Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»

«Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»

Скачать материал

 

                                       Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

                                                  Қарағанды облыстық білім Департаменті

                                                        Ақтоғай аудандық Білім бөлімі

      Шашубай қонысы «Мектеп – балабақша кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) ММ

 

 

 

         Бағыты:                   Экономикалық және әлеуметтік процестерді зерттеу

 

         Секция:                   Экономика

 

 

 

 

 

            Тақырыбы:        «Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»

 

 

 

 

 

 

 

                                              Жобаның авторлары: 9 «А»сынып оқушысы  Қуанышбек    Зарина

                                                                                8 «А» сынып оқушысы   Кәрімхан Қуанышбек

                                                 Жетекшісі: Экономика пәнінің мұғалімі  Ныгметуллина Шб.К

                                                                            

 

                                                          Қарағанды  2009

 

Ақтоғай  ауданы  Шашубай кентіндегі « Мектеп- балабақша кешені »

мемлекеттік  мекемесінің   9 «А» сынып оқушылары Қуанышбек Зарина,

Кәрімхан Қуанышбектің «Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»                   тақырыбына  жазған  ғылыми  жобасына

 

Пікір

           Оқушылардың  таңдаған  тақырыптары,  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің бірі  болып  табылады.

          Жобаның  авторлары  теориялық  негіздерді  практикада жүзеге  асыруды  көздеп отыр. Шашубай  кентінің  тұрғындарының әлеуметтік- тұрмыстық  жағдайдарын  оның ішінде  жұмыссыздық  деңгейін  анықтап, қоныстың  статистика  бөлімімен  байланыс  жасай  отырып,  әр  түрлі  тәсілдерді ( сауалнама жүргізу, жеке  тұрғындармен тілдесу т.б) пайдаланып зерттеу  жүргізген.

          Зерттеу  бөлімінде халықтың  экономикалық  құрылымын  анықтай келе, олардың  арасындағы  жұмыссыздықтың  туындау  себептерін  анықтап, оның  шешу жолдарын  ұсынып  отыр.

      Жоба  келешекте  өз  жалғасын  табады  деген  сенімдемін.

      Жоба « бес» бағасымен бағаланды.

 

 

 

 

 Ғылыми  жобаның жетекшсі  экономика пәнінің мұғалімі:

                             Ныгметуллина Ш.К.

                        

 

МАЗМҰНЫ

 

 Аңдатпа..................................................................................................................  1

1.Кіріспе................................................................................................................    3

1.Қазақстан  республикасындағы еңбек  нарығының  даму  тенденциясы... 3

1.2  Тұрғындар құрылымы...................................................................................    7

2.Зерттеу бөлімі......................................................................................................  9  

2.1 Қазақстандағы  жұмыссыздар  саны  туралы  деректер.................................9

2.2 Қазақстан  Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері...11

2.3 Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген жұмыс орындарының саны...12

2.4 №1 Зерттеу..........................................................................................................14

2.5 №2 Зерттеу..........................................................................................................15

2.6 №3 Зерттеу..........................................................................................................16

3.  Жұмыссыздық және жұмыссыздықпен қамту..................................................17

4.Қортынды...............................................................................................................20

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  «Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»

тақырыбына  арналған ғылыми жобаға

 

Аңдатпа ( аннотация).

 

Жоғарғы  сынып оқушыларының  ғылыми  жобасында  қазіргі  таңдағы  өзекті  мәселелердің  бірі « жұмыссыздық»  тақырыбы қарастырылған.

Оқушылар өз жобаларында  жұмыссыздықты теориялық  тұрғыдан меңгеріп, Қазақстан  Республикасының  кейінгі  үш жыл көлеміндегі жұмыссыздық  деңгейімен  таныса отырып (ақпарат  құралдарынан), өздері  тұратын  қоныс тұрғындарының  экономикалық-әлеуметтік  жағдайын  зерттеп, жұмыссыздық  деңгейін, оның  туындау  себептерін  анықтай  келе,  болашақта  осы  мәселені  шешу  жолдары  ретінде  өздерінің экономикалық  білім  негіздері, кәсіпкерлік  негіздері  курсынан  алған  білімдерінің нәтижесін көрсете  отырып,  «Шашубай»  жеке  шаруашылық  серіктестігін ұйымдастырудың  бизнес жоспарының  жобасын  ұсынып отыр.

 

Осы  ұсынылып  отырған  «Бизнес  жоспар» іс  жүзіне асатын болса, қоныс  тұрғындарының жұмыссыздық  деңгейінің  төмендейтініне  күмән  келтірмейді.

 

 

 

                

 

 

 

1

Жобаның өзектілігі

 

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі-дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен елімізде жұмыссыздық деңгейінің өсуі болып отыр.

Жаһандық қаржы дағдарысы көптеген тұрғындарымыздың арасында жұмыссыздық санының артуына, нәтижесінде халықтың материалдық жағдайының біршама төмендеуіне әкеліп соғып отыр.    

Бұл мәселені шешуде ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, еңбек рыногын тұрақтандыруда жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа кәсіби мамандықтар бойынша мамандар дайындап, басқа да қоғамдық жұмыстарға тартуды дұрыс ұйымдастыруды ұсынып отыр.

 

Мақсаты:                                                                                                       Жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын қарастыру

 

Міндеттері:

1)  Зерттеуді теориялық тұрғыдан оқы білу;

2)  Кенттегі жұмыссыздар санын анықтау; жұмыссыздықтың пайда болу себебін анықтау;

3)  Жаңа жұмыс орындарын табудың әдіс-тәсілдерін ұсыну.

 

Жаңалығы:

Елімізде қазіргі таңда шешімін табу үлкен қиындықтар туғызып отырған макроэкономикалық проблемасы жұмыссыздық деңгейін азайтуда болғандығына «экономикалық білім негіздерін» оқып отырған жоғарғы сынып оқушыларының өз үлестерін қосып, зерттеу жүргізе отырып,оны шешу жолдарын ұсынады.\

Нәтижесін практикада қолдану:

Егер оқушылар ұсынған жұмыссыздық деңгейін азайту әдіс-тәсілдері оң нәтиже беретін болса, мектепте оқылатын экономика курсының бағдарламасына практикалық тапсырмалар ретінде бірнеше есептеулер мен ситуациялық жағдайлар енгізуге мүмкіндік туады және оң нәтиже береді деген сенімде.        

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кіріспе

1.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ[6]

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік–экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді: Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады. Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен

3

жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады. Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Жұмыс іздеушілер санының жұмысқа қабілеттілердің жалпы санына қатынасын жұмыссыздық деңгейі деп атайды. Оны процентпен өлшейді. Елдегі жұмыссыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, халықтың өмір сүру деңгейі соғұрлым төмен түскен. [1]

Әлемдегі жұмыссыздықтың өсуі мемлекеттердің оның өмір сүруіне көнуіне алып келді, оны еңбек рыногындағы қалыпты құбылыс ретінде қарастыра бастады. Бірде – бір

мемлекет жұмыс орны саны мен еңбекке қабілетті халық санының толық тепе-теңдігіне қол жеткізе алмады. Экономистер жұмыссыздық деңгейінің 5-6%  мөлшерін табиғи санайды.

Жұмыссыздарды тіркеумен және олар үшін жұмыс орындарын таңдаумен арнайы мекеме еңбек биржасы айналысады.

4

Мемлекет ресми тіркелген жұмыссыздарға жәрдемақы төлейді. Еңбек биржасына баруды және жұмыс іздеумен айналысуды жалпы доғарған адамдар бар, себебі олар көмек алудан көмек үзген, еңбекке орналасу үмітінен айырылған, әлеуметтік құрдымға түскен. Олар жұмыссыздардан да гөрі нашар күйде, өйткені экономикалық тұрғыдан белсенді халық тізімінен шығып қалған. Ресми түрде жұмыссыздарға жұмыс жоқ болса да оны белсенді іздеп жүрген және жұмысқа дереу кірісуге дайын адамдарды жатқызады. Егер адам аптасына бірнеше сағат жұмыс істесе де, оны жұмыссыздарға қоспайды, әрине ол үшін толық апта жұмыс істеген бір ғанибет болар еді. Қазақстанның өтпелі экономикасында бұндай адамдар саны өте көп, себебі көптеген кәсіпорындар толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жыл жұмыс істеуге көшкен, ақы тқленбейтін шарасыз демалыстар айлар бойы созылады. Жұмыссыздардың нақты санын есептеу өте күрделі, өйткені жұмыс істегісі келетіндердің барлығы бірдей еңбек биржасына тіркелгендер, шын мәнсінде бір жерде қосымша табыс табады, бірақ олар бұны жасырады және өзіне сәйкес келетін жұмыс табуға үміттенеді.

Мемлекет еңбек рыногындағы жағдайды экономикалық, заң шығарушылық және ұйымдастырушылық әдістермен реттеп отырады. Экономикалық әдістерге инвестициялық, несие – қаржылық және салық шараларымен жұмыс орындарын сақтау, құру және дамытуды жатқызады. Заң шығарушылық әдістер еңбекке қатысты заңдарда, еңбек пен жұмыс пен қамту туралы заңдарда, еңбек пен жұмыспен қамту заңдарыда көрніс тапқан. Ұйымдастырушылық әдістер мемлекеттік қызмет пен халықты жұмыспен қамту туралы заңдарда көрніс тапқан. Ұйымдастырушылық әдістер мемлекеттік қызметпен халықты жұмыспен қамту қорын құруда көрінеді. [4]

 

5

Егер Қазақстанда жұмыссыздықтың ресми деңгейі 4,2% болып тіркелсе, онда елде қанша жұмыссыз бар

Жұмыссыздық деңгейі 100

 

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық  Қазақстан халқының 67  құрайды, ендігі жалпы халық саны -16,5млн адам (2009 жылғы мәліметтер) .[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

1.2  ТҰРҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫ[4]

Ел тұрғындары

 

 

 


     Жұмыссыздар       Жұмыспен             Жұмысқа                Жұмысшы күші

                                   қамтылған              қабілетсіз                 құрамынан

                                                                   тұрғындар                шыққандар

 


Экономикалық белсенді             16 жасқа дейінгі                    жұмыс  істеуге

халық(жұмысшы күші)              балалар, зейнеткерлер,         қабілетті, бірақ

(16-63жас аралығындағылар)    58 жастан асқан әйелдер,    оны іздеуге

жұмыс  істей алмайтындар         63 жастан асқан еркектер    тырыспайтындар

мүгедектер, тұтқын ретінде                                                      (үй шаруасындағы)

мерзімін өтеп жатқандардан                                                     әйелдер, күндізгі                   

басқа                                                                                            бөлімде оқитын                        

                                                                                                      студенттер

Жұмыс  істеу қабілетіндегі

жастар

16 - 58  жастағы әйелдер

16 - 63  жастағы ерлер

 

 

 

 

 

7

Жұмыссыздық түрлері

 

маусымдық

 

фрикциондық

 

циклдық

 

циклдық

 
 

 

 

 

 

 

 

 


Жұмыс орнын іздеу       экономиканың      мамандықтың    кейбір жұмыстардың

немесе тосу             құлдырауы           бір түрлеріне     маусымдық болуы

                                                                сұраныстың      (ауыл шаруашылық,)

                                                                          өсу немесе        демалыс,

                                                                          төмендеуі            орындарындағы

                                                                                                       қызмет көрсету

 

игерген кәсібіне           тауар                        нәтижесінде көпшілік

және еңбек ақы           нарығының              адамдарға жаңа мамандық

көлеміне                      бәрінде пайда          игеруге тура келеді

                                    болады

 

 

 

 

 

 

 

8

Зерттеу бөлімі

 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР[8]

 

Қазақстанның Статистика агенттігінің 2008 жылдың қараша айындағы соңғы дерегі бойынша жұмыссыздар саны 558.9 мың болған, ал Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының экономисі жұмыссыздар саны 1 миллионға жуықтады деп мәлімдейді.

Қазақстандағы кейбір ақпарат құралдары, жұмыссыздар саны күннен күнге көбейіп, жақын арада олардың саны 900 мыңға жету қаупі бар екенін айтуда.
         Министрілік өкілінің пайымдауынша, жоғарыда айтылған 800 мыңға жуық адамның қаншасы қысқартылатындығы ешкімге белгісіз. Сондықтан олардың барлығын жұмыссыздар қатарына қосу қисынға келмейді дейді.
         Жұмыссыз қалу мүмкіндігі басым салалардың ендігі кезегі: энергетика, газ, су, құрылыс, транспорт және сауда саласы болмақ. Бұл салаларда республика бойынша 3 миллиондай адам қызмет етеді. Ал қаржы дағдарысы мүлдем әсер етпейтін салалар ретінде, министрліктің мәліметінше, мемлекеттік органдар мен ауылшаруашылық секторы танылған. Сол салаларда алыс-жақын шетелдерден келетін арзан жұмыс күшінен бас тартуымыз қажет, - деген еді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев. Алайда, ҚР-сының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Анар Рақымжанованың сөзіне қарағанда, бүгіннің өзінде жұмыссыздар саны 1 миллионға жуықтайды. Бүгінгі таңдағы ресми статистикаға сүйенер болсақ, Қазақстанда жұмыссыздар саны 500 мыңнан асады, алайда оған тағы 500 мыңға жуық тіркелмеген жұмыссыздарды және күнделікті қолма- қол ақшаға жұмыс істейтіндерді

9

қоссаңыздар, жалпы республикадағы жұмыссыздар саны 1 миллионға жетеді. Алайда, бұл жерде мынадай жайтты ескеру керек. Жұмыссыздардың арасында, шын мәнісінде мемлекеттің көмегіне зәру азаматтар бар. Ал енді біреулері бірнеше жыл көлемінде жұмыс істеуге талпынбайды да. Олар мемлекеттік салықтарды айналып өтіп, өзінің күнделікті табысын тауып жүргендер. Маман жұмыссыздықтың, әсіресе, соңғы уақыттары белең алғанын жоққа шығармайды. Алайда, жағдай үкіметтің қолға алып отырған шараларына тікелей байланысты екендігін де мойындау қажет дейді ол.  Әрине, 900 мың дегеніміз өте көп, Алайда, үкімет пен жұмыс берушілер арасында жасалған келісімдер жағдайды біршама жеңілдетуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыссыз қалған азаматтарды басқа да қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, мамандығын өзгерту мақсатында қайта оқыту да өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 25 кәсіпорынның қызметі тоқтап, 72 мың адам жұмыссыздар қатарын толықтырған. Осылайша, республика бойынша жұмыссыздар саны 9 пайызға өсіпті.  Министрліктегілер мұның сыртында 10 мыңға жуық адам мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Еңбеккерлерге жалақысын төлей алмай жатқан өндіріс орындарындағы жағдай да мүшкіл дегенді айтады. Ресми дерек бойынша, жұмыссыздық, әсіресе, оңтүстік өңірде етек алған.

Үкіметтің "Дағдарысқа қарсы күрес" бағдарламасы аясында қысқартуға ұшырағандар қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады. Республика бойынша мұндай жұмыс орындарының саны әзірге 10 мыңға жуық. Онда орташа айлық 20 мың теңге болмақ.

 Халықтың жұмыспен қамтылуын ішінара зерттеудің алдын ала деректері бойынша 2009ж. I тоқсанда жұмыссыз халықтың саны 582,8 мың адамды құрады немесе өткен тоқсанға қарағанда 23,6 мың адамға (4,2%-ға) көп хабарлайды ҚР статистикалық агенттігі.

10

14.04.2009
         ХЕҰ стандарттарына сәйкес, жұмысы жоқ, оны іздеумен айналысқан және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар жұмыссыздар ретінде жіктеледі. Халықтың жұмыспен қамтылуын ішінара зерттеудің алдын ала деректері бойынша 2009ж. I тоқсанда жұмыссыз халықтың саны 582,8 мың адамды құрады немесе өткен тоқсанға қарағанда 23,6 мың адамға (4,2%-ға) көп. Жұмыссыздық деңгейі 6,9% (2008ж. IV тоқсанда – 6,6%) құрады. ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2009ж. наурыздың соңына жұмыссыздар ретінде 71,2 мың адам тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ы).2009 жылғы наурызда, бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 589,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7,0%-ды құрады.Еңбек рыногының негізгі индикаторлары

2.2 ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨСУ СЕБЕПТЕРІ

         Тәуелсіздік алғаннан бері елдегі өндіріс орындарынын жекешелендіру нәтижесінде Қазақстан халқының жұмысқа қабілетті бөлігі және кәсіпкерлікпен шұғылдануға бетбұрыс жасады. Біразы жеке кәсіпорындарын ашып, бизнеспен шұғылдана бастады. Нарықтағы бәсекелестік нәтижесінде осы кәсіпорындар  өз шығындарын толық жауып, пайда табу қабілетінен айырыла бастады. Осы шығындарды жабу мақсатында жұмысшылар кестесін қысқарту нәтижесінде көптеген жұмысшылар «далада» қалды. Кейбір шағын кәсіпорындар өздерінің күйреулерін мойындады. Осындай дағдарыстан шығудың шараларын ойластырған үкімет елдің экономикасын көтеру мақсатында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін ІІ дәрежелі банктерде төменгі пайызбен несиелер беруді ұйымдастырып, салатын салық мөлшерін азайтты. [2]

 

 

11

2.3 МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БӨЛІНГЕН ЖҰМЫС

                                                    ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ

2005жылы бектілген 2007-09 ж.ж жұмысбастылық бағдарламасына сәйкес, жоғары деңгейде жұмысбастылықпен қамту, жұмыссыздықты азайту, жаңадан жұмыс орындарын ашу мақсаты айқындалды. Бұл мақсатқа жету иновациялық жобаларды тарату арқылы жүзеге  асырылды. Мемлекеттік және салалық бағдарлама бойынша 2006-07жж -902,1мың жұмыс орны, белгілі бағытталған топқа ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындар, қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмысбастылықты дамыту.

27.01.05. №68 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 200-07жж ҚР халқын жұмысбастылықпен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орта жылдамдықпен жоспар бойынша (2005-2010жж) негізгі мақсат-экономиканың құрылымдық реформасында жұмыс күшінің  

·     сұранымын ынталандыру;

·     кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал жасау;

·     инвестициялық шараларды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру;

·     адам капиталының сапасын арттыру;

 

·     жоғары деңгейде жалақы, пайда табуға мүмкіндік жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша белгілнеген жұмыс орындарының саны

 

 

Экономика салалары

2006

2007

2005-07жж

жылдарда барлығы

1

Өнекәсіп

6585

5219

15590

2

Құрлыс

18948

18948

48300

3

Көлік

11451

11976

34631

4

Ауыл шаруашылығы

1718

488

18218

5

Шағын және орта бизнес

10000

10000

20000

6

Денсаулықсақтау

1010

52

1062

7

Білім беру жүйесі

1296

253

2446

8

Мәдениет

133

133

483

9

Туризм

-

-

540000

10

Спорт

1829

1242

4600

11

Басқа салалар

15873

8

36811

 

 Елде барлығы

158843

38276

902141

2007 жылдың 2 кварталындағы еңбек нарығы индикаторының негізгі есебі бойынша жұмыссыз халық саны 601,8% мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 7,3% сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздық 9,6%, ұзақ мерзімдік жұмыссыздық деңгейі 3,3%ды көрсетті. Гендерлік аспектіні есепке алғанда:ерлер арасында 5,8%, әйелдер арасында 8,7%ды құрады. Экономикалық белсенді халық 8243,9 мың адамды құрады.

2009 жылғы наурыз айында  ҚР бағалау  Агенствасы статистикалық деректерге сүйене отырып келесі мәліметтерді жасады: ҚР жұмыссыздар саны 589,6 мың адамды құрап, жұмыссыздар деңгейі 0,7% құрады.

13

 2.4    №1 Зерттеу

Мақсаты:  Елдегі жұмыссыздар деңгейін анықтай келе, өзіміз тұратын қоныс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейін зерттеу жобамыздың негізгі мақсаты болғандықтан әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, сауалнама жүргізу арқылы келесі деректерді анықтадық.

Зерттеу нәтижесінде Шашубай қонысында 206 отбасы бар екендігі, ондағы тұратын адамдардың экономикалық құрылымы : 2230 адам тұрса, оның 16 жасқа дейінгілері 621,зейнеткерлер саны 466, мүгедектер саны 53, әскер қатарындағылар 3 екендігі анықталды.олардың ішінде экономикалық белсенді халық 1087, жұмыссыздар саны 62.                                        

 

жыл

отбасы

Халық

саны

16жасқа

дейінгілер

Зейнеткер

лер

мүгедектер

әскер

қатарында

экон.

белсенді

халық

Жұмыссыз

дар

2009

206

2230

621

466

53

3

1087

62

 

 

 

14

2.5     №2. Зерттеу

         Қоныстағы кейінгі үш жыл ішіндегі жұмыссыздар деңгейін зерттеп, қоныстың статистика бөлімінің деректеріне сүйене  отырып 2007-09 жылдар аралығындағы әлеуметтік құрылымын анықтадық

 

жылдар

барлығы

халық саны

мектепке дейінгілер

оқушылар

зейнеткерлер

мүгедектер

2007

1818

220

422

460

53

2008

2036

225

391

464

53

2009

2310

230

391

466

53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

2.6     №3 Зерттеу

         Алдыңғы деректерге сүйене отырып, жұмыссыздық деңгейін анықтадық.

 

жылдар

жұмысқа қабілетті халық

жұмыссыздыққа тіркелгені

жұмыссыздыққа тіркелмегені

жұмыссыздық деңгейі

2007

834

2

49

6,1

2008

913

3

150

5,8

2009

1090

2

60

5,7

 

 

 

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қонысымыздағы жұмыссыздардың 65% әйелдер құрайтынын анықтадық. Себебі 1) «Жол картасы» бойынша ашылған жөндеу жұмыстарына көбінесе ер адамдар тартылды. 2) Әйел жолдастардың арнайы кәсіби мамандықтары жоқтығы анықталды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Шашубай қонысында екі нысанға қаражат бөлінді:

1.     С.Сейфуллин көшесін асфальттауға 2 млн.920 мың теңге қаражат бөлініп, 14 адам жұмыспен қамтылды.

2.     «Жеңіс»  кинотеатрын ағымдағы жөндеуге 7 млн. 700 мың теңге бөлініп, 13 адам жұмысқа тартылды.

16

Аудандық «Еңбекпен қамту» бөлімі арқылы көктемгі тазалық айлығында 3 адам жұмыс жасады.

Республика Президенті Н:Назарбаев: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазіргі дағдарыс жағдайында бізді асырайтын ауыл» деп ашық та анық анық айтқан болатын. Ал ауылда жұмыс болу үшін қаланы ауыл асырай алу үшін жеке шаруаларды, еуыл тұрғындарын қауымдастыруды тездету қажет.

Жұмыссыздықпен күрес үшін 72,4 млрд. теңге игерілген, оның 50 милрд. жуығы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен қаралған. Соңғы деректерге сүйенсек Республикамызда 393 мың жұмыс орындары ашылған.

 

Зерттеу жұмысының нәтижесін есепке ал отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында біз өзіміз құрған «Шашубай» ЖШС құруға байланысты бизнес жоспарымызды осы жобамыздың жаңалығы ретінде ұсынамыз.

 3. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту [7]

2007 жылдың 3 тоқсанында экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 312,7 мың адамды құрап, бұл 2006 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 9,6 мың  адамға көп болды.                                        

Облыстың экономикасында  288,4 мың адам жұмыспен қамтылған және салыстырмалы 2006 жылдың 3 тоқсанында олардың саны 4,5 пайызға көбейді. Еңбекпен қамтылған халықтың құрылымында жалданып жұмыс істейтіндер үлесі 55,3 пайызды, өздігінен жұмыспен қамтылғандар 44,7 пайызды құрайды.

Жұмыссыздар саны 24,3 мың. адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 2,8 мың. адамға аз. Жұмыссыздық деңгейі 7,8 пайызды құрады және осы жылдың 2 тоқсанмен салыстырғанда 0,8 пайызға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда1,1 пайызға төмендеген.

17

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың ішінде тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2007 жылдың қыркүйек айында  1,0 пайызды (2006 жылдың қыркүйегінде –1,4 пайызды) құрады.

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша үкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.

Жұмыссыздарға көмек [8]

2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi үкiлеттi орган мынадай құжаттарды:

жеке куәлiгін (паспортын);

еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;

әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi (ӘЖК);

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) ұсынған кезде қабылдайды.

3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.

4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады.

18

5. Оралмандар халықтың көшiп-қоныу мәелелерi жөнiндегi үкiлеттi органның аумақтық қызметтерi берген оралман куәлiгiн ұсынады.

6. Үкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгiзу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.

7.Үкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет үкiлеттi органда, ал ауылдың елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдың (селолың) округтің  үкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

Қортынды

 

                   Ғылыми жобаның тақырыбы толық ашылды.

1.     Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай отырып, шешім қабылдап, жұмыссыздық проблемасын шешуге ықпал жасалған.

 

2.     Ел экономикасына жұмыссыздық проблемасы қандай деңгейде кері әсер ететіндігін анықтап, одан шығу жолдарын ұсынып отыр.

 

3.     Өздері тұратын шағын қоныстағы отбасыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеп, жұмыссыздар деңгейін анықтап, оның туындау себептерін көрсете білген.

 

4.     Экономика пәнінен алған теориялық білімімізді , практика жүзінде көрсете отырып, жауапкершігігі шектеулі серіктестік құру мақсатында  бизнес жоспарымызды жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін ұсындық.

 

5.      Болашақта жобамызды шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпкерлерге көмек ретінде ұсынамыз.

 

 

 

 

 

20

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

1. Общественный  фонд « Достижение  молодых»,  Прикладная экономика

   « Школьная  компания», Алматы.

2. « Экономикалық білім  беруді  дамыту» Экономика  негіздері журналы

      №2, 2005 ( 36-37 бет).

3. Ильичева Т. « Қазіргі  әлемдегі Қазақстан» 10-11 сыныпқа  арналған  оқулық,

     Алматы, 2005( 139 бет).

4. Журнал «Экономика негіздері мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту»№2,2007ж

   Мұғалім тәжірибесінен Г. Есмуханбетова «Жұмыссыздық экономикалық пролема»

5. Абчук В. « Знимательная экономика и бизнес», Санкт-Петербург, 2001

6. www.akimvko.qov.kz  «Қазақстан  республикасындағы еңбек  нарығының  даму    

                                               тенденциясы»

7.www.enbek.qov.kz  «Жұмыссыздық және жұмыспен қамту»

8. www.elmedia.kz/   « Жұмыссыздарға көмек»

 

 

 

 

 

 

 

21

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жұмыссыздық мәселесін зерттеу және шешу жолдары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 18898
    • DOCX 345.5 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ныгметуллина Шамшибану Кабылхаировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19024
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе