Инфоурок Другое СтатьиЖилкибаевтар отбасының педагогикалық әулеті туралы мақала

Жилкибаевтар отбасының педагогикалық әулеті туралы мақала

Скачать материал

Жилкибаевтар педагогикалық әулеті

         Жилкибаевтар отбасында  ұстаздар әулетінің негізін қалаушы Жилкибаев Сейдахмет Мухамбетжанұлы- 1928 жылдың 1 наурызында туған. 1944-1947 жж.- Боровой педагогикалық училищесінде оқыған, 1969 жылы Қостанай педагогикалық институтының «Тарих» факультетін аяқтаған.  Сейдахмет Мухамбетжанұлы өзінің ұстаздық жолын Құсмұрын бастауыш мектебінен мұғалім ретінде бастаған. 1949 жылы сол мектепте меңгеруші қызметіне тағайындалған. 1950 -1953 жылдар аралығында  Кеңес Армия қатарында өз міндетін кеңсе хатшысы (писарь) ретінде атқарған, запастағы офицер. Әскерден кейін мұғалімдік қызметін әрі қарай жалғастырған: 1954 жылы 1 қыркүйекте Дәңгербай бастауыш мектебіне меңгеруші қызметін атқаруға жіберілген, сол жылы 1 қарашада Семиозер қазақ мектебіне ауыстырылған. 1954 жылы желтоқсанның 19-да 17 аудандық конференциясында аудандық комсомол комитетінің құрамына сайланды. 1955 жылы- Кеңжатқан бастауыш мектебінің меңгерушісі болып тағайындалған. 1968 жылы- Киров сегіз жылдық мектебінің директоры болып өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметін атқарған.  Сейдахмет Мұхамеджанұлы 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Солардың ішінен, Қайрат есімді ұлы әкесінің ізін басып, ұстаздық жолды таңдаған.

         Жилкибаев Қайрат Сейдахметұлы- 1967 жылы қаңтардың 1-ші жұлдызында дүниеге келген. 2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Тарих» факультетін бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Қайрат Сейдахметұлы өзінің ұстаздық жолын 1991 жылы Әулиекөл ауданындағы Куйбышев негізгі мектебінен бастады. 1994 жылы Бірлік орта мектебіне тарих пәні мұғалімі ретінде аударылды. 2001 жылы Әулиекөл білім бөлімінің бұйрығымен Қырқуыз негізгі мектебіне директор ретінде аударылды. 2005 жылы Әулиекөл ауданының білім және спорт бөлімінің басшысының бұйрығымен Чернышев орта мектебіне директор болып тағайындалды. 2007 жылы Қостанай автокөлік колледжіне кәсіби мектебінің меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданды. 2013 жылдан осы күнге дейін аталған колледждің директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

         Жилкибаева Людмила Жомартқызы- 1980 жылдың 25-ші қыркүйегінде туған, Сейдахмет Мұхамеджанұлының немересі, отбасының мұғалімдер әулетін жалғастырушысы. 1995-1999 жылдар аралығында Қостанай педагогикалық колледжінің «Бастауыш сынып» факультетінде оқып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығына ие болды. 1999 жылы Қостанай Гуманитарлық Институтына оқуға түсіп, 2001 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі дипломын алып шықты. Людмила Жомартқызы атасы мен ағасының ізіп басып келе жатқан маман. Көп жылдар бойы ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы тіл десек, әдебиет-көркем шежіресін, тарихын өскелең ұрпақтың жүрегіне, бойына сіңіріп, рухани өрістерін кеңейтуге үлесін қосып жүр.  Өзінің мұғалімдік еңбек өтілін 2000 жылы ауыл мектебінен бастап, қазіргі таңда Қостанай қаласының № 15 орта мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жилкибаевтар отбасының педагогикалық әулеті туралы мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 478
    • DOCX 218 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жилкибаева Людмила Жумартовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жилкибаева Людмила Жумартовна
    Жилкибаева Людмила Жумартовна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17066
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой