Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / 1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың қатысуы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың қатысуы

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 1812 жылғы соғыс туралы хабарды қазақтардың қалай қарсы алғанын айтып түсіндіру.
- Ұрысқа қатысқандар туралы әңгімелеу.
Дамытушылығы: Оқулықпен, картамен және өздігінен топ болып жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын дамытуды одан әрі жалғастыру.
Тәрбиелігі: Ұлтаралық тәрбие - оқушыларға қазақ халқы мен орыс халқының достығы тек шаруашылық және мәдениет салаларымен шектеліп қана қоймағандығын көрсету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, кестелер, карта


Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, балалардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен тақырыпты оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сұрақтар қою арқылы білім сапасын тексеру.
1. Реформаны өткізуге себеп болған алғышарттар қандай?
2. Реформаны жасауға қатысқан кім?
3. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
4. Кіші жүзде жүргізілген реформа және өзгерістер жайлы айтыңдар.
5. Реформаның туғызған зардаптары қандай?
6. « Жарғының» негізгі мақсаты қандай?
Үй тапсырмасын бекіту.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның шаруашылық, саяси, қоғамдық дамуында өзгерістер тереңдей түсті. Қазақ жері Цин империясымен, Ресей, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен өзара экономикалық, сауда қарым - қатынастарын жүргізіп отырды.
1822 ж 22 маусымда М. М Сперанский мен Г. С Батенков «Сібір қазақтарының жарғысын», 1824 жылы П. К. Эссен «Кіші жүз қазақтарын басқару реформасын» жүргізді.
Округ
15 - 20 болыс
Басқарушысы - округтік приказ және аға сұлтан.
Болыс
(10 - 12 ауыл)
Басқарушысы – болыс сұлтаны.
Ауыл
(50 - 70 шаңырақ )
Басқарушысы - ауыл старшыны.

Реформаны жүргізудегі мақсаты: Қазақстанның солтүстік – шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту. Рулық - феодалдық тәртіпті күшейту. Ақсүйектердің артықшылығына шек қою, хандық билікті жою. Өлкенің табиғи байлығын игеру, сауда қатынастарының өркендеуі, қазақ жүздерінің Ресейге тәуелділігінің артуы, қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы, Хан билігінің әлсіздігі, Орта жүз ханы Уәлидің әлсіздігі.


III. Жаңа сабақ:
1. Қарама - қарсылықты тап!
« Соғыс» сөзінің антонимі және синонимін табыңдар?
2. Картамен жұмыс: 1812 ж Ресейдің Отан соғысы.

Қосымша мәліметтер:
● Наполеон Бонопарт Корсика аралында кедейленген дворяннан шыққан адвокат семьясында туды. Әкесі оны әскери училищеге берді, ол училищені үздік бітірді. Бонопарт 24 жасында генерал
атағын алды. 1795ж. оған роялисттер бүлігін басу тапсырылды.
Бонопарт зеңбіректерден оқ жаудырып, бүлікшілердің талқанын шығарды, бұл оған бай буржуазияның сенімін нығайтты.
1803 жылы Наполеон Бонопарт өмірлік консул деп, 1804 жылы мамырда Француз императоры деп жарияланды. 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі шайқаста Наполеон ағылшындарға тұтқынға түсіп, Әулие Елена аралына жер аударылды, бірнеше
жылдан соң қайтыс болды.

● 1812 ж Россияға француз императоры Наполеонның қаптаған қолы баса - көктеп кіріп, Россия халықтарын құлдыққа түсіріп, ал содан кейін бүкіл дүние жүзін жаулап алуды көздеді. Россиядағы соғыс бүкіл халықтық сипат алады деп Наполеон, әрине, ойлаған жоқ. Отан соғысына қатысқан С. Н. Глинка. « Тек Россияның ұлдары ғана емес, солармен бірге тілі, діні, әдет - ғұрпы, тұрмыс салты мүлде басқа халықтар да, тіпті көшпелі халықтар да байырғы Россиялықтармен бірдей орыс жері үшін жан қиюдан тайынбады» деп ақиқатты жазды.

●1812 ж 6 шілдеде - Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқандығы туралы үндеу қабылданды. 1812 жылғы қазан, қараша – Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті. Қазақтарды жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған – Байсақал Тілекұлы болды. Риддер, Зырянск, Белоусовка кен орындарының жұмысшылары мыс, қорғасын, балқытуды көбейтіп, соғыс қажетіне 239 сом жинады. Елтон тұз өндіру орнының жұмысшылары Батыс майданға 1 млн. пұт тұз жөнелтіп, 22000 сом жинап берді.

● Бұл соғысқа Кіші жүздің қазақ жігіттері де қатысқан. Олар Тевтяр, Башқұрт полкінің құрамында француз басқыншыларына қарсы шайқасты. Қазақ жігіті Нарынбай Парижді алуға қатысқан. Ал, Әмен Байбатыров Башқұрт полкі құрамында болған. Әмен Байбатыров талантты ақын болған, өз өлеңдерінде қазақ және орыс жауынгерлерінің ерліктерін мадақтаған. Байбатыров саяси іспен жер аударылып келген петрашевшіл - ақын А. Н. Плещеевпен дос болған

● 1799ж - ХІХ ғ аралығында Орта жүздің 1200 шаңырағы, 1790 - 1815 жылдары 1226 Кіші жүз қазағы Ресейге өтіп, орыс, башқұрт болып аты - жөнін өзгерткен. Орынбор, Орал казак әскерлерінде әскери қызмет еткен, православие дінін қабылдап, казак болып жазылған қазақтар аз болмаған. Оларды шоқынған қазақтар деп атаған. шоқындырған кезде оларға орысша есім мен фамилия берілген.
Оқулықпен жұмыс:
3.«Кім, Қайда, Қашан?» танымдық ойыны.
4. Кестемен жұмыс.
5. Ұрысқа қатысушылар кестесі.

IV. Сабақты бекіту.

Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларға топты өз қабілеттеріне қарай таңдау еркі беріледі.
Тапсырмасы:
Бүгінгі өтілген тақырып бойынша өз қабілеттерін пайдалана отырып тарихи, әдеби, ақындық, суретшілік қабілеттерін пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс істеу.
-
Оқушыларды топтарға бөлу
Ресейде соғыс ұлттық, патриоттық сипат алды, шетелдік басқыншыларға қарсы Отан соғысына айналды. 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қазақ жігіттерінің қатысуының өзіндік тарихи маңызы болды деп ойлаймын. Қазақ - орыс халықтарының әскери бауырластығын нығайтты. 1812 жылғы соғыста Ресей үкіметінің Францияны жеңуіне қазақ жігіттерінің қосқан үлесі мол болды. Француздар қазақ мергендерін « Азиялық амурлар» деп атаған.
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма беру:
Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Тест құрастыру, сөзжұмбақ, ребус,


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДБ-327968
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх