету үшін әрбір адамның мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің іргелі қажеттілігі болып табылады.

Соңғы жылдары жалпы орта білім берудің саласында жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстандық білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге, оқытуды даралау мен бейімдеуге, білім деңгейлерінің сабақтастығын сақтау бағытын жетілдіруге бағытталып отыр. Бұл қазіргі қоғамның дамуы өмірге жан- жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесімен қоғам мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін, жан- жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу қажеттігінен туындап отыр.

 Бүгінгі күні 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу білім беруді дамытудың ең басты міндеттеріне айналып Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан қолдау табуда. Ол өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында: «....Әйтсе де, барлығы да мектептен басталады. Сондықтан да біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіміз керек» деп нақтылап айтқан және Білім және ғылым министрлігіне заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтауды тапсырған.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру.т.б. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушы­ның одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады. Атап айтсақ, жеке тұлғаның жас және табиғи ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның балалық шағының ескерілуі; барлық жұмыс оқыту мен тәрбиеге бағытталуы назарда болады.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқын­далуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелді. Әрине, бұл құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Дегенмен әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты, бұл да өз шешімін береді. Білім жүйесінің бұл жаңа тәсілі төрт жылдан бері еліміздің 104 мектебінде тәжірибе жүзінде жүргізіліп келе жатыр.

Білімді реформалаудың басты міндеті- мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі асым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.[7]

Реформаның негізгі бағыттары: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы кезеңі; білім берудің жаңа мазмұны мен технологиясына көшу; жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасайтын білім дайындығының базалық компонентін анықтау; орта мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту; жалпы орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейіндік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі жағдайларға сайма-сай және дер кезінде бейімделуіне мүмкіндік туғызу; өз бетінше даму механизмін қалыптастыру болып табылады.

            Ал реформалау келесі принциптерге жүктеледі:

1.      білім берудің қол жетімділігі, әрбір азаматтың ұлтына, діни наным- сеніміне, әлеуметтік шығу тегіне, тұратын жеріне және материалдық жағдайына қарамастан, білім алуға тең құқықтылығы;

2.      ұлттық-мәдени және өңірлік негіздерін біріктіру; білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру;

3.      білім және тәрбие міндеттерінің жүйелілігі, білім алу жолдарының вариативтігі; жас ұрпақтың денсаулығын сақтау;

4.      білім берудің үздіксіздігі және оның атыларының сабақтастығы жатады.

Білім беруді жаңарту- үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үдерісі- салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.

Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру- оның қажеттілігі мен тиімділігі әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үдеріс. Әлемдік білім кеңістігімен бірігу, біздің білім нәтижесі көрсететін аттестаттарымыздың шет мемлекеттерінің мойындауы- Қазақстанның білім жүйесінің ең маңызды мүдделерінің бірі.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға,өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта білуге, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

 Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер туындайды яғни, ол тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру және құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі мен бейімділігі, мақсат- мүдделері мен шығармашыл қабілеттерін байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. Баланың табиғи қабілеттерін, жеке бас құзыреттілігін дамыта отыра оқыту деген басты ұстаным болып отыр. Ал мақсатқа жету үшін жеке тұлғаны дамытуда келесі бес құзыреттіліктерді бала бойына дарытып, дамыту қажет; яғни, коммуникативтік құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, танымдық құзыреттілік, мәселені шешу құзыреттілігі және ақпараттық құзыреттілік.

Жеке тұлғанның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті болуы шарт. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту арқылы ұстаз оқушының қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруын қалыптастырады, оқушылардың жобалау, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі арқылы тұлғаның шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін тәрбиелеу болып табылады.

Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамып, алдыңғы қатардан орын алуына кепіл бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.      ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005.

2.      Башарұлы Р. 12 жылдық орта білім беру құрылымын таңдаудың түйінді мәселелері. // Қазақстан мектебi.-2010.- №9.-с 3-6. 3. Әсемжанова

3.      12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша қайта даярлау қызметі // Бастауыш мектеп.-2006. - №4. - 21-22 б.

4.      Әлібеков Т. Қазақ мектебінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету мәселелері // ХХ ғасыр мектебі. 2006.-№5.-15-19 б.

5.      Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.- Алматы, 1996.-с.145.

6.      Устемиров К., Шаметов.Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы. 2005.- 432 с.

7.      Нағымжанова Қ. Инновацияның педагогика ғылымында дамуының тарихи деректері. Каменогорск, 2002.-с 57. Әбікенов

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "12 жылдық білім берудің ерекшіліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 4428
    • DOCX 28.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сақтағанова Фариза Сержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сақтағанова Фариза Сержанқызы
    Сақтағанова Фариза Сержанқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8061
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические основы клинической психологии

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Курс повышения квалификации

Нейропсихологический подход к диагностике и коррекции задержки речевого развития у детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 90 человек