Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Научные работы / "Жыныс жасушаларының бөлінуі" 10 сынып

"Жыныс жасушаларының бөлінуі" 10 сынып


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Жыныс жасушаларының бөлінуі

Мейоз


Мейоз. Дене (сома) жасушаларының барлығында хромосомалардың толық диплоидті жиынтығы, ал пісіп-жетілген жыныс жасушаларында гаплоидті жиынтығы болады. «Жыныс жасушаларында хромосомалардың гаплоидті жиынтығы қалай түзіледі?» деген сұрақ туады. Мейозды бөлінудің өзіндік ерекшелігі бар. Мейоз процесі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады.

  1. Мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялы бөліну.

  2. Эквационды бөліну деп аталады.

Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Сондықтан бұл редукциялы бөліну (редукция-екі есе азаю) деп аталады. Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады.

Редукциялы бөліну. Редукциялы бөліну митоз сияқты төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін- бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады. Атап айтқанда, жіңішке жіпшелер сатысы, қосарланған жіпшелер сатысы және жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы т.б. деп аталады.

Жіңішке жіпшелер сатысы (лептотена). Бұл сатыда хромосомалардың жіпшелері екі еселеніп шумақ түзіледі. Электрондық микроскоппен қарағанда әрбір хромосоманың екі жіпшеден тұратындығы байқалады. Бұл – хромосомалардың екі еселенуінің профазада жүретіндігінің дәлелі.

Қосарланған жіпшелер сатысы (зиготена). Бұл сатыда 84-суреттен көріп отырғанымыздай, гомологті хромосомалардың өзара жақындасуын коньюгация (жабысу) деп атайды. Хромосомалардың коньюгациялануы оның ұш жағынан басталып, ортасына қарай ауысса, ал екінші бір хромосомада коньюгация процесі олардың ортасынан ұштарына қарай ауысатындығы дәлелденді. Осыдан кейін хромосомалар ширатылып, өзіне тән пішіні мен мөлшеріне келеді. Демек, ол ұзынынан қысқарып, көлденеңінен жуандайды.

Жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы (диплотена). Бұл сатыда коньюгация барысына қарама-қарсы процесс жүреді, яғни жақындасқан хромосомалар бір-бірінен ажырайды.

Ұқсас (гомологті) хромосомалар бір-бірінен алшақтағанда, X тәрізді фигуралар пайда болады, олар хиазмалар деп аталады. Хиазмалар кезінде ұқсас хромосомалар өздерінің үлескілерімен алмасады, мұны айқасу немесе кроссинговер деп атайды. Ал аналық-аталық хромосомалар үзінді бөліктерімен алмасқанда, тұқым қуалайтын өзгергіштік пайда болады.

Профазаның соңында хромосомалардың ұзындығы аздап қысқарып, көлденеңінен жуандай бастайды. Осы кезде хромосомалардың санын анықтап, пішіні туралы мағлұматтар алуға болады. Соңынан хромосомалар кариоплазмаға ретсіз таралады, бұл – метафазаның басталғанының белгісі.

Метафаза. Профазаның соңы, метафазаның басында ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Осы ядро қабықшасының еруіне байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Хроматидалар (жас хромосомалар) экватор жазықтығына жинақталады, соңынан ферменттердің жәрдемімен ахроматин жіпшелері іліп алады. Осыдан кейін анафаза басталады.

I анафаза. Анафазада ұқсас хромосомалар екі плюске қарай тартылады. Әрбір хромосома екі жіпшеден тұрады. Сондықтан анафазада қарама-қарсы плюске бүтін хромосомалар тартылады. Осыған орай пайда болған жас ядродағы хромосома саны бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар санының осылай азаюын редукциялану деп атайды.

II телофаза. Телофазада тең бөлінген ұқсас хромосомалар екі плюске жинақталады, ядро қабықшасы түзіліп, ядрошықтар синтезделеді. Жасушаның заттары бұрынғы қалпына келеді. Сонымен бірінші телофазадан соң гаплоидті хромосома жиынтығы бар екі жасуша түзіледі. Содан кейін іле-шала екінші телофаза жүріп, гаплоидті хромосомалары бар төрт гамета түзіледі. Ескеретін бір жағдай: бірінші телофазадан кейін ДНҚ екі еселенбейтіндіктен гаплоидті хромосома жиынтығы бар гаметалар пайда болады. Демек, мейоздық бөліну кезінде хромосомалардың саны екі есе азаятын болғандықтан, бірінші мейоздық бөліну редукциялық деп аталатындығын ескерген жөн.

Эквационды бөліну. Мейоздың эквационды бөліну барысы митоз процесіне ұқсас. Жыныстық жолмен көбеюдің эволюциялық дамудағы маңызы өте зор. Оның жыныссыз жолмен көбеюден негізгі артықшылығы: екі организмнің тұқым қуалау ақпараты қосылып, организм жаңарады. Осыған байланысты жаңарған организмнің сыртқы ортаға төзімділігі арта түседі.


Мейоздың биологиялық маңызы.

1. Коньюгация және айқасу барысында гендердің комбинациялануы жүреді.Ата-аналардың қасиеттері алмасып, жыныс жасушаларында тұқым қуалайтын өзгергіштік мутация пайда болады.

2. Хромосомалардың комбинациялануының нәтижесінде тұқым қуалайтын өзгергіштік күшейіп, жаңа формалар қалыптасады.

3. Мейоздың биологиялық мәні – хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидті хромосомалары бар гаметалар қалыптасады.



Тақырыптың түйіні

1. Жыныс жасушалары мейозды жолмен бөлінеді, ол екі кезеңнен тұрады.Мейоздың бірінші бөлінуі редукциялық, ал екінші бөлінуі эквационды деп аталады.

2. Мейозды бөліну митозды бөліну сияқты төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.

3. Редукциялық бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады. Атап айтқанда: а) жіңішке жіпшелер сатысы ә) қосарланған жіпшелер сатысы; б) жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы.


Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Мына сөйлемді толықтырыңдар:

а) организмдердің көбеюі______________ бөлінеді. Жыныстық көбеюге __________жыныс жасушалары қатысады;

ә) жыныстық көбею ________ жолымен бөлінеді. Телефазаның соңында хромосомалардың ____________ жиынтығы қалыптасады.


2. Мынадай кестені толтырыңдар.

1.Митоз





2.Мейоз











Автор
Дата добавления 10.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров287
Номер материала ДБ-340426
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх