Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойын
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

"Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойын

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық сайыс

Күні: 26.11.2015
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

- Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. 6 сынып оқушылары арасындағы « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбы аясында өтетін «Жұлдызды сәт» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
1-топ Алтын адам.
2 - топ Сұңқар тобы
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.Кусаева М.М
2. Ермағанбетова Ж.Б
3. Рахметова Ф
ІҮ. Ойынды бастау
- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады

1.Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2.Бәйге./ шарты: сұраққа тез жауап беру/
3. Сәтті кезең .Топ сайысы (әр топқа 2 сұрақ қойылады)
4 Тарихқа саяхат . /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./
5. Финал . Тарихи терминдер.
Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады
1-топ Алтын адам.
2 - топ Сұңқар тобы
Сайысымыздың екінші бөлімі Біліміңді сына ./ шарты: сұраққа тез жауап беру, әр сұраққа 1балл/
1. Өзіміздің рәміздерді ата және олардың авторлары : /ту ,елтаңба ,гимн / Елтаңба: Шотаман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.
2. ту: Шәкен Ниязбеков.
3.Гимн .Жүмекен Нәжімеденов.Н.Назарбаев.Ш.Қалдаяқов
2.Тарих сөзі қандай мағына береді? / зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме/
3.Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? / 4 . Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы.Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы /
4.Қ Р тұңғыш президенті Н.Әбішұлы Назарбаев қай жылы президент болып сайланды? / 1991 жылы 1 желтоқсанда/
5. Андроновтың сырт бейнесін сипаттаған академик? (В.А.Алексеев)
6.Тарихта ең ұзаққа созылған кезең? / ежелгі тас дәуірі палеолит. Б,з,б 2,6 млн жылдан-б,з,б 12 мың жыл аралығын қамтыды /
7. Қола дәуірін жоспарлы зерттеген ғалым? Ә.Х.Марғұлан
8.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен қашан пайда болды? / 1 млндай жыл бұрын/
9.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? / 1941-1945 жж /
10. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі? / Тұмар.Томирис
Сайысымыздың үшінші бөлімі; Сәтті кезең. Топ сайысы (әр топқа 2 сұрақ қойылады)

1.Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған.Ол осыдан 1млн 750мың жыл бұрын өмір сүрген.Епті адам

2.Алғаш рет Ява аралынан 1891ж табылды. Ол мөлшермен бұдан 1млн жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп

3.Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген.Синантроп

4.Ол Германияның жерінен табылған. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді.неандерталь
Сайысымыздың төртінші бөлімі 4 «Тарихқа саяхат». /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./

1.Ежелгі тас дәуірі (палеолит) уақытына ата: / б.з.б. 2 млн 600 -12 мың жыл /
2.Орта тас ғасыры (мезолит ): / б.з.б.12-5 мың жыл бұрын/
3.Жаңа тас ғасыры (неолит): / Б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын/
4. Мыс-тас ғасыры (энеолит): / б.з.б 3 мың-1800 жыл/
5.Қола дәуірінің уақыты: /б.з.б. 2 мың жыл/
6.ҚР. Тәуелсіздік күні? 1991ж 16 желтоқсан
7.ҚР ұлттық валютасы қай жылы енгізілді? / 1993 жылы 15 қарашада /
8. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? / 1995 жылы 30 тамызда /


Сайысымыздың бесінші бөлімі .

Финал . Тарихи терминдер
1. Нумизматика нені қандай ғылым? / тиындар, құйма ақшалар .тиындар ақша айналымын зерттейді./
2. Геральдика ұғымы : / елтаңбатану ғылымы, елтаңбаларды арнай деректеме ретінде зерттейтін ғылым/
3.Антропология қандай ғылым: / адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін ,сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы /
4..
5.Этнография- / халықтардың шығу тегін,рулық-тайпалық және әлеуметтің құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын ерекшелігін зерттейтін ғылым/
6. Топономика-/ жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласы. /
7.Этнос-белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.
8.Теология-дін ілімін зерттейтін ғылым.
9.Археология-заттай дерек бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.

Ү. Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.
- «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты қайталауға арналған «
Жұлдызды сәт» интеллектуалдық тарихи - танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз. Ерекше жауап берген оқушыларды атайық.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров197
Номер материала ДВ-359558
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх