Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Жоқ! Өлмеймін!Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!"

"Жоқ! Өлмеймін!Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



Әдеби сазды кештің тақырыбы: Жоқ! Өлмеймін!

Правом жоқ өлуге,

Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!

(Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш)

Кештің мақсаты:

Білімділігі: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелігі: Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің портреті, кітаптар мен баспасөз материалдары бойынша көрме, жазушы туралы лебіздер мен пікірлер, интерактивті тақта.

Кеш барысы:

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Жоқ! Өлмеймін!Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!» атты әдеби сазды кешіне қош келдіңіздер.

Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан.

Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!

Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.

Ән « Атамекен»

Сөз: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.





Оқушы:

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..»,-деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі біздің қадірлі жерлесіміз. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Жымпиты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі «Орал өңірі») алғашқы ақынның «Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырзалиевтың творчестволық тұсауын кеседі.



1985-62 жылдары "Балдырған" журналында әдеби қызметкер, 1962-65 жылдары "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-78 жылдары "Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, 1973 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры қызметтерін атқарған.

1959 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы - «Көктем»жарық көреді. Одан кейін оның елуден астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. «Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене қожанасыр», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», 2 томдық «Домбыра», «Жерұйық», «Ғибратнәмә», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас», 2 томдық «Афоризмдер жинағы» сынды туындылары оқырман жүрегінен орын алды.

Қадыр Мырза Әлидің «Бұлбұл бағы» атты өлеңі мәнерлеп оқылады. (Гүлзат)

Оқушы:

Ақын – қуатты, нәрлі мазмұнды, сырға толы, жүрекке әсерлі сөздің, ойдың иесі. Ойын ақын өлеңмен өрнектейді, кесек ақыл, ғажайып ес, жүйрік тіл арқылы сөзді шебер қиюластырып айшықты өлеңді дүниеге келтіреді. Қадырдың табиғи ақындық таланты, шығармашылық қуаты мен рухани деңгейінің биіктігі, ойлары мен талғамдарының, ізгі жан тебіренуінің нәтижелігі, әсерлілігі оны асқақтатты, ақындық мұрасын байытты, халқының сүйіспеншілігіне, құрметіне бөленді. 75 жасқа толғанда Қадекең: «Өмірімнің – тіршілігімнің ең бастысы – жазуға деген құштарлығымды



жоғалтқан жоқпын. Менің үлкен олжам да, абыройым да осы» - деп тұжырым жасады.

(Ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылады)

Мейрамгүл. «Тілдің туы»

Назерке. «Бастау»

Дина. «Дала»

Мағжан. «Арман»

Мұғалім: Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,

Әлі талай ду күлдірер халқымды, - деп жырлап өткен ақиық ақынның бүлдіршіндерге арнаған көптеген өлеңдері мен әңгімелері бар.

Жеңіс «Магнит» атты шағын әңгімесін жатқа әңгімелеп береді.

Оқушы:

Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.

Эльвира. «Шындық»

Ақниеттің орындауында ән «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

Диас. «Қазақ пен қонақ»

Нұргүл. «Қырғыз құшағында. Үйлесім»

Мұғалім: 2011 жылы 22 қаңтар күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Қорытынды. Оқушыларға «Жоқ! Өлмеймін! Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!» атты шағын ойтолғау жаздыртамын.

Кейбір жырым дән ұшырып қырманда

Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.

Жоқ! Өлмеймін!

Правом жоқ өлуге,

Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!- дей келе отырып, әдеби сазды кешті «Өз елім» әнімен аяқтау.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!





































































Оқушы:

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..»,-деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі біздің қадірлі жерлесіміз. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Жымпиты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі «Орал өңірі») алғашқы ақынның «Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырзалиевтың творчестволық тұсауын кеседі.

1985-62 жылдары "Балдырған" журналында әдеби қызметкер, 1962-65 жылдары "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-78 жылдары "Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, 1973 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры қызметтерін атқарған.

1959 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы - «Көктем»жарық көреді. Одан кейін оның елуден астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. «Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене қожанасыр», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», 2 томдық «Домбыра», «Жерұйық», «Ғибратнәмә», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас», 2 томдық «Афоризмдер жинағы» сынды туындылары оқырман жүрегінен орын алды.



Оқушы:

Ақын – қуатты, нәрлі мазмұнды, сырға толы, жүрекке әсерлі сөздің, ойдың иесі. Ойын ақын өлеңмен өрнектейді, кесек ақыл, ғажайып ес, жүйрік тіл арқылы сөзді шебер қиюластырып айшықты өлеңді дүниеге келтіреді. Қадырдың табиғи ақындық таланты, шығармашылық қуаты мен рухани деңгейінің биіктігі, ойлары мен талғамдарының, ізгі жан тебіренуінің нәтижелігі, әсерлілігі оны асқақтатты, ақындық мұрасын байытты, халқының сүйіспеншілігіне, құрметіне бөленді.

75 жасқа толғанда Қадекең: «Өмірімнің – тіршілігімнің ең бастысы – жазуға деген құштарлығымды жоғалтқан жоқпын. Менің үлкен олжам да, абыройым да осы» - деп тұжырым жасады.



Оқушы:

Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған Қазақстан Республикасының әнұранының авторларының бірі де Қадыр болатын.



















































Жоқ, өлмеймін!

Пендемін ғой тау болсам да шөгер ем,

Гүлдей солам,

Бірақ қайта көгерем:

Тірілердің көзіне оттай басылар,

Талай-талай немерем мен шөберем.

Мен болмаспын,

Бірақ сөзім оралар

Сайрап тұрған шешендердің тіліне.

Кейбір жырым дән ұшырып қырманда

Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.

Жоқ! Өлмеймін!

Правом жоқ өлуге,

Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!



Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров66
Номер материала ДВ-410881
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх