Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс және ұлт зиялылары

1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс және ұлт зиялылары

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық және қазақ зиялылары

Отан тарихында еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі – ұлт-азатық күрес тарихы.

1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды

1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жазды

Қазақ халқын бұдан бұрын әскери қызметке мұндай көлемде және күштеп алмаған еді.

Патшаның маусым жарлығы қазақ халқы үшін ашық күнде төбеден түскен найзағайдай болды.Жарлық бойынша 19- 43 жас аралығындағы ер адамдар тыл жұмысына тартылуы көзделді. Жергілікті басшылық жоғарыдан келген жарлықты тез арада орындауға кірісті.

Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.(1)

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды.

Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда халықтың тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді .Олар: « қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады»,-деп 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар” - деп жазды.Либерал-демократиялық зиялылар патша үкіметімен ымыраластық бағыт ұстанды. Олар халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дəлелдеді.

Олардың сол жылдары осы мәселеге байланысты қандай күй кешкенін

Мыржақып Дулатовтың «Он алтының ойраны»атты мақаласынан көруге

болады. «Бір күні төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете

түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі-қалың қазақ еліне оның

әсері қандай болатындығын сезгендігімізден еді. Бұл жарлықтың қазақ

арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға

елестей қалды. өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағдарысқа ұшырадық.

Қайтпек керек? Не істейміз? Елге не айтамыз? Біздің басшылығымыз қандай

болмақ? Елдің ризалықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні

«соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны, патша өкіметіне

сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады?

Немізге сеніп, «Көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда?» деп көрсетсе

, Мұхаметжан Тынышбаев болса: «Жағдай өте қолайсыз қалыптасты және

санаулы қырғыз (қазақ) интеллигенциясы екі оттың ортасында қалды»

деп көрсетті.

Сол кездегі қазақ зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов,

А.Байтұрсынов, М.Дулатов ешбір қарсылықсыз патшажарлығын орындау

керек деп санады. Бұлай епеген жағдайда деді олар, патша үкіметі елді

жазалаушы қарулы жасақтар шығарып, елді қан-төгіске душар етеді. Олар

1916 жылғы «Қазақ» газетінің 192-ші санында «Алаштың азаматы» деген 47

мақала-хат жариялап, онда қан-төгіс болдырмау халықты патша жарлығын

орындауға шақырды .

Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға,бейнетке аз ұшырайды, екіншісі-«бармаймын»деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді…»

Кеңес өкіметі жылдарында осы қайраткерлердің осы

іс әрекеттері халыққа сатқындық жасағандық деп бағаланып, оларды «халық

жаулары» деп айыптауға негіз болған факторлардың біріне айналды.(2)

Қазақ елінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы инженер-тарихшының қоғамдық қызметі мен шығармашылық еңбектерінде ерекше орын алғандығы 48 жайында сол жылдары Орынборда А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың редакторлығымен жарық көріп тұрған «Қазақ» газетінде былай делінді: «М.Тынышбаев ІІ-Мемлекеттік Думаның ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік халыққа таза жолымен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатарлы зиялы азамат. Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр.Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткинге генерал- губернаторболғандығын (1916 ж. 10 тамыз), мәселенің бәрі Жетісу қазақ- қырғызында емес, жергілікті хәкімдердің жауыздығынан болғандығын Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан Түркістан уалаятындағы қазақ- қырғыздардың жерін Жетісу переселендік мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамалып қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса таршылықта қалатындығын дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан» (3)

1916 жылғы дүрбелең кезінде қатарында М.Тынышбаев бар зиялылар «Қазақ» газеті арқылы оқығандарға үндеу тастап, оларды өз ауылдарынан майданның қара жұмысына алынғандардың қатарына қосылып, майдан шебіне баруға, оларға рухани көмек беруге, өзге ұлттарға басындырмауға, офицерлерге қорлатпауға шақырды. Әлихан Бөкейханов бас болып, қара жұмысқа алынғандар шоғырланған жерлерді аралауға аттанды. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Ал 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жұмысқа шақырылған қандастарымыз елге қайтару ісінің басы-қасында болды. Мәселен, М.Дулатов Петроград пен Мәскеудің вокзалдарына түнеп, елге қайтушыжігіттерге теміржол билеттерін алыпберіп, басқа да көмектер көрсетті. Бұл жөнінде жазушы әрі тарихшы Ғалым Ахметов арнайы мақала жазып, нақтылы деректер келтірді. М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілісті патша жендеттері аяусыз басып жаншылағанда шет елдерге босып кеткен қандастарымыз өз отанына қайтару ісімен айналысты. Босқындарды қазақ еліне қайтару үшін Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатов Шәуешекке, Мұстафа Шоқай Өзбекстанға, Мұхаметжан Құлжаға аттанды(4)

Ұлтымыздың белгілі қамқорлары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардан басқа да,мысалы,Қазан университетінің медицина факультетін бітірген Ғалиахмет Арынғазиев, Воронежде оқып жүргенде ұсталып айдалған Сахыпкерей Арғыншиев, елге үндеу тартқаны үшін айдалған Сүйінішқали Айшуақов (Орал облысынан) және басқа да патшаның қуғынында болған адамдар бар. Бірақ бұлардың бастарын біріктірген партия жоқ еді,әрқайсысы өз беттерінше әрекет жасап жүрді. Сондай ауыр жағдайда қазақтың жоғын жоқтап патша үкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп қарамағанда, не дейміз? Кейбіреулер: олар халықты (массаны)соңына ерте алмады дер. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан ел бұларға бірден қайдан ере қойсын? Соның үшін де Ахан ұйқтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян,қазақ!»деп ұран салды, Сұлтанмахмуд Торайғыров «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға»тырысты. Ә. Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Басында үш мың данамен ғана шыққан «Қазақ» газетінің өзі патша ұлықтарының қатты бақылауында болды, редакторы Ахмет талай қамалып, мыңдаған сом айып төлеп тұрды, полиция редакцияны,қызметкерлердің үйлерін тінтіп қарап жүрді. Әлихан өз елінде жұмыс істеуге мүмкіншілік болмағандықтан Самараға барып, онда да полицияның бақылауында болды. Ол бірінші думаға сайланғанда Семей түрмесінде отырғандықтан Петербургке патша бірінші думаны қуған күні ғана жетеді, содан кейін бір топ депутаттармен бірге Выбог қаласына барып, белгілі Выборг үндеуіне қол қояды,сол үшін үкімет оны тағы да түрмеге қамайды. (5,5бет)

Далалық облыстардың бірқатар болыстарында жалған жасалынған «семьялық тізімдерді»құртуға тырысқан қазақтардың осындағы билеушілермен қақтығыстары күнделікті іске айналды. Орал облысындағы Орал уезінің Шыңғырлау болысында осындай тізімге қарсы көтерілген қазақтар Ахмет Сарбалин мен тілмаш Г.Тяукинді өлтіріді. Осы үшін жазықсыз 13 қазақ түрмеге қамалды. Қостанай уезінің Қарбалақ болысының әкімі Сайым Кадыровтың жазалануы 21 кінәсіз қазақтың абақтыға жабылды. (6,81бет)

Кейінгі жылдар көлемінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына қалам тартқан ғалымдардың көптеген зерттеулері мен мақалалары баспасөз бетінде жарық көруде. Бұл мақалаларда осы тақырыпқа алғашқы болып қалам тартқан ғалымдар мен жазушылардың және мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріне оңды баға берілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Манаш Қозыбаевтың «1916 жыл: Ұлт-азаттық революция тарихнамасының кейбір мәселелері» атты мақаласында «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жыл көтерілісі» туралы кеңінен тоқталып өткен. Мәселені ең алғаш зерттеудің әу басында тарихшылардың аға буын өкілдері С.Аспендияров, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, С.Мендешов, Б.Алманов, Б.Қаратаев, жазушы Ж.Аймауытовтар тұрды»- , деп көрсетті. Осы есімі аталғандардың басым көпшілігінің 20-30 жылдары жарық көрген еңбектері олардың авторлары жалған жаламен «халық жаулары» ретінде айыпталғаннан кейін ғылыми айналымнан алынып тасталған болатын. Солардың қатарында сол жылдардағы оқиғаларды өз көзімен көрген, тіпті тікелей қатынасқан адамдардың бірі-саяси қайраткер, алаш зиялысы Мұхаметжан Тынышбаев та болды. Қазіргі кезде зиялы зерттеушілер ұлт-азаттық көтерілістерге жаңа қырынан қарауда, оның өзіндік шын тарихын жаңа құнды дерктер негізінде обьективті түрде зерттеуде. Осыған орай өмірлерін ұлттық мүдде үшін қиған 45 Мұхаметжан Тынышбаев сынды ғалымдардың қоғамдық көзқарастары мен тарихи зерттеулері жаңа көзқарастар тұрғысында жаңадан бағалана басталды. Қазақ халқының 20-30 жылдардағы тарих ғылымында Мұхаметжан тынышбаев зор роль атқарды. Өйткені Мұхаметжан Тынышбаев өзінің зерттеуін-зерттеушілік қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде халқымыздың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын зерттеуге арнады. Ғалым гимназист және студент бола жүріп, қазақ халқының мұқтаждығын жақсы түсінді, орыс басқару органдары мен Жетісуды мекендеген қазақ және қырғыз халықтары арасындағы өзара қарым- қатынастарыды білуге ынталы болып, оларды жан-жақты зерттеуге тырысты. Оның пайымдауынша, қырғыз-қазақ халықтары, әлбетте, Ресейден орыс қоныс аударушыларының осы өлкеге қоныс аударуына аса қарсылық көрсетпей, олардың жаңа жерде өздерінің жағдайын жақсартуға ұмтылған әрекеттеріне әуелде түсіністікпен қарады. Олар қоныс аударушыларды өлкеде қарсылықсыз қарсы алды. «Тіпті елдің ақсүйек ру басылары орыс отрядтарын елге өздері бастап келіп, қоян қолтық араласты. Алайда олардың келуінің немен аяқталатыны белгісіз болды…» дей келіп, М.Тынышбаев жергілікті халықтың мүддесіне сай қандай саясатты ұстанғандығын, қандай заңсыздықтардың жүзеге асқандығын көрсететеді. (7)

Осылайша азаттық күресі стихиялы түрде дамыған халықтың қозғалыстан кейінгі күйі ауыртпалығын да зиялы қауым көтерді.

Ұлт зиялылары 1916 жылғы тыл жұмысына адам алу нәтижесінде жас шамасын жасыратын, мал санағының, жер мөлшерін есептеуден бастарын алып қашатын болып алған халыққа егер бұл есептер дұрыс берілмесе қазақтың есесі кететіндігін түсіндіруді және осы сияқты көптеген кезек күттірмес мәселелерді шешуді өздеріне борыш санады. Сонымен қатар, өлкеде қалыптасқан жағдай қазақ ұлты қайраткерлерінің алдына елде орын алған ашаршылықпен күресу, мұжық-орыс пен қазақ және казак-орыс пен қазақ араларындағы дау- жанжалдарға араласу, жергілікті жерлерде құрылып жатқан уақытша билік орындарына өз өкілдерін өткізу тәрізді сан қилы 50 проблемалар жиынтығын көлденең тартты.








Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

2.Нұрпеісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы, 1995. - 64-б

3. С.К.Тулбасиева /М.ТЫНЫШБАЕВ ЖӘНЕ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС 48 бет

4 Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы: Халық бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияның материалдары. - Алматы, 1999. 3

5. Ахмедов ғ. Алаш «Алаш» болғанда: Естеліктер мен тарихи деректер.- Алматы. Жалын.,1996,224 бет

6. Ж.Қасымбаев,Е.Ермұқанов-1916жыл:айтылмай келген ақиқат, //Ақиқат №11 қараша 1991жыл

7. . Тынышбаев М. Ақтабан шұбырынды. – Алматы, 1992.-102- 112бб.



Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров836
Номер материала ДВ-571968
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх