Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Жіп және матадан әртүрлі бұйымдар жасау

Жіп және матадан әртүрлі бұйымдар жасау

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Абдыкасымова Галия Жумановна, бастауыш сынып мұғалімі.

Арқалық қаласы, Қостанай облысы.

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы

1 сынып, еңбек сабағы


Сабақтың тақырыбы

Жіп және матадан әртүрлі бұйымдар жасау



Сабақтың жалпы мақсаты

1. Білімділік. Әр түрлі жіптер дизайнмен танысу, жіппен бейнелеу тәсілі және сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін игеру.
2. Тәрбиелік. Оқушылардың қолөнерге деген қызығуын оятып, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Эстетикалық талғамдар мен шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық.
Көрнекілігі: эскиздер, дайын бұйымдар.
Техникалық оқу құралдары: графопректор.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру .



Көрнекіліктер


слайд - суреттер, тапсырмалар;                         


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мені жалғастыр» ойыны III Шығармашылық деңгей
Шеберлер елі. 20 слайд
Шығармашылық тапсырма: «Кім жылдам және тез» 21 слайд

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша жасаған жұмыстарын аяқтау .

Қызығушылықты ояту

http://kladraz.ru/images/ris2%282%29.jpghttp://stranamasterov.ru/files/imagecache/orig_with_logo/i2011/03/18/zhar-ptica.jpg

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндіруі:
1. Теориялық түбірін ұғындыру.
2. Ине, жіп арқылы геометриялық денелерді, бұрыштарды оңай тәсілдермен толтыру, жаттығуларын орындап үйрену.
3. Сәнді көркем өнер шығармалар құрылысының жасалу тәсілінің суреті мен эскизін дайындау.
4. Бейнелерді барқыт қағазы немесе қатырма қағаз бетіне түсіру, жіппен толтыру.
Жаңа сабақ.
Жіппен бейнелеу тәсілі (изонить) – жіптерден жасалған дизайндардың әр түрі. Олардың негізі тегіс жерде қол инемен және жіптерден бейнелеу жасау. Көрнектелген қағаз бетіне тікке тартылған жіптер арқылы бейнелеу.
Көріністің көркем сұлулығы әрбір инемен тескен тесіктердің берілген алыстыққа кезек - кезек тартылған және тікке кесіп өткен түрлі - түсті жіптерден пайда болады.
Жіппен суреттеу өнері алғашқыда Англияда пайда болады. Ағылшын тоқымашылары жіп қиылыстарының өзгеше тәсілін тапты. Олар тақтайға шеге қадап шартты кезекпен оған жіптерді керетін. Нәтижесінде үйге пайдаланатын әсем көрнекті бейнеленген бұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда осы тәсіл арқылы мерекелік ашық хаттар, сәнді бұйымдар, мұқабалар сәнді өрнектеліп, әшекейленіп салынатын өрнектер, киім элементтерін безендіруге болады.

http://umeika.com.ua/uploads/posts/2012-12/1354976715_iz-nitok.jpghttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSaMhhvKYifyYeHJaOLbEBJJetF7pS9BRTeapuWAMjmSAfiFQ7DjQhttp://media.vorotila.ru/ru/items/t1@f5899634-30c7-45db-bfc4-9f7f72da9e28/Applikacii-iz-nitok.jpg

Егер бейне тақта үстінде жасалатын болса оған шаблон қажет болады, жұмыс суреті, парақтың ортасынан өтетін ара қашықтықтары тең тіке сызықтар. Шаблоннан басқа суреттің көшірмесі қажет. Ол үшін суреттің түп нұсқасына кальканы степлермен қыстырып, тек нүктелерін белгілеу керек. Калька нормасына кәдімгі парақты пайдаланып, көшірме қағазы арқылы нүктелерді белгілейді. Нүктелерді қағаздан қағазға жарық арқылы да түсіруге болады.
Мулине жіптерін де пайдалануға болады. Жіптерді ұзарту үшін екі тәсіл бар:
Бейненің теріс жағына жіпті түйіндеп жанасын енгізу керек.
Алдынғы жіпке дейінгі жіпті жалғап жұмысты жалғастыра беруге болады.

Ой толғаныс

айнасын толтыру:
А) радиусы 50м дөңгелекті сызыңыз;
ә) сол айнаны тең 12 бөлікке бөліңіз;
б) барлық нүктелерді шұқи белгілеңіз;
в) ине жіпті өткізіңіз;
г) айналаны көрсетілген сызбамен (схема) толтырыңыз.

Үйге тапсырма беру.

Жіп дизайн техникасында өз беттерінше бір композиция құрастырып келу

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров1126
Номер материала ДВ-287046
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх