Инфоурок Другое Другие методич. материалы"25 жұлдызды күн" Тәуелсіздікті 25 жылдығына арналған шара

"25 жұлдызды күн" Тәуелсіздікті 25 жылдығына арналған шара

Скачать материал

 

 

Шортанбай жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік кеш

 

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына орай «25 жұлдызды күн»

«Тәуелсіздікке тағзым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Мектеп директры:                 Г.М Юсупова

 

Мерекелік кеш

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына орай «25 жұлдызды күн»

«Тәуелсіздікке тағзым»

 

 Мақсаты: а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  түрлі түсті шарлар, әріптер, фотогалерея, көрме, тб
 Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. 10 оқушы сағнада тұралы мектеп формасымен қолдарында көк флажоктаын ұстап екі оқушы тақпақ айтады. Кештің ашылуы. Талапова Сания мен Махахова Айкүміс.) ортасынан жүргізуші шығады.

 Айкүміс:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендірі

Сания

Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 

Жүргізуші:

Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 

Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! 

 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Бүгінгі кешіміздің қонақтары:

1.  Шортанбай селосының әкімі-Набидоллаев С.Н

2. Шортанбай селосының «Нұрсәт» бөбекжай балабақша меңгерушісі-Утепова Г.Қ

3.»Капий –Балық» өндірістік кооперативінің директоры- Абдулов Б.К

4.  Селолық аурухана меңгерушісі-Мурзағалиев Т.

5. Мәдениет үйі директорының орынбасары-Қабдрахманова Ж.

6. Ардагер ұстаздарымыз- Бахтыгереева А.Ы

7. Ардагер ұстаз-Аташова Ш.Д

8. Ардагер ұстаз-Карабалина К.С

9. Ардагер ұстаз-Казиев У.К

10. Ардагер ұстаз-Рашитова Р.Р

 

Жүргізуші

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

Сөз Шортанбай жалпы орта мектебінің директоры-Юсупова Г.М

 

 

 

 

 

Жүргізуші

16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Ән: «                                                 » орындайтын Аудандық «Әнші балапан» байқауының  

                                                                                                                      жүлдегері  Ниетуллаева Эльвира

Жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

 Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 
Сахнада Аудандық «Айгөлек» байқауының жүлдегері кішкентай бүлдіршініміз Бекболат Нұрсая мен аудандық көркемсөз байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болған 8 «а» сынып оқушысы Едігеева Сабина

 

Жүргізуші

Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасақ, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінеміз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. 

Көрініс «Желтоқсан көтерілісі»

 

Жүргізуші

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Ән «Желтоқсан желі» орындайтын  8 «а» сынып оқушысы Берниязов Асылжан

Жүргізуші

Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Би: «                                       » Аудандық биші балапан сайыс байқауының жүлдегері «Ақ-Нұр» бишілер тобы.

 

Жүргізуші

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Хор «Қазақстан Бақытты»  Қатысатын 20 мұғалім

(Барша қатысушылар артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) ұстайды

Жүргізуші

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""25 жұлдызды күн" Тәуелсіздікті 25 жылдығына арналған шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2017 529
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Турсынай Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Турсынай Муратовна
    Казиева Турсынай Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29478
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой