Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы " сыныптан тыс шара

"1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы " сыныптан тыс шара



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m3be98da4.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_355ffe9f.gifhello_html_m6663b0f5.gifhello_html_1ae653cc.gifhello_html_30967ff2.gifhello_html_4896f3a7.gifhello_html_23dcb016.gifhello_html_m6df05c99.gifhello_html_m27ed98be.gifТақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Мақсаты:

Білімділік:1986 жылғы Алматы оқиғасының себеп-салдары, сипаты, қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту, әміршіл-әкімшіл жүйенің іріп-шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру.

Дамытушылық:Тақырыптың себеп салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге қалыптастыру.

Тәрбиелік:Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету.

Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өткізу әдісі: Интерактивті тақтамен тірек- сызба арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Тірек-сызба, слайд, суреттер, өлең шумақтары, бейне көрініс.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақ

  • Балалар бүгін қандай ай?

  • Желтоқсан айы

  • «Желтоқсан» сөзін естігенде ойларына қандай ұғым келеді?

  • Қыс айы

  • Суық

  • Ызғарлы

  • 1986 жыл

  • Желтоқсан оқиғасы

  • Алматы

  • Бүгінгі сабағымыз 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы болмақ.

Сабақты бастамас бұрын оқушылардан Желтоқсан оқиғалары туралы болмақ. Не білетінін сұрап инсерт әдісін пайдаландым. Соңғы бөлім сабақ соңында толтырылады.






Білдім

Білгім келеді

Білемін




















II.Сабақты ақын Оразақын Асқар өлең жолдарымен бастамақпын.

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Үйге оқушыларға ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу тапсырылған болатын.











Жоспары:

  1. Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар

  2. Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы

  3. Желтоқсан оқиғаларының сипаты

  4. Жаппай жазалау

  5. Желтоқсан оқиғаларының қорытындылары мен тарихи маңызы

Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушылар өздері жасаған тірек- сызба, суреттер арқылы сөйлейді.








Жариялылық

Қайта құру

1987 жыл

КОКП-ның ХХІІ съезі

1986 жыл ақпан

Жеделдету бағыты

1985 жыл сәуір

Бетбұрыс алдында
























Қазақстан КПОК пленумы Қазақстан КПОК бірінші

Хатшысы Д.Қонаевтың орнына Г.Колбинді

тағайындауы

Ұлттық құндылықтардың құлдырауы

Республика мүдделерінің алынбауы

Орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта

құру жариялаған демократиялық ұстанымдар

арасындағы қарама-қайшылықтар

Себептері




















































КОКП ОК 1987 жылы пленумы “Қазақ ұлт-

Шылдығының көрінісі” қаулысы

246 студент оқудан шығарылды

2 адам өлім жазасына кесілді

99-ы сотталды

8500 жазаланды

Салдары












12 ЖОО-ның ректорлары орынынан алынды
































Тарихи маңызы


Қазақ халқынның тәуелсіздікке ұмтылуына

жол ашты






Қазақ топырағында ұлттық санасын, намысын

жетелеген қайсар буынның келгенінәйгіледі






Қазақ тарихындағы естен кетпес аса ауыр

және қайғылы беттердің бірі






Кеңес Одағына еніп келе жатқан жас

демократияшыл үшін күрестің басы болды.
































1989 жылы мамыр-маусым КСРО халық депутаттар-

ының І съезінде М.Шахановтың бастамасымен Жел-

тоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға

беру жөніндегі комиссия құрылды

Ақталу










1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “1986 жылғы

Желтоқсан оқиғаларына қатысқандардыақтау

туралы” жарлығы












17 желтоқсан – Демократиялық Жаңару күні

деп жарияланды.












III.«Желтоқсан жұлдызы» Гүлсауле Қайырғалиқызы туралы оқушыларға бейнекөріністен қысқаша сұхбат көрсетіп,оқушылар өз ұстаздарына сұрақтарын қойды.

  1. Желтоқсан деген сөзді естігінде бойыңызда қандай сезім пайда болады.?

  2. Сіз алаңға шыққанда неше жаста едіңіз?

  3. Қазір бізге белгілі Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира сынды аға –апаларымызбен таныс болдыңыз ба?

  4. Желтоқсан оқиғасы” дегеніміз дұрыс па, әлде “Желтоқсан көтерілісі” дегеніміз дұрыс па? Сіз қалай ойлайсыз?

  5. Желтоқсан турасында ақпараттарды оқып, біліп жүрміз. Куәгер ретінде сіздің өз баяндауыңызда естіген ерекше болары жөн. Оқиға қалай болғанын бірер сөзбен айтып баяндасаңыз.

  6. Жүрегіңізде сол күнгі ызғардың табы елі есе ме, әлде қалай?

  7. Осы оқиғадан соң өмірде сіз не ұттым, неден ұтылдым деп ойлайсыз?

  8. Кейінгі жастарға айтар тілегіңіз.

Әріптесіміз марқұм Ә.Әнуарқызының «Тәуелелсіздік бақытым», өлеңі оқылды . Гүлсәуле Қайырғалиқызы сізге көп- көп рахмет!

Тәуелсіздік – бақытың

Тәуелсіздік! Елім! – деген үндерді,

Қанға біткен жастар айтып үлгерді.

17-де, білім қуған жас ұрпақ,

Күреспен сол келетінін білгенді.

Желтоқсанның куәсі оның шеруі,

Жастарымның әділ баға беруі.

Ерлікпенен табандылық арқылы,

Жас өркеннің күресімен келуі.

Тәуелсіздік оңайлақпен келмеді рас біздерге,

Мұндай күнде мақтанышпен сөйлемейміз біз неге?

Бүгін мейрам ол сенің де мейрамын,

Желтоқсанның куәгері әріптесім – Гүлсәуле.

Жаңа заман, жаңа ғасыр тек біліммен көгерер,

Шәкіртіне білім нұрын, аямай-ақ себе бер.

Құрдастарым Ләззат, Қайрат, бұл өмірді көрмеді,

Ғұмыр жасың ұзақ болсын мақсатына жете бер.

Айналайын қазағымның салтынан,

Ұл- қыздарын батыр тұтқан халқымнан.

Тәуелсіздік күніменен құттықтаймыз Гүлсәуле,

Тәуелсіз ел-арқа сүйер нар тұлғам.

IV.Жаңа сабақ бойынша тест жұмысын жүргізейік.



I нұсқа

1. М.С.Горбачев әлеуметтік эканомикалық дамытуда жеделдету бағытын қашан жариялады?

А) 1985 ж, наурыз Ә) 1985 ж, сәуір Б) 1986 ж, сәуір В) 1987 ж, қыркүйек

2. «Халық қаһарманы» атағын алған желтоқсан құрбаны:

А) Л.Асанова Ә) Е.Сыпатаев Б) С.Мұхамбетжанова В) Қ.Рысқұлбеков

3. Республика жазушыларының ішінен Соцалистік Еңбек Ері атағын алған жазушы:

А) Ғ.Мүсірепов Ә) Ж.Молдағалиев Б) Ә.Нүрпейсов В) І.Есенберлин

4. «Қыз Жібек» фильімінің режиссері:

А) Ш.Айманов Ә) Т.Теменов Б) С.Қожықов В) Ф.Мансуров

5. О.Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер енді» атты поэмасы қашан жарияланды?

А) 1975ж Ә) 1978ж Б) 1965 ж В) 1961 ж

6. Желтоқсан оқиғасына қатысқан үшін қанша адам сотталды?

А) 99 Ә) 102 Б) 95 В) 150

7. 1986 ж желтоқсанның 16- сында болған Қазақстан КП ОК – ның пленумын кім жүргізді:

А) Қонаев Ә) Колбин Б) Разумовский В) Назарбаев

8. 1986 ж желтоқсан оқиғасының болу себебі:

А) Орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қайшылықтар;Ә) Республика басшылығының өзгеруі; Б) Ел эканомикасының төмендеу

В) Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделінің төмендеуі;

9. Н.Ә.Назарбаевтың «1986 жыл 17-18 Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлығы қашан шықты?

А) 1990 ж Ә) 1991 ж Б) 1988 ж В) 1989 ж

10. Желтоқсан оқиғасының қандай сипаты болды?

А) Бейбіт және саяси Ә) Ұлтшылдық Б) Бұзақылық В) Қылмыстық

11. Қ.Рысқұлбековке қандай айып тағылды?

А) «Алаңға жастарды бастап апарды» Ә) «Ұлтшыл» Б) «Жасақшы Совицкийді өлтірді» В) Жауаптырдың барлығы дұрыс

12. 1980 ж таман республика тұрғындарының қаншасы теледидар көре алатын болды?

А) 80% Ә) 62 % Б) 50 % В) 75 %

13 Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіне қадам қашан жасалды?

А) 1985 ж Ә) 1986 ж Б) 1987 ж В) 1988 ж

14. 17 желтоқсан респбликада қандай күн деп аталады?

А) Президентті бүкілхалықтық сайлау Ә) Демократиялық жаңару Б) Халықтар бірлігі, татулық В) Ұлттық азат тұту;

15. «Қан мен тер» трилогиясының авторы:

А) Ғ.Мүсірепов Ә) Ж.Молдағалиев Б) Ә.Нүрпейсов В)І. Есенберлин

16. «Атаманның ақыры» фильмінің режиссері:

А) Ш.Айманов ӘТ.Теменов Б) С.Қожықов В) Ф.Мансуров

17. Әл – Фарабидің туғанына 1100 толуы қай жылы атап өтілді?

А) 1968 ж Ә) 1970 ж Б) 1980 ж В) 1998 ж

18. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қанша адам өлім жазасына кесілді?

А) 10 Ә) 5 Б) 2 В) 3

19. Желтоқсаншыларды жазалау үшін Орталық Комитет қандай жоспар құрды?

А) «Бұрқасын -86» Ә) «Дауыл -86» Б) «Шөлдегі боран» В) «Желтоқсан -86»

20. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы:

А) Партиялық басшылық қатесін түзетті Ә) Қоғамдағы эканомикалық дағдарыс жойылды Б) Колбин республика басшылығы қызметінен алынды В) Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты

21. 1989 ж КСРО халық депуттарының І съезінде Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етіп сөз сөйлеген:

А) Ш.Мұртаза Ә) М.Шаханов Б) О.Сүлейменов В) М.Мағауин

22. Желтоқсан батыры Қ.Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостанғынан айыруға қашан ауыстырылды?

А) 1988 ж Ә) 1989 ж Б) 1987 ж В) 1986 ж

23. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың әрекеті партия басшыларының тарапынан қалай бағаланды?

А) «Космополит» Ә) «Қазақ ұлтшылдылығы» Б) «Қазақ патриоттары» В) «Соцализмге жат көрініс»

24. 1978 ж республикада қанша кітапхана жұмыс жасады?

А) 15 мыңнан астам Ә) 29 мың Б) 35 мыңға жуық В) 19 мыңнан астам





Тест жауаптары





  1. А

  2. В

  3. А

  4. Б

  5. В

  6. А

  7. Б

  8. Ә

  9. Ә

  10. А

  11. Б

  12. В

  13. Б

  14. . Б

  15. Ә

  16. Б

  17. А

  18. Ә

  19. Б

  20. А

  21. В

  22. Ә

  23. А

  24. Ә

  25. В





Оқушылар енді, Желтоқсан ұғымының мазмұнын ашатын түйін сөздерді топтастырайық.







Желтоқсан





V. Бүгінгі сабағымызды қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мына сөзімен тәмәмдаған келіп отыр:

Мен Желтоқсан оқиғасын XX ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі деп білемін. Өйткені, Желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық- коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қоймай, сондай- ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды’’

Ш.Айтматов.

VI. Үйге тапсырма

  1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

  2. 1986 жылғы “Желтоқсан жұлдыздары” тақыры-бында эссе жазу.

VII.Бағалау.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДВ-472882
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх