Инфоурок Химия Другие методич. материалы12 жылдық білім жүйесінде мұғалімнің кәсіби шыңдалуы - басты талап

12 жылдық білім жүйесінде мұғалімнің кәсіби шыңдалуы - басты талап

Скачать материал

               12 жылдық білім жүйесінде  мұғалімнің  кәсіби

                              шыңдалуы -  басты талап

  

                              

                         №1 Егіндікөл орта мектебі

                   химия пәнінің мұғалімі  Куатова Г. К

 

 

                                                           Білімнің қайнар көзі сарқылмайды,

                                                           білім жолында адамзат қандайлық

                                                           зор табыстарға ие болса да, адамдар

                                                           ізденуден, ақиқатты ашудан және танып

                                                           білуден еш айнымайды.

                                                                                      И. А. Гончаров

    Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйрету керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған  Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.

   Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкімет қаулысында бекітілген «мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленіп келесі міндеттерді шешу көзделген:

1.     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

2.     мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.

3.     Білім мазмұнын жаңғыруды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

4.     Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.

5.     Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.

6.     Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

    Еліміздің Егемендік алғалынан бері отандық білім беру жүйесінің әлемдік кеңістікке енуі барысында оқыту нәтижесіне халықаралық бағдарламалар арқылы салыстырмалы зерттеулер жүргізіліп келеді.[1]

    Республикамыздың стратегиялық мақсат-міндеттерін шешу жолында қоғамның   әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани даму мәселері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі. Сондықтан республикамыздың білім беру  жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беріп, өмірге жолдама алуына барлық жағдай  жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

    Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде, оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы  болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

    Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту  процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің мұғалімдері мен қызметкерлерінің  де өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді.

    Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелеік жұмыстағы шеберлігі.

    Болашақ мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогткалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.

    Қазастан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзіреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

1.     Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

2.     Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен  айналасу қабілеті.

3.     Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

     Құзіреттілік қалаптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық  белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастыруда күтілетін нәтижелер болып табылмақ. [2]

     Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез- келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл  жүйенің қыр-сырын жан-жақты меңгермей, бала дамуының мәселерін толық меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаң формация мұғалімдерін талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген,  кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

    Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс.

А. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:

·        мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі;

·        мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі;

·        мамандықты еркін меңгерген кезең;

·        мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.

     Осылайша ғалым кәсіби құзіреттіліктің сипаттамасын шебер-мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

    12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезеңінде мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік-шығармашылық дамуы жөнінде Ш. Т. Таубаева, А. К. Ахметова және т.б ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазды.[3]

     Қоғамның дамуындағы білім беру ісінің жаңа реформаларына сәйкес мұғалімнің кәсіптік нәтижелі болуы оның педагогикалық, психологиялық біліміне, жалпы білім деңгейінің тереңдігіне байланысты. Ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  мәселелерді дұрыс меңгеріп, оқу-тәрбие процесін оқушы ойын жақсартуға, оның білімге, ғылымға деген көзқарасының, дүниетаныммының дұрыс қалыптасуына бағыттауы тиіс.

Кез-келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады.

Мұндай мәселелерді шешу барысында жұмыс жүргізгенде есті дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалімнен іскерлік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Кез- келген оқу немесе тәрбие процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Мұндай мәселелерді шешу барысында жұмыс жүргізгенде есті дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту,қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде  жүзеге асыру мұғалімнен іскерлік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Кез- келген оқу немесе тәрбие процесі болсын, немесе  күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктеріне, жеке психологиялық жай-күйін дұрыс  бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Тек тыңғылықты педагогикалық, пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу процесінің  барлық міндеттерін жан-жақтылықпен шеше отырып, өз тәжірибесін әдістемелік тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.

   Қазіргі кезде білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп  үйрететін орта, оның жүрегі  - мұғалім. Іздемпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп,  тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.  Бүгінгі  күнде  жалпы орта білім беретін – мектеп – жаңа қоғам мектеебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық  мәдениетке  интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физиологиялық және рухани жағынан таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын,  қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі өзіндік мектеп реформасын қажет етеді.[4]

    Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәсәлесінің ерекшелігі  сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «баланы оқуға үйрету керек?», «ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға  жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектеп негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар:

1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту;

12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс.

Олар:

·        инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру;

·        профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін,  оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру;

·        тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.[5]

 Жаңа  үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек? Бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Мұғалім  - оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік –мәдени жағдайларды еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген  жан-жақты  дамыған шығармашыл тұлға болуы керек. Сонымен, білім реформасы инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына  бағыт беретін талаптарды түзеді. Олай болса, қоғам болашағы – жас ұрпақтың бойына  адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру  -үйреншікті жай шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» -  деген  Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

    Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына  өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

 

 

 

                           Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2012 жыл, 23ақпан

2.     Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжымдамасы. – Астана, 2004.

3.     Тұрғынбаева Б. А . Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін білікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы, 2005.

4.     Құдайбергенова К, Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі.

5.     Қазақстан республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "12 жылдық білім жүйесінде мұғалімнің кәсіби шыңдалуы - басты талап"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 3135
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куатова Гулзат Куатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куатова Гулзат Куатовна
    Куатова Гулзат Куатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10390
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 469 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 353 человека

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 21 человек