Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖұмбақ әлем (Тәрбие сағаты)

Жұмбақ әлім (Тәрбие сағаты)

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы, Көктерек ауылы

«Көктерек орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мусина Лаура Серікжанқызы

Тәрбие сағаты

(12 сәуір ғарышкерлер күніне байланысты өткізілген тәрбие сағаты)

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ әлем

Мақсаты: 1.Оқушылардың  ғарыш туралы, ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту. Алғашқы қазақ ғарышкерлері туралы мағлұмат беру. Батыл болуға, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану,әдебиеттік оқу, қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер: Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетовтардың суреттері. Интербелсенді тақта.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру. Шаттық шеңберін құру. Балалар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

2.     Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын хабарлау. -  Балалар , біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жұмбақ әлем » деп аталады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз ғарышкерлер күніне арналады. Бүгінгі сабақта ғарышкерлер және ғарыш туралы білімдерімізді кеңейтеміз. Біздің сабағымыз «Кездесу» және «Біз талапты баламыз» деп аталатын 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде сендер аспан әлемін зерттеуші  Муртиева Алсу Дидарқызымен және қазақ  ғарышкерлерімен кездесіп, солармен әңгімелескен тілшілермен кездесеміз. Ал екінші бөлімде шығармашылық жұмыспен айналысамыз. «Кездесу» бөлімі дөңгелек стол басында өтеді.

Дөңгелек стол басына шақыру, тілшілермен таныстыру.

Ғарыш әлемін зерттеуші Муртиева Алсу ғарыш әлемі туралы әңгімелеп береді.

-         Бұлтсыз ашық түнде жыпырлаған сансыз  көп жұлдыздарды көресің. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері кейде күшейіп, кейде әлсірейді. Жұлдыздар біздің көзімізге  кішкене жылтыраған  нүкте сияқты болып көрінеді. Олар жерден өте алысқа орналасқан. Шынында  олардың әрқайсысы күнге ұқсас жанып тұрған үлкен газ тәрізді шарлар. Ал жерді қоршаған дүние  - Ғарыш деп аталады. Міне, ғарыш дегеніміз осы. Ал енді сұрақтарың болса жауап беруге әзірмін.

Оқушылар алдын ала дайындап әкелген сұрақтарын  қояды.

1-оқушы: -Сонда жерге ең жақын жұлдыз қалай аталады?

-         Жерге ең жақын жұлдыз – күн.  Міне, мынау- күн. Оның төңірегінде  жерді қоса есептегенде 9 ірі планеталар айналып жүреді. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер ,Марс, Юпитер, Сатурн, Плутон, Нептун.

2-оқушы: -Планетаның жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?

-         Планета – грекше адасушы жұлдыз деген сөз. Планеталар өзінен жарық шығаратын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да  жұлдыз сияқты жарқырап көрінеді. Планетаның олай көріну себебі : бетіне түскен күн сәулесінің әсерінен.

3-оқушы: -Ай да жұлдызға жата ма? Әлде ол планета ма?

-Планеталардың серігі болады. Планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Ай- жердің серігі.

4- оқушы: -Күн мен жердің ара қашықтығы қанша км? Күннің температурасы қанша болады?

-Күн мен жердің арасы 150 000 000  км. Ал  күннің беткі қабатының  температурасы қанша болады?

-Міне, сендерге астролог аспан  денелері туралы әңгімелеп берді.

Ойын: «Ыстық микрофон»

- Ең алғаш ғарышқа жол қашан ашылды?

- Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні жердің жасанды серігі ұшырылды. Онда Белка, Стрелка атты 2 ит ұшырылды.

-Ең  алғашқы ғарышкер кім?

-1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты.

-Қандай қазақ ғарышкерлерін білесің?

-Енді осы қазақ ғарышкерлерімен кездескен тілшілермен кездесеміз. Олар: Тасқынұлы Түлек, Даниярұлы  Мадияр.

Оқушылар тілшілерге сұрақ қояды?

Тілші Даниярұлы Мадияр: - Т.Әубәкіров 1991ж  4 қазанда  ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Армавирдегі ұшқыштар училищесін бітіріп, Қиыр Шығысқа қызметке  кетеді. 1974 жылы  оған 1-класты әскери ұшқыш  атағы беріледі. Қазақ балаларына қандай тілек айтасыз дегенде , Тоқтар аға былай деді: «Інілерім мен қарындастарым , бөгеліп , тосылып қалмай өнер іздесін, өнер тапсын. Ғасырдың ғылыми жетістіктерін меңгерсін!» -деді.

Тілші Тасқынұлы Түлек: - Талғат Мұсабаев 1994 жылы  135 тәулік  бойы ғарыш әлемінде ұшып жүрді. 1998 жылы  орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас-аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығысмен бетпе-бет өткізді. Талғат Мұсабаевқа ҚР-ның  «Халық қаһарманы» атағы берілді.

-         Міне, сендер бүгін ғарышекрлер күнінде  қазақ ғарышкерлері туралы мағлұмат алдыңдыр. Астрологпен, тілшілермен кездестік. Бүгінгі сабақтан кейін қандай қорытындыға келдіңдер? Ұшқыш, ғарышкер болғыларың келе ме? Ұшқыш болу үшін қандай болу керексіңдер?

-         Келесі бөлім «Біз талапты баламыз» деп аталатын бөлім бойынша жұмыс істейміз. Бұл бөлімде біз өз өнерімізді, шығармашылық жұмыстарымызды көрсетеміз.

1)    «Ғарышкер болғым келеді» деген тақырыпта шығармаларын оқиды.

2)    «Жұмбақ әлем» атты сурет көрмесіне ілінген суреттермен таныстыру. Оқушылар салған суреттері бойынша әңгімелеп береді.

3)    Поэзия минуты.

Байқоңырдан ғарышқа

Ұшты Юрий Гагарин

Жол ашық деп ғарышқа

Берді батыр хабарын

 

Батпайтын ол жыр таңы

Жүрегімді жылытады

Тоқтар батыр кәдімгі

Алпамыстың ұрпағы

 

Ғарышкерлер мекені

Қазақ жері –Байқоңыр

Қай жер соған жетеді

Ғажап жерім – Байқоңыр

 

Ғарышкер ғарышқа

Байқоңырдан ұшады

Қарсы алады тағы да

Біздің елдің құшағы

 

От көрдім

          Көтерілді

                 Көкке енді

Ғарыштың бір таңғажайып кемесі

Байқоңырда нұр ойнайды

                 Найзағайдай көктемгі

Шырқап ұшты ертегінің елесі

Қас қағымда жоқ болды.

Ән: «Ғарышкер боламыз»

4)    Жұмбақ әлемге байланысты жұмбақтар шешу.

Қорытындылау: Жұлдыздырдың артына жазылған сұрақтарға жауап беріп , жұлдыздарды іледі.

Кері байланыс жасау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жұмбақ әлем (Тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 2468
    • DOCX 46.1 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Лаура Серікжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусина Лаура Серікжанқызы
    Мусина Лаура Серікжанқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5468
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой