Инфоурок Всеобщая история Рабочие программы1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Скачать материал

Тақырыбы:   1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
              

Тарих пәнінің мұғалімі:  Турганбаева Жазира Аманжоловна

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсіндіріп, қозғалыстың ең ірі орталықтарындағы барысын, басшыларын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау арқылы тарихи оқиғаны өз қөзқарасы бойынша дәлелдеуге, талқылауға үйрету, бейнелі жадысын дамыту.

Тәрбиелігі: Ұлт- азаттық көтеріліс басшылары арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, Отанды сүюге, қорғауға, елтжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Пайдаланылатын технология:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Өткізу әдісі: Интерактивті тақта, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, ойталқы, кесте-сызбалар толтыру, салыстыру, сахналық көрініс.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, азаттық күрес басшыларының суреттері, кітаптар көрмесі.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы,
қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Тест арқылы тексеріледі.

1. ХХ ғасырдың басында дүниежүзін бөліске салу үшін құрылған соғыс одақтары
а. Бағдада пактісі, НАТО;
б.Үштік одақ, Антанта;
с.Варшава шарты, АНЗЮС;
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыстың негізгі себебі?
а. Патша өкіметінің отарлық саясатының күшеюі;
б.Әкімшілік реформаның күшпен енгізілуі;
с. Қазақтардың майданға қара жұмысқа алынуы
3. 1917 жылға қарай патша өкіметі қазақтардың қанша га жерін тартып алды?
а.17 млн. га
б.  млн. Га
с. млн. Га.
4. 1916 жылғы көтерілістің басталуына қанда оқиға түрткі болды?
а.Қоныстандыру саясаты;
б. Патшаның маусым жарлығы;
с. Соғыстың ауыртпалығы.
5. Халықты көтеріліске шақырған революцияшыл топ өкілдері:
а. А.Байтұрсынов, С.Садуақасов;
б. М. Дулатов, Ә. Жангелдин;
с.А. Иманов, Т.Бокин

6. Түркістан генерал-губернаторы А. Куропаткиннің құпия бұйрығы қашан шықты?
а.1916 ж. 23 тамыз
б. 1916 ж. 8 тамыз
с.1916 ж. 25 маусым
7. “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар!” – деп қарусыз халық патша өкіметінің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенгендер:
а. Революцияшыл- демократтар:
б. Либерал-демократтар
с. Эсерлер мен кадеттер.
8. жарлыққа сәйкес патша өкіметі қандай тактика қолданды?
а. Халық арасында үгіт жүргізу
б. Кедейлерді күштеп әсерге алу
с. Жергілікті байлармен ымыраласу
9. Патша жарлығына  сәйкес Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа қанша адам алу көзделді?
а.500 000 адам
б. 250 000 адам
с.300 000 адам
10. Ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күші кімдер болды?
а. Қазақ зиялары
б. Қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері
с. Кедейлер мен шаруалар

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену кезеңі

Жоспары: 1. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
2. Торғайдағы көтеріліс
3. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы (Сабақ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 2 сағаты, сондықтан оқушыларды 3 топқа бөліп, оқып-үйрену жұмысы жүргізіледі)
І. Қызығушылықты арттыру, жадыны жанғырту
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патша өкіметінің өлкедегі отаршылдық саясаты қандай?                   
- Қозғалыстың басталуына себепші факторларды атандар?
- Қозғалыстың негізгі себебі неде?
- Оқушылар,осы көтерілістің басшыларының бірі-Аманкелді Имановтың атасы Иман батыр,баласы Амангелді батыр туралы
білесіндер ме?! Бұл кісілердің ерлігін ұрпақтар сабақтастығы деуімізге болады.

Ұрпақтар cабақтастығы: Атасы Иман батыр - Кенесары бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қатынасқан, өзі- Амангелді Иманов – 1916 жылғы ұлт- азаттық күрес басшысы, баласы – Рамазан Амангелдиев – Ұлы Отан соғысында Мәскеу шайқасына қатынасып, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін құртып, өзі де қаза тапты. Міне, үш ұрпақ өкілдері Отан үшін от кешті. Біз – бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін жалғастырушы болуымыз керек.

ІІ. Мағынаны тану – мәтінмен жұмыс.

1 топ оқушыларына – Жетісудағы көтеріліс,

2 топ оқушыларына – Торғайдағы көтеріліс,

3 топоқушыларына көтерілістің жеңілу себебеі, қорытындылары беріледі.

(Оқушыларға тапсырманы оқулықтан оқып, тезистеп, қорғауға дайындалу тапсырылады және әр топқа тақырыптан ауытқымас үшін жаднама беріледі)

Жаднама 1 және 2 – топқа.

-         Қозғалыстың басшылары, қамтыған аумағы, ұйымдастыру мәселелері,  көтерілістің болған жерлері, қатынасқан адам саны, шайқастың барысы патша әкімшілігінің саясаты, көтерілістің салдары.

Жаднама 3-топқа

-Қозғалыстың сипаты, ұлтаралық қатынас, дала стратегиясы,көтерілістің жеңілу себебі, көтеріліс басшыларының тағдыры, қозғалыстың тарихи маңызы.

(Топ берілген тапсырманы қорғайды)

ІІІ. Ойтолғаныс
Интерактивті тақтадан төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1 тапсырма:
Семантикалық карта (Дұрыс жауапқа “+” белгісін қояды)

Бұл сөздерді кім айтқан?

А. Байтұрсынов

Ә. Бөкейханов

Т.Рысқұлов

М. Дулатов

«1899 жылдан кейін қазақтармен орыстар арасындағы этностық жан жалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»

+

«Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері- құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды»

+

“Қазақ секілді іргелі ұлт өзгелер қатарында соғыс майданында қару- жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз!”

“Жұрт сендей соғылды, түнде- ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды”

+

“Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды”

+

“Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін- сорлы халық болар. ХХ ғасырда Еуропа патша лықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?”

+

2тапсырма:  Торгайдагы котеріліс пен Жетісудагы котерілісті салыстыру.
Венн диаграммасы

3-ші тапсырма:    Көтерілістің жеңілу себептерін  сызбаға толтыру.

IV. Сахналық көрініс (Алдынала тапсырылып, дайындалды)
Қатысушылар: Автор: Б. Әшекеев – Жайылмыс болысының ханы, көтеріліс басшысы.
М.А. Фольбаум – Жетісу генерал-губернаторы.
А. Мальшев – урядник, Бекболатты қаралау ісін жүргізуші.
Автор: 1916жылғы оқиғаға Жетісудағы 102 болыстың барлық ер-азаматтары қатысты. Жетісудағы көтерілістің ең ірі ошақтары Асылдағы –Қызылбөрік, Үшқоңырдағы – Жайылмыс, Кастек Самсыдағы – Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Жайылмыс болысындағы көтерілісті 73 жастағы Б. Әшекеев басқарды. Жалпы көтеріліске Т. Бокин басшылық етті. 7 шілдеде – Үшқоңырда, 8 шілдеде Үлкен сазда Жайылмыс қазақтарының съезі өтіп, “Не істесе де балаларымызды солдатқа бермейміз!” – деп 45 адам қол қойған қарсылық білдірілді. 10 шілде күні тағы да Үлкен сазда 5000 адам қатысқан съезді өтіп: “Патшаға солдат бермейміз, бәріміз бірігіп соғыс ашамыз!” – деген қорытындыға келді.
Бұл уақытта Алматыдан полковник Базилевский бастаған жазалаушы отряд та шыққан болатын. Тамыздың 10,11 және 13 күндері сап түзеген қарулы солдатпен шайқасып, күші басым жаудан көтерілісшілер үлкен шығынмен солдатпен шайқасып, күші басым жаудан көтерілісшілер үлкен шағынмен жеңіледі. Бұл қорлыққа шыдамаған Бекболат батыр өзі келіп беріледі. 7 қыркүйек күні Бекболаттан  үшінші рет жауап алынады.
Урядник Малышев: Неге соғыстың?
Бекболат батыр: Қиянатқа, қысымға шыдамадым!
Малышев: Көтерілістің басшысы Т.Бокин қайда?
Бекболат батыр: Ондай адамды білмеймін!
Малышев: Көтерілісті кім ұйымдастырды?
Бекболат батыр: Өзім.
Малышев: Бар шындықты айтып бер, сонда жазаң жеңілдейді?
Бекболат батыр: “Арым- жанымның садағасы, екшкімді де айтпаймын!”
Малышев: Бүгін соңғы күн, ертең дарға асыласың, шынынды айт, кәрі қақпас!

Бекболат батыр: Үшінші сөзге салдың осыменен,
Өлтіргелі жатырсың шошып менен.
Сен итке қысқа жауап қылмадым ба?
Қайта-қайта сұрайсың шошып менен.
Рас, мен  соғысуға шықпақ болдым,
Басынды жер астына тықпақ болдым,
Рас десең, рас сөз мен айтайын,
Ақ патшаның тұқымын құрпақ болдым!
Малышев: Жап аузынды!
Бекболат батыр: Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!
Автор: Боралдай асуы. Дар ағашының қасында үшеу тұр. Олар: Жетісу қозғалысының жетекшілерінің  бірі, асқан батырлығымен аты шыққан Б.Әшекеев және оның серіктері Қ.Сыпатаев пен Б. Тамабаев
Үкім оқылады.
Верный гарнизонының әскери соты қаулы етеді:
...Жайылмыс болысының қазағы Бекболат Әшекеев барлық құқынан айырылып, өлім жазасын алсын және ол дарға асу арқылы орындалсын...
Бекіткен Жетісудың генерал- губернаторы М.А. Фольбаум. 1916 ж.
7 қыркүйек. Верный қаласы
М.А. Фольбаум: Үкім орындалсын!
Бекболат батыр: Хош, халқым! Хош, туған жер!
V.  Insert арқылы оқушылардың сабақты қалай игергенін тексеру.

VI. Қорытынды
VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
Шығармашылық тапсырма:
1. Алаш зиялыларының ұлттық этностық тұтастықты сақтап қалу идеясының дұрыстығы.
2. Отаршылдық езгіге қарсы күрескен ұлт-азаттық күрес басшыларының тарихтағы орны.
Оқушыларға: И. Дәукебаев “Бекболат батыр”, О.Шипин “Амангелді батыр”, М.Әуезов “Қилы заман”, С.Сейфуллин “Тар жол, тайғақ кешу” шығармалары оқуға ұсынылады

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2016 1353
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбаева Жазира Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30481
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 463 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе