Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Жыр алыбы - Жамбыл

Жыр алыбы - Жамбыл

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев. 7 «Ә» сынып.

hello_html_m6f95aa1f.gif

Нұрсейітова Маржан Жұмағазықызы  Қостанай қаласы, №11 орта мектебінің қақақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы

 

ЖАЛПЫ  МАҚСАТТАР

Оқушыларға  Жамбыл ақынның  өмірінен деректер келтіре  отырып,  тақырыбы мен  ойын ашу,  оқушылардың  өзіндік  пікірін қалыптастыру.

ОҚЫТУ  НӘТИЖЕСІ

Оқушылар  Жамбыл ақын  туралы танып біледі.   арнау және оның түрлері  туралы танып біледі . «Алғадай туралы әрбір ой», «Аттандыру», «Атаның әлдиі» өлеңдерін талдау. «Соғыстан кейіңгі сырласу» монологы, Ақын жайлы пікірі, ақын өмірінен деректер алады. Отансүйгіштікке үйренеді.  Туған – туыс, ата- ана , Отан, туған елге деген сүйіспеншілігі артады . Ақын өлеңінің   мағынасын түсіне отырып, сыни тұрғыдан өзіндік ойын дамытады.

НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР

Ақын  өлеңін тани  келе  ақын шығармашылығын  бағалай білу  керектігі жайлы  идеялары қалыптасады.


ТАПСЫРМАЛАР

Жамбыл  кім? (постер)«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» ,Түртіп алу  стратегиясы, ой шақыру топтық жұмыс топтастыру, диалогтік оқыту, Ақынға хат, Идеялар картасы , Қазақ әдебиеті  жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау .

Пәнаралық байланыс:

Тарих, өзін-өзі тану


Көрнекі құралдар: Фоторепортаж, реферат, парақшалар, постер, бейнежазба, үнтаспа, монолог т.б









  • Ал, балалар, бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге нендей тілек білдіреміз.

  • Енді мына сандықша сендердің аттарыңа хат келген екен. Оқып көріңдерші...Ендеше топқа кімде қандай түс бар екен бөлінейік.



Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:І. Ұйымдастыру:
1. Амандасу;
2. Сынып  оқушыларын түгелдеу;
3. Сынып оқушыларын  топқа бөлу.

3 мин

Үй тапсырмасы:  Өлеңді жаттау. Қосымша деректер ізденіс тапсырмасы:

  1. Оқушы.

Жамбылдың хатшысмын, жыр алыбы,

Алай-дүлей от алған жыр жалыны.

Сауатсыз жазуға жоқ болғанмен,

Бойында шешен тілі, жыр дарыны!

2-оқушы. Мағлұмат беру. Ақынның алты ұлы болған: Қожамберді , Қожаш, Аққұлы, Ізтілеу, Алғадай , Тезекбай . Алғашқы екеуі ертерек қайтыс болыпты.  Соңғы төртеуінің  екеуі – Ізтілеу мен Алғадай әскер қатарына  алынады. Майданда Алғадайдың  көрсеткен ерліктерін айтып  бөлім бастығы хат жазғанда ақын қатты қуанады. Жәкең  өзге балаларым – бір төбе,  Алғадайым бір төбе дейді екен.  1943 жылдың жазында Алғадай  соғыста ерлікпен қааға ұшырауы туралы  хабар келеді . Қайғы ақынға аса ауыр соқты . Алғадай майданға аттанғанда осы «Аттандыру» атты өлеңі  шығады.  Баласы соғысқа атанғаннан жеті күн кейін әйелі Жәмеш босанып, ұл туады . Жәкең оның атын Қуаныш  қойған.             1943 жылы Алғадай ерлікпен  қаза табады  Осы қайғылы хабарды естіртуге  Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов  келіп естірткен.

3-оқушы

–          Ау, Жәке , көпті көрген батырымсың ,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың .
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті , бұл дүниеде адам күшті ,
Жүзге дейін көрдіңіз талай  істі .
Миуалы  бақ ішінде дарағы едің ,
Бір  жемісің жел соғып жерге түсті.

Соғыстан кейінгі ЖЫРЛАР

Ана сыры

Жалғыз дерлік үмітім оянғанда,

Бесігімді бүйіріме таянғанда...

Сұм соғысың әкетті әкешіңді

Әйел байғұс тағдырдан аянған ба?


Жетіп мақсат жеңіске кез келгенді,

Қуанышпен оятты ғой сезбегенді

Жадыраған жайдары көңілімен,

Әкең содан аяқсыз келген еді.

Әке құшағы

-Аяқ қалсын, қанша адам басы қалды,

Сұм соғыста кәрі мен жасы қалды

Мен аманмын алдыңда қуансаңшы,

Десе дағы естіледі жасық әні.

Ол айтқан-ды соғыста көргендерін,

Көмуге де уақыт тапшы өлгендерін.

Кейбіреулер қала берді айдалада,

Қазіргі күн іздеуде көмген жерін.


-Оу, әйелім, тыңдашы, сен үйдесің,

Өртенгендер қаншама, не күйде шын.

Сезіндім мыңнан аса кәрі-жастың,

Соғыстың жалынына мен күйгесін...


Естірсің, жауыз ана қинағанды,

Жүрегіне ауыр жара сыйлағанды.

Сол күлден іздеген-ді туғандарын,

Қайғысы мол, сол дара күйде қалды.


Сол әйелді алып келдім, айып етпе,

Мені іні қылғалы қайғы кеткен...

Мені аман жеткізген апаң болсын,

Ести жатар халық та жайын көптен.


Жарымды сол мезеттен түсінгенім,

Қорғаған осы Жеңіс үшін елін...

Соғысқа кеткенінше азаматтың,

Құдайыма мың тоба үш ұл бердің?


Дархандығын білер бәрі еліміздің,

Түкпірінде толы қонақ жеріміздің.

Ол да біздің құдайы қонағымыз,

Апамыз болып қалсын бәріміздің!



Содан қалды Света апамыз, Сәуле болды,

Үйімізге бейбіт өмір, береке сәуле қонды.

Ал, анау, жүгірмектер «әже-әжетай» деп,

Еркелеп, сұрақ жаудыра әуре болды...


Қуанышқа шаттықпенен толған дейді,

Маңында Әулиекөлдің болған дейді,

Есте қалды әжем айтқан көп аңызы,

Қазақ атам болған екен қорған дейді.


Сан мәселе мазалайды елімізді,

Бейбіт өмір бізде ғана сеніңізші.

Жетпіс жыл – Жеңісіміз, құтты болсын,

Ардагер кім? Құшақтайын келіңізші!

Топ сарапшылар барлық жұмыста, сарапқа салушылар.

Қызығушылықты  ояту сатысы:

Балалар ,  Жамбыл Жетісудың қай атақты ақынынан бата алған ?

-Әрине,  Сүйінбай.

Оны кім айтады?
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай .
Сырлы , сұлу сөздері ,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай
(Жамбыл Жабаев)

ІІ.  Жаңа сабақ. Оқушының презентациясын тыңдау

Мағынаны тану:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына  барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

Ал, енді мына мәліметтерді ала отырып, презентация жасаңдаршы.

Шығармашылық  жұмыс:  Тұрмыс-салт жырының  түрлерін соның ішінде жоқтау туралы  айтады. «Алатауды айналсам » атты  Жамбылдың  өлеңінің әнін  тыңдату Үнтаспадан тыңдайды.

Кітаппен жұмыс:    Түртіп алу  стратегиясы    Өлең мәтініндегі сүйікті, түйін сөздерді  теріп жазу

Мүрде- өлген адамның денесі
Көзел – көркем, сұлу,
Саңлақ – елден ерек
Жабы – қазақ жылқысының  байырғы  қарабайыр түрі
Кәріп – соқыр, мүгедек
Топырағың торқа болсын- дүние салған адамға  айтылатын тілек
Темір өзек – жаны тозбайтын темірден жаралған пенде жоқ деген сөз.
Жұқарыңқы – жүдеу, азу

І . Зерттеушілер сәті

Үш өлеңнен көркем айтылған ойларды теріңдер

Аттандыру

Алғадай туралы әрбір ой

Атаның әлдиі








Өлеңдегі  ақын қайғысын тауып,  оның  көңіл күйіне тоқталу .

ІІ. Тарихшылар сәті

5 мин 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





















5 мин

 

 

 

 

 

 










































































3 мин

 

 

 

 






5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

Шығармашылық   Ой шақыру : Жамбыл атаға хат

Тілші репортажы

6 мин

ІІІ..«Екі жақты түсініктеме  күнделігі»

Не таңқалдырады ?

Неліктен ?


4 мин

ІV.Әдебиет жұмыс дәптерінен тапсырмаларды орындау .

5 мин

  1.  Идеялар картасы :   Топтық жұмыс:

1.Жамбыл ақынның өлеңін қарасөзбен жазу .

2.  Осы өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, Жамбыл атаға жұбату   хатын  жазыңыздар.

3. тест жұмысы


VІ. Бағалау. Сынып оқушыларын бағалау «Ашық журнал» әдісі арқылы жүзеге асады . Жинаған ұпайларын  балл түрінде үлестіріп отыру .

2 мин

Үйге тапсырма:Өлеңнен үзінді жаттау. Қосымша деректер ізденіс тапсырмасы .

1мин

























Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров124
Номер материала ДВ-311833
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх