Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Жыр алыбы-Жамбыл" әдеби - музыкалық кеш
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Жыр алыбы-Жамбыл" әдеби - музыкалық кеш

библиотека
материалов

Спандиярова Гульнар Рысбековна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.



Алматы облысы, Қарасай ауданы

Қаскелен қаласы

Білім беру мекемесі «Аяжан Қарасай» колледжі





Жыр

алыбы - Жамбыл

Жамбыл дүниеге екі рет келді:

тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан,

тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.

Ғ.Мүсірепов


Білімділік мақсаты: Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәлімет алу

Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.


Сабақта қолданылатын

көрнекіліктер: интерактивті тақта:

а) Ж.Жабаевтың портреті

ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Құрметті ұстаздар, оқушылар

Жамбыл менің шын атым,

Халқым менің шын атым!-деп жырлап өткен

ұлы жырау Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Мемлекеттік Гимн



1- Жүргізуші Милана:

Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын әлемге жария етті.

hello_html_m53d4ecad.gifЖамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.

2- Жүргізуші Владислав:

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау .

Адакасова Гульхана, Сулейменова Аида


1- Жүргізуші Милана:

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы.

2- Жүргізуші Владислав:

Янова Яна Сороколетова Диана

Менің Өмірім

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

Ел үркіп жүрген кезде күні түні,

Сары аяз көш жөнекей боран күні

Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа, шыққан үні.


В ночь у подножья Жамбыла горы,
Сжавшись комочком у снежной норы,
Мать моя, рабскую жизнь кляня,
В стонах и муках родила меня.
Молча собрался голодный аул,
Дали казахи мне имя Жамбыл,
Пели акыны под звуки домбры,
Песню о мальчике, в бурю рожденном,
Песню о мальчике, нареченном,
Именем гордой и древней горы…

2- Жүргізуші Владислав:

Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

Сахналық көрініс

Жамбылдың Сүйінбайдан бата алғаны.

Қатысына кейіпкерлер:

1.Автор

2. Жамбыл

3.Сүйінбай

4.Еңлік

Жамбыл:

Cүйінбайдан бата алсам ба екен?

Автор:

Сөйтіп Жамбыл Алатау атырабына атағы әйгелі Сүйінбай ақынға жолығып, одан бата алуды армандады. Ол нағашысы Қанадан берген домбыраны (алып) ұстап, жиын-тойда өлең айтып жүрді. Бір күні кешқұрым жайлаудағы Сүйінбай үйінің тұсына барды.

Жамбыл:

Ей-й, өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан.

Түн болды, үйге ен дейтін

Табылмай тұр таныс жан

Сүйінбай :

Ақын болсаң ,үйге кір ,жасқанба!

Автор :

Жамбыл табалдырықтан аттай беріп,жыр тарланына сәлем берді.

Сүйінбай :Қай тұған боласың?

Жамбыл:Шапырашты Жабай баласымын.

Cүйінбай :Атың кім ?

Жамбыл :Жамбыл .

Сүйінбай:Е-е-е,Шапыраштыда бір жыршы бала бар деуші еді ,сол екенсің ғой .Жақынырақ отыр.

Жамбыл :

Ақын болдым он үште

Алатын құстай тарандым!

Алды –артыма қарандым .

Шарықтадым әр жерде.

Автор :Бала шәкірттің аяқ алысына Сүйінбай да, оның зайыбы Еңлік те дән риза болысады.

Еңлік :Отғасы –ау ,жас ақынға мына сый лайық болар.

Автор :Еңлік оның алдына жібек шапан қояды .

Жамбыл :Маған сіздің батаңызда жетеді.

Автор :Деп шапанды қайырып береді.Қарт жырау шәкірт балаға ақылын айтады.

Сүйінбай :Осы шабысыңнан тайма ,өлең –жырды дауылдата бер! Бірақ байқа ,балам, ақындық жолы –қиын жол. Домбыра садақ, өлең –сол садақтың оғы, оны шебер пайдалана біл. Ең басты шыншыл, әділ бол , халықтың ойындағысын таба сөйле, дұшпаныңа батыл, досыңа асыл бол.

Автор : Осылай деді де, ұстаз сәл ойланып, іштей толғанды.

Сүйінбай : О,Жамбыл ,бата дедің бердім саған,

Бақытты ,өмірлі бол, жүргін аман!

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Аумин барлығы

2- Жүргізуші Владислав:

Осындай бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы болған.


Фараджев Надир «Шағым».

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған.

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп,

Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам...


Ибрагимова Залина «Шәкірт балаларға»

Рахметова Камилла «Өсиет»

Айтжанова Жанара «Абайдың суретіне» т.б.


1- Жүргізуші Милана:

Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды.

2- Жүргізуші: Шарифова Карина

«Кавказға сәлем»

Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,

Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып,

Жазылып бүкіш белі қуаттанып,

Туған ел сәулетімен санаттанып!

Қолға алып домбырасын жаны жайнап,

Советтік дәуірінде талаптанып,

Ән шырқап шарықтағаған сағатында

Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып.






1- Жүргізуші Милана:


1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.


2- Жүргізуші Владислав:

1941 жылы Жамбыл Жабаев Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім” Решидова Замира

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Жабықпағын, Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап болып қол барап,

Қорғап сені ол қалар...


1- Жүргізуші Милана:

Сол сұрапыл соғыста, Ленинград қаласын жаудан қорғаған ұрыс кезінде, Жамбылдың суреті басылып, «Ленинградтық өренім» өлеңі орыс тіліне аударылып, үлкен әріптермен жазылып, плакат болып қала көшелеріне, тақталарға, қабырғаларға жапсырылып, майданға жеткізілді.

Тұратын ел алуан ұлттан –ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс –жұлыстан.

«Ырыс түбі – ынтымақ »деп жарасып,

Қазақстан болсын жайнап — Гүлстан, -дей отырып, тілі басқа-тілегі бір – 

Ленинградтық өренім” өлеңін орыс тілінде Эльжуркаева Мадина оқиды.  

         Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Мне в струе степного ручья

Виден отблеск невской струи.

Если вдоль снеговых хребтов

Взором старческим я скользну,

Вижу своды вашых мостов

Взорь балтийскую голобизну,

Фонарей вечерних рой,

Золоченных крыш острия...

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!



1- Жүргізуші Милана:

Соғыс жылдарындағы аса бір қайғылы өлеңі – баласы Алғадай соғыста ерлікпен қаза болғанда айтқаны.

2- Жүргізуші Владислав: Ж.Жабаев «Алғадай» — оқитын Калыкова

Алина



1- Жүргізуші Милана:

Жамбылдың сүйікті шығармашылығы – айтыс. Жамбыл өз кезеңінің көптеген ақындарымен айтысып, біреуінен де жеңілмеген. Олардың ішінде Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет  сияқты атақты айтыскер ақындар бар.

2-жүргізуші

Айтыс –халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі.

Айкуміс пен Жамбыл айтысынан үзінді

Бекмаганбетова Толғанай , Абенов Сұлтанбек

Жамбыл:

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс әуелден – ақ болдық ойда.

Желігі басылмаған албырт едім,

Асығып айтқаныма кінә қойма.

Айкүміс:

Аптығып ә дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің,был жастай,

Асылға аспандағы қол жетпей ме?

Ақылмен қимылдасаң асып- саспай.

Жамбыл:

Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?

Жасшылық ұрындырды талай жолға.

Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.

Айкүміс:

Біле ме, пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп, есер мінез сенде жүрсің.

Жаралған жат жұрттыққа қыз болған соң.

Жарқыным өкінбеші сен мен үшін.

Жамбыл:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп,

Отырсың қарқарадай әзір зар боп.

Көзіңе көк шыбынды үймелетер,

Көргенің өле – өлгенше ылғи қор боп.


1- Жүргізуші Милана:

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына арналған шағын шығармаларды.

Решидова Замира мен Сугурбаева Сабина оқиды

2- Жүргізуші Владислав:

Жамбыл туралы естеліктер Сапарбаева Асель


1- Жүргізуші Милана:

Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда  дүниеден өтті. Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбыл ретінде құрмет көрстіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»

 Мұғалімнің сөзі;

Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың артында қалған ұрпағы бар, бүгін біздің ашық сабағымыздың қадірлі қонағы болып отырған Білім беру мекемесі Аяжан Қарасай колледжінің биология, химия пәнініің мұғалімі Бултаев Сабит ағамыз Жамбыл Жабаевқа жиен болып келеді екен. Сөз кезегін сізде.... 

2-жүргізуші Владислав : Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! қазақтың ұлы ақыны, жыршысы, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған – «Жыр алыбы Жамбыл» атты ашық сабағымыз аяқталды.

1-жүргізуші Милана: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

2-жүргізуші Владислав:  Назарларыңызға көп көп рахмет!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров464
Номер материала ДВ-509358
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх