Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Научные работы / Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.

библиотека
материалов

Сыныбы: 8 «А»

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Жалгасбаева Жулдыз Жумабековна


Сабақтын тақырыбы: Лейкоциттердің маңызы және құрылысы.

Фагоцитоз теориясы

Сабақтың мақсаты:


Білімділігі:  Оқушыларға лейкоциттердің құрылысы және атқаратын қызметтерімен таныстыру, фагоцитоз құбылысы туралы түсініктер беру.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылаудағдысын қалыптастыру. Өзінің денсаулылығын сақтауда жинақылыққа, зейінділікке үйрету. Санитарлық-гигиеналық дағдарысын тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге үйрету. Денесін жетілдіруге үрету.

Дамытушылығы: Оқытудын жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы беленділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: «Сиқыллы таяқ», тест, кестемен жұмыс, тірек-сызба, түсіндірмелі көрнекілік, Эврикалық сұбхат, суретпен жұмыс, сәйкестендіру тест, эссе жазу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, интерактивті тақта,электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс: химия, технология, жаратылыстану, валеология.


Сабақтың барысы:


I . Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу,түгелдеу

2. Сынып оқушылары үш топқа бөлу.

3. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру

4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

5. Сергіту сәті «Сиқырлы таяқ»

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тест жұмысы. /Әр топқа 15 тест сұрақ/


1. Қан қай ұлпаға жатады?

а/ дәнекер; ә/ бұлшық ет; б/жабын; в/ жүйке; г/май

2. Қан дене салмағының қанша проценті?

а/ 7%-і ; ә/ 10%-і в/ 15%-і; в/20%-і; г/25%-і

3. Плазма қанның қанша проценті?

а/ 60% ; ә/ 75% ; б/ 80% ; в/ 85% ; г/ 90%

4. Қан плазмасының құрамы:

а/ сарысу; ә/ эритроцит; б/ тромбоцит; в/ лейкоцит; г/фибриноген

5.Эритроциттер қай мүшеде түзіледі?

а/ бауырда; ә/бүйректе; б/ сүйектің қызыл майында ;

в/ көк бауырда ; г/ лимфа түйіндерінде

6. Эритроциттер қай мүшеде ыдырайды?

а/ қызыл майда; ә/ бауырда; б/ көк бауырда; в/ бүйректе

7. Лейкоциттер қай мүшеде түзіледі?

а/ бауырда; ә/бүйректе; б/ сүйектің қызыл майында ;

в/ лимфа түйіндерінде ; г/ көк бауырда

8. Ядросы бар қан жасушалары:

а/ лейкоциттер; ә/ тромбоциттер; б/ сарысу; в/ плазма;

г/ эритроциттер

9. Ұлпа сұйығының қасиеті:

а/ жасушаны жауып жату; ә/ тасымалдау; б/ лимфаны сүзу;

в/ СО2 тасу ; г/ О2 тасу.

10. Қан тазартатын мүше :

а/ өкпе; ә/ бауыр; б/ бүйрек; в/ асқазан; г/ жүрек

11. Қан аздықтың себебіне не жатады?

а/ эритроциттер санының азапюы; ә/ гемоглобиннің азаюы;

б/көп қан кету; в/ сүйек қызылмайы қызметінің өзгеруі;

г/ мүшелердің қанайналымының ұлғаюы.

12. Эритроциттер қызметінің ұзақтығы :

а/ 3 -4 ай ; ә/ 3-5 ай ; б/ 15 күн ; в/ 7 күн ; г/ 20 тәулік

13. Ересек адамдағы қан мөлшері :

а/ 1 л қан; ә/ 10л қан; б/ 5л қан; в/ 7л қан; г/ 11л қан.

14. Ұлпа сұйығының орны:

а/ ұлпа мен жасуша арасында; ә/ ұлпалар арасында;

б/ қан тамырларында; в/ қан плазмасында; г/ көк бауырда

15. Лимфа неден түзіледі?

а/ ұлпа сұйығынан; ә/ қаннан; б/ қан плазмасынан;

в/ қан элементтерінен.


Дұрыс жауаптары :

1-а, 2-а, 3-а, 4-а, 5-б, 6–ә,б, 7-а,б,в, 8 –а, 9-бәрі, 10 а,ә,б,

11-а,ә,б,в, 12-а, 13-б, 14–а, 15- а

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Кестемен жұмыс


Организмнің ішкі ортасының ерекшеліктері


Ішкі ортаның

ерекшеліктері

Қан

Ұлпа сұйықтығы

Лимфа

1. Мөлшері

4,5–5 л

20 л

1–3 л


2. Түсі

Қызыл

Сарғыш

Ақшыл-сары


3. Ұлпасы

Дәнекер

Дәнекер

Дәнекер


4. Құрамы

а) Қан плазмасы – 55%

ә) Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)

45%

Қан плазмасына ұқсас. Құрамында нәруыз аз, лимфоциттер, лейкоциттер бар

Қан плазмасына ұқсас, құрамында нәруыз өте аз. Лимфоциттері бар



5.Түзілетін

орны

Сүйектердің кемік майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзіледі

Қанның құрамынан бөлініп жасушаларды қоршап жатады

Ұлпа сұйықтығынан бөлінеді




6.Атқаратын қызметі

Тасымалдау, тынысалу, қоректік, зәр шығару, жылу реттеу, қорғаныштық, ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету

Капилляр қантамырларын жасушалармен байланыстырып, заттар мен газ алмасуды реттейді

Судың таралуын реттеу, қорғаныштық, ұлпа сұйықтығын реттеу, тасымалдау

7.Айырмашылығы

Тұйық шеңбер түрінде жүректен мүшелерге, мүшелерден жүрекке қарай ағып тұрады

Аздаған мөлшері капилляр тамырларындағы қанға қайта қосылады

Мүшелерден жүрекке қарай бір бағытта өте баяу ағады

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

Электрондық оқулық


Тірек-сызба


Қанның құрамы


hello_html_m54ffa5ff.gifhello_html_m36c9b856.gif55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары


Сарысу Фибриоген 1.Эритроцит – 100-120 күн /5000000/

2. Лейкоцит - 1-7 күн /4-8 мың/

hello_html_50f462db.gif3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000/

ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы


Ү. Жаңа сабақ

Электрондық оқулық


Лейкоциттер эритроциттерге қарағанда ірі ядролы және белсенді қозғалатын ақ қан жасушасы. Қанның 1м3 қанында 6-8 мың лейкоцит болады.

Лейкоциттер жіліктің кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзілсді де қанға қосылады. Олар бірнеше күннен бірнеше жылдарға дейін тіршілік етеді. Лейкоциттер — түссіз жасушалар, сондықтан ақ қан түйіршіктері н-е ақ қан жасушалары деп аталады. пішіні тұрақты болмайды. Лейкоциттсрдің негізгі қызметі — организмді микробтардан, басқа түрлі нәруыздың әссрінен, суық пен ыстықтан, денеге зиянды заттар енуден сақтайды.

Лейкоциттердің әр түрлі микроорганизмдерді сіңіріп және оны қорытып жіберуін И.И.Мечников фагоцитоз деп, ал «обыр» жасушаларды фагоциттер деп атаған. Адам жұқпалы ауру туғызатын микробтын бір түрімен ғана ауырып, соған қарсы денеде антиген түзілсе, онда аурудың бүл түріне екінші рет қарсы түра алады. Денеде иммунитет, яғни жұқпалы ауру қоздыратын осы микробтан өзін қорғайтын қасиеті пайда болады.


Лhello_html_m14cf73fa.gifhello_html_3d1e5079.gifейкоцит


Түйіршіксіз Түйіршікті

Нейтрофилдер 45-75%-лизосома ферм. Лимфодит 18-30%

Ээзинофилдер 1-5%-гепорин өяім коб. Моноцнттер 29%

Базофилдер 0-1%.







ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

І топ. Суретпен жұмыс

hello_html_15a12ab3.jpg



ІІ топ. Сәйкестендіру тест


Лейкоциттер 6-8 мың лейкоцит


Лейкоциттер түзіледі көкбауыр


Лейкоциттер 3 қанда Ақ қан жасушалары


Лейкоциттер бұзылады амеба сияқты жалған аяғы бар


Лейкоциттер тіршілік ұзақтылығы И.И.Мечников


Фагоцитоз құбылысы 2-4 күн, бірнеше жыл


Лейкоциттер пішіні Сүйек кемігінде, көкбауыр, лимфа түйіндері


ІІІ топ. Эссе жазу ұйымдастырылады «Қанның маңызы»




ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.


ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

§ 31 оқу.

73-75 суреттерді салу

Терминдерді жазу, жаттау.




























Қан – біздің ағзамыздағы ең тамаша ұлпалардың бірі. Мемлекет үлкен транспорт жолдарынсыз қалай елестеуге болмаса, адамды, жануарларды да қансыз елестету мүмкін емес. Өйткені қан бүкіл ағзаға оттегін, қоректік заттарды, суды тасымалдайды.

Қан –дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол адамның ішкі ағзасын толтырып тұратын үш сұйықтықтың біреуі. Қан, жасушаларға оттегін қоректік заттар жеткізу. СО2 және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару қызметін атқарады.Сонымен қатар жылуды реттейді. 23 секундта қан денені бір рет айналып шығады. Сонымен бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/ қызметін де атқарады.

Қан плазмадан /55-60%/ және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан /40- 45%/ тұрады. Плазмада 90-92%, 7% - ақуыз, 0,8%- май, 0,2%- глюкоза, 0,9%- минералды тұздар, 0,05%- мочевина болады. Адамда 4,5 – 5л қан болады, яғни адам денесінің 7 % -ін құрайды. Плазма құрамы еш өзгермейді. Қан жасушаларына эритроцит, лейкоцит, тромбоцит жатады.

Қасиеті : Қанның ең керемет қасиетінің бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са / кальций/ тұздарының қатысуымен жүреді. . Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі (57-сурет). Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн.

Қанның қызыл түсті болуы – эритроцитке байланысты.. Олар оттегін өкпеден жасушаларға апарады, ағзадағы СО2 сыртқа шығарады.

Лейкоциттер – қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер – қанның ұю қызметін атқарады. Қан жасушалары сүйек кемігенде, көк етте. Лимфа түйіндерінде түзіледі. Адамның 1 мм3 қанында 4–9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады

Қанның төрт тобы бар. Әр адам өз қанының тобын білуге тиіс.

Қандағы лейкоциттер арқылы адам ағзасы сырттан түскен микробтардан, басқа денелерден қорғалады: фагацитоз, антитела жасап шығару. Оны иммунитет деп атайды. Туа пайда болған иммунитет және жүре пайда болған иммунитет болып екіге бөлінеді. Іштен пайда болған иммунитет ата-бабадан ұрпаққа тұқым қуалайды. Жүре пайда болған иммунитет деп жұқпалы аурумен ауырғаннан соң адамда иммунитет пайда болуын айтады. Бұл екеуі де табиғи иммунитеттер.


Қанның құрамы


hello_html_m54ffa5ff.gifhello_html_m36c9b856.gif55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары


Сарысу Фибриоген 1. Эритроцит – 100-120 күн /500 00

2. Лейкоцит - 1-7 күн /4-8 мың

hello_html_50f462db.gif3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000.

ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров128
Номер материала ДБ-085362
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх