Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖоғары сынып оқушыларын шығарманың жоспарын құруға үйрету жолдары

Жоғары сынып оқушыларын шығарманың жоспарын құруға үйрету жолдары

Скачать материал

                                        Мурынбаева Баян Тыныштықбайқызы,

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы.

 

Жоғары сынып оқушыларын шығарманың жоспарын құруға үйрету жолдары

 

  Мектепте әдебиет пәнін оқытудың ерекше әдісінің кең қолданылатын

түрлерінің  бірі – оқушыларға шығарма жұмысын жаздыру.

   Бұл шығарма жұмысы  5-11 сыныптар аралығынан бастап,әр сынып оқушы-ларының жас ерекшеліктеріне қарай жеңілден күрделендіріп жазылатыны белгілі.

  Оқушыларды шығарма жаздырып үйрету жөнінде профессор  Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы» және  «4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы»  атты әдістемелік еңбектерінде тұжырымдар жақсы берілген.

 Ғалымның осы аталған еңбектерінде оқытушылар үшін пайдаланып,бағыт-бағдар аларын салиқалы сындарлы ойлар, шығарманы жоспармен жазудың жақсы үлгілері баршылық. Бұл осы күнге дейін өзінің мәнін жойған емес.

«Төменгі сыныптарда шығарма көбінесе қарапайым мінездеме түрінде үйретіледі.Ол әдеби оқудың міндетіне лайықталады,ал жоғары кластарда күрделірек болып тарихи жинақтауларға құрылады.

ІҮ-ҮІІ кластарда шығарма үш түрлі формада үйретіледі.

1) Оқылған мәтіннен туатын мінездемелік (публицистикалық) шығарма.Оның өзі

    дара мінездеме ,салыстырмалы мінездеме,топтамалы мінездеме түрінде

   жүргізіледі.

2) Оқушының өзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар.

    Мұның үлгілері-суретке қарай жазу: «Мен жазды қалай өткіздім», «7 ноябрь

    мейрамы бізде қалай өтті»  дейтін шығармалар. Мұнда оқушылар өзінің көрген-

    білгенін  жазады,көріністерді бағалайды.

3) Оқиғаны кәдімгі жазушыларша суреттеп жазу үлгісі ҮІ кластан басталып,

    Х сыныпқа дейін игеріледі.

Бастапқысы – элементарлық,шағын,соңғылары – сюжетке құрылады. Осы негізде оқушылар көркем стильге жетіледі. Бұл еркін шығарманың бір түрі,»-  деген ұсыныс-пікірін оқушыларды шығарма жазуға үйретуде негізгі басшылыққа аламыз.

       Профессор Ә.Қоңыратбаевтың бұл айтқандары орта мектептің сыныптары үшін шығарма жұмыстарын жаздыртуға бірден-бір әдістемелік таптырмайтын құралға және қазіргі күн талабына толық жауап бере алады.

       Қазіргі кездегі заман талабы,дәуір тынысы мекептердегі оқытушыларын қазақ әдебиеті пәніне ерекше жауапкершілік пен ізденісті қажет етіп отыр. Бұл – жауапкершіліктің жол басшысы,іске асырар қаһарманы қазақ әдебиет пәнінің оқытушысы болары даусыз.

       Төменгі сыныптарда шығарма жазудың жоспарлары жоғары сыныптарда жазылатын шығармалардың жоспар құрылысымен жүйелі түрде байланыстыра жүргізіліп,оқушыларды шығарманы жоспар құрып жаза білетін дәрежеге үйрету,дағдыландыру оқытушының білімдар ізденімпаздығын көрсетсе керек.

       Біздің негізгі әңгіме етіп,шығарма жазудың жоспарына,жөн-жобасына тоқталатын сыныптарымыз – ІХ-ХІ сыныптар.Орта мектептің жоғары буыны болып саналатын бұл сыныптарда қазақ әдебиеті пәнінен шығарма жазу жұмыстары қазақ әдебиеті тарихы дәуір кезеңдеріне сай оқытылатындықтан, өтілген материалдардың тақырыбы,идеясы,кейіпкерлер бейнесі,суреттеу тәсілдері, сюжеттік байланысы,көркемдік тіл ерекшеліктері және халқымыздың әдебиет тарихында сол шығармалардың алатын орны әрбір сыныптың жас ерекшелігіне қарай,өздерінің игерген білімін көрсете білетіндей,осы негізде жоспарланып жазылуы тиімді болады. Осы тұрғыдан тағы да орта мектептің жоғары сыныптарында жазылатын шығарма жөнінде де жалпы басшылыққа ғалым Ә.Қоңыратбаевтың жоғары сыныптарға арналған «Әдебиетті оқыту методикасы» еңбегін алып,оқушыларға шығарма жазудың қыр-сырын танытуға пайдаланып отырамыз.

       Бұл арада ұстаз-ғалымның орталау мектептің ІҮ-ҮІІ сыныптар үшін жасаған шығарма жоспарын салыстыра пайдалану оқытушы мен оқушы үшін көп пайда береді.

       «Шығарманың құрылысы.

       Мектептегі қандай жұмыс болмасын,бақылаудан емес,үйретуден басталады.

Соның бірі – шығарма. Шығарма үш бөлімнен құрылады.

1)    Кіріспе бөлім: онда образдың қай шығармадан алынғаны,авторы көрсетіледі.

   Бұған 2-3 сөйлем жеткілікті.Мысалы, «Баян сұлу образы» десек,оның «Қозы

   Көрпеш» жырының басты кейіпкері екендігі,эпостың басты проблемасы

   айтылады.

2) Негізгі (дәлелдеуші) бөлім: онда сол проблеманың Баян тағдыры арқылы

   шешілгені әңгімеленеді.Оның өзінің арнаулы мінездемелік (талдамалық)

   жоспары болады.

2)    Қорытынды бөлім: мұнда сол образдың мәні,шығарманың идеясы айтылады.

   Бұған  2-3 сөйлем жеткілікті. Мысалы, «Қалың мал» романы бойынша

   келтірілген Итбай мінездемесінің жоспары (толығы) мынадай болмақ:

І.  Кіріспесі.

ІІ. Негізгі (дәлелдеуші) бөлім:

а) Итбайдың портреті,кәсібі.

ә) Итбай құдалық үстінде.

б) Итбай Тұрлығұл аулында.

в) Итбайдың базарлауы.

г) Қызын ұзатуы.

д) Итбайдың кейінгі тарихы.

и) Итбайдың ел көзіндегі бағасы.

ІІІ.Образдың мәні (қорыту).

       Жоспар- шығарманың қызығы.Оқушы сол жоспардан шықпай,мысал келтіріп,сөйлем,сөз қайталауын жібермей,ойын дәлелді етіп жазады.

       Шығарма көлемі көбейіп кетпес үшін оқушы қайбір мысалды өз сөзімен айтады.Онысы – бағалау.Орта есеппен алғанда,ІҮ класс шығармасы үшін  1,5 бет,Ү класс үшін 2 бет,  ҮІ-ҮІІ кластарға 2,5 бет қолжазба жетеді»,-  делінген пікірлерін  ҮІІІ-ХІ сынып оқушыларын шығарма жазуға үйрету жөніндегі ұсыныстарымен байланыстыра пайдаланамыз.

       «ҮІІІ-Х кластардағы жазба жұмыстар (шығарма жаздыру) тарихы курс мақсатына лайық тақырыптық (талдау),публицистикалық және әдеби-шығармашылық болып үш салада жүргізіледі.Сырт қарағанда,Ү-ҮІІ кластарда жүргізілетін шығармалардан бұлардың айырмасы шамалы: тек бірінің күрделеніп,тарихи желіге қойылуында,екіншісінің қарапайым болып келуінде.

       Ал ҮІІІ-Х кластарда жүргізілетін жазба жұмыстар тек шығарма формасында үйретіліп,ол тіл ширатумен бірге оқушылардың аналитикалық, логикалық  ойын жетілдіруге,талданған көркем текстерді жинақтауға (белгілі бір жағынан) құрылады.

       Шығарманың көпшілігі класта жазылуға ҮІІІ сыныпта кластық жазу көбіне үйретуге құрылады да,ІХ класта оқушылардың үйінде жазатын шығармаларымен тең түседі. Мұнда үйрету мен дағдыландыру, бақылау тебе-тең. Ал Х класта жазу жұмысы көбейе түседі.Оның мәнісі: бұл кластағы жазу жұмысы көбіне бақылау формасында болады.Өйткені олар шығарма жазу жұмысымен үш жылдай дағдыланған»,-дейді мектеп өмірін жетік білетін ғалым.

       Біз мектептегі оқушылардың білімін шығарма жұмысы арқылы бағалау тәжірибесін көптеген қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қолдайтынын білеміз. Бірақ сол дұрыс деген пікірді айта отырып,оқушыларды мектептік оқу бағдарламасы көлемінде кейбір мұғалімдердің шығарманы жоспар арқылы жүйелі жазуға үйретпейтіні де көрініп қалады.

       Мектеп қабырғасынан шыққан әдебиетке құштарлығы бар оқушылар жоғары оқу орнына келген кездерінде жазған шығарма жұмыстары жоспарсыз жазылып, берілген тақырыпты мазмұндап, тек қана мазмұнын жазуды әдетке айналдырып жүр.Мұның өзі оқушының мектеп көлемінде шығарма жазу тәсілін игермегенін,алған білімін жазбаша ой елегінен қорытып өткізе алмайтынын көрсетеді.Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне біршама көмекші әдістемелік кеңес шығарма жұмысын жоспарға сай жүйелеп жазуға үлгі ретінде бірнеше пікір айтқымыз келеді.Мектеп бағдарламасында халық ауыз әдебиетінің үлгілері көптеп берілген.Сол тақырыптардың бірі – «Қобыланды батыр» жыры. Осы жырдағы «Қобыланды бейнесі» тақырыбын жазу керек екен,онда оның шығарма құрылысын мына төмендегіше жоспарлаймыз.

 

І.Кіріспе.

  «Қобыланды батыр» жырының ауыз әдебиетінде алатын орны.

ІІ.Негізгі бөлім:

а) «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясы.

ә) Жырдағы Қобыланды бейнесі.

б) Қобыланды бейнесін ашудағы жырдың көркемдік ерекшелігі.

ІІІ. Қорытынды.

      Қобыланды бейнесінің қазіргі жастарды тәрбиелеудегі тәрбиелік мәні.

 

       Берілген тақырыпқа байланысты жоспарды осы үлгіде құрып болғаннан кейін,жоспарға сәйкес өзіміздің шығарманың қаншалықты игергенімізді шығармаға баға беру арқылы өз түсінігімізбен баяндаймыз.

       Шығарма жоспарын бұлайша құратын себебіміз – кез келген шығарманың тақырыбы,идеясы,кейіпкерлер бейнесі,олардың бір-бірімен байланысы,

кейіпкердің бейнесін ашатын көркемдік тіл қолданыстары және кейіпкер іс-әрекетінің ұрпақ үшін тәрбиелік мәні барлығын көрсету.

Оқыған шығармаға осы аталған әдебиеттің қажетті шарттарын тауып,бағалап,оған өз ойымен жауап жаза білген оқушылардың білімділігі  айқындалады.

       Әдебиеттің ішкі заңдылығын толық меңгеріп, теория мен тәжірибені ұштастыра білетіндігі танылады.

       Біздің бұл айтып отырған әдеби тақырыптағы шығармаларымыз – «талдау мен бағалауға, текстік дәлелдемелерге құрылады. Оқушы ... фактілер мен цитаталарды пайдалана келіп,оларды қалай түсінетінін,өз топшыламаларын қосады немесе салыстырады.»

       Жоспарлы шығарманың оқушыға тигізетін ықпалы – оқушының қажетті материалдарды орынды қолданып,ойын жинақтап,нақтылап айтуға дағдыландырады. Бос сөзділіктен,шығарма жайлы зерттеулер мен автордың өмірбаянын тізбелеуден құтқарады.

       Қазіргі кезде біздің кейбір қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі құрып жүрген жоспарлардың түрі шығармадан гөрі мазмұндамаға лайықты болып келеді. Мысалы, 1.Қобыландының дүниеге келуі.2.Қобыландының Құртқаға қосылуы. 3.Қобыландының Сәлімбайдан көк ала биені сұратуы,т.б.Осылайша тізбектеліп жасалған жоспарлар таза мазмұндауға әкеліп тірейді де,шығарманың бағытын аулақтатып,мазмұндама жұмысы жазған болып шығады.

       Мұғалім осы тұста шығарма мен мазмұндаманың бір-бірінен айырмашы-лығын айтып,екеуі екі түрлі жазба жұмысы екенін айтуы дұрыс.

Мазмұндама ІХ сыныптарға дейін (қазіргі уақыт) бастауыштан бастап түгел қолданылатыны белгілі.Онда берілген немесе өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін мазмұнын жаздыру арқылы бағалау,білім деңгейін және жазу жұмысына төселу болып есептелінеді.

Шығарма оқушының өткен тақырыптарға байланысты білім негізін білдіріп,өз ой-пікірі  бойынша талдау жасап,баға бере алатын шығармашылық жұмысының алғашқы қадамдары болып табылады.

Шығармада оқушының сөз,сөйлем құрастыру әрекеттері,өзіндік талпыныс,

ізденістері,жазуға шеберлігі мен бейімділігі көрінеді.Оқушы сөз қолданыс-тарында бұрын біреулер айтпаған тың сөз тіркестерін,сөйлем жүйесін қолдана алады.

       Мұының өзі мектеп қабырғасында жаңа сөз шеберлігінің туып,қалыптаса бастағанын байқауы да мүмкін.Сөздерді образдап қолдану шығарма тілінің көркемдік сапасын арттырады. Міне, мұғалім осыған көбірек назар аударып, оқушының ойын оятып,шұрайлы,кестелі сөз тізбектеріне үндеп үйретсе,жас шәкіртіне жол аша білгені болып табылады.

       Бұл жерде академик жазушы Мұхтар Әуезовтың «М.Ғабдуллинге жауап хат» деген еңбегінде: «Сан сезімдер поэзиясы,бейнелі образды сөздер,ырғақты шешен де шебер сөз құрамдары,теңеулер,өрнектер... өлең қатарындай келісімдер,

құйылыстар,сиқырлы сөз құбылыстары прозада аз кездеспейді», - дегені ұстаз жадында болғаны дұрыс болар.

       Бүгінгі шығарма жазып отырған шәкірт – ереңгі ұстаз,ақын,жазушы,ғалым болмасына кім кепіл?! Сол үшін оқушының шығарма жұмысына дұрыс бағыт,

жөнді жол-жоба қажет-ақ.Мұның оқушы ойын қалыптастырар тиімді жолы –  шығарма жоспарын жасай білуге үйрету.

       Мектеп көлеміндегі оқу бағдарламасына сәйкес шығарма жұмысына байқаулар кезінде, мемлекеттік орта мектепті бітіру емтиханы кезінде еркін тақырыпқа байланысты шығарма жұмыстарының тақырыбы берілетіні анық. Еркін тақырыпқа шығарма жазу – бұл оқушының  жеке шығармашылық ізденісіне жол ашу.Оқушы осындай еркін тақырыптарды өз бетімен жазып шығуға кіріскенде,бұған да жоспар жасаса,ойын жинақтап,жүйелі баяндауға мүмкіндігі болады.Осындай еркін тақырыптарға жазылған шығармалардың біріне мына тұрғыда үлгі жоспар жасаймыз.

 

Әдептілік – әдемілік

 

Жоспары.

І.   Кіріспе. Әдептілік – халқымыздың ары,өмірінің нәрі.

ІІ.  Негізгі бөлім:

1)  Әдептілік – жастар бойына тән асыл мінез.

2)  Үлкенге – құрмет,кішіге –ізет – әдептілік белгісі.

ІІІ.Қорытынды.

     Тәрбие көзі – әдептілік

 

       Жасалған жоспарға жауап беретіндей етіп,оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіре бастайды.Оқушы бойындағы талаптың қайнар бұлағы бір ізді ылдилы арнамен шығарма жолына құйылып берері ықтимал.

       Ұлағатты ұстаз, ұлы ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың шығарма көлеміне қойған талабын біз ІХ-ХІ сынып оқушыларына да қоя білуіміз керек.ІХ сыныптар үшін 4 бет,Х сыныптар үшін 5-5,5 бет, ал ХІ сынып оқушылары- 6 бет көлемінде шығарма жұмысын жазуп үйренуі тиімді болады.Оқушы сыныбы өскен сайын қазақ әдебиеті пәнінен тарихи жүйе бойынша білім алады.

       Білімнің қоры молайып,өмірге көзқарасы,дүние танымы кеңейе бастайды.

Ой -өрісі кеңейіп,сөздік қоры молайып,сөйлемді байланыстыру шеберлігі де арта түсері анық.Олай болса,оқушыға шығарма көлеміне байланысты мөлшермен жазуға үйрету тиіспіз.Осындай қарапайым шығарма жазудың әдістерін оқушыға үйретіп,дағдыландыру жазба жұмыстары оқушыға қанат бітірері сөзсіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоғары сынып оқушыларын шығарманың жоспарын құруға үйрету жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2015 6419
    • DOCX 199 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурынбаева Баян Тыныштыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 148127
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов